
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ҮШІН – 2010-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТА ТҰСЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ АЙНАЛДЫ
Отандық білім беру – ең үздік халықаралық үлгілерге, соның ішінде ақпараттық технологиялар мен электронды оқытуды дамытуға бағытталған
Бейімдік мектептер құрылысы жалғасуда
Жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар тартылып, магистратура мен докторантураға мемлекеттік тапсырыс мөлшері ұлғаюда



МЕМЛЕКЕТТІК-ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТАҒЫ БАСЫМДЫҚ – АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ ДАМУЫ ЕКЕНІНІҢ ДӘЛЕЛІ РЕТІНДЕГІ, ЕРЕКШЕ ФОРМАТТАҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ АШЫЛДЫ, СӨЙТІП МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУ ІСІ ТЕЗ АРАДА ӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАР ДЕҢГЕЙІНЕ ДЕРЕУ КӨТЕРІЛДІ

2010-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕ-АҚ РЕСПУБЛИКАҒА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ ШЕТЕЛДІК ЖЕТЕКШІ ҒАЛЫМДАР ШАҚЫРЫЛДЫ, ОЛАР ДӘРІС ОҚЫП, ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС БЕРУМЕН ШҰҒЫЛДАНДЫ. ШЕТ ЖЕРДЕ, ӘЛЕМНІҢ ҚЫРЫҚ ЕЛІНДЕГІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚИТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ САНЫ ЕКІ ЕСЕ ӨСТІ



2017 жылы басталған қоғамдық сананың жаңғыруы бағдарламасы қазақстандық білім беру жүйесіне ерекше мол мүмкіндіктер туғызып отыр.
ЖЕТЕКШІ КОЛЛЕДЖДЕР БАЗАСЫНДА КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛУДА
КОЛЛЕДЖДЕР САНЫН ҮШТЕН БІР ЕСЕГЕ АРТТЫРУ КӨЗДЕЛГЕН «БІЛІМ БЕРУДІҢ ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БЕКІТІЛДІ



2010-шы жылдардың алғашқы жартысында Назарбаев Университеті (Nazarbayev University) жаңа ғылыми-ағартушылық жүйенің көшбасшысына айналды, халықаралық стандарттар бойынша мамандар даярлайтын тұңғыш қазақ университеті болды, автономдық және академиялық еркіндік принципінде жұмыс істеді
Оның оқу-ағартушылық мектептерінде және ғылыми орталықтарында бір жарым мың студент жаңаша білім алды. Университет озық әлем университеттері рейтингіне енетін дүниежүзілік ғылыми-ағартушылық корпорацияларымен тығыз қарым-қатынас орнатты



ҚАЗАҚСТАНДА 2010-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТА ТҰСЫНДА 25 МЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БАСЫН БІРІКТІРГЕН 400 ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМ-МЕКЕМЕЛЕР ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРДЫ
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ PHD ДОКТОР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ДАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан ғалымдары үшін Мемлекеттік сыйлықтар, Білім және ғылым министрлігінің сыйлықтары, сондай-ақ әртүрлі стипендиялар тағайындалуы да жемісті жұмыстарға ынталандырғаны анық
ЕЛБАСЫ 2011 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЫҚЫЛАСПЕН ҮЙРЕНІП ЖАТҚАНДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛЕТІН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ САНЫ АЛҒАШҚЫ ОНЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСЫНДА 67 ПРОЦЕНТКЕ ДЕЙІН ЖЕТСЕ, АЛ 2016 ЖЫЛЫ 80 ПРОЦЕНТТЕН АСТЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНІҢ ТУҒАН ТІЛІНЕ АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ



2015 ЖЫЛЫ ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ «ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСАЛДЫ, ОНЫ ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІРТЕ-БІРТЕ ЕНГІЗУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ БЕЛГІЛЕНДІ
ҚАЗАҚСТАНДА 2010-ШЫ ЖЫЛДАРЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ГҮЛДЕНУІ ОДАН ӘРІ ЖАЛҒАСТЫ. ОЛ ТОЛЫҚҚАНДЫ, САН ҚЫРЛЫ, ЖАН-ЖАҚТЫ, ЖАРҚЫН ТҮРДЕ ДАМЫДЫ
Мемлекет бұрынғысынша мәдениет саласына барынша жомарттықпен қамқорлық көрсетіп, қолдау жасап отырды: 2012-ші жылға қарай, бес жыл ішінде, мәдениетке жұмсалған қаржы үш еседен аса өсті. 2014 жылғы қараша айында отандық мәдениеттің беделін көтеруге және саланы сапалы жаңғыртуға бағытталған Мәдениет саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді.



ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ӨМІРДЕГІ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРДЫҢ БІРІ - 2013 ЖЫЛЫ МАУСЫМ АЙЫНДА БІРЕГЕЙ «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ АШЫЛУЫ



2014 ЖЫЛЫ МАУСЫМДА ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ АШЫЛЫП, ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ. ЕКЕУІ ДЕ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЖАУҺАРЛАРЫ ӘРІ КЕҢ АУҚЫМДЫ МӘДЕНИ ЖОБАЛАР



Жаңа Астананың мәдени өмірі жыл өткен сайын қызықты да мазмұнды бола түсті. 2016 жылдың елеулі мәдени оқиғасы, мәдени брендтің жаңғыруы ретінде Астанаға Алматыдан «Қазақконцерттің» көшіп келуін айтсақ та болады. Бұл – «Астана Мюзикл» («Қазақстан» Орталық концерт залы) жаңа театрының шымылдық ашуы арқылы қала тұрғындары мен қонақтарын тағы да қуанышқа бөледі.
Сондай-ақ 2016 жылы Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы және оның сахналық алаңы – «Астана балет» театры ашылды






Әлемде Қазақстан туралы ақпаратқа деген сұраныс өсе түсті, ұлғая берді, соның нәтижесінде 2016 жылы «Ұлы Дала Елі» атты Қазақстан туралы үш тілдегі сандық энциклопедия түріндегі мобильді қосымшаның тұсауы кесілді. 2017 жылы «Заманауи қазақстандық мәдениет жаһандану әлемінде» жобасы («Рухани жаңғыру» бағдарламасы) алдыңғы қатарға шықты, осы арқылы отандық мәдениеттің озық тәжірибесі, жаңа жетістіктері негізгі үш тілде лайықты насихатталатын болды.
ҚАЗАҚСТАНДА 2010-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ШЫҚҚАН КИНОТУЫНДЫЛАР ҰЛТТЫҚ КИНЕМАТОГРАФТЫҢ ӨРКЕНДЕУ ДӘУІРІ БАСТАЛҒАНЫН КӨРСЕТТІ
Отандық патриотизмнің нығаюы үшін маңызы ерекше фильмдер қатарында тарихи және заманауи тұлғаларды сомдауды мақсат еткен туындыларды айту ләзім



ОПЕРА ӨНЕРІ БИІКТЕРДЕН КӨРІНДІ
КӨПШІЛІККЕ ТАНЫМАЛ МУЗЫКА ӨНДІРІСІ ДЕ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫДЫ. ТЕҢДЕССІЗ ЖҰЛДЫЗДАРМЕН ҚАТАР ЖАҢА ЕСІМДЕР ДЕ ШЫҒА БАСТАДЫ.

СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ БАСЫМ САЯСАТ – БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ
2010 ЖЫЛДАРЫ
ҚАЗАҚСТАНДА ЖИЫРМАДАН АСТАМ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ЖАНДАНЫП, БҰҒАН ЕКІ ЖҮЗ ЕЛУ МЫҢДАЙ АДАМ ҚАТЫСТЫ
2011 ЖЫЛЫ
«ЕЛ ҚАЙРАТЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, АУЫЛДЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-СПОРТ ҚОҒАМЫ ҚҰРЫЛДЫ
2011 ЖЫЛДАН БАСТАУ АЛЫП, ЖЫЛ САЙЫН ӨТКІЗІЛЕТІН «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАДЫ



Көркем безендірілген алаңдағы алып балуандар айқасы бірден көрермендердің қатты қызығушылығын тудырды. Қазақ күресі халықаралық аренаға шығып, «Еуразия Барысы» және «Әлем Барысы» халықаралық турнирлері өткізілді. Бұл спорт түріне – қазақ күресінің жарысына отыз елдің балуандары қатысты.
Ұлттық спорт түрлерінен, Жазғы және Қысқы ауыл ойындарынан, Халық спорты ойындарынан Қазақстан чемпионаттары ұдайы өткізіліп тұрады. Ұлттық спорт түрлерінің өкілдері Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарына қатысты.
2017 жылы Астанада көкпардан Әлем чемпионаты өтіп, біздің шабандоздар жеңімпаз атанды



2010-шы жылдардың ортасында елде 35 мыңнан астам спорттық нысан, 400 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мектеп-интернаттары, сондай-ақ 700 балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істеп тұрды.
Оқушылардың 40 процентке жуығы спорттық секцияларға қатысты. Бокс, футбол, күрес, дзюдо, ауыр және жеңіл атлетика, шаңғы сияқты спорт түрлері кеңінен таралды.
2014 жылы өңірлерде 18 дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.



Елде саламатты ұлт, аурудың алдын алу және жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың негізі – бұқаралық спорттың дамуына барлық жағдай жасалған
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ПЕН ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫНЫҢ ОҢТАЙЛЫ ТЕҢГЕРІМІ ҚАЗАҚСТАН СПОРТЫНЫҢ ПОЗИТИВТІ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ АЙНАЛДЫ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ҚАШАНДА ОЛИМПИЯЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ АСА ЗОР
2012 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ-ТАМЫЗ АЙЛАРЫНДА ЛОНДОНДА XXX ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП БОЙЫНША 205 ЕЛДІҢ АРАСЫНДА 12-ШІ ЖОҒАРЫ ОРЫННАН КӨРІНДІ
Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиада Қазақстан үшін аса табысты болды. 17 алтын, күміс, қола медальдар Қазақстанға командалық есеп бойынша 22-орынға қол жеткізуге мүмкіндік берді.




2014 ЖЫЛҒЫ XVII ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА (ИНЧХОН ҚАЛАСЫ, КОРЕЯ) ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІП, БИІК ТАБЫСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. ҚҰРЛЫҚТЫҚ САЙЫСТАРДА КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП БОЙЫНША ТӨРТІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНІП, 84 МЕДАЛЬДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
ТАҒЫ БІР ЖАРҚЫН СПОРТ МЕРЕКЕСІ – VIII ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ 2017 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНДА ЖАПОНИЯДАҒЫ САППОРО ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ. БҰЛ ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН 9 АЛТЫН, 11 КҮМІС, 12 ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛЫП, ТӨРТІНШІ ОРЫННАН КӨРІНДІ



ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА СПОРТ ӘЛЕМІНДЕГІ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ БІРІ БОЛДЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 2017 ЖЫЛДЫҢ 29 ҚАҢТАРЫ МЕН 8 АҚПАНЫ АРАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН УНИВЕРСИАДАҒА 57 ЕЛДЕН 2 МЫҢНАН АСТАМ СПОРТШЫ ҚАТЫСТЫ.
Қазақстанның жас спортшылары туған елдің төрінде тамаша өнер көрсетіп, командалық есеп бойынша екінші жүлделі орыннан көрінді.



Халықаралық аренадағы қазақстандық спорттың мәртебесі біртіндеп өсе бастады: тек 2015 жылдың өзінде ғана жалпы алғанда жеті жүздей медаль жеңіп алынды. Қазақстандық спорттың табыстары спортшылардың ынтымағын, ерік күштерін паш етті, патриоттық рухын аспандатты.
Қазақстандықтар кәсіби спортта да жарқын жетістіктерге жетті. А. Винокуров, А. Луценко, Ф. Ару, В. Нибали өнер көрсеткен «Astana Pro Team» әлемдегі ең табысты велокомандасы атанды. Веложарысқа қатысушы командалар жеке сында да, «Тур де Франс», «Вуэльта», «Джиро д`Италия», «Париж-Ницца» командалық жарысында да бақ сынасты.



2013-2015 ЖӘНЕ 2017 ЖЫЛДАРЫ «ASTANA АRLANS» КӘСІБИ СПОРТ КЛУБЫ «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БОКС СЕРИЯСЫ» КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛЫП, WSB ТАРИХЫНДА ЕҢ ТИТУЛДЫ КОМАНДА АТАНДЫ





ФУТБОЛ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ ҮШІН АСА МАҢЫЗДЫ ОҚИҒА БОЛДЫ: АЛҒАШ РЕТ ОТАНДЫҚ ФУТБОЛ ТАРИХЫНДА – 2013 ЖЫЛЫ ЕУРОПА КЛУБТЫҚ ТУРНИРІНІҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ – ЕУРОПА ЛИГАСЫНА ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ «ШАХТЕР» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ЕНДІ
2015 ЖЫЛЫ ЕЛОРДАЛЫҚ «АСТАНА» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЕҢ БЕДЕЛДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЛУБ ТУРНИРІНІҢ – ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ



Қазақстандық спортшылардың жетістіктері елдің толымды табыстарымен астасып жатты. Олар өздерінің жарқын жеңістерімен Отанымызды даңққа бөледі, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеруге лайықты үлес қосты.