РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЖҰМЫЛУ

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАЛАР

IV БӨЛІМ. 2.РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЖҰМЫЛУ

Бес институционалдық реформа




IV БӨЛІМ. 2.РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЖҰМЫЛУ

Сындарлы жаһандық кезеңдегі Президент сайлауы




2015 ЖЫЛ ӨЗГЕ КӨПТЕГЕН ЕЛДЕР ТӘРІЗДІ, ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ҚИЫНДЫҚТАРЫН АЛА КЕЛДІ

Мұнай бағасының құлдырауы одан әрі жалғасты, әр баррельдің құны 40 доллардан төмен түсті. Осының салдарынан бюджетке экспорттық түсімдер күрт азайды. Ұлғайып келе жатқан геосаяси дағдарыс қауіпті тәуекелдерімен қолайсыздық тудырды.

2015 жылдың 14 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясы президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама көтерді

16 АҚПАНДА ҚХА-НЫҢ БАСТАМАСЫНА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ


КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ӨЗІНІҢ ҚАУЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ӨТКІЗУГЕ ЕШ КЕДЕРГІ ЖОҚ ЕКЕНІН РАСТАДЫ

«2015 жылдың 31 наурызында менің «Ұлт жоспары: бес институционалдық реформа» сайлауалды бағдарламам жарияланды. Біздің сайлау штабының құрамына бес саяси партия атынан қоғам қайраткерлері және саяси тұлғалар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, танымал спортшылар кіріп, сенімді өкіл болды. Әлеуметтік желілердің белсенді түрде қолданылуы – 2015 жылғы сайлауалды науқанның жарқын ерекшелігінің бірі», - Нұрсұлтан Назарбаев.

IV БӨЛІМ. 2.РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЖҰМЫЛУ

Ұлт жоспары: жалпыұлттық мақсатқа 100 қадам



2015 ЖЫЛ ТҰТАСЫМЕН, СӘУІРДЕГІ САЙЛАУЛАРДАН БАСТАП, «ҰЛТ ЖОСПАРЫ: 100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ДЕГЕН АТПЕН БІРІКТІРІЛГЕН БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМА БЕЛГІСІМЕН ӨТТІ.

Бұл жоспар бүкіл мемлекеттік машинаны, қоғамдық институттар мен барлық қазақстандықтарды 2050 стратегиясында белгіленген мақсаттарға жүйелі түрде қол жеткізуге жұмылдырды. Бұл – жаңа міндеттермен топтасқан барлық ұлттар үшін шын мәніндегі Бас жоспарға айналды.

«БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША 100 НАҚТЫ ҚАДАМ» АТТЫ ҰЛТ ЖОСПАРЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ОСЫ 2015 ЖЫЛДЫҢ 20 МАМЫРЫНДА ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Ұлт жоспарының бекітілуі Қазақстанның реформаларды Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес жүргізіп отырғанын білдірді. Бұл – ЭЫДҰ-ға кіруге жасалған ширақ қадам еді. Шетелдік саясаткерлер мен сарапшыларға «100 қадамның» нақтылығы ерекше әсер етті.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттің, экономика мен қоғамның дамуына түбегейлі жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді

Бірінші реформа – заманға сай мемлекеттік аппарат құру аясында – 2015 жылдың қазан айында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң қабылданды 

Екінші реформаны – заңның үстемдік құруын, құқық тәртібін және заңдылық аясын жүзеге асыру барысында әділсот төрелігі жүйесі жетілдірілді

Үшінші реформа – индустриаландыру және экономикалық өсім аясында – экономикадағы бюрократиялық келеңсіздіктерді болдырмаудың жаңа шарттары жасалды және Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру басталды 

Төртінші реформа – бірегейлік пен тұтастық аясында – азаматтық сана-сезімді нығайту бойынша жұмыс өз жалғасын тапты 

Бесінші реформа – ашық сипатты және есеп беретін мемлекетті қалыптастыру аясында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылды, мемлекеттік органдар қызметіне баға берудің жаңа жүйесі енгізіле бастады, «Қоғамдық кеңестер туралы» заң қабылданды

IV БӨЛІМ. 2.РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЖҰМЫЛУ

2016 жылғы Парламент сайлауы. Реформалар парламенті



Мемлекеттік дамудың жаңа кезеңінде Парламент жаңғыртудың мүлтіксіз құқықтық базасын қамтамасыз етуге, дағдарысқа қарсы экономикалық саясаттың маңызды міндеттерін жедел шешуге және алдағы жылдардағы институционалды дамудың жолын нақтылап беретін стратегиялық заңдарды дер кезінде қабылдауға тиіс болды 

Депутаттық өкілеттіліктердің мерзімі аяқталатын 2016 жылдың соңын күту қисынсыз еді: Парламент сайлауын уақыт оздырмай, мәслихаттардың сайлауымен бірге өткізу – уақыт талабы болатын

МӘЖІЛІСТІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ 2016 ЖЫЛҒЫ 20 НАУРЫЗҒА БЕЛГІЛЕНДІ

«Нұр Отан» партиясының жоғары қоғамдық беделі оның сөзсіз жеңісін болжауға мүмкіндік берді, дауыс берушілердің 82,2 проценті бұл болжамның дұрыстығын растап шықты. Мәслихаттар сайлауы да осындай нәтижемен аяқталды. 2016 жылғы Парламент сайлауы – демократиялық құндылықтарды құрметтейтін Қазақстан халқы қаншалықты біртұтас екенін дәлелдеді.

IV БӨЛІМ. 2.РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЖҰМЫЛУ

Ұлт жоспарын жүйелі орындау



«Бес реформаның әрқайсысын жүзеге асыру менің жеке бақылауымда болады. 2017 жылдың 25 тамызында Жаңғыру бойынша ұлттық комиссияның қызметіне байланысты жиналыс өтті, онда мен Ұлт жоспарының аса маңызды аспектілеріне назар аударттым және биліктің барлық тармақтары алдына нақты тапсырмалар қойдым», - Нұрсұлтан Назарбаев.

©️ 17.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА