БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ – БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛДІК 

ҚОҒАМ МЕН САЯСАТ: ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖОЛЫНДА

I БӨЛІМ. 4.БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ – БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛДІК

Ұлтаралық келісімнің дара үлгісінің қалыптасуы. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы



нұрсұлтан назарбаев

КСРО ыдыраған алмағайып кезеңде Қазақстан өзінің ішкі саясатының – бейбітшілік, келісім және бірлік – деген негізгі үш принципін қалыптастырды. Қазір айтуға жеңіл болғанмен, сол күрделі кезеңде оны жүзеге асыру әлдеқайда қиын болатын. 

Алайда нәтиже көзге ұрып тұр: Қазақстан 126 ұлт өкілінің берекелі ортақ шаңырағына, туған Отанына айналды. 

Нақты тәуелсіздікке қол жеткізу әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғана емес, сондай-ақ саяси, интеллектуалды, рухани қолдауды талап етеді. Әрі бұл орайда қоғамды біріктіретін ахуал қалыптастырмайынша болмайды, ал ол үшін таяудағы, сондай-ақ болашақтағы көкжиектерге есептелген стратегияның идеялық сарабы қажет.

Қазақстанда социалистік, дәстүрлік, сондай-ақ либералдылық ұғымдарының бағалы тұстарын жоққа шығармайтын. Дегенмен тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған міндеттер өзін басқашалау, яғни жалпыұлттық идеологиялық басымдықтар тұрғысында саралауды талап ететін. Оның ішінде ұлтаралық қатынас сияқты маңызды сала да бар. Ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету ел үшін маңызды саяси міндет болды.



Ассамблеяның алғашқы сессиясы 1995 жылдың 24 наурызында Алматыда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығыммен өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 40 этномәдени бірлестіктің өкілдері қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Тереңнен ойластырылған ішкі саясат жүргізе отырып, көптеген сараптамалық болжамдар мен әртүрлі пиғылдарға қарамастан, біз қазақ жеріндегі этносаралық қарама-қайшылықтардың алдын алып, жанжалға, ішкі қиындықтарға жол бермедік және сол арқылы Қазақстанның көпұлтты халқының болашаққа жарқын жол салуына жағдай жасадық. Осылайша, Қазақстан 1980–1990 жылдары ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің іскер формуласын жасап, этносаралық және дінаралық жанжалдарға жол бермеді, посткеңестік оқшаулану дағдарысынан аман өтті»

I БӨЛІМ. 4.БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ – БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛДІК

Азаматтық қоғамның қалыптасуы



1991–1995 ЖЫЛДАРЫ

Әділет министрлігі азаматтық қоғамды дамытуға ықпал ететін 500-ден астам қоғамдық ұйымды тіркеді.

Саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар, кәсіптік одақтар, әйелдер, ардагерлер ұйымдары, мүгедектер ұйымдары, жастар мен балалардың бірлестіктері, ғылыми, техникалық, мәдени-ағартушылық, мәдени-спорттық және басқа да ерікті қоғамдар, шығармашылық одақтар, қоғамдастықтар мен азаматтық қоғамның басқа да институттары қоғамдық бірлестіктерге жатқызылды. 

әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты республикалық комиссия құру 

Қазақстандық қоғамды әлеуметтік тұрғыда жаңғыртудағы саяси-құқықтық тетіктердің маңызы барынша айқындала түсті. 1999 жылдың желтоқсанында әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты республикалық комиссия құру туралы қаулыға қол қойылды, әрі ол конструктивті әлеуметтік-экономикалық және еңбек қарым-қатынасын дамытуға бастау болды.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы

Барлық азаматтық қоғамның қалыптасуына 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы үлкен ықпал етті. Жаңа Конституция идеологиялық және саяси әртектілікті, қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігін паш етті

I БӨЛІМ. 4.БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ – БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛДІК

«Төртінші билік»: цензурасыз және шектеусіз БАҚ



Тәуелсіздікке қол жеткізу мен қоғамның демократиялануы бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына айтарлықтай әсер етті

 Егер 1990 жылы елімізде 500-ге жуық БАҚ тіркелсе, 1992 жылы олардың саны екі есе өсті. Мемлекеттік БАҚ-пен қатар жеке басылымдар мен телеарналар да үлкен танымалдыққа ие болды. 1990-жылдардың бірінші жартысында баламалы ақпарат көздерінің пайда болуы, әлбетте, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етті

I БӨЛІМ. 4.БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ – БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛДІК

Көші-қон керуені. Атажұртқа оралу



1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы көші-қон ағысының күшеюі барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттерге ортақ құбылыс болды.

1990 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстаннан жаппай көшудің сан алуан факторлары бар еді.

Көптеген адамдар тарихи Отанына - Ресей, Украина мен Беларусь, Германияға және басқа да елдерге оралуға тырысты. Еліміздің тұрғындар саны айтарлықтай азайып, ауылдар мен моноқалалар қаңырап қалды. Осының бәрі Қазақстанның адами және экономикалық әлеуетін әлсіретіп, оның болашағына қатер төндірді.

Ол кездегі қазақстандық көші-қон әртүрлі бағытта болды.

Елден көптеген тұрғындар үдере көшіп жатқанда шетелдерде тұратын қазақтар, керісінше, тарихи отанына орала бастады. Шетелдегі қазақ диаспораларының сан мыңдаған өкілдері елдегі экономикалық дағдарыс пен тұрмыстың төмендігіне қарамастан, тәуелсіз Қазақстанға ағыла бастады. Олардың арасында белгілі ғалымдар, жазушылар, әртістер, суретшілер, қоғам қайраткерлері бар еді. Тек қана стихиялы емес, сондай-ақ тәртіппен жүргізілген бұл үдеріс ел үшін ауыр соққан көші-қон зардаптарының орнын толтыра алатыны белгілі болды.

Қазақстан мемлекеттік репатриация саясатын жалғасты түрде жүргізген әлемдегі санаулы елдердің біріне айналды.

Стратегия-92-де кезінде Қазақстаннан амалсыз көшіп кетуге мәжбүр болған қандастарымыздың тарихи отанына оралуына жағдай жасау туралы айтылған еді. 1992 жылдың 26 маусымында қабылданған «Иммиграция туралы» заң тарихи отанына оралғандарға репатриант мәртебесін беретін. Билік өз шешімі арқылы олардың орналасуына тиісті аймақтарды бөліп, материалдық-қаржылық көмек жасады. 1991–1994 жылдар аралығында Қазақстанға 122 мың қазақ, оның ішінде бұрынғы одақтас республикалардан – 57 мың, Моңғолиядан – 21 мың , Ираннан – 3,7 мың, Түркиядан - 1,9 мың адам қоныс аударды. Қазақтардың атамекеніне бет алған тарихи көшін біз бейнелі түрде «Нұрлы көш» деп атадық.


I БӨЛІМ. 4.БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ – БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛДІК

Діни ренессанс



Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Әрі оның рухани күші дәстүрлі діндерді, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді құрметтеуіне негізделеді. 1990-шы жылдардың басында жаңа тәуелсіз мемлекеттерді қамтыған діни ренессанс Қазақстанды да айналып өте алмайтын. Халықтар өмірінде дін қашанда айрықша маңызға ие болды. Біздің елімізде этностық қана емес, сондай-ақ конфессиялық тұрғыда да ерекше жағдай қалыптасты.  


Конституция елдің барлық азаматтарына, діни сеніміне қарамастан, тең құқық берді

Кеңестік кезеңде Орталық Азия мен Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасының штаб-пәтері Ташкентте орналасқан еді. Біздің еліміздің мұсылмандары үшін 1990 жылы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ашылуы ерекше оқиға болды. Орыс Православие шіркеуінің қазақстандық епархиясы кеңестік кезеңде тікелей Орыс Православие шіркеуіне бағынатын. Тәуелсіз Қазақстанда Орыс Православие шіркеуінің қазақстандық епархиясын ортақ құрылымға біріктіру басталды. 



©️ 02.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА

«Дін еркіндігі мен діни бірлестіктер туралы» заңы

1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған және діни төзімділіктің базалық ұстанымдарын айқындайтын «Дін еркіндігі мен діни бірлестіктер туралы» заң қоғамдық тәртіпке нақты қатер төндіретін секталар мен ағымдарға байланысты шектен шыққан либерализмімен де ерекшеленетін. Қазақстанда олардың қызметіне жол бермеу және бұрынғы конфессиялық саясаттың кінәраттарын жою үшін заң кейінірек жетілдірілді.