КӨЗ АЛДЫМЫЗДАҒЫ ҰЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ

IV БӨЛІМ. 3.КӨЗ АЛДЫМЫЗДАҒЫ ҰЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Саясат, экономика және сана үштағаны



ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАР БОЛҒАНЫ ЕКІ ОНЖЫЛДЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЕКІ АУҚЫМДЫ ЖАҢҒЫРУДАН ӨТТІ

1990-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН БІРІНШІСІ ЖАҢҒЫРУ ӘКІМШІЛ-ӘМІРШІЛ ЭКОНОМИКАДАН ЛИБЕРАЛ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛДЫ

ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУ БАРЫСЫНДА БАР БОЛҒАНЫ 15 ЖЫЛДА БІЗ КЕДЕЙ ЕЛДЕРДІҢ ҚАТАРЫНАН ҰМТЫЛЫП ШЫҒЫП, ОРТАША ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ ТОБЫНА ҚОСЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕЛУ МЕМЛЕКЕТТІҢ ІШІНЕ ЕНДІК

ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУ

Үшінші жаңғыру еліміздің алдына тағы бір үлкен мақсат қояды – Қазақстанның жаңа жаһандық ахуалда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, XXI ғасырдың ортасында әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуға жағдай туғызатын экономикалық өсудің жаңа моделін құру.

БЕЛГІЛЕНГЕН САЯСИ РЕФОРМАНЫҢ МАҚСАТЫ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ПРЕЗИДЕНТ ПЕН БИЛІКТІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ТАРМАҒЫНЫҢ АРАСЫНДА ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ҚАЙТА БӨЛУ, МЕМЛЕКЕТТІК ШЕШІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУ МЕН ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РӨЛІН КҮШЕЙТУ.

Экономикалық қайта өзгертулер – өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жабдықтауды жеделдетуге, еңбек өнімділігін арттыруға, бизнес шығындарын азайтуға және батыл, қайта реттеуге, экономиканың жаңа секторларын құруға бағытталған. Жаппай кәсіпкерлікті кеңінен дамыту, соның ішінде әлеуметтік салада, тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда. Ең алдымен, өз санаңды өзгерту керек – тап осы себепті Тұңғыш Президент саяси және экономикалық реформалардың өзегі ретінде қоғамдық сананың жаңғыруына басымдық береді.

IV БӨЛІМ. 3.КӨЗ АЛДЫМЫЗДАҒЫ ҰЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Саяси жүйені реформалау жолында. Халыққа үндеу



2017 ЖЫЛДЫҢ 25 ҚАҢТАРЫНДА ЕЛБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕАРНАДАН ӨЗІНІҢ АРНАЙЫ ҮНДЕУІН ЖАРИЯ ЕТТІ. КҮШТІ ПРЕЗИДЕНТТІК ВЕРТИКАЛЬ БІЗГЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОРАСАН ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЕҢСЕРУ БАРЫСЫНДА ҚАЖЕТ БОЛҒАНЫН ТҮСІНДІРДІ

Енді Үкімет пен Парламенттің рөлін күшейте отырып, көптеген жылдарға көзделген саяси жүйе тұрақтылығының қорын жасау қажет. Ұсынылып отырған реформаның мәні – билік өкілеттіктерін Президенттен Парламент пен Үкіметке қайта бөлуде, тұтастай саяси жүйені демократияландыруда жатыр.

IV БӨЛІМ. 3.КӨЗ АЛДЫМЫЗДАҒЫ ҰЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Конституциялық реформа: мемлекеттік билікті жаңғырту



2007 ЖЫЛҒЫ РЕФОРМАМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА БҰЛ – САЯСИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАРЫНША КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢІ БОЛДЫ


БІРІНШІДЕН, ЖАҢА ЗАҢ ПАРЛАМЕНТТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ІСТЕРДЕГІ ЖӘНЕ ҮКІМЕТТІ ЖАСАҚТАУДАҒЫ РӨЛІН БАРЫНША КҮШЕЙТТІ.


ЕКІНШІДЕН, ПАРЛАМЕНТКЕ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУ ӨКІЛЕТТІЛІГІ БЕРІЛГЕН СОҢ, ОНЫҢ ДЕРБЕСТІГІ АРТТЫ.


ҮШІНШІДЕН, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ.


ТӨРТІНШІДЕН, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ НЫҒАЙДЫ.


БЕСІНШІДЕН, БАСҚАРУ ФОРМАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ, БІРТҰТАСТЫҒЫНА, АЙМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҒЫНА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕПІЛДІК БЕРІЛДІ.


Жаңа Конституцияда алғаш рет Парламенттің «заң шығарушы билікті» (49 бап) жүзеге асыратыны тұжырымдалды. Осылайша, президенттің құзырынан заңдар, заң күші бар жарлықтар шығару алынып тасталды, Үкімет пен Премьер-министрдің актілерінің күшін жою және тоқтату құқығы жойылды. 


IV БӨЛІМ. 3.КӨЗ АЛДЫМЫЗДАҒЫ ҰЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Жаһандық технологиялық өзгерістер



ӘЛЕМ ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯНЫ ДА БАСТАН КЕШУДЕ


КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ ТАРАЛУЫ, АВТОМАТТАНДЫРУ МЕН РОБОТТАНДЫРУ, ЖАСАНДЫ АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ДАМУЫ – ТҰТАСТАЙ САЛАЛАРДЫҢ ЖОЙЫЛЫП КЕТУІНЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МҮЛДЕМ ЖАҢА ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУЫНА АЛЫП КЕЛУІ МҮМКІН  

Жаңа технологиялық революцияның негізі – экономиканы сандық жүйеге көшіру, зауыттық үдерістерге «киберфизикалық жүйені» енгізу және жаһандық өнеркәсіптік желілердің дамуы. Германия, Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдер әлден-ақ жаңа интернет-инфрақұрылымдарға және жаһандық технологиялық стандарттарға ірі қаржы көздерін құя бастады. Жаңа қаржы-технологиялық платформалар (Bitcoin криптовалютасы, Blockchain технологиясы) пайда болды, бұлар қаржы әлемін тұтастай өзгертуге талпынуда.

IV БӨЛІМ. 3.КӨЗ АЛДЫМЫЗДАҒЫ ҰЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Экономикалық жаңғыру стратегиясы: 2017 жылғы Жолдау



ЭКОНОМИКАНЫҢ ӘЛЕМДІК ОРТАША ДАМУДАН АСЫП ТҮСЕТІН ӨСУ ҚАРҚЫНЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ, ЖОҒАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ПЕН ӘЛЕМНІҢ ОЗЫҚ 30 ЕЛІНІҢ ҚАТАРЫНА ОРНЫҚТЫ ЖЫЛЖУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ТИІС БЕС БАСЫМДЫҚ АЙҚЫНДАЛДЫ

БІРІНШІДЕН, ЦИФРЛЫ ИНДУСТРИАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫН ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ САЛАЛАРДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАРАҚТАНУЫН КӨЗДЕЙТІН ЭКОНОМИКАНЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖЕДЕЛДЕТЕ ЖАҢҒЫРТУ.

 

ЕКІНШІДЕН, БИЗНЕС-ОРТАНЫ ТҮБІРІМЕН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ КЕҢЕЙТУ.

 

ҮШІНШІДЕН, МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ.

 

ТӨРТІНШІДЕН, БІЛІМ БЕРУ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ КӨТЕРУ АРҚЫЛЫ АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУ.

 

БЕСІНШІДЕН, ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР, ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС.

 

IV БӨЛІМ. 3.КӨЗ АЛДЫМЫЗДАҒЫ ҰЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Қоғамдық сананы жаңғырту. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы



«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ» ТАРАУЫНДА ҚОҒАМДЫ ТҰТАСТАЙ АЛҒАНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӘРІ ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНДАҒЫ АЛТЫ БАҒЫТ ТАЛДАНҒАН

БІРІНШІ – БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТ

Бұл, алдымен, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық.

ЕКІНШІ – ПРАГМАТИЗМ

Бұл – нақты әрі шынайы мақсаттарды көздеу, ысырапшылыққа жол бермей өмір сүре білу, білімді алдыңғы қатарға қою, саламатты өмір сүру және кәсіби табыстарға жету.

ҮШІНШІ – ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК

Сананың жаңғыруы ұлттық рухты сақтауды және нығайтуды көздейді.

ТӨРТІНШІ – БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ

Жаңа технологиялық революция жағдайға тез бейімделетін және мамандығын икемді түрде өзгерте алатын аса білімді адамдарды қажет етеді.

БЕСІНШІ – ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУ

РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЕМЕС

АЛТЫНШЫ – САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ,

яғни әлемде болып жатқан оқиғалардан хабардар болу; жаңа технологиялық жөн-жосық ұсынатын өзгерістерге дайын болу; өзгелерден оқып-білуге, озық тәжірибені үйренуге қабілетті болу.  

IV БӨЛІМ. 3.КӨЗ АЛДЫМЫЗДАҒЫ ҰЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

«Рухани жаңғыру»: таяу жылдардағы міндеттер



БАҒДАРЛАМАНЫҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР» АТТЫ ЕКІНШІ ТАРАУЫНДА БҮКІЛ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ МАҢЫЗДЫ САЛАСЫН ҚАМТИТЫН БІРҚАТАР АУҚЫМДЫ ІСТЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ТУРАЛЫ БАСТАМА КӨТЕРІЛДІ

БІРІНШІДЕН, ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН КӨШІРУ

ЕКІНШІДЕН, ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР БОЙЫНША «ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ

ҮШІНШІДЕН, «ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ

тыңғылықты өлкетану жұмыстарын жүргізуді, аймақтар тарихын зерттеуді, жергілікті мәдени-тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруді, туған өлкеге қолдау көрсетудің түрлі формаларын қамтитын «ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ

ТӨРТІНШІДЕН, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ»

Бұл жоба ұлттық бірегейліктің мызғымас негізін құрайтын киелі мекендерді халық жадына сенімді түрде орнықтыруды көздейді және жат идеологиялық ықпалдан қорғаудың қалқанын жасайды.

БЕСІНШІДЕН, «ЖАҺАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ» ЖОБАСЫ

отандық мәдениетті БҰҰ тілдерінде сөйлетуді көздейді

АЛТЫНШЫДАН, «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»

Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен замандастарымыздың нақтылы тарихын баяндайтын жоба.

2017 жылдың қыркүйек айында-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында министрліктер мен әкімдіктер ұсынған 1,1 мың жоба пысықталды, оларды нақты жүзеге асыру басталып кетті.

 Ұсынылған барлық жобалар әуелден-ақ жаңғырту үдерістеріне жол ашып, болашақ ұрпақ менталитетінің жаңаруын тездететініндей ойластырылды. Жаһандық сын-қатер кезеңіндегі Үшінші жаңғырудың басталуын айғақтайтын мемлекет пен қоғам жаңаруының кең көлемдегі үш үдерісі қанат жайды. Қазақстан өз дамуының жаңа тарихи кезеңіне аяқ басты.

©️ 20.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА