МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕЛУ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛУ ЖОЛЫНДА

III БӨЛІМ. 1.МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

Жаңа ғасыр табалдырығында: 2000 және 2001 жылғы Жолдаулар



Қазақстан үшін де, барлық адамзат үшін де 2000 жыл өліара шақ болды: ХХ ғасыр аяқталып, ХХІ ғасыр басталды. Күнтізбедегі бұрын көз үйренбеген «2000» деген ерекше санның өзі алда айрықша бір жағдайлар күтіп тұрғандай әсер туғызды. Жаңа ғасыр ресми түрде 2001 жылдан басталуға тиіс болса да, миллиондаған адамға үшінші мыңжылдық 2000 жылы-ақ кіріп келетіндей көрінді. Мұның өзі кәдімгідей пікірталасқа ұлас ты. Мыңжылдықтың ғаламдық психологиясы осындай еді.  


2001 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІНДЕ 2010 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОРЫНДАЛУҒА ТИІСТІ БАСЫМДЫҚТАР БЕЛГІЛЕНГЕНДІ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАДА:

тұрақты әрі бәсекеге қабілетті экономика құру, ІЖӨ-ні екі есеге өсіру, халықтың жағдайын едәуір жақсарту міндеттері алға қойылды.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТА:

билік тармақтарының өзара қарым-қатынасын жетілдіре түсу және жоспарлы түрде орталықсыздандыру, сайлау процесін жетілдіру көзделді.

СЫРТҚЫ САЯСАТТА:

экономикалық ықпалдастыққа бет бұру, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы орнын нығайту, аймақтық қорғаныс жүйесіне белсенді қатысу, шекараны межелеу шараларын аяқтау, еліміздің ақпараттық және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері белгіленді.

III БӨЛІМ. 1.МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

2002 және 2003 жылғы Жолдаулар: дамудың өзекті бағыттары




Ауыл шаруашылығындағы қордаланып қалған мәселелерді бір маусым ішінде шешіп тастап, ұзақ мерзімді ілгерілеуге қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан 2003 пен 2005 жылдар аралығындағы үш жылды ауылды қайта өркендету жылдары деп жарияладық.

III БӨЛІМ. 1.МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

Бәсекеге қабілетті Қазақстан: 2004 және 2005 жылғы Жолдаулар



ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ҮКІМЕТКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ ЖҮКТЕЛДІ

Сонымен бірге 2005–2007 жылдары тұрғын үй құрылысына 150 миллиард теңге инвестиция салынғаны хабарланды. 

Әлеуметтік қамсыздандыру саласында зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды кезекті рет өсіру жоспарда тұрды.

Оралмандарға арналған квота 15 мың отбасына дейін көтерілді, бұл мақсаттарға 10 миллиард теңге бөлінді. 

III БӨЛІМ. 1.МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

Үздік 50 елдің қатарына жол ашық: 2006 және 2007 жылғы Жолдаулар



ОСЫ СТРАТЕГИЯ ШЕҢБЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТ БИЗНЕСКЕ МЫҚТАП ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕ БАСТАҒАН МАҢЫЗДЫ СЕКТОРЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Олардың ішінде құрылыс, шағын бизнесті несиелеу, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты салалар бар

Осылайша, бәсекелік қабілетті арттыру тренді іске қосылды. Озық елу елдің қатарына ену жобасына жаңа әрі нақты сипат бере түскен «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (2007 жылдың 28 ақпаны) атты Жолдау болды. Мұнда экономикалық өсімді басқара білу, жаһандық экономикаға толыққанды қатысу, өндіруші сектордың тиімділігін арттыру, шикізаттық емес салаларды дамыту, «парасатты экономиканы» қалыптастыру, әкімшілік реформа, әлемдік қоғамдастықта Қазақстанды ілгері бастыру секілді басым міндеттер алға қойылды.

III БӨЛІМ. 1.МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

Жаһандық дағдарысқа жауабымыз: 2008 және 2009 жылғы Жолдаулар



Келесі 2009 жылға арналған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдау Қазақстанның басқа да елдер секілді, әлемдік дағдарыстың қатаң қысымында қалған уақытында дүниеге келді. Бұл – Тәуелсіздік жылдары қол жеткен табыстарға залалын тигізуі мүмкін титтей де ауытқуға жол бермеуді қажет еткен қиын кезең еді.

Туындаған мәселелер мен оларды біздің қалай шеше білгеніміз қоғамымыз бен мемлекетіміздің беріктігі мен кемелдігін сынақтан өткізген сын болды.

•  Дағдарысқа қарсы жоспар қабылданып, оны іске асыруға мемлекеттің қорынан жеткілікті мөлшерде қаражат бөлінді.


• Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, ал инфрақұрылымдық жобаларға 120 миллиард теңге бөлінгені туралы мәлім етілді.

• Сондай-ақ бюджеттік ұйым қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақы көлемін 2010 жылы – 25 процентке, 2011 жылы – 30 процентке көтеру міндеті алға қойылды.

III БӨЛІМ. 1.МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

Дағдарыстан кейінгі даму: 2010 жылғы Жолдау



2010 жылдың 29 қаңтарында «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталған Жолдау 2020 жылға дейінгі бас жоспарға айналды. Он жыл ілгеріге жоспар құру әлемдік дағдарыс салған сынға лайықты жауап еді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған сөзінде Үкімет үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың бес жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын (162 жоба) жасап шыққанын 

2010 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:

ІЖӨ өсімі

7,3 процентке жетті


жұмыссыздық деңгейі

5,5 процентке дейін төмендеді


ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ТИІМДІ ШАРАЛАР ЭКОНОМИКАДА БЕЛЕҢ АЛА БАСТАҒАН ЖАҒЫМСЫЗ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ЖЕҢІП ШЫҒУҒА МҮМКІНДІК БЕРДІ ЖӘНЕ СОНЫМЕН БІРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ІСКЕРЛІК АХУАЛ ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ.


III БӨЛІМ. 1.МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

Әлеуметтік жаңғыру: 2011 және 2012 жылғы Жолдаулар




2011 жылдың 28 қаңтарында «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауда басты басымдықтар ретінде жеделдетілген индустриаландыру, әлеуметтік жаңғыру, бизнесті дамыту, жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы, тұрғын үй-коммуналдық саланың жаңғыруы, құқық қорғау органдарын реформалау және жемқорлықпен күресу сияқты мәселелер көрсетілді. Сонымен қатар, әдеттегідей, алдағы жылға жаңа міндеттер қойылды. 

БІР ЖЫЛДАН СОҢ, 2012 ЖЫЛДЫҢ 27 ҚАҢТАРЫНДА – «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

ОЛ ӨЗІНЕ ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖОЛЫМЕН ӨРЛЕЙ КЕЛІП, 2010 ЖЫЛДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУ ТРЕНДІН ДАМЫТТЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРАСЫНДАҒЫ ОҢТАЙЛЫ ТЕҢГЕРІМДІ ТАБУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ДА АТАП КӨРСЕТІЛДІ. 2012 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУ ТЕК ЭКОНОМИКАНЫҢ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР, ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ДА ӨРКЕНДЕУІНЕ БАҒЫТТАЛДЫ. БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ «ОНДЫҒЫН» МЕН МЫНА РЕТПЕН ОРНАЛАСТЫРДЫМ: ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА, ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН КӨТЕРУ, БАСҚАРУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІ, СОТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ, АДАМ КАПИТАЛЫ, ЗЕЙНЕТ ЖҮЙЕСІ, ИНДУСТРИАЛЫ ЖОБАЛАР, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«ЖОЛДАУДА МАҢЫЗДЫ ИНДУСТРИАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ТУРАЛЫ ДА ХАБАРЛАНДЫ, ОЛАРҒА ҚАЖЕТТІ ҚАРАЖАТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗІНЕН ТАБЫЛАТЫН БОЛАДЫ, ОЛ – ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ. БҰЛ ЖОБАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ЕЛІМІЗДІҢ БЕТ-БЕЙНЕСІН ӨЗГЕРТЕТІН БОЛАДЫ. БІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫ АЛЫП ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫРЫП, ОНМЫҢДАҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШАМЫЗ. ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕРДІҢ БАСТЫ АРҚАУЫ ОСЫ БОЛАТЫН. 2011 ЖӘНЕ 2012 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖОЛДАУЛАРДА БЕЛГІЛЕНГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУ 2010 ЖЫЛДАРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ПАРЛАМЕНТТІҢ, ҮКІМЕТТІҢ ЖӘНЕ АЙМАҚТАРДЫҢ БАСЫМ МІНДЕТІ БОЛДЫ»


©️ 10.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА