Тұғыры берік мемлекеттік құрылым

Жаңа мемлекеттілікті қалыптастыру

I БӨЛІМ. 2.ТҰҒЫРЫ БЕРІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

Мемлекеттік құрылыс: басқарудың тиімді үлгісін іздеу жолында



 1990 ЖЫЛ

1990 жылдың қазан айында Жоғарғы Кеңес Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация қабылдады, ал қарашада Н.Назарбаев «Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР-індегі басқару туралы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ел Президенті атқарушы және жоғарғы биліктің басшысы болып табылады. Ол үкіметті құрып, министрлер мен мемлекеттік комитет төрағаларын тағайындайды.

1991 ЖЫЛ

Мемлекетті басқару ауқымы қайта ұйымдастырылды. Көнерген мемлекеттік органдар таратылып, орнына жаңалары құрылды. Мемлекеттік құрылымдардың өкілеттіктері мен функциялары қайта қаралды. Шешуші кадрлық өзгерістер жасалды. Уақыт талабына сәйкес Мемлекеттік мүлік және Монополияға қарсы комитеттер, сондай-ақ бұған дейін мүлде болмаған сыртқы экономикалық байланыстар, мұнай және газ өнеркәсібі, ғылым мен жаңа технологиялар, экология және биоресурстар министрліктері құрылды. 1991 жылдың соңында менің шешіміммен барлық министрліктер ортақ коллегиялық орган – Министрлер кабинетіне біріктірілді, оның басшылығын Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Премьер-Министрі – тәжірибелі шаруашылық ұйымдастырушысы Сергей Терещенкоға сеніп тапсырдым.

Сингапур саясаты  біздің мемлекеттік құрылысымызға үлкен пайдасын тигізді. сондай-ақ Елбасының досы әрі кеңесшісі, америкалық профессор және бизнесмен, келесі бір «экономикалық керемет» – оңтүстіккореялық өрлеу- дің авторы Чан Янг Бэнгтің қосқан үлесі де зор.

«Ол кезде Қазақстанның ашық әлемде «тіршілік ету тәжірибесі» болған жоқ. Сондықтан Сингапур премьер-министрінің әңгімелері мен дәрістері бастапқы кезде ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегиялар жасауда бізге бағдар көрсетті. Тәжірибелі саясаткер Ли Куан Ю Қазақстанның жарқын болашағына сенімін білдірді»

 

1992

Тәуелсіз Қазақстанның кадрлық саясаты шу дегеннен-ақ қатал әрі жалғасты болды. Ол жауапты қызметтерді, қажетті білім мен машығы болуымен қоса, бірінші кезекте мемлекет пен халықтың мүддесінен туындайтын реформа жұмыстарына бүкіл күш-жігерін сарқа жұмсауға дайын мінсіз профессионалдар атқаруы тиіс деген сенімге негізделді. 1992 жылдың ақпанында Президентке бағынышты жергілікті әкімшілік басшыларының және Халық депутаттары кеңестерінің бақылауындағы облыстық әкімшілік басшыларының қызметін бір ізге түсіру принципі бекітілді.

I БӨЛІМ. 2.ТҰҒЫРЫ БЕРІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

Елге сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапаттар



Мемлекеттік марапат пен басқа да белгілер жүйесі жоғары символдық мәні бар, мемлекеттіктің маңызды элементі саналады. Жаңа тәуелсіз мемлекет есебінде Қазақстан Республикасына да мемлекеттік марапаттар қажет болды

«Халық қаһарманы»

Ең жоғары марапат Қазақстан Республикасы алдындағы көрнекті еңбегі, оның тәуелсіздігі мен азаттығы жолында өшпес ерлік көрсеткені үшін берілетін «Халық қаһарманы» атағы болды. Бұл атақты Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы мен Сағадат Нұрмағамбетов, партизан отрядының командирі Қасым Қайсенов, минометші Алексей Кулаков, ұшқыш Бақтыораз Бейсекбаев, Рейхстагқа алғаш ту тігушілердің бірі – барлаушы Рахымжан Қошқарбаев, ұшқыш Хиуаз Доспанова, зеңбірекші Александр Капорин алды. «Халық қаһарманы» жоғары атағымен ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов те марапатталды.

«Қазақстанның Еңбек Ерi»

«Қазақстанның Ең-бек Ері» атағы 2008 жылдың 1 желтоқсанында бекітілді. Әр жылдары халық жазушысы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев, белгілі кәсіпкер-ауыл шаруашылығы өндірісшісі Геннадий Зенченко, атақты музыкант және педагог Айман Мұсаходжаева, көрнекті ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, Қазақстанның театры мен киносының мақтанышы Асанәлі Әшімов осы атақтың иегерлері атанды

I БӨЛІМ. 2.ТҰҒЫРЫ БЕРІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

Конституциялық құрылыстың басталуы. Кеңес жүйесіндегі дағдарыс және реформаларға қарсылық



Кеңес жүйесіндегі дағдарыс және реформаларға қарсылық


1990 жыл

1990 жылдардың ба- сындағы Қазақ КСР-інің Конституциясы қалай болғанда да ұдайы өзгеріп тұратын уақыт талабына жауап бере алмайтын. Тәуелсіз Қазақстанға, оның заманауи өркениетті мемлекет ретінде одан әрі дамуы үшін, құқықтық іргетас іспетті жаңа Конституция қажет болатын.

I БӨЛІМ. 2.ТҰҒЫРЫ БЕРІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

Президенттік институтты нығайту. Қазақстан дара басшылықты таңдайды




НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ ШЕШІМ МАҒАН ОҢАЙ СОҚҚАН ЖОҚ. БІР ЖАҒЫНАН МӘСЕЛЕ ОБЪЕКТИВТІ ӘРІ ДҰРЫС ҚОЙЫЛҒАН БОЛАТЫН. ПАРЛАМЕНТ ПЕН ҮКІМЕТТІҢ ОТСТАВКАҒА КЕТУІНЕН ТУЫНДАҒАН САЯСИ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ҚОҒАМДЫ ӘСІРЕ САЯСАТТАН АРЫЛТУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН ПРЕЗИДЕНТ БИЛІГІН НЫҒАЙТУ КЕРЕК ЕДІ»

Қазақстандық қоғам мықты вертикальдің қажеттігін түсінгендіктен, 1995 жылдың наурызында құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы осыны негізге ала отырып, Президент өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту туралы референдум өткізу бастамасын көтерді.

I БӨЛІМ. 2.ТҰҒЫРЫ БЕРІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

Қазақстан Республикасының Конституциясы



30 СӘУІР 1995 ЖЫЛ

Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жасап, онда жаңа Конституция қабылдауға ұсыныс білдіреді. Жаңа Негізгі заңның жобасы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумға шығарылды. Референдумға ел азаматтарының 81,1% қатысып, оның 90% жуығы жаңа Конституцияны мақұлдап дауыс берді.

Назарбаевтың талабы бойынша жаңа Конституцияның соңғы мәтініне қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі жолындағы экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдегі барынша маңызды мәселелерді демократиялық тәсілдермен шешу сияқты Қазақстан Республикасының базалық принциптері қосылды.

I БӨЛІМ. 2.ТҰҒЫРЫ БЕРІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

1995 жылғы Парламент сайлауы. Алғашқы кәсіби Парламент



5 ЖЕЛТОҚСАН 1995 ЖЫЛ

Конституция қазақстандық парламентаризмді дамытудың принципті түрдегі жаңа кезеңін бастап берді. Бұрын «Парламент» сөзі Жоғарғы Кеңеске қатысты айтылса да, ресми қолданылған емес. Жаңа Негізгі заң Парламентті жоғары заң шығарушы орган деп жариялап, бұл сөзге мемлекеттік мәртебе берді, ал ұғымның өзін нақты саяси мазмұнмен байытты.

Жаңа Конституцияға сәйкес, 1995 жылдың 5 желтоқсанында алғашқы Сенат сайлауы, 9 желтоқсанда – Мәжіліс сайлауы өткізілді. Парламент құрамына бірнеше партия мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енді.

I БӨЛІМ. 2.ТҰҒЫРЫ БЕРІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

Саяси партиялардың құрылуы




НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«КҮН САЙЫН ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕЛ ҚОҒАМНЫҢ ӘРТҮРЛІ ТОПТАРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛЫП, АЛДА ТҰРҒАН МІНДЕТТЕРДІ ШЕШУДЕ ХАЛЫҚТЫ ҰЙЫСТЫРА АЛАТЫН ҚАУҚАРЛЫ ЦЕНТРИСТІК ПАРТИЯНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН СЕЗІНЕ БАСТАДЫ. 1993 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНЫНДА ҚҰРЫЛЫП, ЕКІ ЖЫЛДАН СОҢ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БІРЛІГІ» ПАРТИЯСЫ (ҚХБП) БОЛЫП ҚАЙТА ҰЙЫМДАСҚАН «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТЫҚ БІРЛІГІ ОДАҒЫ» (ҚХБО) ДӘЛ ОСЫНДАЙ ПАРТИЯ БОЛДЫ. ПАРТИЯДАҒЫ ӘРІПТЕСТЕРІМ МАҒАН ПАРТИЯНЫҢ САЯСИ КӨШБАСШЫСЫ МИССИЯСЫН ЖҮКТЕДІ, АЛ САЯСИ КЕҢЕСТІҢ ЖЕТЕКШІСІ БОЛЫП С. ӘБДІРАХМАНОВ САЙЛАНДЫ»

Әртүрлі сипатта болса да, жаңа партиялардың көпшілігі негізінен демократия принциптеріне бейімдігін білдіріп, мен ұсынған тәуелсіздікті нығайту бағытын қолдады. Сонымен бірге, олардың көпшілігіне тән бір кемшілік – саяси-идеялық құрылымның әлсіздігі мен электоралды қолдаудың жеткіліксіздігі болды. Көптеген партиялар нақты бір жетекшінің ықпалында болғандықтан, олардың одан арғы әрекеті жеке факторларға тәуелді еді. 


I БӨЛІМ. 2.ТҰҒЫРЫ БЕРІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

Сот билігінің қалыптасуы және құқықтық реформа



1990-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ТЕРЕҢ ДАҒДАРЫСТЫ БАСТАН КЕШІП ЖАТТЫ. ОЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ӘЗІР ЕМЕС БОЛАТЫН, ЖАҢА АҚИҚАТТАРҒА СӘЙКЕСПЕЙТІН ЖӘНЕ ЕЛДІҢ ЗАМАНАУИ ЗАҢДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ДЕГЕН ТАЛАБЫН ҚАНАҒАТТАНДЫРА АЛМАЙТЫН.

Осыдан бастап өмір бойы қызмет істеуге тағайындалатын соттардың тәуелсіздігі олардың ауыспайтынына және қауіпсіздігіне, сотты сыйламауға қатысты заңды жауапкершілікке, соттардың өкілеттіктері тоқтатылатын немесе тыйылатын нақты белгіленген негіздерге кепілдік беретін болды. 1995 жылдың желтоқсанында жаңа сот жүйесінің негізін қалаған «Қазақстан Республикасындағы соттар мен соттардың мәртебесі туралы» Жарлыққа қол қойылды және ұлттық айналымға тұңғыш рет «сот билігі» ұғымы енді. Дәл сол жылы тәуелсіз Қазақстанның барлық аумағында Негізгі заңның үстемдігін қамтамасыз ететін Конституциялық Кеңес құрылды

I БӨЛІМ. 2.ТҰҒЫРЫ БЕРІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру




Шекараның беріктігі мен мемлекеттің әскери қауіпсіздігі тікелей тәуелді бас институттардың бірі – Ұлттық Қарулы күштер.

 Тәуелсіздік алған кезде Қазақстанда әскери құрылысқа байланысты тәжірибе болмады.

КСРО ыдырағаннан кейін ТМД-ға мүше мемлекеттер Достастық елдерінің біріккен Қарулы күштері туралы келісімге қол қойды. Дегенмен іс жүзінде барлық жас тәуелсіз мемлекеттер өз әскерін құруға бағыт ұстандыү
 

1992 жылы қаңтардың басында, Н.Назарбаевтың тапсырмасымен мемлекеттік әскери доктрина жасау қолға алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы бұрынғы КСРО әскери бөлімдерін, қару-жарақ пен әскери дүние-мүлікті түгендеуге шешім қабылданды. Қазақстан әскерінің ресми тарихы «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойған 1992 жылдың 7 мамырынан басталады. Сол жылдың 18 тамызында Шекара әскері жасақталды.

ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ КӘСІБИ КАДРЛАРҒА ҚАТТЫ ЗӘРУ ЕДІ. ОФИЦЕРЛІК КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ҮШІН ҚОЛДА БАР ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ПАЙДАЛАНЫЛДЫ, АРНАУЛЫ КУРСТАР АШЫЛДЫ. ҚАРЖЫНЫҢ ШЕКТЕУЛІ ЕКЕНІНЕ ҚАРАМАСТАН, ОСЫ МАҚСАТТА ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ. ЕЛ ӘСКЕРІ ҚАЛЫПТАСҚАН КЕЗЕҢНІҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫНА ҚАРАМАСТАН, БІЗГЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ ӘСКЕРДІ ТІКЕЛЕЙ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРЫП, ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ, МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ БІР ІЗГЕ ТҮСІРУДІҢ СӘТІ ТҮСТІ.


©️ 01.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА