ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛ

ЖАҢА БАҒДАР. «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ

IV БӨЛІМ. 1.ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛ

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің стратегиясы



2030 СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Қазақстан озық шығып, әлемдегі экономикасы ең дамыған елу елдің қатарына енді. Тәуелсіздіктің екінші онжылдығы аяқталып, оның үшінші онжылдығының жаңа тарихы басталды. Жеңіспен жігерленген қоғамға жаңа биіктіктерді бағындыру үшін айқын бағыт қажет болды.

ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында әлем жаңа, бұрынғыға мүлде ұқсамайтын, тұрақсыздық дәуіріне қадам басты және түбегейлі өзгерістерге ұшырай бастады

Саяси қақтығыстар, төңкерістер, соғыстар және террористік актілер планетаны аяусыз азаптады. Қалыпты дүние құрылымы көз алдымызда күйреп түсті, жаңа жаһандық ахуал салтанат құрды. Осынау мың құбыла жүйткіген бүкіл әлемдік ортада жеңіске жеткізетін – тек қана жеделдете оза даму стратегиясы және жаңа ұлттық уақыт өлшеміне ұмтылыс болары анық.

IV БӨЛІМ. 1.ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛ

Жаңа бағыт–2050: озық отыз елдің қатарына қосылу



«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫНДА ЕЛІМІЗДІ БҰДАН ӘРІ ДАМЫТУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМ БАҒЫТЫ АНЫҚТАЛҒАН

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ – ПАЙДА ТАБУ, ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕН ҚАЙТАРЫМ АЛУ ПРИНЦИПІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ПРАГМАТИЗМ


КӘСІПКЕРЛІКТІ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖЕТЕКШІ КҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЖАҢА ҚАҒИДАТТАРЫ – ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

БІЛІМ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ, КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЫ

МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ

ДӘЙЕКТІ СЫРТҚЫ САЯСАТ – ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ІЛГЕРІЛЕТУ МЕН АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – БІЗДІҢ КӨПҰЛТТЫ ЖӘНЕ КӨПКОНФЕССИЯЛЫ ҚОҒАМЫМЫЗ ТАБЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ ЕЛІМІЗДІ БІРЕГЕЙ АСА СЕЗІМТАЛ «ОПТИКАМЕН» ҚАРУЛАНДЫРДЫ: ОЛ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ПЕРСПЕКТИВАҒА ЖОСПАРЛАУ ҮШІН АЛЫС МАҚСАТТАРДЫ НАЗАРДА ҰСТАУҒА, АЛ ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА – ЖЕДЕЛ ТҮЗЕТУ ЕНГІЗУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. ӨЙТКЕНІ ӨМІР КҮТПЕГЕН БҰРАЛАҢДАРҒА ТОЛЫ ЖӘНЕ ОНДАЙ ЖАҒДАЙЛАР БІЗДІ ҚАПЫ ҚАЛДЫРМАУЫ ТИІС

IV БӨЛІМ. 1.ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛ

2014 жылғы Жолдау: әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіру жоспары



ТАБЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ӨЛШЕМІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫНА (ЭЫДҰ) КІРЕТІН, ӘЛЕМДІК ІЖӨ-НІҢ 60 ПРОЦЕНТТЕН АСТАМЫН ӨНДІРІП ОТЫРҒАН 34 МЕМЛЕКЕТТІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ АЙҒАҚТАЙДЫ

ЭЫДҰ СТАНДАРТТАРЫ БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ДЕ БАҒДАРЫНА АЙНАЛДЫ  

Сандар тілімен айтқанда, бұл мынаны білдіреді: ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсімі 4%-тен кем емес, ІЖӨ қуат сыйымдылығының төмендеуі екі есе, инвестиция көлемінің ұлғаюы ІЖӨ-нің 18-ден 30 процентіне дейін; шикізат емес экспорттың үлесі – экспорттың жалпы көлемінің 70 процентіне дейін, ғылымды қаржыландырудың өсуі ІЖӨ-нің 3 процентіне дейін, еңбек өнімділігінің бес есе өсуі, ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесінің артуы 20-дан 50 процентке дейін. Осы сандар арқылы «Қазақстан-2050» стратегиясы шынайы сипатқа ие болды.

IV БӨЛІМ. 1.ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛ

2014–2015 жылдардағы экономикалық дағдарыс: жаңа жаһандық ахуал



2014–2015 ЖЫЛДАРЫ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖАҒДАЙ БІР МЕЗГІЛДЕГІ КӨПТЕГЕН ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІНЕН КҮРТ НАШАРЛАДЫ

ЖАҺАНДЫҚ ӘСКЕРИ-САЯСИ ШИЕЛЕНІСТІҢ ӨСУІ БҮКІЛ ҚАЛЫПТАСҚАН ӘЛЕМДІК ТӘРТІПКЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕ БАСТАДЫ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ АРТУЫНА, САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРҒА АПАРЫП СОҚТЫ

Энергетикалық нарық сапалық тұрғыда өзгерді: баламалы энергетиканың дамуы және газ бен мұнай өндіру технологиясының өзгеруіне байланысты пайда болған «тақтатас революциясы» мұнай бағасының төмендеуіне және америкалық мұнай импортының қысқаруына алып келді. Жаппай терроризм, экстремизм және зорлық-зомбылықты әдіс еткен жаңа жүйесіз күштер бас көтере бастады

Кәсіпкерлер табанды түрде ұлттық валютаны құнсыздандыруға шақыра бастады 

Олардың талабын ескере отырып, 2015 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңге бағамының еркін айналымына көшу туралы шешім қабылдады

 

БҰЛ ШАРАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ТИГЕН ЗАРДАПТАРЫН ЖҰМСАРТУҒА ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКТЕГІ ТЕҢГЕМЕН АШЫЛҒАН ДЕПОЗИТТЕРІНЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАРЛЫҒЫ МҮМКІНДІК БЕРДІ – МҰНЫ 1,7 МИЛЛИОН АДАМ, ЯҒНИ САЛЫМШЫЛАРДЫҢ 80 ПРОЦЕНТІ ПАЙДАЛАНДЫ

 

СОНДАЙ-АҚ «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС» ЖИНАҚ БАНКІСІНІҢ ИПОТЕКАЛЫҚ САЛЫМШЫЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН ӨТЕМАҚЫ ТЕТІГІ ЖАСАЛДЫ. НӘТИЖЕСІНДЕ, ТЕҢГЕНІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫНАН ТУЫНДАҒАН КЕРІ ӘСЕР БАРЫНША АЗАЙТЫЛДЫ, АЛ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖОҒАРЫЛАДЫ

 

IV БӨЛІМ. 1.ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛ

«Нұрлы жол»: 2014 жылғы Жолдау



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«2014 ЖЫЛДЫҢ 11 ҚАРАШАСЫНДА МЕН «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫМДЫ ЖАСАДЫМ. МҰНДА ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЕЛЕУЛІ ҚИЫНДЫҚТАРЫ ҮДЕЙ ТҮСКЕН ГЕОСАЯСИ ШИЕЛЕНІС ПЕН ЖЕТЕКШІ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ ӨЗАРА САНКЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНАН ТУЫНДАҒАНЫ АЙТЫЛДЫ. МЕН ТАЯУДАҒЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ СЫНАҚТАРДЫҢ УАҚЫТЫ БОЛАТЫНЫН БІЛДІМ. ОНЫ ТЕК МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТЕР, ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР ҒАНА ЖЕҢЕ АЛАДЫ»

Жаһандық ахуал тудырған сын-қатерлер тиісті жауап талап етті және оны алды да: Тұңғыш Президент елдің инфрақұрылымдық дамуының ауқымды бесжылдық жоспарын – «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады.

IV БӨЛІМ. 1.ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛ

Жаңа жаһандық ахуал: 2015 жылғы Жолдау



2015 ЖЫЛЫ ТАМЫЗДА

Үкімет мұнайдың әр баррелі бағасының 20–30 долларға дейін төмендеуі жағдайындағы іс-әрекет нұсқаларын қарастырды. Бұл алдын-ала қамдану өзін ақтады: 2015 жылдың екінші жартысында мұнай бағасының құлдырай түсуіне қарамастан, дер кезінде қолданылған шаралар өнім өндіруді төмендетпеуге мүмкіндік берді.

2015 ЖЫЛЫ 30 ҚАРАШАДА «ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛДА» АТТЫ ЖОЛДАУ ХАЛЫҚ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ  

Әлемнің тез өзгеруде екендігі – оның негізгі тезисі болды. Жаңа жаһандық ахуалдағы әлемнің дамуы – әлемдік және аймақтық күш орталықтарының қатал бәсекелестік жағдайында өтетін болады. Сондықтан да жаңа жаһандық ахуалдағы барлық сын-қатерлерге біз үш қарапайым, бірақ маңызды ұғымға – өсім, реформа, дамуға негізделген, дағдарысқа қарсы өз стратегиямызды қарсы қойдық.

«ЖАҢА АХУАЛДА ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫСҚА ТЕК ӘРТАРАПТАНДЫРЫЛҒАН ЭКОНОМИКА ҒАНА ҚАРСЫ ТҰРА АЛАДЫ. ДЕМЕК, ТЕҢГЕ БАҒАМЫНЫҢ ЕРКІН АЙНАЛЫМЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ САЛАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ЫНТАЛАНДЫРУ ҮШІН ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП, БЕЛСЕНДІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТҚА КӨШУ КЕРЕК. ЕГЕР БҰЛ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛСЕ, 2020-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТАСЫНА ҚАРАЙ БІЗ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМДІ 5 ПРОЦЕНТТІК ДЕҢГЕЙГЕ, ӨҢДЕУШІ ӨНЕРКӘСІП ЭКСПОРТЫН ЕКІ ЕСЕГЕ (ЖЫЛЫНА 30 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ДЕЙІН), ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ӨСІМІН ЖЫЛ САЙЫН 10 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ӨСІРЕ ОТЫРЫП, 100 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ДЕЙІН ЖЕТКІЗЕМІЗ, 660 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРЫП, ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН ЕКІ ЕСЕ АРТТЫРАМЫЗ»

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

©️ 17.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА