ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘЖІНІҢ ЖАҚҰТЫ

АСТАНАНЫҢ МИССИЯСЫ МЕН ЖАСАМПАЗДЫҒЫ

III бөлім. 2.ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘЖІНІҢ ЖАҚҰТЫ

Астана – халық мақтанышы



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«АСТАНАНЫ АЛМАТЫДАН ЕСІЛДІҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНА КӨШІРУДІ МЕН КӨПТЕН ОЙЛАСТЫРЫП ЖҮРГЕНМІН. ГЕОСТРАТЕГИЯЛЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ЕСКЕРУ ЖАҒЫН БЫЛАЙ ҚОЙҒАНДА, МЕНІҢШЕ, ЖАҢА ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСҚАН ЖАС ЕЛГЕ ДӘЛ СОНДАЙ ЖАҢА ДА ЖАС ОРТАЛЫҚ – ЖАЛЫНДЫ ЖҮРЕК КЕРЕК ЕДІ. ОСЫ БІР ОРАСАН ЗОР МАҚСАТТЫ ҚОЛДАП-ҚУАТТАҒАН ОТАНДАСТАРЫМНЫҢ БӘРІНЕ ДЕ АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ»


Болашақ елордамыздың бас жоспары ашық өткізілген халықаралық байқаудың нәтижесінде бекітілді. Оған ұзын-ырғасы 47 жоба қатысты, жоба авторларының ішінде әлемге аты мәлім қала салушы шеберлер де болды. Басым дауыспен әйгілі жапон сәулетшісі Кисё Курокаваның жобасы озып шықты. Ол болашақ Астананың келбеті үшін Шығыс мәдениетін батыс өркениеті жауһарларымен байыта түсер, көне мен жаңа өзара жарасым табар, қала кеңістігіндегі заманауи құрылыс үлгілерін мәңгі өзгермес табиғи ландшафтпен жымдастырып жіберер айрықша шешім ұсынды.


Жоба қабылданды, бірақ жапон сәулет өнері кемеңгерінің ойы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, келешекке қол созған еліміздің арман-мұратына әлі де сай келмей жатқандай, қиялдағы көрініске дөп келмей тұрғандай еді.

Елбасы өз тарапынан ауқымды қала құрылысының барлық ұсақ-түйегіне дейін мән беруге тырысты – ғимараттардың идеясын, олардың мақсатты сәулеттік тұжырымдамасын ұсынды, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады, нысандарды үнемі аралап жүріп, ештеңенің де ескерусіз қалмауын қадағалады.

III БӨЛІМ. 2.ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘЖІНІҢ ЖАҚҰТЫ

Ұлы Дала Елінің бас қаласы




АҚОРДА КҮМБЕЗІНДЕГІ АЛТЫН ҚЫРАН, ҚАЗАҚ ЕЛІ МОНУМЕНТІНІҢ БАСЫНДАҒЫ КИЕЛІ САМҰРЫҚ ҚҰС, ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҮЙІНІҢ СҰЛБАСЫН ЕСКЕ ТҮСІРЕТІН ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ ЖӘНЕ, КӨНЕ АҢЫЗДАРҒА АРҚАУ БОЛҒАН БӘЙТЕРЕК – АСТАНАНЫҢ ОСЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КӨПТЕГЕН КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ МИФОЛОГИЯМЕН, ХАЛЫҚТЫҢ ТАРИХИ ЖАДЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ.

ҰЛЫ ТАРИХИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ ЕСІМДЕРІНСІЗ АСТАНА ТОПОНИМИКАСЫН КӨЗГЕ ЕЛЕСТЕТУ МҮМКІН ЕМЕС. ОНЫҢ КӨШЕЛЕРІНДЕ ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАРИХЫ ЕЖЕЛГІ ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ МҮСІН-ТҰЛҒАЛАРЫНДА, АҢЫЗ ҚАҺАРМАНДАРЫНДА, ТОТЕМДІК ЖАН-ЖАНУАРЛАРДЫҢ БЕЙНЕСІНДЕ ҚАЙТА ТІРІЛГЕНДЕЙ БОЛАДЫ. 

АСТАНАНЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІ САН ТҮРЛІ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ МЕКЕНДЕЙТІН ҚАЛАНЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ БОЛМЫСЫНАН ХАБАР БЕРЕДІ, ШАҺАРДЫҢ ЖАЙ МЕХАНИКАЛЫҚ БІРІГУ ЖОЛЫМЕН ЕМЕС, ДҮНИЕНІҢ ТӨРТ ҚҰБЫЛАСЫ – БАТЫС ПЕН ШЫҒЫС, СОЛТҮСТІК ПЕН ОҢТҮСТІК МӘДЕНИЕТТЕРІНІҢ ҮЙЛЕСІМІНЕН ТУҒАНЫН АЙҒАҚТАЙДЫ. 


ЖАҢА АСТАНАНЫҢ БАСТЫ КӨРІКТІ СӘУЛЕТ ҒИМАРАТТАРЫ


Қазақ Елі

2009 жылы «Қазақ елі» сәулет кешені салтанатты түрде бой көтерді. Ұшар басына жеңімпаз Самұрық құс келіп қонған, көкке ұмтылған маңғаз мұнара Қазақстанның бүгінгі келбеті мен ертеңгі күнін бейнелейді. Осынау ғаламат кешен қазақ жазирасының кеңдігінен, ұшы-қиыры жоқ дала тұрғындарының дарқандығынан хабар береді. 

Қазақ елі монументінің негізінде қазіргі заманғы Қазақстан тарихының жарқын беттерін ашатын айшықты бедер жатыр. Сонымен қатар, монумент Еуразия кіндігінде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенін паш етіп тұр.  

"АҚОРДА"

2014 жылдың 24 желтоқсанында тұсауы кесіліп, Ақорда деген атауға ие болған ел Президентінің ресми резиденциясы үш жылдан астам уақытта салынып бітті.

Көк түсті күмбезбен көмкерілген көрікті ғимарат өзінің классикалық сұлулығымен атам заманғы айбынды сарайларды еске түсіреді және дүние жүзіндегі президент резиденцияларының ең көркем «ондығына» еркін енеді. 

Ғимарат Астана сәулет кешенінің күретамыры іспетті түзу сызықтың дәл ортасында орналасқан «Хан Шатыр» – «Бәйтерек» – «Ақорда» – «Бейбітшілік және келісім сарайы» – «Қазақ елі»... Кешеннің сәулеттік кескінінде Ұлы дала дәстүрлерімен сабақтастық идеясы, сондай-ақ еуразиялық мәдениетті, толеранттылықты алға шығару мақсаты мен қуатты Қазақстан мемлекетін қалыптастыру ниеті өзара тоғысып жатыр.

«ҚАЗАҚСТАН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫ

Елорданың ең ерекше ғимараттарының бірі – «Қазақстан» концерт залы. Итальян сәулетшісі Манфреди Николеттидің жобасы 2010 жылы Ақорданың маңынан орын тепті. Оның сыртқы сұлбасы енді ашылып келе жатқан дала гүлін көзге елестетеді. Бұл – италиялықтардың елорда құрылысындағы жалғыз қолтаңбасы емес. Ренато Аркетти қазіргі заманғы әлемдік сәулет өнерінің үздік жауһарларынан еш кем түспейтін «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратын салды (2013 жылдың маусым айында ашылды).

«НҰР-АСТАНА» МЕШІТІ

Сол жағалаудың салтанатты реңкіне сән үстей түскен сәулетті ғимарат – ақшаңқан қабырғалары мен алтын күмбезі көз қарықтыратын «Нұр-Астана» мешіті (2005 жылы салынған).

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ

2008 жылы Тәуелсіздік алаңында Әзірет Сұлтан мешітінің құрылысы басталды. Төрт жылға созылған жұмыс тура Астана күнінде – 2012 жылдың 6 шілдесінде аяқталды.

ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ

Он жылдан астам уақыттан бері әлемдік деңгейдегі зор оқиғалардың куәсі болып келе жатқан Тәуелсіздік сарайының өн бойынан келісті сәулеттік шешім мен ішкі функционалды жан-жақтылық өзара жарасым тапқан.

БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫ

2006 жылы күллі әлемге мәшһүр британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасы бойынша салынған, биіктігі 62 метрге жететін алып ғимарат – Бейбітшілік және келісім сарайы Астананың мәдени өмірінің нағыз орталығына айналды. Оның ішіне кітапхана, музей, тіпті театр да сыйып кеткен. Түрлі елдердің дін қайраткерлері өздерінің дәстүрлі кездесулерін өткізу үшін осы Бейбітшілік және келісім сарайын таңдайды.

"ХАН ШАТЫР"

Н.Фостер Астанада бұдан басқа тағы бір бірегей жобаны жүзеге асырды – 2010 жылдың шілдесінде ашылған алып күмбезі бейнесіндегі «Хан Шатыр» архитектуралық ансамблі.

НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ

Н.Фостер Астанада салған екінші ғимарат – пішіні аса зор көз ұясына ұқсайтын Назарбаев орталығының ғимараты (2013 жылдың желтоқсан айында ашылды).

МАҚСАТТЫ ТҮРДЕ ІЛГЕРІЛЕЙ БЕРУІМІЗ ҮШІН БІЗ ҚАЛАНЫҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ КЕСКІН-КЕЛБЕТІ МЕН БЕТ-БЕЙНЕСІ ҚАЛАЙ БОЛАРЫН АНЫҚТАП АЛУЫМЫЗ КЕРЕК

Астананы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясында бұл бейне ұсақ-түйегіне дейін нақтыланып, тәптіштей баяндалған. Қаланың тұрақты дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында өршіл мақсаттар мен оларды іске асыру жолдарының, сондай-ақ өз мүмкіндіктеріміздің арасындағы қисынды теңгерімге қол жеткізілген.  

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«БІРДЕ ИНДОНЕЗИЯҒА БАРҒАНДА, МЕН СОЛ ЕЛДІҢ ТҰТАС МИНИ-КАРТАСЫН КӨРДІМ. АСТАНАҒА ОРАЛҒАН СОҢ, ҚАЛА БАСШЫЛЫҒЫНА СОНЫҢ ҚАЗАҚЫ НҰСҚАСЫН – «АТАМЕКЕН» ЭТНО-САЯБАҒЫН САЛУДЫ ТАПСЫРДЫМ. ЕНДІ ЖАҢА АСТАНАМЫЗДЫҢ ОРТАЛЫҒЫНАН НАЗАР САЛҒАН ЖАНДЫ ӨТЕ КЕРЕМЕТ ӘСЕРГЕ БӨЛЕЙТІН ТҰТАС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАҒЫН КЕЛБЕТІН КӨРУГЕ БОЛАДЫ. БҰЛ ЖЕРДЕ МЕН «ӨЗ БОЙЫНА БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫ СЫЙДЫРҒАН АСТАНА» ДЕГЕН ТҰСПАЛДЫ БЕКЕРДЕН-БЕКЕР ҚОЛДАНЫП ОТЫРҒАН ЖОҚПЫН. БІЗ АСТАНАНЫ ӘЙТЕУІР АУЫСТЫРУ ҮШІН ҒАНА АУЫСТЫРА САЛҒАН ЖОҚПЫЗ, БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ ҮШІН КӨШІРДІК» 


III БӨЛІМ. 2.ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘЖІНІҢ ЖАҚҰТЫ

Астана: қазақстандықтардың кеңейген көкжиегі



2000 ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДА ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК БИЗНЕС АСТАНА ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖҮЗДЕГЕН МИЛЛИОН ДОЛЛАР ИНВЕСТИЦИЯ САЛДЫ


2007 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ АСТАНАНЫ САЛУҒА ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУҒА:

отандық компания мен

400


өнеркәсіп кәсіпорны атсалысты

100


құйылған инвестиция көлемі

$ 5 млрд 


ЖАҢА АСТАНАНЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ, ЕҢ АЛДЫМЕН, КӨРШІ ОБЛЫСТАРДАН СЕЗІЛЕ БАСТАДЫ – БҰЛ ӨҢІРЛЕРДЕГІ АДАМДАРДЫҢ ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІ КҮРТ АРТТЫ.

Елдің бас қаласымен және оның құрылымдарымен бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі өңірдегі кәсіпорындарды оңтайлы бизнес-үлгі іздеуге жетеледі. Біреулер Астананың құрылыс индустриасымен өзара байланыс орнатса, екіншілер елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытындағы шараларға қатыса бастады, үшіншілер демалыс орындарын және туризмді дамыту саласына басымдық бергенді жөн көрді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ
«Урбанизация тәжірибесін зерттей келе, менің байқағаным: ірі қалалар мен астаналар экономикасының құрылымы өзгергенде олармен серіктес-қалалардың да, жақын маңдағы шаһарлардың да экономикасының құрылымы түбегейлі өзгеріп кетеді екен. Біздің елімізде де солай болды»

ТЕК КӘСІПОРЫНДАР ҒАНА ЕМЕС, ЖЕКЕЛЕГЕН АДАМДАР ДА ӨЗ ҚАБІЛЕТ-ҚАРЫМЫН БАЙҚАП КӨРУ ҮШІН, КӘСІБИ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ӨСУ ҮШІН ЖАҢА МЕГАПОЛИСКЕ ҮМІТ АРТА БАСТАДЫ. 

Мұның өзі жаңа мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында мыңдаған адамдардың елордаға ағылуына ұласты. Көші-қон қарқынының қандай екенін мына статистикаға қарап білуге болады: 2000 жылдан 2013 жылға дейін Астана тұрғындарының саны 300 мыңнан 800 мыңға дейін, яғни екі еседен артық өсті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«ҚАЗІР БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ҮДЕРІСІНЕ ІЛЕСТІ. БҰҒАН АСТАНАНЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ АЗ ЫҚПАЛ ЕТКЕН ЖОҚ, МЕНІҢ ОҒАН СЕНІМІМ КӘМІЛ. ШЕТІ-ШЕГІ ЖОҚ ҰЗАҚ ЖОЛДЫҢ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӘНЕ ӨРЛЕУ ЖОЛЫНЫҢ БАСТАУЫ ДА ОСЫ. АЛАТАУДЫҢ ҚАРЛЫ БӨКТЕРІНЕН ЕСІЛ ЖАҒАЛАУЫНА КӨШІП, ҰШЫ-ҚИЫРСЫЗ ҰЛАН-ҒАЙЫР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫН АЙҚЫНДАП ОТЫРҒАН АСТАНАНЫҢ ДАМУ ЖОЛЫ ДА СОЛ»


АСТАНА ЕЛДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІМЕН ЖӘНЕ КҮЛЛІ ӘЛЕММЕН АВТОМОБИЛЬ, ӘУЕ ЖӘНЕ ТЕМІР ЖОЛДАРЫ ЖЕЛІСІ АРҚЫЛЫ САБАҚТАСА БАЙЛАНЫСҚАН. БҰЛ – ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ КӨЛІК ТОРАБЫ.  

III БӨЛІМ. 2.ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘЖІНІҢ ЖАҚҰТЫ

Бас қала – бақорда: Астананың ХХІ ғасырдағы миссиясы



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«АСТАНА АРҚЫЛЫ БІЗ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖЕР-ЖАҺАНҒА ТАНЫТТЫҚ. АЛАЙДА БҰЛ ҚАЛАНЫ БІЗ, ЕҢ АЛДЫМЕН, ӨЗІМІЗ ҮШІН, ӨЗ ОТАНЫМЫЗ ҮШІН ЖАҢАДАН АШҚАНДАЙ БОЛЫП ОТЫРМЫЗ. АСТАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БҰЛ КЕЗЕҢДЕ БҮКІЛ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІКТЕГІ ЕҢ АУҚЫМДЫ МЕГАЖОБАҒА АЙНАЛЫП, ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУЕТІН ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛЕДІ. БҮГІНДЕ АСТАНА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРИХЫНЫҢ ЖҮРЕГІ»


Астананы мысалға ала отырып, тұтас мемлекетіміздің даму барысын бажайлауға болады. ХХІ ғасырда Астана Орталық Азияның саяси өмірінде маңызды орын алатын қалаға айналды, оның аймақтағы процестерге әсер-ықпалы барған сайын күшейе түсуде.

©️ 10.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА