Барлығы дәл осылай болған...

Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс және экономикалық саясат

I БӨЛІМ. 3.БАРЛЫҒЫ ДӘЛ ОСЫЛАЙ БОЛҒАН...

Экономикалық дағдарыс пен оның зардаптары



1992 жылы 6 қаңтар 

1992 жылдың 6 қаңтарында «Бағаны либерализациялау шаралары туралы» Жарлықпен техникалық өнімдердің, халық тұтынатын тауарлар мен қыз мет түрлерінің бағасы босатылды. Сөйтіп, еліміз еркін, нарықтық бағаға көшті. 

Жағдайдың күрделілігін түсінген Елбасы Қазақстан халқына Үндеу тастап, онда әзірге балама нарықтың жоқтығын және бағаның көтерілуінен қаша алмайтынымызды тағы бір мәрте атап көрсетеді. 1992 жылы инфляция 3 000 пайызға жетеді. 

1993 жылы

1993 жылы 114 мың адам жұмыс істейтін қазақстандық 130 ірі кәсіпорынның біразы жұмысын толығымен немесе жартылай тоқтатты. Шикізаттың тапшылығынан тоқтауға мәжбүр болған көптеген зауыттар нормасыз жұмыс күніне көшті. Өнеркәсіптің құлдырауы 1994 жылы 28 пайызды құрады.


Тіршілік үшін күрес қазақстандықтардың біраз бөлігінің күшін сарқыды. Көптеген ата-ананың балаларына көңіл бөлуге уақыты болмады. Ата-ана бақылауынсыз қалған мыңдаған қазақстандық жасөспірім мектепке баруды да қойды. Өз еріктері өздеріне тиген балалар мен жалғызбасты қариялар көшеге қайыр сұрап шықты. Жыл сайын БҰҰ жүргізетін арнаулы есептерге негізделген Адамның даму индексіне сәйкес, Қазақстан ол кезде тұрмыс деңгейі ең төмен елдер қатарында тұрды. 

«Аса күрделі жағдайға қарамастан, мен қашанда адамдармен ашық әңгімеден бас тартқан емеспін. Жұмыстың жоқтығы мен ақшаның тапшылығынан өмірден түңілген адамдармен сөйлестім. Ондай кездесулер еліміз бойынша жасаған сапарларымда, кәсіпорындарда немесе көшеде, кез келген жерде болып жататын. Мен әркіммен сөйлесіп, бірде-бір адамның мұң-зарын ескерусіз қалдырмауға тырыстым, әркім үшін дұрыс шешім іздеп таба білдім, қиындықтардың артта қалатыны туралы отандастарымның жүрегіне үміт отын жақтым»

Нұрсұлтан Назарбаев

I БӨЛІМ. 3.БАРЛЫҒЫ ДӘЛ ОСЫЛАЙ БОЛҒАН...

Заманға сай нарықтық экономика үлгісінің негізін қалау. Жекеменшікті қалыптастыру




Қазақ КСР-інің «Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру туралы» заңы

1991

1991 жылдың маусымында Қазақ КСР-інің «Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру туралы» заңына қол қойылды, ал қыркүйекте соған сәйкес Мемлекеттік бағдарлама бекітілді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы»

1993

1993 жылдың 5 наурызында «Қазақстан Республикасындағы мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» қабылданды. Ол 1995 жылы аяқталған жекешелендірудің екінші кезеңін бастап берді.

Жекешелендірудің басты мақсаты – кәсіпорынның тиімділігін көтеру тек өндіріске ірі инвестициялар тарту арқылы ғана жүзеге асатын еді. Ол үшін жедел түрде қомақты инвестициялық ресурстарға ие дәулетті шетелдік инвесторларды тауып, қызықтыру керек болатын.


Жекешелендіру жаңа экономикалық қарым-қатынастарға негіз салды және одан арғы реформалардың тірегі және қозғаушы күші есебіндегі орта тапты қалыптастырды, сондай-ақ инвестициялық әлеуеті жеткілікті ірі корпорациялардың пайда болуына ықпал етті.

Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптастыру мен дамыту стратегиясының» басым бағыттарының бірі – қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру болды. Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып кәсіпкерлерге жүйелі түрде қолдау көрсетті. 1992 жылдың шілдесінде «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңға қол қойылды.

I БӨЛІМ. 3.БАРЛЫҒЫ ДӘЛ ОСЫЛАЙ БОЛҒАН...

Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу. Ұлттық валюта – теңгенің дүниеге келуі



нурсултан назарбаев

«Тәуелсіздік алғаннан кейін, мен бірден ұлттық валюта жасау туралы ойландым. Кез келген мемлекет үшін төл валюта – тек экономикалық категория ғана емес, сондай-ақ символдық тұрғыда «ақша түріндегі тәуелсіздік» болатын. Бұл қиындықтың Қазақстан дербес жүзеге асырған мемлекет құрылысынан бір ерекшелігі – қаржы нарығындағы ахуал тек бізге ғана байланысты емес еді».

Қолма-қол ақша жетіспейтін және Қазақстан үкіметінің өкілдері жалақы мен зейнетақы төлеуге қажетті ақша алу үшін Мәскеуге сабылуға мәжбүр болатын. Ресейлік ақша реформасының Қазақстанға зардабы тимес үшін 1992 жылдың көктемінде ұлттық валютаға көшуге әзірлік жөніндегі құпия комиссия құрылды.

I БӨЛІМ. 3.БАРЛЫҒЫ ДӘЛ ОСЫЛАЙ БОЛҒАН...

«Президент меморандумы»: популизмді терістеу



1994 жыл

1994 жылы экономикадағы дағдарыстан және тіршілік деңгейінің төмендеуінен туындаған әлеуметтік ахуал өзінің шырқау шегіне жетті. 1994 жылдың 9 маусымында Елбасы Жоғарғы Кеңесте «Жаңарған Қазақстанға – реформаларды тереңдету және жалпыұлттық келісім арқылы» атты Жолдауын жасады, онда ол нақты ақиқат жағдайына объективті баға беруге тырысты және дағдарысты алып келген реформалар емес, керісінше, ыдыраған Одақтан қалған мұра екенін түсіндірді. Ал дағдарыс одан шығудың жолын іздестіруге, реформа жолына түсуге мәжбүр еткен болатын.

Мемлекеттік шығындарды қысқарту есебінен бюджетті теңестіруге қол жеткізілді. Қаржы жүйесін тұрақтандыру мен экономиканы сауықтыру дәл осы Президент меморандумынан басталды.

I БӨЛІМ. 3.БАРЛЫҒЫ ДӘЛ ОСЫЛАЙ БОЛҒАН...

Жаңа қаржылық жүйенің қалыптасуы



Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация қабылданысымен, мемлекет өзінің банк жүйесін қалыптастыруды бастады. 1990 жылдың 7 желтоқсанында Қазақ КСР Мемлекеттік банкі – жоғарғы деңгейде, ал төменгісінде коммерциялық банктер мен басқа да несие мекемелері тұрған қосдеңгейлі жүйенің негізін қалаған «Банктер мен банк қызметі туралы» заң шықты.

1995 жыл 30 наурыз

1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Жарлық Ұлттық банкті тек Президентке ғана бағынышты етті және сол арқылы оны әр тараптан жасалатын саяси қысымдардан қорғады. Тәуелсіздік алған Ұлттық банк сол жылдың өзінде инфляция қарқынын төмендетіп, оны 56 процентке дейін азайтқан қатаң монетарлы саясат жүргізе алды.

1995 жыл 24 сәуір

1995 жылдың 24 сәуірінде «Салықтар және басқа да бюджетке түсетін міндетті төлемдер туралы» Жарлық күшіне енді. Салықтар саны 11-ге дейін қысқарып, олардың орнына кірістің корпоративті салығы енді. Оның орташа мөлшері кезең-кезеңмен төмендетілді. Салыққа байланысты көзқарастың өзі де өзгерді – енді мемлекет одан тек қана мемлекеттік бюджетті толтыруды ғана емес, сондай-ақ инвестицияларды ынталандырудың, соған сәйкес өндірісті дамытудың тетігін көрді.

I БӨЛІМ. 3.БАРЛЫҒЫ ДӘЛ ОСЫЛАЙ БОЛҒАН...

Шетелдік инвестициялар мен өнеркәсіптің қайта өрлеуі



1990 жылдары қазақстандық бизнесмендер ірі кәсіпорындардың тиімді жұмысына жауап бере алатын толыққанды инвестор бола алмады. Жаңа тәуелсіз мемлекетке шетелдік инвесторлар ауадай қажет болды.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап біздің елімізде мен прогрессивті әлемдік тәжірибені қолданып, басқа елдердің табысының себептерін талдауға ұмтылдым. Ли Куан Юмен алғашқы кездесулердің өзі Сингапурдың басты құпиялары инвестиция тартуда жатқанын көрсетіп берді. Қазақстанның ерекшелігін есепке ала отырып, біз осы жолмен алға жүруге шешім қабылдадық»

 

Ірі шетелдік бизнесті ауқымды инвестицияларға өте мұқтаж қазақстандық өнеркәсіп жобаларына тарту үшін, шынында да, үлкен күш-жігер керек болды. Бірінші кезекте, ол Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнына байланысты еді.

1993 жыл 6 сәуір

1993 жылдың 6 сәуірінде Алматыда «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылды. Әр тарап акцияның 50 пайызын алды, оның үстіне америкалықтар кен орнына ең кемі 20 миллиард доллар салуға міндеттенді. Бұл жас Қазақстанның бірінші ірі инвестициялық табысы болатын. Әрі бұған дейін Қазақстан экономикасына инвестиция салуға асықпаған, әлемдік халықаралық топтардың назарын елімізге аударды.

«Шетелдік инвестициялар туралы» заң

1994 жылдың 27 желтоқсанындағы «Шетелдік инвестициялар туралы» заң шетелдік инвесторлар үшін анағұрлым ыңғайлы жағдай қалыптастырды. Инвесторлармен әріптестіктің сызбасының өзінде елеулі тәуекелдер болды. Бірақ елдің жүйе құрушы кәсіпорындарын құтқару үшін шұғыл шаралар керек болатын. 

Индустрия алыбы – Қарағанды металлургия комбинаты қарызға белшесінен батқан және банкрот болудың аз-ақ алдында тұрған. 1995 жылы оның жаңа меншік иесі – Қарметкомбинаттың 350 млн доллар көлеміндегі борышын жапқан үнділік алып – Ispat International N.V болды. Домна пештері қайта жөнделіп, технологиялық тораптар реконструкцияланды. Жан біткен комбинат екпінді түрде дами бастады. 

1994–1995 жылдары шетелден 3 миллиард доллардан астам қаржы тартылды. «Қазақмыс», «Еуразиялық топ», «Қазмырыш» және басқа да шетелдік капитал тартқан жеке корпорациялар пайда болды. Инвесторлармен бірге жаңа технологиялар және заманауи менеджмент келді. Арнайы инвестициялық жобалардың арқасында өнеркәсіпте таяуда ғана үмітсіз деп саналған жағдайдың біразын түзеудің сәті түсті.  

I БӨЛІМ. 3.БАРЛЫҒЫ ДӘЛ ОСЫЛАЙ БОЛҒАН...

Экономикалық реформалардың алғашқы нәтижелері (1995 жыл)



Жалпы жүйелі және мақсатты әрекеттердің нәтижесінде 1995 жылы тұрақтылық пен экономиканы сауықтырудың алғашқы белгілері байқала бастады. Бюджет тапшылығын қысқартуға және шығындарды азайтуға бағытталған қатаң қаржылық саясат инфляцияны ауыздықтауға ықпал етіп, 60 проценттен кем межені көрсетті. Ел тәуелсіздік алған кезден бастап тұңғыш рет өнеркәсіп өндірісінің өсімі басталды.


Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсарғанын қазақстандықтардың есепшотындағы ақша салымдарының өсу үрдісі дәлелдеді

1995 жылы тұрғындардың банк салымдары 5-тен 12 миллиард теңгеге дейін өсті


Осы жылдар ішіндегі барша әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға қарамастан, олардан өту процесінде тәуелсіз Қазақстан өз болашағына сенімді еді


©️ 02.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА