БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ ДАМУЫ

III бөлім. 6.БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс (2007–2009 жылдар)



ӘЛЕМДІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС 2007 ЖЫЛЫ АҚШ-ТАҒЫ ИПОТЕКА ДАҒДАРЫСЫНАН БАСТАЛДЫ

Себеп – несие және тұрғын үй секторларындағы дүмпу, содан соң күйреу. Әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздықтың алғашқы толқыны қарыз капиталы нарығының жабылуына әкеліп соқты. Дағдарыстың ең үдемелі тұсы 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың басына сәйкес келді.

Жаһандық қаржы дағдарысы жалпы экономикалық дағдарысты туғызды. Шикізаттың әлемдік нарқы күрт құлдырады. Жаппай өнеркәсіптік құлдырау басталды. Дамыған экономикалар қатаң рецессияға тап болды.

МҰНДАЙ АУҚЫМДЫ ДАҒДАРЫС ТЕК ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ КЕЗЕҢДІЛІГІНЕ ҒАНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС-ТІ. ДАҒДАРЫС ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІК ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАДЫ. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДА АЛЫПСАТАРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕР КӨБЕЙІП КЕТКЕН ЕДІ, ҮРЛЕНЕ-ҮРЛЕНЕ АЛЫП КӨПІРШІККЕ АЙНАЛҒАН ЭКЗОТИКАЛЫҚ ЖАСАНДЫ ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ ЕРКІН ДАМУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛДЫ. БҰҒАН ҚОСА, МӘСЕЛЕ НЕСИЕНІ ШЕКТЕН ТЫС КӨП АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДА УШЫҒА ТҮСТІ. БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ АДАМДАР ТАПҚАН ТАБЫСЫНАН АРТЫҚ АҚША ЖҰМСАЙТЫН БОЛДЫ. ТҰТЫНУ ДҮМПУІ ШИКІЗАТТЫҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕ МҰНАЙ МЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ҮЗДІКСІЗ ӨСУІМЕН ҚАТАР ЖҮРДІ, МҰНЫҢ ӨЗІ ИНФЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІНЕ ҚЫСЫМДЫ КҮШЕЙТТІ.
Халықаралық сауда мен капиталдың үйлесімсіздігі, доллар монополиясы, әлемдік қаржы жүйесінің тиімсіздігі және тағы басқа елеулі факторлар да ықпал етпей қалған жоқ. Соның салдарынан Еуропаның талай мемлекетінің экономикасы әлсіреді. Бұл елдер Еуроодақтың қуаттылығына қарамастан, тіпті қаржы турбуленттілігі басталғаннан төрт-бес жыл өткенге дейін, дағдарыс құбылыстарынан, жұмыссыздықтың жоғары деңгейінен арыла алмады. Дағдарыс Қазақстанға сырттан келді. Оның қайнар көзі елдің ішінде емес, олар әлемдік экономиканың үйлесімсіздігінде жасырынып жатыр.

III БӨЛІМ. 6.БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

Дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсері



Дағдарыстың алғашқы толқыны және несиелеудің сыртқы көздерінің жабылуы Қазақстан экономикасы өсімінің қарқынын бәсеңдетіп тастады

2007 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ өсімі 8,9 процентке төмендеді

Бейберекет күйге түскен жылжымайтын мүлік нарығы күрт төмен құлдилады: 2008 жылы тұрғын үй бағасы екі есеге арзандады. 2008 жылдың екінші жартысында ахуал ушыға түсті. Дағдарыстың кезекті, анағұрлым күшті толқыны Қазақстанның экспорттық өнімдеріне әлемдік бағаның күрт төмендеуіне әкеліп соқты. 2008 жылы мұнай бағасы төрт есе дерлік арзандады, металл құны екі есе түсті. Бұл экономикамыздың өсу қарқынын әрі қарай бәсеңдетіп кетті: ІЖӨ өсімі 3,3 процент қана болды.

2009 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТҚАН, ӨНДІРІСТІҢ ӘРІ ҚАРАЙ ДА ҚҰЛДЫРАУЫНА ӘСЕР ЕТКЕН ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ДАМЫДЫ

Соның салдарынан, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы үштен біріне азайды. Алты жүзден астам кәсіпорын жұмысын тоқтатты. 2008–2009 жылдары мұнайгаз кешенінен басқа барлық салаларда өндірістің бәсеңдеуі байқалды.

III БӨЛІМ. 6.БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

Дағдарысқа қарсы бағдарлама: жүйелі де шапшаң қимыл



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«ОҚИҒАНЫҢ ҚАЙ БАҒЫТТА ӨРБУІ МҮМКІН ЕКЕНІН ЖАН-ЖАҚТЫ САРАЛАЙ КЕЛЕ, МЕН МЕМЛЕКЕТ ҚОРЫНАН ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫСТЫҢ ТЕРІС ӘСЕРЛЕРІН ЖОЮҒА ҚАЖЕТ ҚАРАЖАТ БӨЛУ ТУРАЛЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ. ДАҒДАРЫС ҚОҒАМ МЕН ЭКОНОМИКА ҮШІН НАҒЫЗ «ҚАУІПСІЗДІК ЖАСТЫҒЫ» БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ БҮКІЛ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АШЫП КӨРСЕТТІ. ОСЫНДАЙ ҚОР ҚҰРҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР АЗ ЕМЕС, БІРАҚ БӘРІ БІРДЕЙ ЖИНАҚТАҒАН ҚАРАЖАТЫН ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН БІЗ СИЯҚТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА АЛҒАН ЖОҚ»

2007 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҮКІМЕТКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ЖОСПАРЫН ЖАСАУДЫ ТАПСЫРАДЫ.

III БӨЛІМ. 6.БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

Қазақстандық мазмұнды күшейту



БҰДАН КЕЙІН АЙҚЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒЫТ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СИПАТТЫ АРТТЫРА ТҮСУ – ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА НЕГІЗГІ ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС ҰСТАНЫМҒА АЙНАЛДЫ.

ЕКІНШІ ЖАҒЫНАН, ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР ДЕ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРМЕН КӨП КЕЛІСІМШАРТТАРҒА ҚОЛ ҚОЯТЫН БОЛДЫ.

2010 жылдың қазан айында Үкімет Қазақстандық мазмұнды дамытудың 2014 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдады. Жыл өткен сайын кәсіпорындар қызметіндегі қазақстандық мазмұнның үлесі үздіксіз өсіп келеді.

III БӨЛІМ. 6.БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

Қаржы жүйесін тұрақтандыру



БАНКТЕРДЕ ҚАРЖЫ-ҚАРАЖАТ ҚЫМҚЫРУ БОЙЫНША АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТТЕР АНЫҚТАЛА БАСТАДЫ

НӘТИЖЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ТӨТЕНШЕ ШАРА ҚОЛДАНУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫ: 2009 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНЫНДА ҮКІМЕТ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ХОЛДИНГІ АРҚЫЛЫ КӨПТЕГЕН САЛЫМШЫЛАРЫ БАР, ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІ ЖОҚ БІРҚАТАР БАНКТЕР АКЦИЯЛАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ПАКЕТІН САТЫП АЛДЫ

Банктердің бұрынғы басшылығын жұмысынан босатты.

III БӨЛІМ. 6.БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау



2008–2010 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА МЕМЛЕКЕТ ШОК-ТЫ ҚОЛДАУҒА 400 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАДЫ.

БҰЛ ОН МЫҢ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДЫ ДЕМЕУГЕ ЖӘНЕ 13 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫН САҚТАП ҚАЛУҒА КӨМЕКТЕСТІ

Көптеген халықаралық сарапшылар Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдаудың ауқымын қошеметпен атап көрсетіп жатты

БІРІНШІДЕН, АРЗАН ЗАЕМДЫҚ ҚАРАЖАТ АЛУҒА ЖОЛ АШЫЛДЫ 

ЕКІНШІДЕН, ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТКЕ САТУҒА КЕПІЛДІ МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ  

ҮШІНШІДЕН, ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ҚАТЫСУҒА ҰСЫНЫС 

ТӨРТІНШІДЕН, ҚОЛАЙЛЫ БИЗНЕС-ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫ 

III БӨЛІМ. 6.БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

Тұрғын үй құрылысы мәселесін шешу



МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕС АРАСЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ҮДЕРІСІ БАСТАЛДЫ

КӨМЕКТІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Компаниялар тұрғын үйдің бағасы мен пайдалануға берілу мерзімі бойынша міндеттеме алды. Мемлекет үлескерлердің қаржысы тартылған құрылыс сегменттеріне ғана қолдау көрсеткенін атап айтуға тиіспіз. Басқа сегменттің бәріндегі құрылысшылар мен банкирлердің өтініші қанағаттандырылған жоқ.

Атқарылған шаралардың қорытындысы бойынша, Қазақстан – дағдарыс жағдайынан жол тауып, үлескерлер мәселесін мемлекет өз мойнына алған әлемдегі жалғыз ел болды.

III БӨЛІМ. 6.БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

Жұмыспен қамту мен тұрақтылықтың «Жол картасы»



2009 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ ЖОЛДАУДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЕЛДІҢ ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН БАСТЫ ШАРТТАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНГІЗІЛДІ

Жұмыс орындарының жеткіліктілігі Үкімет мүшелерінің және әрбір әкімнің экономика орнықтылығын қамтамасыз етуге қабілеттілігін анықтайтын негізгі көрсеткіш болуға тиіс екені атап көрсетілді. Сол кезде, 2009 жылдың наурызында, үкімет Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын және іс-қимыл жоспарын – 2009–2010 жылдарға арналған «Жол картасын» жеделдетіп қабылдады. Ұлттық қордан 350 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.

III БӨЛІМ. 6.БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

Дағдарыстан кейінгі даму ұстанымдары



ҚАЗАҚСТАН ДӘЙЕКТІ ТҮРДЕ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ЕКІ ЖОСПАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ.

«2008 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАНЫНДА КЕЙБІР ЕЛДЕР БАНКРОТ БОЛУҒА СӘЛ ҚАЛҒАНДА, ҚХА СЕССИЯСЫНДА МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ МЕН ӘЛ-АУҚАТТЫ АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕҢІСТІГІНЕ ШЫҒАТЫНЫНА СЕНІМДІ ЕКЕНІМДІ МӘЛІМДЕДІМ. ТҰРАҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАҒДАРЫС САЛДАРЫН ЖОЯ АЛАТЫНЫН, ОДАН ҚҰНДЫ ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ӨСУ ЖОЛЫНДАҒЫ ОҢ ЭНЕРГИЯ АЛА АЛАТЫНЫН КӨРСЕТТІ», - НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ.

Сол кезде ІЖӨ-нің 14 процентіне тең болған 20 миллиард доллар жаһандық дағдарыстың зардаптарын жоюға жұмсалды. Мемлекет өрлеу жылдарында жинаған беріктік қоры және биліктің барлық деңгейінің бірлігі дағдарыстың кері ықпалын жеңілдетуге және бейтараптандыруға мүмкіндік берді.

III БӨЛІМ. 6.БІЗ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС СЫНАҒЫНА ТӨТЕП БЕРДІК

Жаңа индустриаландыру: бағдарлама және бағдар



2020 ЖЫЛҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨЗЕГІ – 2010 ЖЫЛДЫҢ 19 НАУРЫЗЫНДА БЕКІТІЛГЕН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2010–2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ» ЕДІ

Жаңа бағдарламаның басты нысанасы – жалпы ішкі өнімді 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда, 50 процентке өсіру, өңдеуші секторда еңбек өнімділігін 50 процентке көтеру, шикізаттық емес экспорт үлесін 40 процентке жеткізу болды.

2010 жылдың сәуірінде Үкімет республикалық маңызы бар – 101 жобадан және 136 аймақтық жобадан тұратын Индустриаландыру картасын бекітті. Карта мемлекетке бизнеспен бірігіп оңтайлы инвестициялық шешім қабылдауға және жеке сектор жобаларын инфрақұрылымды дамытумен ұштастыруға мүмкіндік туғызды.

©️ 14.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА