САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР

2 бөлім. 3.САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

Мемлекеттік басқару жүйесі. Кәсіби мемлекетке бет алу



Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту орталық органдардан басталды

1997 жылдың наурызында министрліктер мен ведомстволар саны екі есе қысқарды және олардың жұмыс принципі түбегейлі өзгерді

Енді әрбір тапсырманың нақты орындау мерзімі белгіленді

14

облыс

  • Мамырда еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енгізілді. 19 облыс орнына –14 облыс.
  • 1997 жылғы әкімшілік-аумақтық реформа негізінде сыртқы шекарасы мемлекеттік шекара болып табылатын облыстарды қайта құрудың үлкен маңызы бар еді.

169

аудан

  • 230 аудан орнына 169 аудан құрылды
  • Шекаралас өңірлерді ірілендіру олардың жағдайын тұрақтандырып, егемен Қазақстанның біртұтастығына ықпал етті.

25

мың мемлекеттік қызметкер 

  • Нәтижесінде, мемлекеттік басқару жүйесі кәсіби, ықшам және саны жағынан да оңтайлы бола түсті. Осы кезеңде мемлекеттік қызметкерлер 25 мың адамға қысқарды. Осылайша, бюджеттік қаражаттан миллиондаған теңге үнемделіп, сол уақыттың ең өткір мәселесі – зейнетақы мен жалақы төлеуге жұмсалды.

1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан жаңадан тәуелсіздік алған мемлекеттердің ішінде бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды қабылдады

Сол жылы осы заңның базасында мемлекеттік бағдарлама жасалды. Мемлекеттік бағдарлама орта мерзімдік кезеңге (1999–2000 жылдар) есептелді. 1999 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл жасайтын арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. 

 Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық деңгейде жүрді. Өз қызметін теріс пайдаланған жоғары шенді адамдар қызметінен айырылып, сотқа тартылды. Өз ісіне бақылау бар екенін, мұнан былай жұмысы қатаң және принципті түрде бағаланатынын сезген шенеуніктердің психологиясында өзгерістер көріне бастады.  

2 БӨЛІМ. 3.САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

Қоғам сенімін ақтаған Парламент



Біріншіден, Парламент атқарушы және заң шығарушы билік тармақтары арасындағы тұрақты тепе-теңдік қамтамасыз етуге, екіншіден, палаталардың әрқайсысының заңдарын дәйекті түрде талқылау жолымен заң жобаларын пысықтаудың тиімді ішкі парламенттік тетігін жасауға қол жеткізді.

Парламент кәсіби және құзыретті заң шығарушы орган ретінде республикалық және аймақтық мүдделердің үйлесуін қамтамасыз етуге, заңды жобалау жұмысында жоғары сапаға қол жеткізуге өзінің қабілеттілігін көрсетті.

2 БӨЛІМ. 3.САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

Конституцияға түзетулер енгізу (1998 жыл): демократияның жаңа белесі



1995–1997 жылдары – басында Президент тұратын, ал атқарушы, заң шығарушы, жергілікті және сот билігі – берік тұғыр боп табылатын саяси вертикаль түпкілікті қалыптасты. 

Мемлекеттік механизм жетілді және соған сәйкес аумалы-төкпелі жағдайларға қарай, билік құрылымының да үнемі жаңарып тұруын өмірдің өзі талап етті.

Нұрсұлтан назарбаев 1998 жылғы Жолдауында Конституцияға бұрын жария етілген саяси ырықтандыру арнасында бірнеше түзетулер енгізуді ұсынды

Бұл түзетулер, атап айтқанда, сайлау жүйесін жетілдіруге, әділ және еркін сайлауды қамтамасыз етуге, саяси партиялардың рөлін арттыруға, Парламенттің өкілеттігін кеңейтуге, азаматтық қоғамды жан-жақты дамытуға, баспасөз бостандығын қамтамасыз етуге, тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға, барлық билік органдарында әйелдердің өкілдігін арттыруға қатысты болды.

Ақыр соңында 1998 жылдың 7 қазанында заңның түпкілікті нұсқасы қабылданды.

Конституцияға елдегі саяси институттардың әрі қарай дамуына жаңа серпін берген 19 түзету енгізілді.

Осы кезден бастап төменгі палатаға сайлау тек бір мандатты округтер бойынша ғана емес, партиялық тізім бойынша да жүргізілді.

ДМәжілісте партияларға 10 қосымша орын бөлініп, бұл орындар – жинаған дауыс санына қарай партиялық тізім бойынша сайлауға түскен үміткерлерге бөлініп берілді. Осылайша партиялар депутаттық мандат үшін күреске тікелей қатысатын болды.


Сөйтіп, аралас сайлау жүйесіне көшу осылай басталды.


Қабылданған түзетулер Конституцияны өзгерту мен Үкіметті бақылау мәселелерінде Парламенттің өкілеттігін кеңейтті.


2 БӨЛІМ. 3.САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

1999 жылғы Президент сайлауы. Халық аманаты



1999 жылдың 10 қаңтарында «кең ауқымды реформаларды жүзеге асыруда халық қолдауына сүйену» үшін Парламент ұсынысы бойынша Президент сайлауы өткізілді.

Президент сайлауы еліміздің тарихын- дағы баламалы негізде өткен тұңғыш сайлау болды. Сайлау саяси жүйені демократияландырудың біртұтас тізбегін түйіндеген маңызды саяси оқиғаға айналды.

Сайлау нәтижесі бойынша төрт үміткердің ішінде Нұрсұлтан Назарбаев 81,75 пайыз дауы жинап, қарсыластарынан оқ бойы озып өтеді.


«Бұл жеңіс экономиканы жаңғыртуға, әл-ауқатты арттыруға және саяси тұрақтылықты, жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған ішкі және сыртқы саясатымыздың дұрыстығын растады. Президент мандатын жаңа мерзімге соза отырып, қазақстандықтар тәуелсіздіктің жаңа кезеңінде елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын сақтау жолындағы стратегиялық қадамдарымызға қолдау білдірді. Іріткі салушы күштердің Қазақстан қоғамына жік салу пиғылы іске аспады. Ұлттық мәселелерге байланысты кейбір қиындықтарды саяси мақсатқа пайдаланбақ ниетінен де ештеңе өнбеді. Біз Қазақстанның көп ұлтты халқының басын қоса білдік. Сайлау қорытындысы осыны көрсетті»

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

2 БӨЛІМ. 3.САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

Саяси жүйедегі партиялардың жаңа сипаты. 1999 жылғы Парламент сайлауы



1996 жылдың 2 шілдесінде «Саяси партиялар туралы» заң Қазақстандағы партиялық құрылыстың жаңа кезеңіне жол ашты

Конституцияға енгізілген түзетулер – Мәжіліс құрамын ең алдымен партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар есебінен кеңейту – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі партияның рөлін күшейтті.

Нұрсұлтан Назарбаев түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасай отырып, саяси партияларды демократия ғимаратын тұрғызатын «негізгі «құрылыс материалдарына» теңегенді

1998 жылдың қарашасында Қазақстанның Азаматтық партиясының (ҚАП) құрылтай съезі өтті.
Партия өзінің негізгі мақсаты – мемлекеттікті нығайту, өндірісті дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту екенін жариялады. Осылайша өздерінің өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерінің қолдауына сүйенетінін және соларға көбірек мойын бұратынын білдірді. ҚАП ОК бірінші хатшысы А. Перуашев болды
1998 жылдың желтоқсанында, Қазақстанның республикалық халық партиясы (ҚРХП) өзінің құрылғанын жариялады.
Әлеуметтік бағыттағы ел экономикасын дамытуды көздейтін демократиялық мемлекет жолын таңдаған ҚРХП – халықтың реформа барысына көңілдері толмаған, оппозициялық бөлігіне сүйенетінін білдірді.
1999 жылдың қаңтар айында құрылып, Р.Мадинов басқарған Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП) ауылдық жерлердегі тауар өндірушілер: фермерлер, кооперативтер мен серіктестіктердің мүдделерін қорғауды ерекше қолға алды. 
ҚАП жерге жекеменшікті енгізуді, ауыл шаруашылығының дамуына ықпал ететін ауыл- дық инфрақұрылымды жақсартып, басқа да шараларды іске асыруды көздеді.
Қаңтардағы президент сайлауынан кейін, көп ұзамай «Отан» республикалық саяси партиясы (РСП) құрылды.
Жаңа партияның бірінші съезі 1999 жылы 1 наурызда өтіп, онда Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан партияның төрағасы етіп сайланады.
Халық бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Либералды қозғалыс және «Қазақстан-2030 үшін» қозғалысы – «Отан» РСП құрамына кірді.
Кейіннен оларды қолдап, «Әділет» партиясы, Халықтық-кооперативтік партия, Республикалық еңбек саяси партиясы да «Отанның» құрамына қосылды. Бұл процесс елдегі негізгі саяси күштердің біріккенін байқатты. «Отан» партиясы бұқара халыққа барынша жақын болуды ойлап, бюджет саласы қызметкерлерінің, шағын және орта бизнес өкілдерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, ауыл тұрғындарының, зиялы қауымның – барлық орта топтың негізін құрайтын адамдардың мүдделерін қорғайтынын көрсетті.
1999 жылдың наурызында «Азамат» азаматтық қозғалысы, Ғ. Әбілсейітов басқарған Қазақстанның «Азамат» демократиялық партиясы (ҚДП) болып қайта құрылды. 
Қазақстан әйелдерінің қоғамдық мәртебесін арттыру жолында Раушан Сәрсембаеваның төрағалығымен Қазақстан әйелдер ұйымдарының Саяси альянсы құрылып, ол 1999 жылдың маусымынан бастап жұмыс істей бастады.
Партия басты мақсатын экономикалық және саяси реформалар, азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыру деп жариялап, өзін елдегі негізгі оппозициялық күш ретінде көрсетті.

1999 жылдың қазанында Мәжіліс сайлауы өтті. Бұл сайлау алғаш рет бұрынғыдай мажоритарлы жолмен емес, аралас жүйе бойынша өткізілді

Депутаттыққа бір мандатты 67 аймақ бойынша 595 кандидат тіркелді:

74

қоғамдық бірлестіктерден тіркелді

127

саяси партиялардан

394

өзін-өзі ұсыну тәртібімен

Сайлауалды жарысқа 10 партия қатысып, бірақ белгіленген жеті проценттік тосқауылдан тек төрт партия ғана өтті.

«Отан» РСП

30,89 процент дауыспен

КПК

17,75 процент

ҚАП

12,63 процент

АҚП

11,23 процент

10 депутаттық мандаттың партиялық тізім бойынша сайлауға түскен кандидаттарға берілуі елде көп партиялы жүйе қалыптастырудағы алғашқы қадам болды.

2 БӨЛІМ. 3.САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

Қарулы күштер реформасы




1997 жылдың 17 қарашасындағы «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін реформалау туралы» Жарлықпен Қазақстан Қарулы күштері құрылымына өзгеріс енгізіп, әскеріміз бейбітшілік кезеңде де, төтенше жағдайларда да талап етілетін міндеттерді бірдей орындай алатындай етіп қайта құрылды.

Жалпы мақсаттағы Күштер, Әуе қорғаныс күштері және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері құрылды. 

1998 жылдың 26 маусымында Президент «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңға қол қойды. Мұнда жаңа кезеңдегі республиканың ұлттық мүддесі, ұлт мүддені қорғау қағидалары, еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатердің алдын алу жайы айқындалды

Ауғанстан талибтердің қол астында болды. 1999 жылдың тамызында «Өзбекстан ислам қозғалысы» лаңкестік ұйымдарының жасақтары Қырғызстанның аумағына баса-көктеп кірді.




1999 жылғы желтоқсанда

Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Қазақстанның 1999–2005 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясы ұсынылды

Бұрынғыдай бірінші кезекте офицер кадрларын даярлау мен әскери ғылымды жан-жақты дамытуға мән берілді.

1990 жылдың екінші жартысы – ел қауіпсіздігін нығайтудағы және Қарулы күштерді құру мен тұрақтандырудағы маңызды кезең болды. Мемлекетіміз экономикалық қиындықтарды бастан кешіп жатқан кезеңде жүзеге асырылған әскери саладағы құрылымдық өзгерістер – еліміздің заманауи, ықшам, жоғары мобильді, жақсы жабдықталған әрі қуатты Қарулы күштерінің негізін қалауға мүмкіндік берді.

©️ 07.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА