ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУ

IV БӨЛІМ. 6.ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Жалпыға ортақ еңбек формуласы – бәсекелік қабілет негізі



ТҰТЫНУШЫ ҚОҒАМҒА КОНСТРУКТИВТІ БАЛАМА – ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ. ТҮПТЕП КЕЛГЕНДЕ, ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТТІҢ БАРЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН МӘДЕНИ БАЙЛЫҚТАРЫ ВИРТУАЛДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТЕТІКТЕРМЕН ЕМЕС, АДАМ ҚОЛЫМЕН ЖАСАЛҒАН

СОНДЫҚТАН НАҚТЫЛЫ ӨНІМДІ ЕҢБЕКТІ БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ САЯ САТЫНЫҢ НЕГІЗІ ЕТІП АЛУЫМЫЗ КЕРЕК

IV БӨЛІМ. 6.ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Еңбек қатынастарының жаңа үлгісі



ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙ ОТЫРЫП, КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУМЕН ҰШТАСУЫ ТИІС, АЛ ЖАҢА ЗАҢДАР ЖҰМЫС БЕРУШІМЕН АРАДАҒЫ ОҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП, ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ТУЫНДАТПАУЫ ҚАЖЕТ

2013 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНА ТАМАН ІРІ ЖӘНЕ ОРТАША КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ 80 ПРОЦЕНТІНДЕ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ЖАСАЛДЫ. ӘЛЕУМЕТТІК КЛИМАТТЫ ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫНДА МОНИТОРИНГ ЖАРИЯЛАНЫП, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ АРТТЫ, ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ҚАРЫЗДАР МЕН ДАУ-ДАМАЙЛАРДЫҢ ТҮП МӘНІ АНЫҚТАЛДЫ

Еңбек ұжымдарының мүддесін қорғайтын өкілдер ретінде кәсіподақтар әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты комиссиялар құрамында болып, еңбек дауларын реттеуге қатыса бастады. Қазақстанның осындай сарабдал саясатының арқасында, 2016 жылы Әлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан еңбек нарығындағы тиімділік бойынша 18-орыннан көрінді.

IV БӨЛІМ. 6.ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастар қадамдар




«Еңбек даңқы» орденін белгілеу арқылы мемлекет еңбеккердің, шаруа адамының беделін көтеруге ұмтылатынын тағы да дәлелдеді. Сондай-ақ еңбектегі теңдессіз, аса жетістіктерімен ерекшеленгендер бұрынғыдай, 2008 жылдан бастап жыл сайын жоғары деңгейдегі ерекшелік белгісімен – Алтын жұлдызды Қазақстанның Еңбек Ері атағымен марапатталып отырды.

Тәуелсіздік – жалпыға ортақ еңбек. Білім мен ғылымға ұмтылған оқушылар мен студенттердің еңбегі. Ұлттық байлығымызды еселеп арттыратын барлық мамандық иелерінің еңбегі. Бұл – жаңа ұрпақ тәрбиелеп жатқан қазақстандықтардың еңбегі.

IV БӨЛІМ. 6.ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

«Жол картасы»: жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу



2011 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ. БҰЛ, ШЫН МӘНІНДЕ, «ЖОЛ КАРТАСЫ-2009-2010» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ ЕДІ.

БҰЛ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ОНДАҒАН МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІБИ БІЛІМ ИГЕРІП, КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНДІ, ШАҒЫН НЕСИЕЛЕР АЛЫП, ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

Елдегі ішкі ұтқырлықтың дер кезіндегі іс-қимылдардың ел дамуындағы мәні зор болды

IV БӨЛІМ. 6.ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Жаңа экономикалық ахуалға лайық әлеуметтік саясат




МЕМЛЕКЕТ ЕҢ ҚИЫН ЖАҒДАЙДЫҢ ӨЗІНДЕ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ОРЫНДАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРА БЕРДІ

ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ӨЗІНІҢ ОҢ НӘТИЖЕЛЕРІН БЕРЕ БАСТАДЫ

2016 жылы жұмыссыздықтың өсуі тоқтатылды. Бюджеттегілердің еңбекақысы және жәрдемақылар ұлғайды. Ең төменгі еңбекақы (күнкөріс минимумы) 2010 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта 65 процентке өсті. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тікелей көмек ретінде 2016 жылы 1,5 миллиард теңге бөлінді. Жарты миллион көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды. Он жылдың ішінде бала туғанда берілетін жәрдем ақшаның көлемі 6 есе, ал баланы күтуге байланысты берілетін жәрдемақы 4 есе артты. 2017 жылы бала туғанда берілетін жәрдемақының көлемі және зейнетақы төлемдері 20 процентке өсті.

IV БӨЛІМ. 6.ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Қазақстандық қоғам: әл-ауқаттың артуы



2010-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІ ӨСТІ: КӨПТЕГЕН АЗАМАТТАР БАНКТЕГІ САЛЫМДАРЫН ҰЛҒАЙТТЫ, АВТОКӨЛІКТЕР САТЫП АЛДЫ, ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТТЫ. МӘСЕЛЕН, ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛУ ДЕҢГЕЙІ 1,5 ЕСЕ ӨСТІ.

ТҰТЫНУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫЛАДЫ, КЕДЕЙЛЕРДІҢ САНЫ ӘЖЕПТӘУІР АЗАЙДЫ. ТАБЫСЫ КҮНКӨРІС МИНИМУМЫНАН ТӨМЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ САНЫ 2010 ЖЫЛДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДА ЕКІ ЕСЕДЕН АСА ҚЫСҚАРДЫ, СӨЙТІП, 3 ПРОЦЕНТТЕН КЕМ БОЛДЫ.

Қазақстандықтар үшін мемлекеттің аналарға, әйелдерге, балаларға, отбасыларына көрсетіп отырған қамқорлығының өтеуі өлшеусіз, маңызы аса зор.

2010-шы жылдардағы әлеуметтік сауалнамалар жақсы қоғамдық көңіл күйді бағамдатты. Әлемдік дағдарыс пен ұлттық валютаның құнсыздануына қарамастан, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі тұрақты болып қалды және 2010-шы жылдары жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі орташа деңгейден жоғары болды.  

Халықтың әл-ауқатын зерттейтін Legatum халықаралық институтының рейтингінде еліміз 2014–2015 жылдары 55-56 орындарды иеленді. 


Адамзат дамуының рейтингінде (Human Development Report) 2015 жылы 14 позицияға көтеріліп, 56-орынға шықты. 


Тәуелсіздік жылдарында бір адамға шаққандағы ІЖӨ 13 есе өсті

IV БӨЛІМ. 6.ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Денсаулық сақтау: дамудың жаңа кезеңі



2011 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПРОФИЛАКТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫП, БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРЫП, БАЛА ТУАТЫН ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАЙТЫН БАҒДАРЛАМА ЕНГІЗІЛУІ ҚАЖЕТТІГІН АТАП КӨРСЕТТІ.

2011 жылғы Жолдауда маңызды әлеуметтік меже белгіленді: 2015 жылға қарай қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 70-тен асыру көзделді. Мемлекет қабылдаған шаралардың нәтижесінде бұл мақсатқа қол жеткізілді.

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ДӘРІГЕРЛІК ЖӘРДЕМГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРДЫ

Қазақстан тіпті жаһандық дағдарыстар жағдайының өзінде, медициналық бағдарламаларды қысқартуға жол берген жоқ. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған жылдарда (2011-2015 жылдар) денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің (адам жасының ұзақтығы, туберкулезбен, онкологиялық және жүрек қан-тамырлары ауруларымен ауыру) жақсы жағына қарай өзгергені байқалды.

IV БӨЛІМ. 6.ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Зейнетақы жүйесін жаңғырту



2014 ЖЫЛЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОДАН ӘРІ ЖАҢҒЫРТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕ (2016-2020 ЖЫЛДАР) ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ. ЕКІНШІ КЕЗЕҢДЕ (2020-2030 ЖЫЛДАР) САЛЫМШЫЛАР МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІ КҮШЕЙТІЛІП, ЗЕЙНЕТАҚЫ АРАСЫНДАҒЫ НАҚТЫ БАЙЛАНЫС, ЖАРНА МӨЛШЕРІ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ КЕЗЕҢІ, СОНДАЙ-АҚ ЕҢ ТӨМЕНГІ КЕПІЛДІ ЗЕЙНЕТАҚЫ БЕКІТІЛЕТІН БОЛАДЫ

Нәтижесінде, Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай және еңбекақының кем дегенде 40 проценті деңгейінде жиынтық зейнетақы төлемдерімен ауыстыруды көздейтін тұрақты зейнетақымен қамсыздандыру қалыптасады.

IV БӨЛІМ. 6.ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер



МЕМЛЕКЕТТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҚСАРҒАН ЖӘНЕ ҮДЕРІСТІ СИПАТТА БОЛҒАН САЙЫН СОЛ ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛАЯ ТҮСЕРІ СӨЗСІЗ. БҰЛ ТҰРҒЫДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҒДАЙЫ МАҚТАНАРЛЫҚТАЙ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ (99,8-99,9 ПРОЦЕНТ) БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДІҢ БҰҰ-НЫҢ АДАМИ ДАМУ ИНДЕКСІ БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ РЕЙТИНГІНІҢ КӨШ БАСЫНДА ТҰРУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ

Еңбекпен қамту деңгейін, сондай-ақ азаматтардың саяси және азаматтық белсенділігін ескерген 2016 жылғы жастар дамуының жаһандық индексінде Қазақстан 183 елдің арасында Түркия (62-орын), Ресей (110-орын) және Қытай (118-орын) елдерін артқа тастап, 61-ші орынды иеленді.

©️ 21.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА