КӨПКЕ МӘЛІМ КӨПВЕКТОРЛЫҒЫМЫЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

2 бөлім. 7.КӨПКЕ МӘЛІМ КӨПВЕКТОРЛЫҒЫМЫЗ

СЫРТҚЫ САЯСАТ: ҚАЗАҚСТАН БЕДЕЛІН АРТТЫРҒАН БАҒДАР



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ, АЗ УАҚЫТ ІШІНДЕ ҮЛКЕН БЕДЕЛГЕ ИЕ БОЛУЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНДЕРІНЕН БАСТАП ДӘЙЕКТІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕ ЖАТҚАН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ


1990-шы жылдардың басында әлемдік қауымдастық елімізге де, еліміздің ұстанған бағыт-бағдарына да айтарлықтай көңіл қоймаған болса, ғасырлар тоғысында бұл көзқарас түбегейлі өзгерді

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУҚЫМДАҒЫ ҚАНДАЙ ДА БІР МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНҒАН БАСҚОСУЛАРДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ТАМЫРЫН ТАП БАСЫП, МӘСЕЛЕНІҢ БАЙЫБЫНА ТЕРЕҢ БОЙЛАЙТЫН ЕЛБАСЫНЫҢ ПІКІРІ АЙРЫҚША НАЗАРҒА АЛЫНАТЫН БОЛДЫ.

Қазақстанның халықаралық бастамалары қағазда ғана қалып қоймай, бүкіл әлемдік қауымдастықтың қолдауына ие болуы – осының айқын мысалы.
 

2 БӨЛІМ. 7.КӨПКЕ МӘЛІМ КӨПВЕКТОРЛЫҒЫМЫЗ

АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ КЕҢЕСІНЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢ АУҚЫМДЫ СЫРТҚЫ САЯСИ ЖОБАЛАРЫНЫҢ БІРІ – АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІ (АӨСШК) – МЕН ҰЖЫМДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ, БҮКІЛ АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ПРЕВЕНТИВТІ ДИПЛОМАТИЯ МЕХАНИЗМІ РЕТІНДЕ ОЙЛАСТЫРҒАН БОЛАТЫНМЫН

ЖАСЫРАТЫНЫ ЖОҚ, АӨСШК ЕҚЫҰ-НЫҢ АЗИЯЛЫҚ БАЛАМАСЫ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ЕДІ

МҰНДА ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БАР, ӨЙТКЕНІ АӨСШК-НІҢ ЖИЫРМА ЕКІ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ ОНЫ – ЕҚЫҰ-НЫҢ МҮШЕЛЕРІ НЕМЕСЕ ОНЫҢ АЗИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРІ. СОНДЫҚТАН ОСЫ ЕКІ ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БІР-БІРІН ӨЗАРА ТОЛЫҚТЫРУ ЫҚТИМАЛДЫҒЫ БАР ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ

2 БӨЛІМ. 7.КӨПКЕ МӘЛІМ КӨПВЕКТОРЛЫҒЫМЫЗ

ҚАЗАҚСТАН «ШАНХАЙ БЕСТІГІНДЕ»



1990-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДА «ШАНХАЙ БЕСТІГІ» ЕЛДЕРІ: ҚЫТАЙ, РЕСЕЙ, ҚЫРҒЫЗСТАН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАНМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ОРНЫ ЕРЕКШЕ БОЛДЫ.

1996 ЖЫЛДЫҢ 26 СӘУІРІНДЕ ШАНХАЙДА БЕС МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСШЫСЫ ОРТАҚ ШЕКАРА АУДАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ.

КСРО мен ҚХР арасында екі елдің де Қарулы күштерін қысқартып, кеңес-қытай шекарасындағы сенімді нығайту жөніндегі келіссөздер 1980- шы жылдардың басында-ақ басталған.

Алматыдағы кездесуге қатысушылар өздерінің Бірлескен мәлімдемесінде бес елдің арасындағы татулық, достық және ынтымақтастықты бүкіл Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің және дамудың факторына айналдыруға дайын екендерін білдірді. 

ОСЫ СӘТТЕН БАСТАП ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ АЙНАЛЫМДА «ШАНХАЙ БЕСТІГІ» ДЕГЕН ӘУЕЗДІ ТІРКЕС ОРНЫҚТЫ. БОЛАШАҚ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ СҰЛБАСЫ ЕНДІ АЙҚЫН КӨРІНЕ БАСТАДЫ.


2 БӨЛІМ. 7.КӨПКЕ МӘЛІМ КӨПВЕКТОРЛЫҒЫМЫЗ

ИКҰ, ЭЫҰ, НАТО. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР



1995 ЖЫЛДЫҢ 12 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ҚАЗАҚСТАН ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫ НЫҢ (ИКҰ) ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫ МҮШЕСІ АТАНДЫ.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИКҰ ЖҰМЫСЫНА АТСАЛЫСУЫ МЕН ЕЛІМІЗДІҢ МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ БЕЙНЕСІ ИСЛАМ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫМЫЗДЫ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУЫМЫЗДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ТАҒЫ БІР БЕДЕЛДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУТ – ІШІНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ, ОРТА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫСТЫҢ БІРНЕШЕ ЕЛІ МЕН ТЕГЕРАНДАҒЫ ЭЫҰ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ШТАБ-ПӘТЕРІ ҚОСА КІРЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ (ЭЫҰ) ДА ЖҰМЫСЫНА БЕЛСЕНЕ АРАЛАСТЫ

КӨПВЕКТОРЛЫҚ ҰСТАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АЗИЯЛЫҚ ҚАНА ЕМЕС, ЕУРОПАЛЫҚ БАҒЫТТА ДА БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ІСТЕДІ

Мұнда ел – қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті іс-қимылдар жасалды, атап айтқанда, 1996 жылдың шілдесінде НАТО-мен Қазақстан Қарулы күштерінің – Солтүстік Атлантика ұйымының әскери оқуларына, сондай-ақ жанжалды жағдайларды реттеу мақсатында жүргізетін операцияларға қатысуын реттейтін маңызды келісімге қол қойды

2 БӨЛІМ. 7.КӨПКЕ МӘЛІМ КӨПВЕКТОРЛЫҒЫМЫЗ

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАҢА ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР. КЕДЕН ОДАҒЫ



1990-Шы Жылдардың Екінші Жартысында

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) көптеген объективті себептерге байланысты қиын кездерді бастан өткеріп жатты. Толыққанды экономикалық қоғамдастық сол күйі құрылған жоқ, мемлекетаралық механизмдер іркіліспен жұмыс істеді, қабылданған шешімдер көбінесе орындалған жоқ. 1998 жылы ТМД-ны реформалау жөніндегі талпыныс, өкінішке қарай, жүзеге аспады.

2 БӨЛІМ. 7.КӨПКЕ МӘЛІМ КӨПВЕКТОРЛЫҒЫМЫЗ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ІРІ МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫДЫ

Уақыт сынынан өткен Ресеймен байланысымыз әлсіреген жоқ. Уақыт өткен сайын Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының ауқымы кеңейіп, жаңа сапалық деңгейге көтерілді.

1996 ЖЫЛДЫҢ СӘУІРІНДЕ

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Борис Ельцин бірлескен Декларацияға қол қойды. Ол құжатта екіжақты ынтымақтастықтың жетістіктері ғана емес, жуық арадағы ортақ міндет – Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі келіссөздерге жаңа серпін беру, «Байқоңыр» ғарыш айлағының тағдырын шешу, Теңіз кен орнынан Новороссийкіге дейін созылатын мұнай құбырын салуға кірісу жайы да нақтыланды.

ТЕҢІЗ ТҮБІН МЕЖЕЛЕУ БОЙЫНША РЕСЕЙДІҢ ПІКІРІ БАСҚАША БОЛАТЫН, АЛАЙДА ЕЛБАСЫ БОРИС ЕЛЬЦИНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ КАСПИЙ БОЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІНЕ САЙ КЕЛЕТІНІНЕ, СОНЫҢ АРҚАСЫНДА, АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ӨҢДЕУ ЖЕҢІЛДЕЙ ТҮСЕТІНІНЕ СЕНДІРЕ БІЛДІ

1990 ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАҒЫ БІР ҰЛЫ КӨРШІСІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ӘРІПТЕСІ – ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ КЕЗЕҢ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ МҮДДЕЛЕРІ АЯСЫНДА ІРІ ЕУРОПАЛЫҚ ЕЛДЕР ДЕ БОЛДЫ

1997 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАШАСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН ГЕРМАНИЯМЕН АРАДАҒЫ КЕЛІСІМ, НЕГІЗІНЕН, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ БОЛДЫ

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бес жылдың ішінде (1995 жылдан 1999 жылға дейін) әртүрлі уақыттарда болған француз көшбасшысы Жак Ширакпен алты кездесуі Қазақстан мен Францияның көптеген мәселелерде келісімге келуіне көмектесті. 1997 жылдың маусымындағы Ұлыбританияға сапарым қазақстандық және британдық бизнестің іскерлік ынтымақтастығына қол жеткізді. 1996 жылдың қыркүйегінде Түркиямен болған келісім екі елдің әскери саладағы тығыз қарым-қатынасының бастамасы болды және Қазақстанның қорғаныс қабілетінің нығая түсуіне айтарлықтай ықпал етті.

Америка Құрама Штаттары ерекше атап көрсеткендей, орталық азияда маңызды рөл атқарған Қазақстан осы аймақтағы тарихы тамырлас елдерге әрқашан достық пейілмен қарады

1997 ЖЫЛДЫҢ 8 СӘУІРІНДЕ

Қырғызстанмен Мәңгі достық жөніндегі келісім жасалды

1998 ЖЫЛДЫҢ 31 ҚАЗАНЫНДА

Өзбекстанмен Мәңгі достық жөніндегі келісім жасалды

1996 жылы

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Қарулы күштері аймақтық қауіпсіздік мәселелерін басшылыққа ала отырып, «Ортазбат» біріккен бітімгерлік батальонын құрды.

1997 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ

Қазақстан мен Өзбекстан аумағында осы аталған біріккен әскери бөлімшелерден бөлек, АҚШ, Ресей, Түркия мен Грузия армияларының әскери бөлімшелері қатысқан оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді.

©️ 09.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА