БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ҰЛТ. БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ТҰТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ

IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ

ЖАҢА ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БӘРІНДЕ БІРДЕЙ ДӘЛ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫДАЙ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛІК ПЕН ЭТНОСТЫҚ АЛУАН ТҮРЛІЛІКТІ ҚҰРЫЛЫМДЫ ТҮРДЕ ҰШТАСТЫРУ ЖҮЗЕГЕ АСА ҚОЙҒАН ЖОҚ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПОЗИТИВТІ ҮЛГІСІ БАСҚА ЕЛДЕРДІҢ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ АЯСЫНДА АЙРЫҚША БАЙҚАЛДЫ, ТІПТІ ФРАНЦИЯНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ФРАНСУА ОЛЛАНД 2015 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАШАСЫНДА ӨЗІНІҢ ҚҰРМЕТІН БЫЛАЙ ДЕП ЖЕТКІЗДІ: «ҚАЗАҚСТАН – АЛУАН ТҮРЛІ ДӘСТҮРІ БАР ХАЛЫҚТЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МЕН БІРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ»

IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Халықты біріктірген тәуелсіздік құндылықтары



IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Ұлт бірегейлігі мен тұтастығын нығайту



IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Тарих – қоғамды ұйыстырудың қуатты факторы



БІРЫҢҒАЙ ҰЛТ ТАРИХЫН НЫҒАЙТАТЫН КИЕЛІ АТАУЛЫ КҮНДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТЕТІН МЕЙРАМЫ – ЖЕҢІС КҮНІ

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА 2015 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДЫҢ 7-СІ КҮНІ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘСКЕРИ ШЕРУ БОЛЫП ӨТТІ. БҰЛ ЕКІ МЕРЕКЕНІҢ БІРІНІҢ АРТЫНАН БІРІ КЕЛУІНІҢ СИМВОЛДЫҚ МӘНІ БАР.

БҰЛ ӘСКЕРИ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫН БІЛДІРЕДІ. МАЙДАНДАҒЫ ӘСКЕРИ ЕРЛІК ПЕН ТЫЛДАҒЫ ЖАНКЕШТІ ЕҢБЕК ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТА ТҮСТІ

АЙТУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, МЕРЕЙТОЙЛАР – ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ, АСҚАН АСУЛАРЫ. БІРІН-БІРІ ТОЛЫҚТЫРА ОТЫРЫП, ОЛАР ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІН НЫҒАЙТЫП, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫ ҰЙЫСТЫРА ТҮСЕДІ.

IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Ұлы Дала Елі: Қазақ хандығының 550 жылдығы



2015 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ – МЫҢЖЫЛДЫҚТАРҒА СОЗЫЛҒАН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЕШУШІ ОҚИҒА БОЛДЫ

МЕРЕКЕДЕ ТҮРІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНАН КӨПТЕГЕН ДАҢҚТЫ БАТЫРЛАР ТҰЛҒАСЫН САХНАҒА ШЫҒАРҒАН КЕҢ ПАНОРАМАЛЫ КӨРІНІСТЕР ҰСЫНЫЛДЫ. ҰЛЫ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ РУХЫ АЛДЫНДА БАРЛЫҚ БУЫН ҰРПАҚТАРЫ ТАҒЗЫМ ЕТЕДІ, ОЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІМІЗДІ САҚТАП ҚАЛУ ЖОЛЫНДА АТҚАРҒАН ЕРЛІК ІСТЕРІ ЕШҚАШАН ДА ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы: дәстүр мен жаңару



ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ V ҚҰРЫЛТАЙЫ 2017 ЖЫЛЫ 22–25 МАУСЫМДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ

ӨЗ СӨЗІНДЕ ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАН ТҰҢҒЫШ ҚҰРЫЛТАЙ ӨТКІЗГЕННЕН БЕРГІ 25 ЖЫЛ ІШІНДЕ КӨПТЕГЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕНІН АТАП ӨТІП, ЖАҢА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАН АЛТЫ ЖОБАҒА ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ТОҚТАЛДЫ

IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Демографиялық өсім



2005 ЖЫЛЫ ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫ 15 МИЛЛИОН АДАМДЫ ҚҰРАҒАН ЕДІ, АЛ САРАПШЫЛАР 2015 ЖЫЛЫ ОНЫҢ САНЫ 2 МИЛЛИОНҒА ӨСЕТІНІНЕ КҮМӘНДАНА ҚАРАҒАН БОЛАТЫН. АЛАЙДА ӨМІР ШЫНДЫҒЫ ҚАСАҢ ОЙЛАЙТЫНДАРДЫҢ БОЛЖАМЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ. ҚАЗАҚСТАН БЕЛГІЛЕНГЕН ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫН ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. 17 МИЛЛИОНЫНШЫ ЕЛІМІЗДІҢ ТҰРҒЫНЫ 2013 ЖЫЛЫ МАМЫР АЙЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМГЕ ӨЗІНІҢ ИГІ ЫҚПАЛЫН ТИГІЗДІ. ОН ЖЫЛ ІШІНДЕ – 2005 ЖЫЛДАН 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІН – ҚАЗАҚСТАНДА БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ 42 ПРОЦЕНТКЕ ӨСКЕН

IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қоғамдық кеңестер және мемлекеттік тапсырыс



2010-ШЫ ЖЫЛДАРЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЕЛ ДАМУЫНА АТСАЛЫСУЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕРДІҢ ШЕШІМІН ТАБУЫ БАРЫНША ЕЛЕУЛІ БОЛДЫ

2012 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік тапсырыс ұзақ мерзімді әлеуметтік мәні бар жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді, 2010 жылдың ортасынан бастап мұндай жобалардың 2 мыңнан астамы қаржыландырылған болатын. 

2016 жылдың қараша айында өткен VІІ азаматтық форумда жыл сайын мыңға жуық ҮЕҰ-дардың мемлекеттік тапсырыс алатыны, бұлардың қызметін 8 миллионнан астам адам пайдаланатыны аталып өтті

IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Масс-медианы дамыту



2010-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ МЕДИА СФЕРАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖАҢҒЫРДЫ

ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ МІНДЕТТЕРДІҢ КҮРДЕЛЕНЕ ТҮСКЕНІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, 2016 ЖЫЛЫ МАМЫР АЙЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ


ИНТЕРНЕТ ЖЫЛДАМ ДАМЫДЫ. 2010-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТАСЫНА ТАМАН KZ ДОМЕНІНЕ 110 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТІРКЕЛДІ, АЛ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ӨСІМ 25–30 ПРОЦЕНТТІ ҚҰРАДЫ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘДЕБИЕТІ МЕН ТАРИХЫ БОЙЫНША ПОРТАЛДАР АШЫЛДЫ

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЙДІ

Тек 2016 жылы ғана egov. kz порталы арқылы 40 миллионнан астам, ал «Азаматтарға арналған үкімет» офистерінде 36 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазақстан мобильді телефон байланысын тарату бойынша көш басында тұрған елдердің алғашқы ондығына енді.

IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Мемлекет, дін және қоғам



2011 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА ҮКІМЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫНДА ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ

2011 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДА «ДІНИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

Осылайша, мемлекет діни өмірді ішкі саясаттың аса маңызды саласы деп танып, конфессияаралық келісім мен азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасады.

2010-шы жылдары Қазақстанда лаңкестік іс-әрекетке дайын экстремистік жалған ағымдар жанданды. Елдің бірқатар өңірлерінің тұрақтылығына қауіп төндіруге тырысқан экстремистер тобы әшкереленді. Арнайы қызметтер терактілердің алдын алды, барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, елдегі жағдайды одан әрі де жіті қадағалауда. 

Конституцияға сүйене отырып, Қазақстан діндерді саясиландырудың барлық әрекеттеріне, оның мемлекеттік құрылымдар мен білім беру жүйесіне енуіне батыл түрде қарсы тұра білді.

ЕЛДЕ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРҒА, ТҰРАҚТЫ ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЫҒАЮЫНА, КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ЭКСТРЕМИЗМДІ ЖЕККӨРУШІЛІККЕ НЕГІЗДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК-КОНФЕССИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ ЖАСАЛДЫ

IV БӨЛІМ. 7.БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Дін басшылары мен саяси қайраткерлердің диалогы



Дін көшбасшыларының ұсыныстары діни сенім тұрғысында адасып жүрген жандарға көмегін тигізуі мүмкін. Дінге шын берілгендерге жеккөрушілік, сабырсыздық, қаталдық пен жақындарына деген әділетсіз қарым-қатынастың жат екендігі туралы ұжымдық ортақ ойлар – бүгінгі таңда кез келген дау-жанжал мен күш қолдануды тежеудің шешуші факторы болып табылады.

©️ 22.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА