ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

ҚОҒАМ МЕН САЯСАТ

2 бөлім. 5.ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

Ішкі саясат: бейбітшілік пен келісімді нығайту




Халықтар арасындағы достық пен ұлттар арасындағы келісімнің қандай да бір ортақ «рецепті» болмайтынына жаһандық тарих көзімізді жеткізіп отыр. Бұғанасы қатпаған жас мемлекет сыртқы емес, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жұмыс істейтін ішкі саясат тетіктеріне мұқтаж болатын. 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ (ҚХА) ҚОҒАМДЫ ҰЙЫТЫП, ЭТНОСТАРДЫ ЖАҚЫНДАСТЫРЫП, ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛАТЫН ОСЫНДАЙ ТИІМДІ ТЕТІККЕ АЙНАЛДЫ.

Қазақстан 1996 жылдан бастап бірінші рет 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі мерекесі ретінде атап өте бастады

Бұрынғы бірінші мамыр дәстүрі жаңа қазақстандық мазмұнға ие болды.


31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Келісім саясатының маңызын ерекшелеу мақсатында 1997 жыл жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жария ланды. Сол жылы Қазақстан бірінші рет 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтті.

Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясында ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қоғамды біріктірудің негізгі бағыттары:

еліміздегі барша азаматтардың тең мүмкін- дігіне негізделген біртұтас азаматтықты дамытуға кепілдік жасау

ұзақмерзімдік болашақта саяси тұрақтылықты, сонымен қатар қоғамның бірігуін қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстанның қалыпта- суына жігерлі түрде атсалысу

ұлтара- лық алауыздық себептерін жою; барлық этностық топтардың тең құқылығын қамтамасыз ету

әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара сыйластықты, төзімділік пен сенімді күшейту

Қазақстандық үлгі «Әралуандықтан – бірлікке» ұйыстыру қағидатына негізделген.

Мәдени әралуандықты сақтап, оны көбейтуге мемлекеттің этностық тілдер мен мәдениеттерді қолдауға бағытталған бұлжымас саясаты көмектесіп отыр. Қазақстанның ұлттық саясаты халықаралық стандарттарға толығымен сай келеді. 

Қазақстан әуел бастан қай ұлттан шыққанына қарамастан, барша азаматтардың мүдделерін, құқы мен міндеттерін өзара үйлесімде ұстауға негізделген бағыт ұстанды. Ал оның ұстыны – алғашқы күннен елдегі ұлт аралық сенімнің бірегей үлгісін қалыптастырған қазақ халқының төзімділігі болды

2 БӨЛІМ. 5.ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер. Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту



1990-шы жылдардың алғашқы жартысында

үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), негізінен түрлі жобалардың жүзеге асырылуына гранттар ұсынған шетелдік қорлар арқылы қаржыландырылды

Мұндай тәсіл, өкінішке қарай, грант алушылардың жұмысты ұлттық мүдделермен әркез үйлесе бермейтін шетелдік мемлекеттердің мүддесіне сай жүргізуіне жол берді, сонымен бірге азаматтық сектордың дамуын тежеп тұрды.

2 БӨЛІМ. 5.ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

Бұқаралық ақпарат және байланыс құралдары



1990-шы жылдардың екінші жартысында бұқаралық ақпарат құралдарының нарығы тұрақталды

Жаңа басылымдар ашылды, ал кейбіреулері бәсекелестікке төтеп бере алмай, өз жұмысын тоқтатты, алайда олардың жалпы саны өзгеріссіз қалды деуге болады

2 БӨЛІМ. 5.ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

Демографиялық өсім: өзгеріс заңдылықтары



1990-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ СОҢЫНА ҚАРАЙ

Қазақстан тұрғындарының жалпы халық санының азаюы баяулады және осы игі өзгерістер жақын уақыттарда демографиялық өсім болатынын болжауға мүмкіндік берді

1990-шы жылдардың екінші жартысында ішкі көші-қон – ауылдан қалаға көшу де белең алды. 1990 жылы қалаға қоныс аударған ауылдықтардың саны шамамен 1,4 миллион адамға жетті. Әсіресе Алматы және Астана қалаларында үлкен өсім байқалды.

2 БӨЛІМ. 5.ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

Діни сенім: имандылықты күшейту



1990-шы жылдардың екінші жартысында дін мен рухани өмірдің белсенді түрде жаңғыруы жалғаса түсті

1995–1998 жылдар аралығында

Қазақстандағы діни бірлестіктердің саны екі есе дерлік – 1180-нен 2100-ге дейін өсті

Қазақстанда, негізінен, мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасының оңтайлы арқауы табылды, бұл мемлекет пен діни конфессиялардың жалпыұлттық келісімді нығайту жолында бірлесіп жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. 

©️ 09.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА