ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ӨСІМ

III бөлім. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Өрлеу траекториясы және саяси тұрақтылық



2003 жылдың желтоқсанында «алдымен экономика – содан кейін саясат» тұжырымы дүниеге келді. Бұл – «саяси өзгерістердің қажет екеніне дау жоқ, бірақ олардың сәтті жүзеге асуы үшін, ең алдымен, тиімді де бәсекелі экономика болуға тиіс» дегенге саятын сөз еді.

Сол уақыттың негізгі экономикалық статистикалық көрсеткіші көңіл көншітерлік еді

Жаңа ғасырдың алғашқы үш жылында ІЖӨ өсімінің жылдық қарқыны 10 проценттен асып түсетін

Бұл 1990 жылдардағы құлдырауды толық еңсеріп шығуға мүмкіндік берді.

Егер 1993 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ шамамен 700 доллардан келсе, 2004 жылы ол 2 мың долларға жетті.

Бұл көрсеткіш жөнінен Қазақстан еуразиялық кеңістікте екінші орынға шықты
Еліміз барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша көш басындағы мемлекеттердің қатарына енді.

III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Қазақстан барысы алға ұмтылды



Өндірістің өсуі экономиканың барлық салаларында да байқалды, инфляция қарқыны бәсеңдеді, ұлттық валюта бағамы тұрақты деңгейде орныға бастады, еліміздің алтын-валюта қоры айтарлықтай дәрежеде толығып жатты. 

Мұның бәріне сеп болған жайт: біздің негізгі экспорттық байлықтарымыздың – қуат көздерінің, металдың және астықтың әлемдік бағасының һәм жаһандық сұранысының өсуі арқылы Қазақстан дүние нарығына екпіндей енген еді


Экономикадағы оң үрдістер мемлекеттік бюджеттің ахуалына да тиімді әсерін тигізді. 2003 жылы бюджет кірісі бірінші рет триллион теңгелік межеден асты. Қазақстан ХВҚ қарыздарын мерзімінен бұрын қайтарды. Осыған орай, еліміздің халықаралық беделі едәуір биіктей түсті.

III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Ұлттық қордың құрылуы



III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Өсімге қажетті инвестициялар



Қолайлы ахуалдың қалыптасуы Қазақстан экономикасына шетелден ағылған инвестиция көлемінің арта түсуіне сеп болды.

2000-шы жылдары біздің елге әлемнің қырық шақты мемлекетінің іскерлік құрылымдары өз қаржы ресурстарын салды. Негізгі инвесторлар АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Италия және Швейцарияның компаниялары болды

Нәтижесінде Қазақстан тікелей шетелдік инвестицияның жан басына шаққандағы көрсеткіші жөнінен жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында айқын көшбасшыға айналды. 1993–2005 жылдар аралығында ғана оның көлемі жан басына шаққанда шамамен 2 мың доллар тікелей шетелдік инвестициядан келді. Бұл үрдіс әрі қарай да сақталды.

III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Индустриалды-инновациялық даму стратегиясы



III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Даму институттары мен құрылымдары



2003–2006 жылдары даму институттары инфрақұрылым және өңдеу өнеркәсібі салаларында жалпы құны 2,1 миллиард доллар болатын жүзден астам жобаны қаржыландырды

Қазақстанда жаңа өндірістер, тіпті тұтас салалар пайда бола бастады.

Он экономикалық аймақ, атап айтқанда «Астана – жаңа қала», «Ақтау теңіз порты», Алматыдағы «Ақпараттық технологиялар паркі», Шымкенттегі «Оңтүстік», Атырау облысындағы «Ұлттық мұнай-химия технопаркі», «Бурабай», «Павлодар», Қарағандыдағы «Сарыарқа», «Қорғас – Шығыс қақпасы», «Тараз химия паркі» – даму инфрақұрылымының маңызды элементтеріне айналды

III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Қаржы секторының дамуы



НұРСұЛТАН НАЗАРБАЕВ

«2005 жылы Ұлттық банктің сақтық қоры 7 миллиард доллардан асты (1993 жылы теңге айналымға алғаш шыққан кезде ол 452 миллион доллар еді). 2000–2007 жылдары банк секторы республикамыздағы қаржы жүйесінің ең ірі және шапшаң дамып келе жатқан сегменті саналды. 2003 жылдан бастап отандық коммерциялық банктер қаржы есебін берудің халықаралық стандарттарына көшті»


III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Капитал мен мүлікті заңдастыру



2000-шы жылдардың басында капиталды «көлеңкеден» алып шығып, экономикалық айналымға қайта оралту үшін қолайлы жағдай туғызу қажет еді.

Қаржы рақымшылығы туралы заң 2001 жылдың сәуірінде күшіне енді. Заңдастыру механизмі қарапайым да ұғынықты еді. Азамат ақшасын банктегі арнайы шотқа аударып немесе есепке қойып, сол әрекетін айғақтайтын құжатқа ие болды. Заңдастырудың отыз күндік мерзімінен кейін ол өз ақшасына еркін иелік етуге мүмкіндік алды.

Қазақстандағы қаржы рақымшылығы еуразиялық кеңістіктегі елеулі құбылыс болды

 Заңдастырылған капитал елдің дамуына жұмыс істей бастады. Мұның тағы бір нәтижесі – салық төлеушілердің саны арта түсті, демек бюджет түсімдерінің ауқымы да ұлғая берді. Капитал рақымшылығының заңды жалғасы мүлікті заңдастыру болды.

III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Бизнесті қорғау – басым бағыт



Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау саясаты ел үшін атқарылған игілікті іс болып шықты. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін халықтың үлесі ұдайы өсе түсті де, 2011 жылы 29 процентке жетті. 2012 жылы жеке кәсіпкерлік 2,5 миллион қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етті

III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Көлік инфрақұрылымы: қарқынды қадамдар



2006 жылы ұлттық көлік жүйесін еуразиялық көлік дәліздеріне кіріктіруді басым бағыт етіп белгілеген 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы қабылданды. Сонымен бірге Қазақстанның халықаралық сауда ағындарына енуі ел өңірлерін дамытумен жүйелі үйлестіріліп отырды.

III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Құбырлар қуаты: өзара тиімді саясат



Әлемдік мұхитқа тура шығатын жолдың болмауы Қазақстан үшін экспорттық құбыр желілері инфрақұрылымын құрудың маңызын арттыра түсті. Мұнай өндіру көлемінің ұлғая түсуін ескере келгенде, жаңа құбыр желілерін тарту жөнінде көрші мемлекеттермен келісімге келу Қазақстан үшін алдыңғы кезектегі аса маңызды міндетке айналды.

Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы Қара теңіз жағалауына жеткізуге мүмкіндік берген «Теңіз – Новороссийск» (Каспий құбыр желісі консорциумы, КҚК) құбыр желісін салу туралы Қазақстан – Ресей келіссөздері төрт жылдан астам уақытқа созылды. Ресей тарапымен болған бұл келіссөздер жөнінде арнайы үлкен кітап жазуға болады. Ақыр соңында, Қазақстан үшін маңызы аса жоғары бұл мәселе оң шешімін тапты

«Теңіз – Новороссийск» құбыр желісінің құрылысы 1999 жылы басталды, ал 2001 жылы оның жылына 28 миллион тонна мұнай өңдеу қуатына ие алғашқы кезегі іске қосылды. 2001 жылдың 13 қазанында КҚК-ның Новороссийск түбіндегі теңіз терминалында Қазақстан мұнайы тиелген алғашқы танкер жолға шықты. Теңіздің телегей мұнайы экспортқа шықты

III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Ақпараттық магистраль



2000-шы жылдары ақпараттық коммуникациялардың серпінді дамуы экономикаға және тұрмыс сапасының жақсаруына едәуір септігін тигізді

Мемлекеттік басқаруда, экономика және қаржы нарығында, мәдениет пен әлеуметтік салада ең алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар қарқынды түрде енгізіліп жатты.  Қазақстан Орталық Азия өңірінде және жалпы алғанда, Еуразияда маңызды транзиттік торапқа айналды, әлемдік ақпараттық кеңістікке ойдағыдай кірігіп кетті.

III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Жер реформасы: жерге жекеменшік институтын енгізу



III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Ауыл шаруашылығының еңсе көтеруі



2000-шы жылдары мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру қарқынды жүре бастады, ал бұл белсенділік ауыл шаруашылығындағы нақты ахуал дың біртіндеп жақсара түсуіне алып келді. Жаңа онжылдықтың алғашқы жылдарында-ақ Қазақстандағы ауыл шаруашылығының өсімі орта есеппен 8 проценттен асты. Бұл Шығыс Еуропа және ТМД елдерінің арасындағы ең үздік өсім еді. 2003 жылы астық ору 1991 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өссе, күнбағыс – 3 есе, шитті мақта – үштен бір бөлігінен астам арта түсті.

Үкімет үнемі қазақстандық аграршылардың есіне мынаны салып отырды: Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) енуіміз отандық ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті болуын қатаң талап ететіні сөзсіз

Бұған алдын ала дайын болған жөн. Агроөнеркәсіптік кешен ақырында өзінің орасан зор әлеуетін толығымен жүзеге асыра алды: 2000-шы жылдардың ортасына қарай экспортқа шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдері импорттан 35 процентке асып түсті

III БӨЛІМ. 4.ҚИЯҒА ӨРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

2000–2007 жылдардағы экономикалық өсім: Қазақстан феномені



НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ

«ХХІ ғасырдың басы Қазақстан экономикасының шапшаң өрлеу кезеңі болды. Бұған біздің жүйелі экономикалық реформаларды, кең ауқымды жекешелендіру процесін кідіріссіз жүргізудің жан-жақты ойластырылған батыл бағдарын таңдауымыз, кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ әлемдік нарықтағы қолайлы конъюнктура сеп болған еді. 

2000–2007 жылдары Қазақстан экономикасы өркендей түсті, өз әлеуе тін қалпына келтірді және тұрақты өсудің бұрын-соңды қол жеткізілмеген жоғары шегіне көтерілді. Мұндай оң өзгерістерге экспорттың едәуір ұлғаюы, инвестиция және өнеркәсіп өсімінің жоғары қарқыны да аз ықпалын тигізген жоқ»   


Қазақстан – жаңа ғасырдың бірінші онжылдығының ортасында әлемдегі ең серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болды

Сол жылдары Қазақстандағы ІЖӨ-нің жылдық өсімі 9–10 процентке жеткен еді. Көптеген көрсеткіштер бойынша еліміз жаңа тәуелсіз мемлекеттерді басып озды, ал шетелдік инвестициялар көлемі мен ІЖӨ өсу қарқыны жөнінен әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылды

2007 жылы
2007 жылы Қазақстан табыстың орташа деңгейі және жан басына шаққандағы ІЖӨ мөлшері жөнінен көш басындағы мемлекеттердің тобына еніп, әлемдік рейтингте 211 елдің ішінде 88-ші орынға көтерілді. Қазақстанның инвестиция салуға барынша қолайлы әлемдегі үздік 25 елдің тобына қосылуы да осы кезеңде болған еді

©️ 13.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА