ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Сыртқы және ішкі саясаттың тұтастығы



Жаһандық жағдайдың күрделене түсетіні алдын ала зерделене отырып, «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Ұлттық мүдделерді, елдің халықаралық беделін арттыруды және ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала белсенді, кешенді және теңгерімді сыртқы саясат жүргізілетін болады», – деп айқындалды.

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ СЫРТЫ САЯСАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТІ БІР ҒАНА БАСТЫ МАҚСАТҚА БАҒЫНДЫРЫЛҒАН, ОЛ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫ

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ СЫРТЫ САЯСАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТІ БІР ҒАНА БАСТЫ МАҚСАТҚА БАҒЫНДЫРЫЛҒАН, ОЛ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫ

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Сыртқы саясаттың басымдықтары: стратегия мен тұжырымдама



БІЗДІҢ ЕЛІМІЗ МАҢЫЗДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫ, СОНДЫҚТАН ДА ХХІ ҒАСЫРДА ОДАН ӘРІ ӨЗІНІҢ ӨҢІРАРАЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ БАҒЫТЫН НЫҒАЙТА ТҮСУІ ТИІС, ШЫҒЫС ПЕН БАТЫСТЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ ПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ КӨПІРІ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

БІЗДІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫМЫЗ ТҰРАҚТЫ – КӨРШІЛЕРІМІЗ РЕСЕЙ, ҚЫТАЙ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ, СОНДАЙ-АҚ АҚШ, ЕУРОПА ОДАҒЫ, АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТА ТҮСУ

«Қазақстан-2050» стратегиясына сүйене отырып, 2014–2020 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасы жасалды. Мұнда Қазақстанның қалыптасқан мемлекет ретіндегі субъектілігінің өсуі, оның рөлі мен беделінің, өңірлік саяси және экономикалық салмағының артуы нақтыланған. Бұл ретте қазіргі заманның ахуалын ескере отырып, 2050 стратегиясына көшуге байланысты сыртқы саясатты жаңғырту қажеттілігі күн тәртібіне қойылды.

Тұжырымдама жаңа кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясатын прагматикалық және ұлттық мүдделерге төзімділікпен әрі сәйкестікпен бағытталған саясат ретінде айқындады. Дәл осындай – белсенді әрі бастамашыл сыртқы саясат «Қазақстан-2050» стратегиясының табысқа жетуінің және дамыған отыз елдің қатарына кірудің маңызды шарты және қолайлы ортасы болып табылатыны сөзсіз.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Жаңа жаһандық ядролық қауіпсіздік



2015 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА

БҰҰ БАС АССАМБЛЕЯСЫ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН АЗАТ ӘЛЕМГЕ ЖЕТУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ МАҚҰЛДАДЫ. БҰЛ – 2010 ЖЫЛЫ СӘУІР АЙЫНДА ВАШИНГТОНДА ӨТКЕН І ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САММИТІНДЕ СӨЗІН ҚОРЫТЫНДЫЛАЙ КЕЛЕ, ЖАРИЯ ЕТКЕН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҰСЫНЫСЫ БОЛАТЫН

ОЛ КЕЗДЕ ЖҰРТТЫҢ КӨПШІЛІГІНЕ БҰЛ ЖАҢА БАСТАМА КЕЗЕКТІ «САЯСИ ОЙЫН» БОЛЫП КӨРІНДІ. АЛАЙДА ҚАЗАҚСТАН БҰЛ МӘСЕЛЕДЕ ТАБАНДЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕП, НӘТИЖЕСІНДЕ ӘЛЕМНІҢ ОНДАҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛДЫ. БҰЛ ҚҰЖАТТЫҢ БЕКІТІЛУІ – БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ИГІЛІКТІ МАҚСАТЫН – 2045 ЖЫЛЫ БҰҰ-НЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ, ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН АЗАТ БЕЙБІТ ӘЛЕМГЕ ҚОЛЖЕТКІЗУ ІЗГІ НИЕТІНЕӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҚОЛДАУ БІЛДІРГЕНДІГІНІҢ КӨРІНІСІ ЕДІ

ЕДІ Бұдан басқа, декларацияны қолдаған 35 ел қарарының қабылдануы Қазақстанның 2015 жылдың қыркүйегіндегі бастамасының – Жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың маңызды қадамы болды. 

2015 ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗ АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА АЗ БАЙЫТЫЛҒАН ЯДРОЛЫҚ ОТЫН (АЗ БАЙЫТЫЛҒАН УРАН) БАНКІН (МАГАТЭ) ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ, БҰЛ ДА АСА МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ БІРІ ЕДІ

МАГАТЭ-ге Аз байытылған уран банкін орналастыруға мүмкіндік бере отырып, Қазақстан, біріншіден – ядролық қару таратпау режимінің нығаюына, екіншіден – ядролық отынды қауіпсіз пайдаланудың мүлдем жаңа тетігін жасауда өзінің кезекті үлесін қосты.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

АӨСШК – Азиядағы қауіпсіздік пен даму ұйымының ізашары



АӨСШК ПРОЦЕСІНІҢ БАСТАЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОТЫРЫС 2012 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ

МИНИСТРЛЕР КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР АЛДЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНДЕ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АӨСШК-НІҢ АРҚАСЫНДА ДАМУДЫҢ ПАНАЗИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕРМЕН, ӨРКЕНИЕТПЕН, ДАМУ МОДЕЛЬДЕРІМЕН ДИАЛОГ ОРНАТУҒА МҮМКІНДІК ТУҒАНЫН АТАП ӨТТІ

АӨСШК IV САММИТІ 2014 ЖЫЛЫ 20–21 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА ШАНХАЙДА ӨТТІ

САММИТ ЖҰМЫСЫНА 47 МЕМЛЕКЕТ ПЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ АЛҒАШ РЕТ ББҰ БАС ХАТШЫСЫ ҚАТЫСТЫ. КЕҢЕС ТӨРАҒАЛЫҒЫ ТҮРКИЯДАН ҚЫТАЙҒА ӨТТІ. АӨСШК ҚҰРАМЫНА КАТАР МЕН БАНГЛАДЕШ ҚАБЫЛДАНДЫ

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

ШЫҰ: дамудың жаңа кезеңінде



ӨТКЕН ЖЫЛДАР ІШІНДЕ ШЫҰ АСА КҮШТІ ҰЙЫМҒА АЙНАЛДЫ, ОНЫҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ ӘЛЕМНІҢ ҰЛАН-ҒАЙЫР АЙМАҒЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРДЕ-БІРІН ТИІМДІ ТҮРДЕ ШЕШУ МҮМКІН ЕМЕС

ОНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУШЫЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БІР ЖАРЫМ МЫҢ СТУДЕНТ ЖАҢАША БІЛІМ АЛДЫ. УНИВЕРСИТЕТ ОЗЫҚ ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ РЕЙТИНГІНЕ ЕНЕТІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҒЫЛЫМИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАРЫМЕН ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТТЫ

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы төрағалық



2008 ЖЫЛЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ САНЫ ЖАҒЫНАН БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНАН КЕЙІНГІ ЕКІНШІ ОРЫНДАҒЫ (57 ЕЛ) ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ 2011 ЖЫЛЫ ИКҰ-ҒА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЖАСАЙТЫНЫ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ

Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі – 2010 жылғы біздің еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі жемісті аяқталғаннан кейін жалғасуы символдық мәнге ие. Мұндай халықаралық-саяси жалғастылық Қазақстанның Еуропа елдерімен және мұсылман елдерімен өзара белсенді қарым-қатынас орнатқандығын, Қазақ елінің жаһандық миссиясының бірегейлігін, Ислам әлемі мен Батыстың арасындағы түсіністікке ықпал жасауға ұмтылысын айғақтап тұрғаны даусыз.

2011 ЖЫЛЫ 28–30 МАУСЫМДА АСТАНАДА ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ 38-СЕССИЯСЫ БОЛЫП ӨТТІ ЖӘНЕ БҰЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЖАСАУЫНА АЛҒЫШАРТ ЖАСАДЫ

ТАРИХИ ОҚИҒА РЕТІНДЕ ЖАРТЫ ҒАСЫР БОЙЫ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰЛАҒЫ ҮЙРЕНГЕН ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРУІН АЙТУҒА БОЛАДЫ. МҮШЕ-МЕМЛЕКЕТТЕР «ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» ҰҒЫМЫ ҰЙЫМНЫҢ АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫМЕН КӨБІРЕК СӘЙКЕСЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПІКІРІНЕ ҚҰЛАҚ АСТЫ

2016 ЖЫЛЫ СӘУІР АЙЫНДА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЫСТАНБҰЛДА ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫНЫҢ 13-ШІ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

Саммитте қабылданған «ИЫҰ-2025» стратегиялық бағдарламасына Қазақстанның Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция құру жөніндегі, БҰҰ-ның халықаралық лаңкестікпен күрес жөніндегі жалпыға ортақ конвенциясын қабылдау ұсыныстары енгізілді. Ыстанбұлда өткен ИЫҰ саммиті, саммит қарсаңында біздің Түркия президентімен бірлесіп ұсынған, мүше-мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту және исламдық татулық үдерісі туралы ұсынысымызды қолдады.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Қазақстан мен Ресей: мызғымас одақтастық



Сол жылғы қарашада Екатеринбургте Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жаңа, мол қамтылған бірегей құжатпен – екі мемлекеттің де халықтарының мүддесі мен мақсаттарына толық жауап беретін ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімшартпен толықты

РЕСЕЙ – ҚЫТАЙ МЕН ЕУРООДАҚ СИЯҚТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРІ САУДА ӘРІПТЕСІ

Екіжақты тауар айналымы екі еседен аса өсті: егер 2003 жылы ол 5,8 миллард долларды құраса, ал 2015 жылы, екі елдегі де экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан 14,5 миллиард болды. Әрине, әлемдегі экономикалық тежелу саудаға да әсер етті. Дегенмен бірқатар позициялар бойынша – мұнай өнімдері, газ, кокстің өсу фактілері байқалды.

2015 жылғы маусымда

Қарашығанақ жобасы бойынша әріптестер Орынбор газ өнімдерін қайта өңдеу зауытына газ сату мерзімін 2038 жылға дейін ұзарту жөніндегі келісімге қол қойды, ал бұл Қазақстан бюджетіне қосымша табыс әкелетіні анық

Энергетикалық жүйелердің жұмыстары туралы келісім жалғасатын болды. Қазақстандық көмірсутектерді әлемдік саудаға шығару ерекше маңызды еді. 2011 жылы КТК құбырын кеңейту арқылы жылына 67 миллион тоннаға дейін мұнай шығару жобасы іске қосылды.

Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» ғарыш кешенін бірігіп пайдалануға байланысты жұмыстарын одан әрі жалғастырды.

2015 ЖЫЛЫ ҚАЗАН АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНҒА РЕСМИ САПАРМЕН РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ В.В. ПУТИН КЕЛДІ

2012 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА

Павлодар қаласында өңіраралық ынтымақтастықтың ІX форумы ұйымдастырылып, онда 2 миллиард доллардың келісімшарттары жасалды.

Екатеринбург қаласында өткізілген Өңіраралық ынтымақтастықтың Х форумының рөлі айрықша болды. Нақ сол жолы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды.

2014 ЖЫЛЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА

Атырау қаласында мұнай және газ өндіру технологиясына арналған XI форум өтті. Мұнда Қазақстан Каспий бойы ойпатының терең және аса терең қабаттарындағы (5–15 шақырым) жұмыстар бойынша халықаралық жоба дайындауға ұсыныс жасады.

2016 жылы бұл өрелі жобаның «Жол картасын» жасау қолға алынды.

2015 ЖЫЛЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА

Сочи қаласында өткізілген XII форумда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері және ауыл шаруашылығындағы кооперация мәселелері талқыланды.

2016 ЖЫЛЫ 4 ҚАЗАНДА

Астана қаласында өткен XIII форум– Қазақстан мен Ресейдің еуразиялық көлік-логистикалық әлеуеті сияқты маңызды мәселеге арналды. Бұл елдер арасында 2014 жылы-ақ Бірлескен көлік-логистикалық компания құрылған болатын. Тұтастай алғанда, форумның жұмыстары кезінде екі ел өңірлерінің арасында үш жүзден аса келісімшарт жасалған екен.

2017 ЖЫЛДЫҢ 9 ҚАРАШАСЫНДА

Челябі қаласында адам капиталын дамытуға арналған XIV форум өтті. Тап осы қалада, 2005 жылы өткен ІІ форумда осындай іс-шараны жыл сайын өткізетін болып келіскенбіз.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы: жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі



ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ОРНАТЫЛҒАННАН БЕРІ ӨТКЕН УАҚЫТ - ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАР МЕН СЕНІМ ДЕҢГЕЙІ ӨЛШЕУСІЗ ӨСКЕН ТҰТАС ДӘУІР 

2014 ЖЫЛЫ НАУРЫЗДА

БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЧАОЯН» САЯБАҒЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ОЙШЫЛЫ ӘРІ АҚЫНЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВҚА ЕСКЕРТКІШ-БЮСТ ОРНАТЫЛДЫ, АВТОРЫ – МҮСІНШІ ЮАНЬ СИКУН.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ 2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ТАМЫЗ – 3 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚЫТАЙҒА САПАРЫ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ БІРІ БОЛДЫ. МҰНДА ОЛ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ.

ШЕРУГЕ АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ, БЕЛАРУСЬ, ПӘКІСТАН, МОҢҒОЛИЯ, ВЕНЕСУЭЛА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЕЛДЕРДІҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Кездесу қорытындысы бойынша біз Жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларация қабылдадық. Индустриалану мен инвестиция саласында келісімдер жасалды, Қазақстанда қырықтан аса бірлескен жоғары технологиялық өндіріс ошақтарын құруды қамтамасыз ететін 23 миллиард доллар көлеміндегі келісімшарттар пакетіне қол қойылды.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасы: стратегиялық әріптестікті тереңдету



2010-ШЫ ЖЫЛДАРЫ АҚШ-ПЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТЕ БОЛУ – ҚАЗАҚСТАН ҮШІН БҰРЫНҒЫДАЙ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ҚАЛА БЕРДІ

Екіжақты ынтымақтастық 2012 жылғы наурыз айында Сеулде өткен Ядролық қауіпсіздік саммитінде, 2013 жылдың қыркүйегінде Санкт-Петербургтегі «Үлкен жиырмалық» саммитінде, 2014 жылғы наурыз айында Гага қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік саммитінде АҚШ президенті Б. Обамамен жүргізген келісімдерінің нәтижелерімен айқындалды. Ядролық қаруды таратпау, энергетика, сауда және инвестиция, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, лаңкестікпен және есірткі тасымалымен күрес салаларындағы бірлескен іс-қимыл шаралары айрықша мәнге ие болды

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Қазақстан – Еуропа: кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық



ЕУРОПА ОДАҒЫ – ЕҢ ІРІ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ БАСТЫ САУДА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСІ БОЛЫП ҚАЛА БЕРДІ

2010-шы жылдардың бас кезінде Еуроодақ елдерінен келген инвестиция мөлшері 80 миллиард долларды құрады, ал өзара тауар айналымы 53 миллиард долларға жетті.

2012 ЖЫЛЫ ҚАРАШАДА ЖӘНЕ 2013 ЖЫЛЫ СӘУІР АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНҒА ЕОНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ӨКІЛІ К. ЭШТОН КЕЛДІ, АЛ 2013 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕСІНДЕ ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Ж. БАРРОЗУ АЛҒАШ РЕТ АТ БАСЫН БҰРДЫ.

Қазақстан энергетика жөніндегі диалогын жүйелі дамытты. ОПЕК-тің құрамына кірмейтін елдердің ішіндегі үшінші қуат тасымалдаушы ретінде, Қазақстан – Еуропаның энергия теңгеріміне айтарлықтай үлес қосты.

2010-шы жылдары Қазақстанның еуропалық елдермен екіжақты қарым-қатынасы тереңдей түсті. Франция, Испания, Италия және Германиямен стратегиялық әріптестік туралы келісімдер жемісті түрде жүзеге асты. 2013 жылдың 30 маусымы – 1 шілдесі аралығында екіжақты қарым-қатынас тарихында Ұлыбританияның премьер-министрі Д. Кэмерон Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Кездесу қорытындысы – екі елдің Стратегиялық әріптестік жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол қоюымен аяқталды. Ұлыбритания Қазақстанды сауда мен инвестицияға қолайлы басым елдердің тобына қосты.

2015 жылдың қараша айында Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Ұлыбританияға барды. Премьер-министр Д. Кэмеронмен болған келіссөздер қорытындысы бойынша – газ, энергетика, мұнай-химия және фармацептика салаларын дамытуға бағытталған 5 миллард доллардың келісімшарты жасалды. Ресми сапар барысында, Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизаветамен кездесуі ерекше маңызды оқиға болды. Ол – екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына сенім білдірді.

Еуропалық елдер тұрғысындағы Қазақстанның ұстанған саясаты – Еуропа елдерімен бұрыннан қалыптасқан өзара тиімді әріптестік қарым-қатынастарды қолдау мен дамытуға бағытталған еді.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Түркітілдес мемлекеттер қоғамдастығындағы көшбасшылық



2010-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН – ДОСТЫҚ, ТАТУ КӨРШІЛІК, СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ДАМЫТТЫ ЖӘНЕ НЫҒАЙТТЫ

2012 жылдың мамыр айында Астанаға Түркия премьер-министрі Р. Эрдоған ресми сапармен келді. Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық кеңесі құрылды. Біз «Жаңа синергия» экономикалық бағдарламасына қол қойдық. Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолын Түркия темір жол желісімен түйістіру, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында, Батыс Еуропа – Батыс Қытай күре жолының жанынан Қазақстан – Түркия индустриалық аймағын құру перспективасын қарастырдық.

2015 ЖЫЛЫ 11 ҚЫРКҮЙЕКТЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ САЛАДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІНЕ ЖОЛ АШҚАН ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КЕҢЕСІНІҢ V САММИТІ ӨТТІ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН, ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҮШ МЫҢ ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫНДАҒЫ АСА МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШАРЫҚТАУ ШЕГІ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН БЕЙНЕЛЕГЕН КЕҢ КӨЛЕМДІ ҚОЙЫЛЫМДАРҒА БАРУЫ СИМВОЛДЫҚ СИПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Мызғымас басымдық: Орталық Азия мемлекеттерімен достық және ынтымақтастық



ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН, ҚЫРҒЫЗСТАН, ТҮРІКМЕНСТАН, ТӘЖІКСТАН СИЯҚТЫ ОРТААЗИЯЛЫҚ ДОС, БАУЫРЛАС ЕЛДЕРМЕН ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ДАМУЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІП КЕЛЕДІ.

2010 жылдардағы оқиғалар тізбегі өңірлерде, әлемде қандай жағдайлар туындаса да, түркітілдес мемлекеттермен және Орталық Азия елдерімен достық қарым-қатынасымыздың өзгермейтінін және бұл Қазақстан үшін айнымас басымдық екенін көрсетті.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

G-GLOBAL қағидалары



ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМГЕ ЖАҺАНДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ҮЙЛЕСІМДІРЕК ӘРІ ӘДІЛЕТТІ ЕТЕ ТҮСЕТІН ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН ШЕШІМДЕРДІ ҰСЫНУМЕН КЕЛЕДІ. ОСЫНДАЙ ҰСТАНЫМДАРДЫҢ БІРІ – 2012 ЖЫЛЫ НЕГІЗДЕЛГЕН G-GLOBAL ЖОБАСЫ.

ЖАҺАНДЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ ЖАЛҒАСУЫ ЖӘНЕ 2010-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТАСЫНА ҚАРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ КҮРТ ШИЕЛЕНІСУІ G-GLOBAL ҚАҒИДАТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗДІ

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

ЕАЭО: жаңа геоэкономикалық ахуалдың пайда болуы



ЕАЭО: ЖАҢА ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ XXI ҒАСЫР ӘЛЕМІ – БҰЛ ЕГЕМЕН МЕМЛЕКЕТТЕР МЕН ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАН ҚҰРАЛҒАН МАКРОӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ҚОҒАМДАСТЫҒЫ. СОНДЫҚТАН ДА «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫНДА БІЗДІҢ ЖУЫҚ АРАДАҒЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ҚҰРУ ЕКЕНДІГІ АЙҚЫН КӨРСЕТІЛДІ. БҰЛ РЕТТЕ БІЗ МӘСЕЛЕЛЕР ОРТАҚ МӘМІЛЕГЕ КЕЛУ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕТІНІН АШЫҚ МӘЛІМДЕЙМІЗ. ҚАЗАҚСТАН ӨЗІНІҢ САЯСИ ЕГЕМЕНДІГІНЕ ЕШ НҰҚСАН КЕЛТІРМЕЙДІ.

Қазақстан Республикасы алдымен Кедендік одақтың, содан соң 2012 жылдың қаңтар айында іске кіріскен ЕАЭК-тің толық қызмет атқаруына бар күшін салды. Ақпан айында Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысын бастады (ЕАЭК). Елбасының айқын көзқарасы мынада: теңқұқылы тараптардың «бір ел – бір дауыс» ұстанымы бойынша міндеттілік және барлық деңгейдегі ортақ мәмілеге келу.

2014-2015 жылдары өзара тату елдердің күш-жігерінің арқасында әлемде жаңа экономикалық ахуал – ЕАЭО пайда болды.

Қазақстанның ЕАЭО құрамында бола отырып, өсудің, экономикалық еркіндіктің, инвестициялар тарту мен бизнесті қолдаудың кеңістігіне айналуына барлық негіз бар.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалығы (2016)



IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Әлем мойындаған Қазақстан: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде



2010-жылдары Қазақстанның қазіргі сыртқы саясаты мен дипломатиясы жоғары сапалық деңгейге көтерілді. Қазақстан – қалыптасқан мемлекет – әлемдік саясат пен жаһандық экономиканың толыққанды субъектісіне айналды. 

«Қазақстанның 2017–2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануы 2016 жылы 28 маусымда Нью-Йоркте, БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өтті. Келесі күні мен халыққа өз Жолдауыммен үн қаттым. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануы – біздің тарихи жетістігіміз. Бұл – Қазақстан халқының есеюінің айғағы, еңбек сіңірген ұлттық табысы», - Нұрсұлтан Назарбаев.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Қазақстан – халықаралық деңгейдегі теңдессіз арағайын



ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛДА ҚАЗАҚСТАН ӨЗІН МАМАНДАНҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ДАРА БІТІМГЕР РЕТІНДЕ ТАНЫТТЫ

Бір атап айтарлығы – бұлай болуының себебі: ең алдымен біздің еліміздің күрделі жаһандық және өңірлік проблемаларды реттеуге байланысты ұжымдық қызметке тікелей және позитивті түрде қатысып отыруы дер едік.

2010-шы жылдардың оқиғалары Қазақстанның аралық миссиясының дербес және тиімді болғанын дәлелдейді.

Нақтылы жағдай мынадай: жаһандық дамудың жаңа архитектурасын тұрғызу Шығыс – Батыс геосаяси, геоэкономикалық және идеологиялық желілерінің бұзылуы жағдайында жүріп жатыр. Біз мұны көріп отырмыз. Аталған проблемаларды шешу үшін Қазақстан – қауіпсіздік, экономикалық өсу және диалог салаларында біріктіруші қызметін ұсынуға қабілетті.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Қазақстанның 2017 жылғы сыртқы саясаты



2017 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН БАРЛЫҚ КӨРШІЛЕРІМЕН ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН КӨП ҚЫРЛЫ, ТЕҢГЕРІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТЫН ЖАЛҒАСТЫРДЫ

2017 ЖЫЛ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ

Бұл уақыт аралығында 180-нен аса мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатылған, шетелдерде 57 елшілік ашылды және Қазақстанда 95 шетелдік өкілдіктер жұмысқа кірісті.

Дипломатияның географиясы ұлғайды. Бұрын Қазақстанның қатынастары, негізінен, Еуропаға, Азияға және Солтүстік Америкаға бағытталса, енді Латын Америкасы мен Африкаға қарай ұлғайды, Орта және Таяу Шығыспен байланыстар тереңдеп келеді. Қазақстандық сыртқы саясаттың дәстүрлі көпқырлылығы бәрін қамтушы сипатқа айналуда.

IV БӨЛІМ 9.ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ

Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі



2017 ЖЫЛЫ 9 МАУСЫМДА ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

expo-2017 astana

САЛТАНАТҚА 17 МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҮКІМЕТ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН СФЕРАЛЫҚ ҒИМАРАТ - «НҰР ӘЛЕМ» СФЕРАСЫ МЕРЕКЕНІҢ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫ

КӨРМЕГЕ 115 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ 22 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚАТЫСТЫ ЖӘНЕ ӨЗДЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІН ҰСЫНДЫ

ЭКСПО-2017 көрмесіне жүзден астам ел, ірі трансұлттық компаниялар және 18 халықаралық ұйымдар қатысты. Үш айдың ішінде көрмені көруге төрт миллионға жуық адам келді, олардың арасында – 180 елден келген жарты миллион турист бар.

Көрменің жетістігі күткен болжамдардан да асып түсті. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ЭКСПО-ны сапалы өткізу – елдің есею өлшемдерінің бірі. Қазақстан бұл емтиханды өте жақсы тапсырды. ЭКСПОның жетістігі – Қазақстан халқының мерейі. Қалыптасқан мемлекеттің мәртебесі.

ТАҒДЫРШЕШТІ ЖЫЛДАР. БОЛАШАҚҚА ЖОЛ САЛҒАН ЖЕТІСТІКТЕР

Қорытынды

1991–2017 ЖЫЛДАРДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: 33 БАСТЫ НӘТИЖЕ

©️ 23.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА