Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қорқыт Ата жырының Түркияда алғашқы зерттелуі туралы

2351
Түрік тілінің ең маңызды жәдігерлерінің бірі Қорқыт Ата кітабы болып табылатын оғызнаме. Бұл жырдың мифологиялық, эпикалық және тарихи құндылықтарымен бірге әдеби тұрғыдан да маңызды орны бар.

28.01.15

Қорқыт ата кітабының 19 ғасырдың бастарында Германияда табылып жарыққа шыққанына екіжүз жылдай уақыт өткен. Осы уақыт аралықтарында ғалымдардың ғылыми жұмыстары мен тұжырымдары үзілмей жарық көруде. Х. Ф Вон Диц 1811-1815 жылдары Қорқыт Атаның өмі сүрген дәуірін көрсетуге тырысқан және Төбегөз жырын неміс тіліне аударған. Жырдың бір бүтін болып жариялануы жүз жылдан кейін 1916 жылы жарияланған болатын. Қорқыт Ата жырларын Түркияда алғашқы рет 1916 жылы Килисли Рыфат жариялаған, ол Берлин түпнұсқасының көшірмесінен. Ал Х. Ф Вон Дицтің еңбегі Берлин түпнұсқасынан алынған болатын. Бірақ сол жылдардағы түркология ғылымының дамуы және Түрік тілінің тарихи даму кезеңдерін жақсы білмегендіктен Дицтің еңбегінде қателіктер көптеп кездеседі. Бұл жылдардан кейінгі осы бағыттағы зерттеулерді Фуат Көпрүлү жалғастырған. 

Оның Әзербайжан Халық журналында жарияланған «Қорқыт Ата кітабына байланысты маңызды мәліметтер» атты мақалалар жиынтығы осы бағыттағы ірі ғылыми бастау болып табылады. (Станбул 1932) Түркиат журналында 1925 жылы жарияланған профессор Абдулкадир Инанның «Қорқыт Ата кітабы жайында» және 1937 жылы Үлкі журналында шыққан «Қорқыт Ата кітабындағы кейбір мотифтер мен сөздерге байланысты түсініктемелер» атты мақалалары да маңызды болып табылады. Профессор Пертев Наили Боратовтың да осы бағыттағы ғылыми еңбегін айтып өтпеуге болмайды. Оның «Фольклор және әдебиет» атты екі томдық еңбегінде «Роман және Дастан», «Дастан, Роман және Жамағат», «Түрік дастандарының бүгінгі жағдайымен нәтижелері», «Қорқыт Ата жырлары жайында», «Қорқыт Ата жырларындағы тарихи оқиғалар және кітаптың шығу тарихы» атты мақалалары құнды болып табылады. Хусейн Намык Оркун да алғашқы кездері «Оғыздар туралы» атты кітабын (Анкара 1935) шығарғаннан кейін осы бағытта түрлі мақала жариялады. Осы жырларды бүтіндей қолға алған, түрлі бағытта зерттеп жариялаған алғашқы еңбек Орхан Шайх Гөкяайдың «Деде Коркуд» атты еңбегі болып табылады. Кітап Килисли Рыфаттан жиырма екі жыл кейін 1938 жылы Түркияның осы күнгі әліппесімен жариялаған. Бұл еңбек Дицтің жазған нұсқасына сәйкестендіріліп жазылған. 

Әрине Килиси Рыфаттың да еңбегінен көп пайдаланған. Кей жерлердегі қателер түзетілген, кей жердегі қателіктер болса солай жазылған. 77 беттен тұратын кіріспе бөлімінде Гөкяай сол жылға дейінгі Қорқыт зерттеулері туралы да мағлұматтар бере отырып жырдың тілдік ерекшеліктері және фольклор саласын қамтыған. 1950 жылы Италия ғалымы Этторе Росси Қорқыт Ата оғызнамасының Ватикан және Дрезден нұсқасының мәтіндерімен бере отырып1952 жылы білім әлеміне «Китаби Деде Коркуд» атымен шығарған болатын. Кітап 364 беттен тұрады оның 95 беті кіріспе болып табылады. Бұл кітаптың маңызы ортаға жаңа бір нұсқаның шығарылуында. Профессор Фахреддин Кырзыоғлының «Қорқыт Ата оғызнамалары» атты еңбегі станбул қаласынан 1953 жылы жарық көрген болатын. Бұл кітапта Қорқыт Ата жырларының шығу тарихы қарастырылған. Профессор Мухаррим Ергинниң докторлық диссертациясы болып табылатын «Қорқыт Ата кітабы» Түркияда зерттелген зерттеулердің ең ауқымдысы болып табылады. Кітаптың бірінші томы: Кіріспе-Мәтін-Факсимиледен тұрады. Бірінші бетпен жетпісінші бетке дейінгі кіріспе бөлімінде Қорқыт Ата жырында айтылған жарлардың қысқаша мазмұны, жырдың ерекшеліктері, тарихи мәліметтер, география атаулары, жырдың шығу тарихы, осы бағыттағы зерттеулермен түпнұсқалардың салыстырылуы берілген. 73 бетпен 251 бет аралығында мәтіндер берілген болса 251 беттен бастап Дрезден және Ватикан түпнұсқалары берілген. 1958 жылы жариялаған Ергиннің еңбегі ағашқы ғылыми жұмыс болып табылады. Ергин кітаптың транскрипциясын дайындау кезінде Дрезден түпқасына сүйенген. Ватикан түпқасындағы ерекшеліктерді де көрсетіп отырған. Осы екі түпнұсқадан алынып, кей жерлерінің суретке түсіріліп берілуі сол кездегі заманға сай технологиямен жазылуы Ергиннің еңбегін классикалық еңбекке айналдырған. Ергиннің 1958 жылғы кітабынан он бес жыл өткеннен кейін Орхан Шайх Гөкяай жаңа еңбегін «Дедем Коркудун Китабы» (Станбул 1973,360) жарыққа шығарған. Кітапта транскрипция қолданылмаған, фонология жағы басымырақ қаралған. Кітап библиография, Қорқыт Ата және оғыздардың тарихы және этнографиялық мәліметтері жағынан құнды болып табылады. Кітап 2000 жылы қайтадан басылған. 1939 және 1962 жылдары Әзербайжанда Хамит Араслының «Китабы Деде Коркуд» атты кітабы жарық көрген болатын. 1998 жылы Саим Сакаоғлуның жариялаған «Деде Коркуд Китабы» екі том болып жарық көрген. Бұл аталған еңбектермен қатар көптеген Қорқыт, оғызнаме және Оғыздар туралы ғылыми мақалалар және жинақтар жарық көрген. 2000 жылы Станбулдан жарық көрген Семих Тезжан мен Хендрик Боесчотеннің Дрезден және Ватикан түпнасқаларын негізге ала отырып жеке жеке көрсетіп жариялаған еңбектері ғылымға қосқан үлкен үлес болып табылады. Бұл кітапта Ватикан түпнұсқасымен Дрезден түпнұсқасы жеке жеке берілген.Түпнұсқалардағы емле қателіктері және басқада сәйкессіздіктерді «жазу үлгілері» атты бөлімде көрсетіп берген. 2005 жылы Садеттин Челик «Деде Коркуд:зерттеулер, мәтін, сөздік» атты еңбегін жазып шығарған. 2006 жылы Мустафа Качалин «Дедем Коркудун Қазан бей Оғызнамесі» еңбегін жариялаған болатын. Килисли Рыфат-Гөкяй-Росси-Ергин еңбектері барлық Қорқыт ата зерттеулеріне негізгі құрал болып табылады десек қателеспейміз. Осы еңбектердің ішінен ең ауқымдысы Ергиннің ғылыми еңбегі болып табылады. Бірақ әлі күнге дейін жырдың тілдік тұрғыдан зерттеулері мен өзара тартыстары және кемшіліктері бар. Мүмкін тілдік тұрғыдағы дауға еш уақытта нүкте қойылмайтын болар.

Сайгы Г. Б, PhD.Dr. «Қорқыттану және өлке тарихы» ҒЗИ аға ғылыми қызметкері 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?