Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Домбыраның 5 асыл қасиеті

333
Домбыраның 5 асыл қасиеті - e-history.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Домбыра – ән айтушы

Көбінесе домбыра қазақ халық сазынның басты аспабы болып есептеледі, бірақ сонымен бірге домбыра күйшінің дауысына сүйемелдеу қолданысы бар. Қазақ күйшілердің көптеген шығарма еңбектері сөзімізге дәлел. Мысалы: Ақан Серінің «Сырымбет», «Үш тоты құс», «Құлагер», «Қара торғай» және «Балқадиша» атты ән-күйлері.

Домбыра – шер қозғаушы

Әдет-ғұрып қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады. Сол шараларда тұрмыс-салт жырлары жиі орындалады. Сондай шығармалардың мазмұны әртүрлі болатын. Мысалы: қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау, жұбату жанрына жататын күйлер тек қана азалы оқиғаларда орындалатын. Төлеген Момбековтың қайтыс болған әйеліне арналған «Салтанат» жоқтау күйі, Махамбеттің Жұмыр мен Қылыш батырлардың патша әкімшілігінен қинап өлгені туралы «Жұмыр-Қылыш» атты күйі жәнеде Тәттімбеттің Кенесары ханның қаза болғанына арнайы шығарылған «Азына» атты жоқтау күйлері қазақ халықтың шерін қозғалтатын күйлер.  

Домбыра – жан арашашысы

Домбыра шерту қабілетінің арқасында адамның өмірін сақтап қалуы қазақ даласына тән оқиға. Кетбұға күйшісі өзінің «Нарату» мен күйімен қазақ даласына танымал болған. «Ақсақ құлан» күйінің жаралу әпсанасы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы құлан аулауға шыққаннан басын алады. Аулау кезеңінде абай болмаған Жошы жазым болды. Жошының қайтыс болғанын әкесіне хабарлауды ешкімнің батылы жетпегендіктен Кетбұға атты ұлы жыршы қолына домбыра ұстап «Ақсақ құлан» күйін ойнап, өмірін сақтап қалды.

Домбыра – тарих жалғастырушы

Домбра өзінің ерекше музыкалық мәнімен аңызбен ертегілерді сүйемелдеумен бірге қазақ елінің тарихын, тарихи өмірін, тұрмысын және дәстүріндегі көптеген деректерді ашып көрсетуі жалаң әңгіме емес. Аңыз-әңгімелер біздің тарихи жылнамамыздың ең берік, ең тіректі дереккөзі. Мысалы, Асанқайғының өмір жылдары Алтын Орда кішкентай хандықтарға ыдырауымен сәйкес келген. Асанқайғының өзі Дешт-и-Қыпшақтан жақында ғана бөлініп келген қазақтың болашағын ойлаған дала ақыны болған. Өзінің мемлекетпен елінің тағдыры туралы ой-пікірлерін Асанқайғы өзінің күйлерінде нақтылы түрде көрсеткен. Біздің заманымызға дейін Асанқайғының «Ел айырылған», «Асанқайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» деген күйлер жетті. Бөкей ордасындағы көтерілісі туралы Құрманғазы Сағырбайұлының «Кішкентай» күйі, Патшалық Ресейдің қазақ жерінің колонизациялауы жайындағы Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Көкейкесті» атты күйлері де тарихи маңызы бар күйлер деп есептеледі.     

Домбыра – дәстүрді сақтаушы

Домбыра шерту өнері мен ақындық өнер әкесінен балаға көп өтіп, қазақ даласында күйшілер династияларын жарыққа шығарды. Күйшілер династиясының жарық өкілдерінің бірі Ықылас Дүкенұлы болды. Ықылас Дүкенұлы өнерпаз жанұяда дүниеге келді: атасы Алтынбек зергер болғанымен музыкалық аспап құрастыруға қабілеті болған кісі. Оның баласы Дүкен әкесі істеп берген домбыра, қобыздарында өнер көрсетіп, домбыра шертудің тірегін ұлына Ықыласқа үйреткен. 18 жасында Ықыластың өзі әкесі шығарған күйлерге өзгеріс еңгізіп жоғары көтерді. Ықыластың әйгілі күйлеріне «Жезкиік» пен «Қамбар» жатқызуға болады.

 

Аян ӘДЕН