МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ НЫҒАЙТУ ҚАДАМДАРЫ

САЯСИ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

IV БӨЛІМ. 4.МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ НЫҒАЙТУ ҚАДАМДАРЫ

«Нұр Отан» партиясының жаңа көшбасшылық рөлі



2015–2016 ЖЫЛДАРЫ МЕНІҢ БАСТАМАММЕН «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ БИЛЕУШІ САЯСИ ПАРТИЯҒА ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУ ҮДЕРІСІН ЖАЛҒАСТЫРДЫ

БҰЛ КЕЗЕҢДЕ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯСЫ КҮШЕЙТІЛГЕН БОЛАТЫН. МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ» ДА БАР, ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ БАҚЫЛАУ ҮШІН КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ

ӘЛЕМДЕГІ КӨПТЕГЕН ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ КӨРСЕТКЕНДЕЙ, КӨШБАСШЫ САЯСИ КҮШІ БАР ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖАҢҒЫРУДЫ ЖЕДЕЛДЕТУГЕ КӨШКЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ НЕҒҰРЛЫМ ҚОЛАЙЛЫ

Көшбасшы елдердің отыздығына апарар жолда тек қана ірі, күшті жалпыұлттық орталық партия ғана саяси биліктің және қоғамның үдемелі ұйысуын қамтамасыз ете алады.

Жаһандық тұрақсыздық жағдайында «Нұр Отан» партиясы 2010-шы жылдары дамудың тұрақтылығы мен жалғастығын қамтамасыз ететін, өзекті саяси институты бар жүйе құратын құрылым бола алды.

IV БӨЛІМ. 4.МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ НЫҒАЙТУ ҚАДАМДАРЫ

Әкімшілік реформа. Әкімдерді сайлау



ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҰШЫРАДЫ

2014 жылғы қарашадағы Жолдауда жүргізілген әкімшілік реформаға, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымының жұмысына, басқарудағы қосарлылықтан арылғанымызға екпін түсіріле айтылды.

60%

Үкіметтің 60 пайыз функциясы министрліктер мен әкімдіктер деңгейіне ауыстырылды

12

Министрліктер саны 17-ден 12-ге дейін қысқартылды

9

тоғыз агенттік министрліктің комитеттері деңгейіне түсті

ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ОРГАНДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ БАЛАМАЛЫ САЙЛАУЛАРЫ 2013 ЖЫЛДЫҢ 5–9 ТАМЫЗЫНДА ТАБЫСТЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бекітілген ереже бойынша әкімдер мәслихаттардың депутаттары болып сайланды

Барлығы 7,6 миллион қазақстандық тұратын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың 2454 әкімі сайланды

ЖАҢА ӘКІМДЕРДІҢ ТИІМДІ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҮШІН САЙЛАУҒА ДЕЙІН-АҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАНЫН АЙТУ АСА МАҢЫЗДЫ

Ішінара жергілікті органдардың кадрлық және қаржылық мүмкіндіктері күшейтілді, ал әкімдер әлеуметтік салада қосымша өкілеттіктер иеленді.

Әкімдердің қызметін, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дамыту туралы жаңа заң реттеп отырды. Осылайша, екі мыңнан аса ауыл әкімдерін сайлау аймақтық деңгейде тежеу мен қарама-қарсылықтар жүйесін туғызды.

IV БӨЛІМ. 4.МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ НЫҒАЙТУ ҚАДАМДАРЫ

Жаңғыру кезеңіндегі құқықтық жүйе



ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫНДА КЕЙІННЕН БҮКІЛ ЗАҢ ШЫҒАРУДЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІ ЖАҢАРТУҒА АЛЫП КЕЛГЕН ҰЛТ ЖОСПАРЫ МАҢЫЗДЫ ОРЫН АЛАДЫ

НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ ЗАҢ ШЫҒАРУ БАЗАСЫ 290- НАН АСА ЖЕКЕ-ДАРА ЗАҢДАРДАН ҚҰРАЛДЫ

Тәуелсіздік жылдарында барлығы 2 мыңнан аса заң актілері қабылданды

2014 ЖЫЛЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ, АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН, МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУ ЗАҢНАМАЛАРЫН ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫСТАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Қылмыстың кейбір түрлерін қайта қарастыруды шараны кең қолдануды, бас еркінен айырудың баламасын, ұлттық бизнестің мүдделерін қорғауды қарастыратын Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерді реформалау жалғасты.

Заңнамалық жұмыстардың маңызы 2017 жылы басталған үш базалық саланы – экономиканы, саясатты, сананы – жаңғыртуға байланысты арта түсті. 

IV БӨЛІМ. 4.МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ НЫҒАЙТУ ҚАДАМДАРЫ

Мемлекеттік қызмет: жаңа модель



2013 ЖЫЛЫ ӘКІМШІЛІК РЕФОРМАНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ БИЛІК ЭЛИТАСЫН 23 ПАЙЫЗҒА ЖАҢАРТҚАН «А» КОРПУСЫ ҚҰРЫЛДЫ.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ЕНГІЗІЛДІ.

САЯСИ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САНЫ СЕГІЗ ЕСЕ ҚЫСҚАРДЫ. КОРПУСҚА ІРІКТЕУ ПРОЦЕДУРАСЫНЫҢ ЕНГІЗІЛУІ – ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢА «ӘЛЕУМЕТТІК ЛИФТ».


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ, СОНДАЙ-АҚ СОТ КОРПУСЫНА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН КӘСІПТІК ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛДІ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІНДЕ ТОЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛДІ


2016 жылы мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылау жаңғыртылды, кадрларды іріктеу мен қызметі бойынша жоғарылатудың жаңа тетігі жасалды, бұрынғыдан бір айырмашылығы – мемлекеттік қызметке мол дайындықтан өткен, ұстанымы қалыптасқан және кәсіби үміткерлер ғана өте алатын болады 

 Мемлекеттік қызметке алғаш рет келгендер тек қана төменгі қызметтерге міндетті сынақ мерзімімен және тәлімгері тағайындалып алынатын болды.

ОДАН КЕЙІН ҚЫЗМЕТТІК БАСПАЛДАҚПЕН ЖОҒАРЫЛАТУ ТЕК ҚАНА КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Бұдан бөлек, кадрларды тағайындаудың «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі түріндегі мониторингтің тиімді құралы енгізілді, ол «онлайн» режимінде ел көлеміндегі барлық кадрлық өзгерістерді қадағалап және кез келген мемлекеттік органда меритократия қағидатының бұзылғанын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

IV БӨЛІМ. 4.МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ НЫҒАЙТУ ҚАДАМДАРЫ

Қарулы күштер: одан әрі жаңғырту



2010-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДА БІЗДІҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ЖЫЛ САЙЫН ДАЛАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША 250-ДЕН АСА ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

БАРЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРҒА ҚАРАМАСТАН, ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОРҒАНЫС БЮДЖЕТІ ҮНЕМІ ӨСІП ОТЫРДЫ: ЕГЕР 1993 ЖЫЛЫ 8 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАСА, АЛ 2015 ЖЫЛЫ – 390 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСТЫ. ЖАЛПЫ АЛҒАНДА, 2015– 2017 ЖЫЛДАРЫ ӘСКЕРИ ШЫҒЫНДАРҒА 1,3 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН

2013 ЖЫЛЫ 7 МАМЫРДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ КҮНІНЕ ОРАЙ, ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ТАРИХЫНДА БІРІНШІ РЕТ «ОТАР» ӘСКЕРИ БАЗАСЫНДА ӘСКЕРИ ШЕРУ ӨТТІ

Әскери шерудің дәстүрлі шеруден өзгешелігі – әскери дайындықты және қару мен техниканы қалай пайдалануды көрсету еді.

ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

7 МЫҢНАН АСА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР

400 АСА ӘСКЕРИ ТЕХНИКА

80 АСА ҰШАҚ ПЕН ТІКҰШАҚ 

2014 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНДА

әскери ғылымды дамыту үшін жағдай туғызуды көздеп және кәсіби кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Астанада Ұлттық қорғаныс университеті ашылды

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘСКЕР 2010-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕМДІК САНАТТЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАРУЛАНДЫ

Еліміздің әскери-өндірістік кешені тікұшақтарды құрастыру, әскери оптиканы, радиолокациялық және радиоэлектрондық қорғаныс жүйесін жүзеге асырды, әуе броньды техниканы жөндеуді жолға қойды 

2012 ЖЫЛЫ МАМЫРДА

ресейліктермен бірлесе отырып, Орал верфінде құрастырылған «Қазақстан» ракеталық-артиллериялык кемесі суға түсірілді. 2014 жылдан бастап «Paramount Group» (ОАР) компаниясымен бірлесе әлемдік деңгейдегі «Арлан», «Номад», «Барыс» броньдалған доңғалақты машиналар өндірісі қолға алынды. Жаңғыру барысында әуе техникасына, танк және әскери-теңіз күштеріне баса назар аударылды.

2017 ЖЫЛЫ 7 МАМЫРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ 25 ЖЫЛ ТОЛДЫ

ОСЫ САЛТАНАТТЫ ОҚИҒАҒА ОРАЙ, АСТАНАДА ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЕҢ КӨЛЕМДІ ӘСКЕРИ ШЕРУ ӨТКІЗІЛДІ, ОҒАН БЕС МЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ, ТӨРТ ЖҮЗ ДАНА ӘСКЕРИ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ЖЕТПІС ҰШАҚ ПЕН ТІКҰШАҚ ҚАТЫСТЫРЫЛДЫ. 

2016–2017 жылдары әскери арсеналды толықтырған жаңа қару түрлері де көрсетілді 


©️ 20.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА