ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДА

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ. ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАЛАРДЫҢ БАСТАЛУЫ

2 бөлім. 4.ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДА

Экономикалық қайта құру мен жекешелендірудің жаңа кезеңі



1995 жылға қарай Қазақстан экономикасы экспортты және ауылшаруашылық өнімдерін ұлғайту есебінен алғаш рет оң сауда теңгеріміне қол жеткізді.

экономикадағы осындай жүйелі өзгерістер қарқынын күшейту қажет болды

Мұндайда еліміз экономикалық реформа жасауға тек 1993 жылдың қарашасында, айналымға ұлттық валюта – теңге енгізілгеннен кейін ғана нақты кірісті. 

Кеңестік шаруашылық үйіндісінен – жаңа өмірге икемді экономика құрып, еркін нарықтық қатынастарға белсене араласып кету үшін екі жыл жеткіліксіз мерзім еді. Бұл – Қазақстанның үлкен жолға енді ғана қадам басқан кезі болатын. 

1995 жылдың соңында 1996–1998 жылдарға арналған Жекешелендіру және мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама келесі жылдың ақпанында бекітілді

Жаңа үшінші кезеңде отандық өнеркәсіптің көшбасшылары – ірі кәсіпорындар және электр энергетикасы мен мұнай өнеркәсібі сияқты стратегиялық салалар нысандары жекешелендірілді. Бұдан былай мемлекеттік меншік жеке қолға тек бір ғана жолмен – сатып алу жолымен көшетін болды.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша, 14,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік нысандары жекешелендірілді. Осы кезеңде өндіріске капитал салуға жеткілікті ресурстары бар өзіміздің отандық инвесторлар алғаш рет белсенділік танытты.

2 БӨЛІМ. 4.ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДА

Ұлттық компаниялар: мемлекет мүддесі үшін



Табиғи монополияға: темір жолдар, мұнай мен газды тасымалдауға арналған құбыр жүйелері, электр және жылу желілері, телекоммуникация, авиация, әуежайлар, атом өнеркәсібі, сумен қамтамасыз ету, пошта байланысы жатқызылды.

Аталған салалардың маңыздылығын ескере отырып, олардың әрқайсысынан – бақылау пакеті мемлекет меншігінде болатын ұлттық компаниялар жүйесін құруға шешім қабылданды.

Коммерциялық пайда табуды көздейтін мақсаттардан басқа, мұндай компаниялар коммерциялық емес, яғни мемлекет және қоғам қажеттіліктерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуді міндетіне алады.

2 БӨЛІМ. 4.ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДА

Шетелдік капиталдың сенімі



1997 жылдың 28 ақпанында қабылданған «Қазақстанға тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң шетел инвесторлары үшін жасалатын жеңілдіктер жүйесін кеңейтті.


Заң, сондай-ақ импортталатын жабдықтарды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті шикізат пен материалдарды кедендік баж салығынан толық және ішінара босатуды қарастырды.


Шетелдік капитал салымының көлемі бойынша Қазақстан жаңа тәуелсіз елдер арасында алдыңғы орындардың біріне шықты: Орталық Азиядағы барлық тікелей инвестициялардың 80 пайызынан астамы Қазақстанның үлесіне тиді.

1990-шы жылдардың екінші жартысында Қазақстан экономикасына келген ірі инвесторлар АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Франция және Жапония компаниялары болды.

Қазақстан халықаралық бизнестің айтарлықтай қаржылық қолдауына ие болып, жаңа сауда кеңістігіне кірді, сондай-ақ жаңа технологияларды және озық басқару әдістерін үйренуге қол жеткізді. 

1998 жылдың қыркүйегінде, президенттің төрағалығыммен, құрамына Қазақстан жобаларын жүзеге асыруға қатысқан 11 шетелдік ірі компания мен халықаралық ұйымдардың басшылары кіретін шетел инвесторларының кеңесі құрылды. 

Инвесторлармен жүйелі түрде тең құқықты, тиімді диалог жүргізу үшін мемлекетке тұрақты негізде жұмыс істейтін осындай кеңесші-консультациялық орган керек еді. 

 

2 БӨЛІМ. 4.ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДА

Ауыл шаруашылығындағы реформалар



1996–1997 жылдарда Қазақстанда 162 мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорны жекешелендірілді

Бірақ нарықтық жағдайда көптеген ауыл тұрғындары мүліктік жарналар мен шартты жер үлестерін өтеусіз алса да, меншігіне алған шаруашылығын дұрыс жолға қоя алмады

Соның салдарынан көптеген өндірістік кооперативтер өз активтерін тиімді пайдаланып, іске жаратудың орнына, қайта өңдеуші және қызмет көрсетуші ұйымдардың акцияларын арзанға сатып, көп ұзамай-ақ негізгі және айналым қаражатынан айырылып қалды.

Мемлекет жүргізген банкроттау шарасы нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қордаланған қарыздарынан құтқарып, ауыл шаруашылығы активтерінің меншік иелерін ауыстырды. Еңбек ұжымдары қарыз ауырт палығынан құтылған жаңа кәсіпорындар құруға мүмкіндік алды. Дәл осы тәсілмен елде мыңдаған шаруа және фермерлік қожалықтары құрылды.


2 БӨЛІМ. 4.ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДА

Зейнетақы реформасы: шешімін тапқан күрмеулер



1990 жылдың ортасында зейнетақы жүйесінде іркіліс көп болды. Зейнетақы кешіктіріліп берілді

1995 жылдың өзінде зейнетақы көлемі ақшаның құнсыздануы себебінен үш рет қаралды, нәтижесінде орташа зейнетақы екі есеге өсті

Қалыптасқан экономикалық және демографиялық жағдайға байланысты зейнетақы реформасын кейінге қалдыруға болмайтын еді.

1997 жылдың наурызында Үкімет Зейнетақы жүйесін реформалау тұжырымдамасын бекітіп, сол жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.

Реформаның мәні мен маңызы сонда – біз таратушы зейнетақы жүйе- сінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көштік.

Үлгі ретінде Чили моделі алынды. 

Таратушы немесе ынтымақтастық жүйесінде зейнеткерлерді жұ- мыс істейтін отандастары қамтамасыз етеді – зейнетақы солардың жарна- лары мен салықтарынан құралады. Жинақтаушы жүйе – жұмыс берушінің қызметкердің жеке жинақтау шотына аударған қаржысынан құралады, яғни қызметкер еңбекке араласқан кезден бастап өзінің қаржылық қорын жи- нақтайды, сөйтіп өзін-өзі қамтамасыз етеді

2 БӨЛІМ. 4.ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДА

Тұрақтану мен экономикалық өсудің алғашқы көріністері



Қазақстанның ЖІӨ

Қазақстанда ішкі жалпы өнім 1996 жылы – 0,5 процент, 1997 жылы – 1,7 процент өсті, сәйкесінше өнеркәсіп өндірісінің көлемі, 0,3 процентке және 4,1 процентке артты. Бірақ 1997–1998 жылдардағы халықаралық қаржы нарығындағы жаһандық күйзеліс бұл жоспардың орындалуына мүмкіндік бермеді. 

2 БӨЛІМ. 4.ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДА

Азиядағы қаржы дағдарысы және ұлттық экономикалық мүддені қорғау



1990-жылдарда құрылған Қазақстанның жаңа нарықтық экономикасы- ның тұрақтылығы тек ішкі факторларға ғана емес, жалпы әлемдегі жағдай- ларға да тәуелді еді.

1997 жылы шілдеде Малайзия мен Тайландта қаржы дағдарысы болып, мұның соңы осы елдердің ұлттық валютасының құнсыздануына әкеліп соқтырды.

Ақшаның тап осылай құнсыздануы – бұл елдерде бұрын-соңды болмаған жай еді. Қаржы апаты бүкіл Оңтүстік-Шығысты және Шығыс Азияның бір бөлігін, содан кейін ондаған мемлекеттердің қаржы нарығын тұрақсыздандырып, Латын Америкасына ауысты.

Әлемдік нарықтағы жағдай Қазақстан өндірушілері мен экспорттаушыларына да оңай тиген жоқ.

Мәселен, мұнай бағасы 25 процентке төмендеді, ал 1998 жылы одан сайын құлдырап, баррелі 12 долларға түсті. 

Мыс пен қорғасын күрт арзандады

Ресей Федерациясының үкіметі 1998 жылдың 17 тамызында жариялаған техникалық дефолттан соң, рубль құнсызданды

ол біздің нарыққа ресейлік өндірістің күрт арзандаған тауарларының ағылуына әкелді. Бұл жағдай қазақстандық тауар өндірушілердің позициясын айтарлықтай әлсіретті.

1999 жылдың қорытындысы бойынша елдің төлем теңгерімі едәуір жақсарды, алтын-валюта қорлары өсті, банк жүйесі нығайды. Ең бастысы – өндірістің дамуы қалпына келтірілді.

2 БӨЛІМ. 4.ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДА

Әлеуметтік мәселелерді шешу. Артта қалған ауыр жылдар



1990-жылдардың екінші жартысында қазақстандықтар жақсы өмірдің дәмін тата бастады. Сауда-саттық қызып, дүкендер мен базардағы тауар түрлері көбейді. 

1998 жылғы қаңтарда

1998 жылдың қаңтар айында Елбасының бастамасымен, сол кезде халықтың басым бөлігін құраған күнкөрісі төмен азаматтарды қолдайтын жалпыұлттық қор құрылды.

Жұмыс істеген алғашқы жылдары қор 1 миллиард теңге жинап, тұрмысы төмен 250 мың қазақстандыққа қолдау көрсетті.

1990-шы жылдардың екінші жартысында жалақы мен зейнетақы ұдайы өсіп отырды. 1999 жылы Қазақстандағы орташа жалақы долларға шаққанда 90 АҚШ долларын құрады. Бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы ең жоғары көрсеткіш болатын. Осының арқасында қазақстандықтардың кірісі оларға қаражат жинауға мүмкіндік тудырды. Егер 1996 жылы қазақстандық банктердегі азаматтардың есепшотында 11 миллиард теңге болса, 1999 жылы ол 28 миллиардтан асты.

©️ 08.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА