СЫРТҚЫ САЯСАТ: ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАНДАЙ...

СЫРТҚЫ САЯСАТ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1 бөлім. 6.СЫРТҚЫ САЯСАТ: ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАНДАЙ...

Егемен мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдарын айқындау. Көпполярлы доктрина



Жас мемлекет үшін тырнақалды сыртқы саяси қадамдар ауырға соғады. Қазақстанға өзінің сыртқы саясатын тыңнан бастауға тура келді. Сыртқы саяси бағытты қалыптастырудың негізгі қиындығы елдің өз тәуелсіздігін тыныш та тұрақты жағдайда емес, мүлдем жаңа геосаяси жағдайда бастауында болатын. Дәл осындай кезеңде мемлекеттің Қазақстанның мүдделеріне тікелей немесе жанама әсері бар халықаралық процестердегі ұстанымдарын мүлтіксіз белгілеу қажет болатын

Посткеңестік кеңістікте қарулы жанжалдар пайда болды

1992 жылдың наурыз-сәуірінде Мохаммед Наджибулла режимінің күйреуі Ауғанстанда ішкі соғыстың туындауына әкеліп соқты, мамырда Тәжікстанда қақтығыстар басталды. Тұрақсыздық қатері әзірге өз қауіпсіздігі мәселесін шеше алмаған, сондықтан әлсіз болып отырған ортаазиялық жаңа мемлекеттерге де төнді.

Қазақстанның өз ішіндегі және одан тысқары аймақтағы түрлі күштер арандату әрекеттері арқылы қазақстандықтарды бір-бірімен ғана емес, сондай-ақ көршілерімен де жанжалдастыруға тырысты. Кеңестік дәуірдің ауыр мұраларының бірі – Қазақстан үшін көрші мемлекеттермен аумақтық дау-дамай болатын.

1 БӨЛІМ. 6.СЫРТҚЫ САЯСАТ: ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАНДАЙ...

Екіжақты мемлекетаралық қатынастардың орнауы: «достық көпірлері»



нұрсұлтан назарбаев

«Мен реалист саясаткер ретінде Қазақстанның жағдайында іргелес Ресей мен Қытай және бүкіл әлемге ықпалы үлкен супердержава – АҚШ сияқты ірі мемлекеттермен өзара тиімді, достық қарым-қатынастың маңызды екенін түсіндім. Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының өзінде өзара сенімге негізделген осындай байланыстарды нығайтуға кірістік. Қазақстанның әлемдік саясаттан тысқары қалмауы Ресей, Қытай мен АҚШ сияқты үш державамен арадағы жемісті әріптестіктің арқасы екеніне мен берік сенімдімін»

Екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттарын нақтылаған бірінші тарихи құжат Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылдың 25 мамырында қол қойылған Достық, әріптестік пен өзара көмек туралы келісім болды.

Сонымен қатар Қазақстанның жетекші еуропалық елдермен арадағы дипломатиялық байланыстары қалыптасып, дами түсті

1 БӨЛІМ. 6.СЫРТҚЫ САЯСАТ: ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАНДАЙ...

Ядролық қарусыз әлем жолындағы көшбасшылық және мемлекет қауіпсіздігін нығайту



нұрсұлтан назарбаев

«Аумағымыздағы Семей сынақ полигоны, мұраға қалған кеңестік қару-жарақ тәуелсіз республиканың меншігіне өткеннен кейін, бізге үлкен таңдау жасау қажет болды. Бәске ұзақ мерзімді ұлттық қауіпсіздік тігілді. Таразының бір басында, өзіміздің әскери қуатымыздың ресурсы ретінде ядролық әлеуетті сақтап қалу, ал екінші басында өзіміз үшін ядролық қарусыз болашақ таңдап, одан бас тарту арқылы бүкіл жер жүзіне біздің мақсатымыз күшімізді қару-жарақ жинаумен дәлелдеу емес екенін көрсету тұрды»

Біздің аумағымыздағы ядролық әлеует проблемасының шешімі белгілі бір деңгейде – Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Армения арасында 1992 жылдың мамырында Ташкентте қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне айтарлықтай әсер етті.

Аталмыш алты елдің кез келгеніне төнген сыртқы агрессия қатері қалған қатысушылардың оған, кез келген қажет болса, әскери көмек те беруге міндеттейтін.

Тұңғыш Президент ядролық қарудан бас тартудан барынша пайда таба алды. Атап айтқанда, Қазақстан АҚШ-тан Қазақстанды толыққанды саяси мойындауына және жан-жақты ынтымақтастыққа даярлығына қолжеткізді


1993 жылдың 10 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес ядролық қару-жарақты таратпау туралы келісімшартқа қосылуға дауыс берді.

1994 жылдың 28 наурызында Ресеймен Қазақстан аумағында уақытша орналасқан Стратегиялық ядролық қарулар туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшартқа сәйкес, Ресей Қазақстанға ядролық шабуыл қатерінен қорғауға кепілдік берді.

1 БӨЛІМ. 6.СЫРТҚЫ САЯСАТ: ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАНДАЙ...

Азия қауіпсіздігі жүйесіне алғашқы қадам




Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы тек қана БҰҰ-да қолдау тауып қойған жоқ – оны құрлықтағы саяси ахуалды нақтылайтын, ЕҚЫҰ мен Араб мемлекеттерінің лигасы сияқ ты, ықпалды халықаралық құрылымдар да қолдады. 1993–1994 жылдары арнайы жұмыс тобы АӨСШК-нің базалық құжаттар пакетін әзірледі. АӨСШК-нің берік заңды іргетасы қаланды, енді жалпыазиялық сенімді қауіпсіздік жүйесін құруға мүдделі барлық күштерді ауыр жұмыс күтіп тұрды.

1 БӨЛІМ. 6.СЫРТҚЫ САЯСАТ: ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАНДАЙ...

Мемлекеттік шекараны делимитациялаудың басталуы



нұрсұлтан назарбаев

Елбасы ұстанған берік ұстанымның арқасында 1991 жылы 8 желтоқсанда қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімде, сондай-ақ сол жылдың 21 желтоқсанындағы Алматы декларациясында сол кездегі шекаралар бөлінбейді және оған ешкім қол сұқпайды деп мәлімделді.

Алайда халықаралық ережелер бойынша шекараның толықтай заңды түрде рәсімделуі үшін бақандай 13 жыл қажет болды.

1 БӨЛІМ. 6.СЫРТҚЫ САЯСАТ: ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАНДАЙ...

Қазақстан және жаңа тәуелсіз мемлекеттер



1993 жылдың қыркүйегінде қол қойылған Экономикалық одақ құру туралы келісімшарт ТМД елдері арасындағы экономикалық ықпалдастықтың тұңғыш қадамы болды

ТМД мүшелерінде қатаң өзара міндеттеменің болмауынан туындаған кейбір кінәраттарға қарамастан, өзара әрекеттестіктің қабылданған форматы өмірге бейімдігін көрсетті.

1992 жылдың 15 мамырында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойды, қыркүйек, желтоқсан айларында келісімге Әзірбайжан, Белоруссия, Грузия қосылды.

1 БӨЛІМ. 6.СЫРТҚЫ САЯСАТ: ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАНДАЙ...

Тәжікстандағы бітімгерлік миссия: бауырлас халыққа көмек



нұрсұлтан назарбаев

«Қазақстан батальоны, тәуелсіз мемлекеттердің басқа да бөлімшелерімен бірге, тәжік жерінде бейбітшілік орнатуға ықпал етті. Алдына қойылған міндеттерді орындау барысында қазақстандық сарбаздар бірнеше мәрте Тәжікстан аумағына енуге әрекет жасаған қарулы құрылымдарға соққы берді, қару-жарақ пен есірткі тасымалына тосқауыл қойды».

ТӘЖІКСТАНДА 1992 ЖЫЛЫ БАСТАЛҒАН АЗАМАТ СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕ ОНДАҒАН МЫҢ АДАМ ҚЫРЫЛЫП, ЖҮЗДЕГЕН МЫҢ АДАМ БОСҚЫНҒА АЙНАЛДЫ.

Іс жүзінде тәжік-ауған шекарасы күзетілмеді. Одан қарулы топтар еркін өтіп жататын, есірткі еркін тасымалданатын және осының бәрі бүкіл аймаққа елеулі қатер төндіретін. Тәжікстанның Жоғарғы Кеңесі ТМД елдеріне республикаға бітімгерлік күштерін енгізу туралы өтініш жолдады.

1 БӨЛІМ. 6.СЫРТҚЫ САЯСАТ: ТЫҢҒА ТҮРЕН САЛҒАНДАЙ...

Қазақстанның еуразиялық көшбасшылығы



Н.Назарбаев тұңғыш рет еуразиялық бастаманы 1994 жылдың 22 наурызында Ұлыбританияға жасаған сапарым кезінде айтты

Өз сөзінде Елбасы Қазақстанның ерекшеліктерін түсіндіре отырып, біздің бір кезеңде еуропалық және азиялық аймақтық халықаралық ұйымдарға мүше екенімізді көрсетеді. Өз сөзінде Елбасы: «Біз өзіміздің геосаяси жағдайымыздың маңызын түсінеміз және қауіпсіздікті нығайту жөніндегі орталық болуға әзірміз»,-дейді.

Лондондағы осы сөзінен кейін, бір аптадан соң, Н.Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінің мінберінен Еуразиялық одаққа бірігу қажеттігін мәлімдейді және Достастықтың зиялы элитасын, ТМД құрылғаннан кейінгі екі жылда бір орында табандап қалған, көпқырлы ықпалдастыққа тың серпін беруге шақырады.

Арада алты жыл өткен соң, 2000 жылдың 10 қазанында, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құрды. Кейін бұл идея Кедендік одақта да, Еуразиялық экономикалық одақта да әрі қарай дамыды.

заключение

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТАУЫНДА. ЖАҢА МЕМЛЕКЕТКЕ 20 СЫН-ҚАТЕР


©️ 03.07.2020 МИА «ҚазАқпарат» ХАА