«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтар әлемі

Нысанбаев Ә.

Халқымыз үшін күрделі және жауапты кезең болған ХХ ғасырдың соңында егемендіктің, дербестіктің де күні туды. Адам бойындағы даралықты, шығармашылыққа деген еркіндікті мойындаған демократиялық елде ғана мемлекеттік егемендікке, тәуелсіздікке ауадай қажетті төзімділік те, бірлік те, достық та, ынтымақтастық та нығая түседі. Адамдар қоғамдағы қарапайым тобыр, бұқаралық мәдениет өкіліне айналмайды, олар бұл тіршілікте өзінде лайықты өмір жолы бар еркін ойлайтын азаматтар қауымдастығына айналады.

Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтар әлемі
  • Авторы
  • Нысанбаев Ә.
  • Жыл
  • 2011
  • Баспагер
  • ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институты
  • Тіл
  • Қазақша