ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ДӘСТҮР

ТІЛ, БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ

1 бөлім. 5.ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ДӘСТҮР

Жаңа тіл саясаты. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру




Қазақ КСР-інің тәуелсіздігі туралы декларация, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң және 1993 жылғы Конституция жаңа тіл саясатының іргетасын қалады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып танылды, орыс тіліне ұлтаралық қатынас тілі мәртебесі берілді. Билік қазақ ұлтының ұлттық беделін нығайтуға, оның мәдениеті мен тілін дамытуға, әрі осы орайда республиканы мекендейтін басқа этностардың құқығын бұзбауға ниеттілігін білдірді. Сондықтан тілдік тұрғыдағы кемсітушіліктің кез келген формасына тыйым салынды.

Қазақстанның күнделікті өміріне туған тіліміздің ешқандай мәжбүрлеусіз оралуы маңызды

Газеттер сегіз тілде шығарылып, теле және радио хабарлар жеті тілде жүргізілді. Мемлекеттің ойластырылған және прагматикалық тіл саясаты елді мекендейтін барлық этностық топтарды өзінің ұлттық ерекшелігін сақтау мүмкіндігімен қамтамасыз етті. Осының бәрі қоғамдық келісімге ықпал етті және елдегі сәтті қайта құрулар мен оның болашақ жетістіктерінің кепіліне айналды.

1 БӨЛІМ. 5.ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ДӘСТҮР

Жаңа білім жүйесінің іргетасы



Білім беру жүйесіндегі реформаларды бастамастан бұрын мемлекет олар үшін құқықтық негіз қалады

.

1992 жыл 18 қаңтар

«Білім туралы» заң қабылданды


1993 жыл 10 сәуір

«Жоғары білім туралы» заң қабылданды


Елдің жаңа білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш (1–4 сыныптар) және орта (7–11 сыныптар) мектептер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сияқты бес деңгей бойынша қарастырылды

Бұл салада монополиядан бас тартқан мемлекет оған нарықтық механизмдер енгізуге ықпал етті. Жаңа типтегі оқу мекемелері (гимназиялар, лицейлер, колледждер, академиялар) пайда болып, бағдарламалар бұрынғыдан да байытылды, педагогтерге өз тәжірибесінде авторлық оқу дәрістерін жүргізуге рұқсат берілді. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында тегін оқумен қоса, коммерциялық негізде оқыту да енгізілді.

1994 жыл

1990-шы жылдарға тән зияткерлік еркіндік жағдайында ұлттық білім беруді дамытуға әлемдік ғылымның жаңа жетістіктерін енгізу айтарлықтай әсер етті. Факультеттерде жаңа кафедралар пайда болып, түпнұсқалық бағдарламалар мен әдістемелер енгізілді. Университеттер кеңестік Қазақстанда болмаған мамандықтарға оқыта бастады. 

Экономиканың жоғары білікті заманауи кадрларға деген сұранысын қанағаттандыру үшін, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебі ашылды. 


1 БӨЛІМ. 5.ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ДӘСТҮР

Қазақстан ғылымының алғашқы қадамдары



1990-шы жылдардың басында Қазақстанда 200-ден астам ғылыми мекеме жұмыс істеді. Бүкіл зерттеу жұмыстарын Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы үйлестірді. Қаржыландырудың қысқаруы мен экономикалық дағдарысқа қарамастан, мемлекет іргелі ғылымдарды дамытуға ерекше көңіл бөлді

1992 жыл

Ғылым саласындағы басқару функциялары берілген Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі құрылды.




1993 жыл қаңтар

Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінде жаңа қайта құру күтіп тұрған еді: жаңа Жарлыққа сәйкес қазақстандық ғылыми құрылымдар республиканың жоғары ғылыми мекемесі мәртебесіне ие болған Ұлттық ғылым академиясына біріктірілді.



1992 жыл мамыр

Семей сынақ полигоны кешені базасында ядролық технологиялар саласы бойынша Ұлттық ядролық орталық құрылды.



Дәл сол жылдары шешуші ғылыми-техникалық бағыттар бойынша ұлттық ғылыми орталықтар құрыла бастады

ғарыштық технологиялар, радиоэлектроника, информатика мен есептеу техникасы, биотехнологиялар, минералды ресурстар жөніндегі ғылыми орталықтар да пайда болды



Экономикалық дағдарыс ғарыштық, стратегиялық зерттеулер, шығыстану және тағы да басқа жаңа ғылыми-зерттеу институттарының пайда болуына кедергі келтіре алмады. Өзіндік Жоғары аттестациялық комиссияны құру қазақстандық ғылыми кадрлар даярлау жүйесіндегі маңызды қадам болды. Сол арқылы ізденушілер тұңғыш рет республиканың өзінде ғылыми мәртебе берілгені жөнінде дипломдар ала бастады. Аспирантурада жаңа мамандықтарға оқыту қолға алынды.


Тарих ғылымы бұрынғы идеологиялық догмалардан және бағыттардан азат етілді. Бұл бағыттағы маңызды қадам 1993 жылы белгілі тарихшы М. Қозыбаевтың редакциясымен жарияланған «Қазақстан тарихы» оқулығы болды. 1995 жылдың маусымында жаңа Тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдамада тарихты оқытудың өзекті мәселелері – тарихи ой-сананың басымдықтары, тарих ғылымының кейбір проблемалары мен тарих ілімінің перспективалары қарастырылды.


1 БӨЛІМ. 5.ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ДӘСТҮР

Ұлттық мәдениет пен өнердің қайта түлеуі




Мемлекеттің мәдени саясаты қазақ халқының аса бай мұрасын іздеумен қоса, оның дәстүрлері мен ғұрыптарын жандандыруды да қамтыды – олар елдің күнделікті өмірін рухани тұрғыда байытып, біздің өткенімізді қазіргі кезеңмен және болашақпен жалғауға тиісті еді

Наурыз мейрамы

1988 жылы Наурыз мерекесі қайта аталып өтіле бастады. 

Елбасының «Халықтық Наурыз мейрамы – көктем мерекесі туралы» Жарлығы шыққаннан кейін, 1991 жылдың 15 наурызында осы ежелгі мереке ресми мойындауға ие болды. 

Күн мен түн теңелетін 22 наурыз мереке күні болып белгіленді. 

Дәл сол кезде теңдессіз төл мұрамыз айтыс та руханиятымызға қайта оралды. 

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы

1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы Қазақстанның мәдени өміріндегі жарқын оқиға болды. 

Жер жүзінің әр түкпірінен атамекеніне танымал жазушылар, суретшілер, әртістер, бизнесмендер мен қоғам қайраткерлері келіп, мемлекеттік тәуелсіздік, ұлттық бірлік, ұлтаралық келісім, болашақ ұрпаққа саламатты тәрбие беру мәселелерін талқылады


1990-жылдардың бірінші жартысындағы заманауи қазақ әдебиетіндегі айқын құбылыстар ретінде Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабозын», Герольд Бельгердің «Завтра будет солнце» және «Земные избранники», Иван Щеголихиннің «Не жалею, не зову, не плачу» және «Желтое колесо», Әнес Сарайдың «Еділ-Жайығын» атауға болады.


1995 жылы еліміз Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуын салтанатты жағдайда атап өтті

Қазақтың ұлы ақыны һәм данышпанының мерейтойы әлемдік маңызға ие мәдени оқиғаға айналды. 

ЮНЕСКО-ның шешімімен 1995 жыл Абай жылы болып жарияланды.


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында театр және кинематография өнерінде өте қызықты туындылар өмірге келді

Маман Байсеркеновтің, Әзірбайжан Мәмбетовтің, Рубен Адриясянның, Жанат Хаджиевтің, Райымбек Сейітметовтің, Есмұхан Обаевтың спектакльдері айтарлықтай табысты жағдайда өтті. 1991 жылы қойылған Әмір Қарақұловтың «Отырардың күйреуі» тарихи драмасы сыншылар тарапынан жоғары баға алды және «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Сол жылдардағы фильмдердің бюджеті қарапайым еді, дегенмен аз бюджетті фидьмдер де ең мәртебелі деген халықаралық фестивальдерде мойындауларға ие болды. Қазақстанның жаңа киносының болмысын Әмір Қарақұловтың «Разлучница», Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті», Сатыбалды Нарымбетовтің «Жас аккордионистің өмірбаяны», Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» және тағы да басқа фильмдер қалыптастырды. 

Қазақстанның бейнелеу өнерінде Салахитдин Айтбаев, Айша Ғалымбаева, Гүлфайруз Исмайлова, Исатай Исабаев, Мария Лизогуб сияқты танымал суретшілермен қоса, жас өнер қайраткерлері де танымалдыққа ие болды: олардың бәрінің де туындылары халықаралық байқауларға қатысып, мұрағаттар мен жеке коллекцияларды толықтырды. Елдің музыкалық өмірі де айтарлықтай өркендеді. 1993 жылы Айман Мұсаходжаева мемлекеттік «Солистер академиясын» құрып, жетекшілік етті. Пианист және педагог Жәния Әубәкірованың авторлық музыка мектебі 1994 жылы, Әлібек Дінішевтің театры мен вокал академиясы 1997 жылы ашылды. Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Лаки Кесоглу сияқты отандық эстрада жұлдыздары бұрынғысынша көрермендерін тәнті ете түсті.  

1 БӨЛІМ. 5.ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ДӘСТҮР

Спорт: тұңғыш чемпиондар



Тәуелсіз Қазақстандағы спорттық ахуал бірден қызу қарқынмен дамыды: жекелеген спортшылар мен командалар федерацияларға, ассоциация лар мен одақтарға бірігіп, ұлттық біріншіліктерде және спорттың әртүрлі түрінен өткен жарыстарға қатысты

1994 жылғы Норвегияның Лиллехаммер қаласындағы Қысқы олимпиада ойындарында қазақстандықтар тұңғыш рет өз мемлекеттік туы астында өнер көрсетті. Сол жолы тұңғыш рет Владимир Смирновтың жеңісі құрметіне олимпиада тарихында Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалды. 
 

Халықаралық жарыстарға қатысып, жеке және командалық табыстарға кенелген Қазақстанның үздік спортшылары өз елінің мәртебесін абыроймен қорғады. Олардың жеңістері бүкіл әлемнің назарын саясатта ғана емес, сондай-ақ әлемнің спорттық картасында да елеулі орынға көтерілген жаңа тәуелсіз елге аударды.


©️ 03.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА