ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ. ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ БЕСЖЫЛДЫҚТАРЫ...

IV БӨЛІМ. 5.ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

Жаңа индустриаландыру: алғашқы бесжылдықтың басты нәтижелері



2014 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚҰНЫ 8 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН 300 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, 160 – ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ 200 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРУ ЖОСПАРЛАНДЫ

БІРІНШІ ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ БЕСЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ЕҢ БАСТЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ – ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, ӘСІРЕСЕ, НАҚТЫ СЕКТОР ЕСЕБІНЕН БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР

2011 ЖЫЛДАН БАСТАП ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ КҮНДЕРІН ӨТКІЗУ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛДЫ. ЖЫЛЫНА ЕКІ РЕТ – ШІЛДЕ МЕН ЖЕЛТОҚСАНДА – ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТЕЛЕКӨПІР ФОРМАТЫ БОЙЫНША АЙМАҚТАРДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛЫП, ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛЕДІ, ЖАҢА ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ.

АЛҒАШҚЫ ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ КҮНІНДЕ, 2011 ЖЫЛЫ 9 ЖЕЛТОҚСАНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ТҰЛПАР-ТАЛЬГО» ЖОЛАУШЫЛАР ВАГОНДАРЫН ӨНДІРУ ЗАУЫТЫНЫҢ, АЛМАТЫДАҒЫ МЕТРОПОЛИТЕННІҢ, БАЛҚАШТАҒЫ «САРЫ ҚАЗЫНА» КАТОДТЫ МЫС ЗАУЫТЫНЫҢ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СУПЕР ФАРМ» МЕДИЦИНА БҰЙЫМДАРЫ ЗАУЫТЫНЫҢ, СЕМЕЙ ТЕРІ-БЫЛҒАРЫ КОМБИНАТЫНЫҢ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «БАЙСЕРКЕ АГРО» ЕТ ӨҢДЕУ КЕШЕНІНІҢ, «ШЫМКЕНТ-КАШЕМИР» ТОҚЫМА ӨН- 380 ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ ДІРІСІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ. СОНДАЙ-АҚ ШАРЫН ӨЗЕНІНДЕ МОЙНАҚ ГЭС-І, «ЖЕТІГЕН-ҚОРҒАС» ЖӘНЕ «ӨЗЕН – ТҮРІКМЕНСТАН ШЕКАРАСЫ» ТЕМІР ЖОЛ ЖЕЛІЛЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ, АЛ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ» АВТОМАГИСТРАЛІНІҢ ЖОБАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ. 

Алғашқы бесжылдықтың экваторы 2012 жылдың жазында игерілді 

4 шілдеде жаңа Медиа-орталықта жалпыұлттық телекөпір өтті, индустриаландыру картасының нысандары пайдалануға берілді. Ұлттық цифрлы телерадио хабарларын тарату желілері және отандық телеөнімдер шығаруды көздеген жаңа қазақстандық «24.kz» телеарнасы іске қосылды. 

IV БӨЛІМ. 5.ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

Өңірлер: жан-жақты даму саясаты



IV БӨЛІМ. 5.ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту. Халықтық IPO. Жекешелендірудің жаңа кезеңі



2013 ЖЫЛЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕ

«АТАМЕКЕН» ОДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ БАЗАСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАСЫ ҚҰРЫЛДЫ. ОНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ – БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ.

2014–2015 жылдардағы дағдарыс шағын және орта бизнеске өте ауыр тиді, онда тіркелген субъектілердің үлесі төмендеп кетті. Сондықтан 2014 жылғы Жолдауымда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыру қажет екенін ерекше атап көрсеттім.

2015 жылы Global Entrepreneurship Monitor бүкіләлемдік рейтингінің сарапшылары қазақстандықтардың кәсіпкерлік белсенділігін жоғары бағалады. Еңбекке жарамды халықтың 11%-і өзінің жұмысын жандандырғысы келеді. Бұл – рейтингтің 29 позициясы. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, Испаниядағы, Нидерландыдағы, Малайзиядағы кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейі 7%-тен аспайды.

IV БӨЛІМ. 5.ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

«Астана» халықаралық қаржы орталығы




IV БӨЛІМ. 5.ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы




2015 ЖЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СУБСИДИЯЛАР МӨЛШЕРІ ОРАСАН ЗОР СОМАҒА ЖЕТТІ – МИЛЛИАРД ДОЛЛАРДАЙ БОЛДЫ

Бір жылдан соң аграрлық секторға Германия, Италия, Қытайдан стратегиялық инвесторлар тартылып, Ақмола облысында ірі сүт-тауарлы фермалар мен зауыттардың құрылысын салу көзделді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН, АҚТӨБЕ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТАРЫНДА ЗАМАНАУИ ЕТ КОМБИНАТТАРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ ЖАСАЛДЫ.  


БҰЛ ЖОБАЛАРҒА САЛЫНАТЫН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 60 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ. МҰНЫҢ БӘРІ МЫҢДАҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРУҒА МҮМКІНДІК БЕРДІ.

2016 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен Қазақстаннан экспортқа шығарылатын өнімдер 5%-ке өсті. Астық өнімдері рекордтық көрсеткішке жетті, ал астық экспорты ширектен астам көлемге ұлғайды. Аграрлық сектордың өсуі 2017 жылы да жалғасын тапты.

IV БӨЛІМ. 5.ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

«Нұрлы жол»: көлік инфрақұрылымын дамыту



«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА 7 МЫҢ ШАҚЫРЫМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ,

соның ішінде аса маңызды: «Орталық – Оңтүстік» (Астана – Қарағанды – Алматы), «Орталық – Шығыс» (Астана – Павлодар – Өскемен) және «Орталық – Батыс» (Астана – Ақтау) жол тораптары бар. Астанадан Алматыға дейінгі жаңа жол Балқаш көлі арқылы өтетін көпір құрылысының арқасында 200 шақырымға қысқарады. Астана – Теміртау, Астана – Қостанай – Челябі, Астана – Петропавл, Павлодар – Омбы, Бейнеу – Шетпе автожолдарын қалпына келтіру аяқталды. 

«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында тек 2016 жылдың өзінде 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, сондай-ақ 2 мың шақырымнан астам инженерлік желі тартылды. Бұл жолдар қазақстандықтардың талай ұрпағына қызмет ететін болады. 

IV БӨЛІМ. 5.ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

Еуразиялық трансқұрлықтық бағыттар



2012 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА МҮЛДЕ ЖАҢА КӨЛІК ЖҮЙЕСІН – ҚЫТАЙ МЕН ЕУРОПА АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН «ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ» БӘСЕКЕЛІК ЖОБАСЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫМ

Н.Назарбаевтың бастамасы үлкен қызығушылық туғызды

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ІРІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖОБАСЫ – «БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ» (ЛЯНЬЮНЬГАН – ЧЖЕНЧЖОУ – ЛАНЬЧЖОУ – ҮРІМШІ – ҚОРҒАС – АЛМАТЫ – ҚОРДАЙ– ТАРАЗ – ШЫМКЕНТ – ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ – ОРЫНБОР – ҚАЗАН – МӘСКЕУ – САНКТ-ПЕТЕРБУРГ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК ДӘЛІЗІ БОЛДЫ

Жалпы ұзындығы 8 мың шақырымға созылатын бұл дәліз – ҚХР-дан ЕАЭО елдеріне автомобиль тасымалдарын, содан соң Еуропаға жүк жеткізуді жылдамдатады. Бұған Орталық Азия елдері де қол жеткізе алады.

2016 жылдың аяғында дәліздің қазақстандық бөлігінде қозғалысқа жол ашылды.

IV БӨЛІМ. 5.ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

Екінші индустриалды бесжылдық



2016 ЖЫЛЫ МЕТАЛЛУРГИЯ, МҰНАЙ ӨҢДЕУ, МАШИНА ЖАСАУ, ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИАСЫНДА ІРІ САЛА ТҮЗУШІ ӨНДІРІС ҚҰРЫЛДЫ

Өңдеу саласына тартылған шетелдік инвестиция мөлшері артты. Бір жылдың ішінде 130 индустриалды жобалар қатарға қосылды, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

ІЛКІМДІ ҰМТЫЛЫС НӘТИЖЕСІНДЕ, ҚАЗАҚСТАН ІЖӨ-НІ 3 ЕСЕГЕ ЖУЫҚ (2009 ЖЫЛҒЫ ДЕҢГЕЙМЕН – 17-ДЕН 46,9 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН) ӨСІРДІ, ӨНЕРКӘСІП 2 ЕСЕДЕН АСА ӨСТІ (9,1-ДЕН 19 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН), ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫН 2,7 ЕСЕ ӨСТІ (2,9-ДАН 8 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ), ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ САНЫ 188,8-ДЕН 236,1 МЫҢ БІРЛІККЕ ДЕЙІН, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ 5 ЕСЕ (82,6-ДАН 445,8 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН) АРТТЫ.

IV БӨЛІМ. 5.ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

Жаңа инвестициялық саясат



2015 жылғы Жолдауында Тұңғыш Президент жаңа инвестициялық саясаттың қажеттігі туралы баса айтты және Үкіметке инвестициялық климатты жақсартуға байланысты, әсіресе трансұлттық корпорацияларды тартуға қатысты жоспар жасауды тапсырды. Бұл бағыттағы барлық реформалар ЭЫДҰ-мен және халықаралық қаржы институттарымен бірлесе жүргізілуге тиіс болды. 

IV БӨЛІМ. 5.ЖАҢА ЭКОНОМИКАҒА БАТЫЛ ҰМТЫЛЫС

Экономикалық саясаттың нәтижелері: 2010-шы жылдар



2010-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДА, 2007–2009 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДАҒДАРЫСТАН АМАН ШЫҒЫП, ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ТАҒЫ ДА ӨЗІНІҢ ЕЛЕУЛІ ТҮРДЕ ӨСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕНІН БАЙҚАТТЫ


©️ 21.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА