Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ресей қазақтарының мәдениет және білім әлеуеті

2031
Қазақтар — тым елеулі евразиялық кеңістіктің автохтоны (белгілі елдің ең ежелгі тұрғын халықтары).

Қазақтар — тым елеулі евразиялық кеңістіктің автохтоны (белгілі елдің ең ежелгі тұрғын халықтары). Патша үкіметі жаулап алғанға дейінгі кезеңде ресейлік қазақтардың қазіргі замандағы аудандарға орналасқан жерлері олардың көшіп қону жерлері, тұрақтары орын тепкен жерлері болды [1, 262 б.]. XIXғ. 20-90жж. әкімшілік реформалар қазақтарды Ресей империясына шын берілгендеріне айналдырды.

Кеңестік кезеңдегі қазақтардың Қазақстаннан Ресейге амалсыз қоныс аударуы да [2, 117 б.],қазақтарды шетелдік диспораға жатқызбайды, өйткені қазақтар, Ресей Федерациясының және одақтық республиканың басқа да халықтары сияқты, бір унитарлы мемлекет — КСРО-ның азаматтары болды. КСРО мұрагері болып халықаралық құқықты жаңа субъект Ресей Федерациясы болғаны белгілі. Қазіргі күнде қазақтар жаңа демократиялық Ресейдің азаматтары бола отырып РФ барлық облыстарында, автономды республикаларында және автономды округтарында тұрып жатыр.

Кеңес Одағы өздігінен жойылғаннан кейін Ресей экономикалық және басқа да пікірге байланысты 1999 жылғы санақтан бас тартып, ең алғаш рет халық санағын 2002 жылы ғана өткізе алғанын ескерген жөн. 2002 жылғы бүкілресейлік тұрғындар санағы бойынша қазақтар — 653962 адам (0,45%) [3]. Қазақстан, Қытай, Өзбекстаннан кейін өмір сүріп жатқан қазақтар саны бойынша РФ төртінші орында.

РФ Қазақстан Республикасы елшілігінің мәліметі бойынша Ресейде тұрып жатқан қазақтар саны миллионнан асады [4, 7 б.]. Қазақстанмен шекаралас жатқан облыстардың жергілікті биліктері 2002 жылғы ресми санақта көрсетілгеннен бөлек қазақтардың санын басқаша айтады (яғни қазақтар одан көп). Әлбетте, бұл жерде кеңестік кезеңде Қазақстаннан көшіп келгендер енген нақты және тұрақты халықтар туралы айталып тұр. XXI ғ. Ресейде бірінші санақ өткізу кезінде қазақ тұрғындардың «жоғалуы» мүмкін.
Қазақтар Ресейдегі саны 400 мың адамнан асатын 23 ұлттар қатарына енеді. Бұл 23 топ тұрғындардың 96% құрайды, олардың мәдениеті мен тілі ресейлік зерттеулердің пікірінше, мемлекет өмірінде елеулі орын алған. Олардың ішінде қазақ мәдениетінің де өз орыны бар. Қазақтар Ресейде халық саны бойынша он бірінші , түркі халықтары ішінде татар, башқұрт, чуваштардан кейін төртінші орында. Қазақтар саны бойынша Ресейде ұлттық республикалары бар удмурт, марилік, кабардин, осетин, бурят, якут, еврей, қалмыктардан асып кетеді.

Ресейлік қазақтардың айырмашылығы ресейлік идентификация және Қазақстанның негізгі этникалық құрамымен тығыз байланыс, шын мәнінде, Ресейдің қазақ тұрғындары — өзінің этникалық ареалы шекарасында өмір сүретін қазақтар [5, 61 б.]. Қазақтар тығыз орналасқан аудандар Алтай Республикасы, Алтай өлкесі, Орынбор, Омбы, Астрахань, Саратов, Челябинск, Курганская, Волгоград облыстары. Дегенмен, Қазақстанға шыға алатын ешбір аймақта қазақтар көп болмайды. Астрахань облысындағы қазақтар үлесі 14,2%, Орынбор — 5,76%, Саратов — 3,98%, Омбы — 3,93%, Волгоград облысында- 1,68% құрайды. Алтай Респубилкасының оңтүстік бөлігінде орналасқан Қосағаш ауданының қазақтарын ерекше атап өтуге болады [3].

Қазіргі Ресей қазақтарының мәдени және білім әлеуетін сипаттағанда, 2002 жылы өткізілген Бүкілресейлік санақ жаңа мәліметтеріне көңіл бөлген жөн. Көбінесе тарихшылар, демографтар, этногогтар, социологтар қазақтардың ЖОО бітіргеннен кейінгі білім мәліметі бойынша олардың азаматтығы туралы мәлімет алды.

Кеңестік кезеңнен кейінгі қабылданған «Білім туралы», «РФ халықтарының тілдері туралы», «Ұлттық-мәдени автономия туралы» федералды заңдары халықтар мен этникалық топтардың этномәдени білімін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Білім туралы» федералды заңға сәйкес, негізгі жалпы білім міндетті болып табылады, оның міндеттілік талабы оқушы 15 жасқа толғанға дейін сақталады. 2002 жылы өткізілген Бүкілресейлік санақ мәліметі бойынша 15 және одан жоғары жастағы кәсіптік және жалпы білімі бар қазақтар — 97,77%. Кәсіптік білімі бар қазақтар — 240367. ЖОО бітіргендер — 618, жоғары білімді — 35878, жартылай жоғары білімді — 9483, орта — 122680 және бастауыш білімді қазақтар — 71708. 249053 жалпы білімді қазақтарға, ортабілімді (толық) — 107588 адам, негізгі — 95294 және бастауыш білімді −46171 адам. Бастауыш білім жоқ қазақтар саны — 10883, олардың 8206-ы сауатсыздығын мойындаған. 2002 жылғы халық санағы барысында 279 адам білім деңгейін көрсетпеген [3].

Бітірген жоғары және ЖОО білімді 36496 қазақтың білімі бар. Біздің есептеуімізше, мұндай көрсеткіштер бойынша аймақтардан Алтай Республикасы ерекшеленеді, мұнда 15 және одан жоғары жастағылардың 11,4%-ның жоғары кәсіптік ЖОО-дық білімі бар. Екінші орында Самара облысы — 8,58%, одан төмен қарай: Новосибирск — 8,22%, Челябинск — 8,04%, Калмыкия Республикасы — 7,18%, Курганск облысы — 6,94%, Алтай өңірі — 6,77%, Саратов облысы — 6,21%, Оренбор облысы — 5,83%, Омбы −5,62%, Астрахань — 5,24% және Волгоград облысы — 4,63% (көрсеткіштер өте төмен) [3].

Ресейдегі ауылдық қазақ тұрғындар қалалықтардан көбірек (67,46%), сондықтан ауылдық тұрғындар бойынша мәліметті ерекше бөліп аламыз. Есептер көрсеткендей, ең көп ауылдық қазақ тұрғындар Алтай Республикасында — 91,8%. Бұл жерде 15 және одан жоғары жастағы тұрғындар бойынша жоғары және ЖОО-дық білім 10,68% адамда бар. Бұл көрсеткіш Самарск облысында- 6,47%, Челябинск облысы — 6,48%, Калмыкия Республикасы — 5,69%, Курганск облысы — 5,56%, Саратов −5,22%, Оренбор облысы — 5,14%, Алтай өңірінде- 4,98%, Новосібір облысы — 3,85% және Волгоград облысы −3,53% және аймақтар арасында ең төмен көрсеткіш (3,49%) Омбы облысында[3].

Алыс және таяу шетел қазақтарына қарағанда Ресей қазақтары тұрып жатқан елдің мемлекеттік тілін білуден жоғары көрсеткіш көрсетеді (98,2%), тіпті ауыл тұрғындары қалалықтардан қалыспайды. 2002 жылғы Бүкілресейлік санақ бойынша 99,1% қалалық (210894) және 97,8% ауылдық (431907) Ресей қазақтары орыс тілін меңгерген. Қазақтар Қазақстанға жер аударылғанда қазақ қоғамына тез бейімделуі кездейсоқ емес, өйткені, біздің елді орыс тілі білім алуда, кәсіпті жүзеге асыруда, ғылымда, білімде кең қажеттілікті туғызады.

Қазақтар Ресейде өздерінің мәдениет жасайды және жаңғыртады, бұл үшін бар мәселелерді талдап, шығу жолдарын ұсына отырып қолайлы жағдай жасайды. РФ қазақтардың ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымдары көшбасшыларының мойындауынша әлсіздігі қазақтардың қазақ тілін білмеуінде, Ресей қазақтарының 28,02% қазақ тілін меңгермеген. Ғылым және педагогикалық зиялылар өкілдері, қазақтардың ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымдары өкілдері қазақ мәдениетін, дәстүрі мен тілін жаңғырту мәселелерін билік алдына қойып, осы сұрақтарды шешуде аймақтарды ортақ істерге келді. Қазақ тілі саласындағы қолайсыз жағдайлардың басты себебі ХХ ғ. 60ж. ұлттық мектептердің, ЖОО ұлттық бөлімдердің жабылуы болды. Екі онжылдық бойы Ресей қазақтарының жастары ұлттық мәдениеттерінен алшақ болды[5, 62 б].

КСРО-ның жалпы мемлекеттік саясатының либерализация жағына қарай өзгеруі тек 80ж. ортасында Ресей қазақтарының ұлттық тілінің жаңғыруна әкелді. 1986 жылы Астрахан облысы мектептерінде қазақ тілі оқытыла бастады. [6, 113 б.]. 90ж.басына дейін қазақтардың саны 1979 жылы 63345, 1989 жылы 73428 адамға өскенімен (өсу 166%) бірде-бір қазақ мектебі болған жоқ [7, 38 б.]. Энгельсс педагогикалық училищесінде 1991 жылы бастауыш сынып мұғалімерін дайындайтын қазақ бөлімі ашылады. 1989-2002 жылдары санақ аралық кезеңде Алтай өлкесінде екі орта қазақ мектебі сақталып қалды. Алтай мемлекеттілік шеңберінде қазақтар тұрып жатқан шағын жерлерде қазақ тілі ресми деңгейде қолданылуы мүмкін.

Қазақ тілін оқытуды жаңғырту баяу жүрді, педагогтар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жетіспеді. Мысалы, 1990/1991 оқу жылында Саратов облысында 3582 адам ғана оқыды, оқып жатқан облыс қазақтарының 16,6% ғана құрайды[8, 209 б.]. Астрахандықтар 1,2,3-сыныптарға ұлттық оқулықтар дайындауда Федерацияда алғашқы болды (авторлар Құлмағамбетова Б.Б., Искакова У.М., Урастаева Г.Д., Султаньяева О. А.). Бұл жұмыс ҚР білім Министрлігі және біздің еліміздің ғалымдары мен педагог-әдіскерлерінің қолдауымен қысқа мерзімде жүзеге асты.

Жаңа оқулықпен оқыту 1997 жылдан бастап жүргізілуде, оларды апробациялау Астрахан педагогикалық училещесі қазақ бөлімінің студенттерімен, болашақ бастауыш сынып және қазақ тілі мұғалімдерімен жалғасты. 1967 жылы жабылған училищенің қазақ бөлімі 1995 жылы қайта құрылғаннан кейін өзінің алғашқы түлектерін шығарды. 1997 жылы қазақ тілі Астрахан облысының 74 мектебінде оқытыла бастады, сол түлектердің көбісі Астрахан мемлекеттік университетінің және Қазақстан ЖОО студенттері атанды. 2007 жылы Астрахан мемлекеттік университеті бюджеттік негізде «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын алғашқы мұғалімдерін дайындап шығарды[8, 210 б.].

Ұлттық білім беру дәстүрі Орынбор облысының мектепке дейінгі мекемелері мен 55 мектебінде жаңғыртылды, онда 125568 қазақ тұрады, ресейлік қазақтардың 19,2% (Астрахан облысынан кейін екінші орын). Орынбор облысының Ясненск ауданы тұрғылықты тұрғындарының 50% қазақтар. Орск қаласының № 3 Педагогикалық колледжі 1990 жылдан бастап бастауыш қазақ сыныптарына мұғалімдер дайындайды [8, 210 б.].

Жексенбілік сабақтар мен қазақ тілі үйірмелері Новосібір, Омбы, Түмен және т.б. облыстарында және Калмык Республикасының Юстинск, Лаганск аудандары мектептерінде жүргізіледі. 2009 жылы 8 сәуірде Омбы қаласында «Джей энд Эс» компаниясымен «Болашақ» атты қазақ тілі орталығы ашылды, орталықтың мақсаты — жастар арасында ана тілді дамыту және қолдау, Омбы қаласы тұрғындарын қазақ мәдениеті негіздерімен таныстыру, қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға тілек білдірген адамдар клубын құру, ҚР компанияларымен, қоғамдық ұйымдарымен және мәдени орталықтарымен жұмыс жасайтындарға, жасағысы келетіндерге қазақ тілін үйренуде көмек көрсету, сонымен қатар қала және облыс әкімшілігінің ресми құжаттарын аударуда коммерциялық ұйымдарға көмек беру, Омбы аймағының көрші Қазақстан облыстарымен мәдени байланысын кеңейту[8, 213 б.].

Мұндай шаралар этникалық қолайлылық тудырып, мәдени және біліми деңгейді көтеретіні сөзсіз. Қазақтар, Ресейдің азаматтары және салық төлеушілері бола отырып, ең алдымен өзінің мәдени дамуы үшін кепілдендірілген заң құқығымен мемлекеттік қамтылу қажет. Ресейлік зерттеушілердің мойындауынша, қазақ тілінде оқитын қазақ топтары баяу өсуде, бұл 1990 жылдары жарқ ете түскен ұлттық сана сезім жаңғыру процестерінің төмендеуімен байланысты. Дегенмен мынаны атап өткен жөн, қазақтарды қазақ тілін оқу саласына тарту потенциалы үлкен: 2002 жылы Ресейдегі 0-29 жастағы қазақтар саны 324904 болды, Ресейдегі қазақтардың жалпы санының 49,68% құрайды. 0-17 жастағы қазақтар саны — 195547 адам, Ресейдегі қазақтардың жалпы санының 29,90% құрайды.

Ресейдегі қазақ интеллигенциясы ұлттық мәдениеттің, білімнің сақталуы мен дамуына, ана тіліндегі ақпараттық кеңістіктің кеңеюіне үлкен үлес қосады. Орынбор облысында «Жерлестер» телеарнасында ай сайын қазақ тілінде журнал дайындалады. Орынбор облыстық радиосында 50 минут қазақ тілінде хабар жүреді. Орынбордың 10 ұлттық газеттерінің ішінде «Айқап» қазақ газеті де бар. Еділ жағалаулары қазақтары Ассоциациясы «Хабар» газетін шығарады. Астрахан облыстық «Ак арна» газеті 1991 жылы журналист М.Утежановтың жетекшілігімен «Жолдастық» қазақ мәдениеті және тілі қоғамы белсенділерімен құрылған болатын. Олар «Атамекен» бағдарламасында 20-30 минут қазақ тілінде апта сайын радиохабар таратты. Омбы қаласындағы қазақ-орыс газетін құрастырушы және шығарушысы Бейсебаев Дастан болды. Қазақтаннан материалдар, оның ішінде орыс тілінде де бағыттау туралы айтқан сөзінде , ол: «Бірнеше жылдар бойы (кем дегенде 20 жыл) Омбы қаласында түрлі қазақ тілдегі газет шығаруға тырысқанымызда, тәжірибеміз көрсетті, демеуші қолдауымен және тегін таратылатын мұндай басылымдар көпке бармайды. Әрқашанда ең көбі дегенде 2 ғана шығарылым болды, себебі, демеуші үнемі ақша салуға ешқандай қызығушылық тудырмайды. Сондықтан бізде басқадай амал. Неге қазақтар қазақ газетіне 10 рубль ақша кетіре алмайды, ал басқа пайдасыз заттарға жұмсайды? Әзірше, мұндай амал өзін ақтауда, тұрақтылық байқала бастады» [8, 214 б.].

Қазіргі замандағы Ресей экономикасының, бизнесінің, ғылымы мен білімінің дамуына, мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда үлес қосып жүрген көптеген қазақ ұлты өкілдері Ресей қоғамында танымалдылыққа ие. Олардың ішінде, мысалы, белгілі ғалым-филолог, ҚР ҰҒА академигі Кеңесбай Мұсаұлы Мұсаев (Мәскеу), тарихшы-ғалымдар Наиля Ермұханқызы Бекмаханова (Мәскеу) және Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов (Санкт-Петербург), РФ Үкіметінің ғылым мен техника саласы сыйлықтарының лауреатары, мәскеуліктер, инженер-физик Жұмабек Есмұханұлы Жылқыбаев және Батырбек Мұқатұлы Нарбаев, РФ еңбек сіңірген дәрігері Ризек Исентемірұлы Нұрғалиев, Достық орденінің кавалері Никита Сеитұлы Искаков (Астрахан облысы), Астрахан облысы құрылыс және жол шаруашылығы министрі Табарак Дүйсембайұлы Мұқатов, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Сағит Көдебайұлы Жақсыбаев, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Марғуба Зинұрқызы Шұмова, кәсіпкер Гүлжан Талапқызы Молдажанова (Мәскеу), Байбек орта жалпы білім беретін мектеп директоры, РФ еңбек сіңірген мұғалімі Оразғали Қисаұлы Алатаев (Астрахан облысы), Мемлекеттік дума екінші шақырылымының депутаты Жақсылық Қуантайұлы Алтынбаев (Челябинск облысы), Ресей Үлкен тетарының опера солисті Нұрлан Александрұлы Бекмұхаметов, жоғары категориялы кинорежиссер Раиса Молдашқызы Ерназарова (Новосібір), Ресей суретшілер одағы мен Санкт-Петербург қазіргі заман өнері академиясының мүшесі, суретші, Латиф Қазбеков, ақын, прозашы, композитор Айгүл Сатыбалдықызы Комелькова (Челябинск облысы) және т.б. «Ресей ғылым дамуына белсенді үлес қосқаны үшін», «Ресей ғылымы мәртебесін нығайтқаны үшін» меалдерімен инженер-металлург Равиль Кәрімұлы Арықбаев (Астрахан облысы) марапатталған. В.Янның «Шыңғыс хан», «Хан Бату», «К последнему морю» романдарын, Бирюковтың «Чайка» романын орыс тілінен қазақ тіліне аударған инженер-құрылысшы, қоғам қайраткері Бақытжан Ысқақұлы Ысқақов (Мәскеу). Бұдан басқа көптеген қазақтарды мысалға келтіруге болады [8, 214 б].

2002 жылғы санақ барысында мемлекет азаматы үш тілді меңгергенін көрсете алғаны белгілі, бұл оның осы тілде сөйлеу, жаза, оқи алатынын немесе тек қана сөйлей алатынын білдіреді. Ресей қазақтары 47 тілден (тат тілінен басқа) 46 тілді білетінін белгілен (оның ішінде қазақ тілі). Орыс және қазақ тілдерінен кейін үшінші орында — татар тілі. Татар тілін білетінін 9909 қазақ белгілеген, неміс тілін — 9387, алтай тілін — 2869, башқұр тілін −2867, өзбек тілін — 1875, ноғай тілін — 684, әзербайжан тілін — 445, украин тілін — 352, калмық тілін −273, қарашай-балқар тілін — 221, якут тілін — 180, кабардин-черкесс тілін — 146, шешен тілін — 137, чуваш тілін — 111 адам. Тілдер тізімінде сонымен қатар армян, бурят, кумык, грузин, осетин, тува тілдері бар. Тілдерді білуі ресей қазақтарының басқаұлттық ортада, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда өмір сүруде теңдессіз тәжірибе алғанын көрсетеді. Төзімділік, диалогты еркін құра білуі, дінге еріктілік ресей қазақтары менталитетінің мықты жақтарын көрсетеді [3].

Өз кезегінде қазақ ұлты өкілі емес ресейліктері 2002 жылғы санақ барысында қазақ тілін меңгерген анықталды. 21 ұлт арасында бірінші орында орыстар, олардың 41759-ы қазақ тілін меңгерген. Әрі қарай: татарлар −19655 адам, башқұрлар — 5013, украиндар — 3547, шешендер — 2575, немістер −2291, әзербайжандар — 1144, ингуштар — 863, белорустар — 515, чуваштар — 508, марийліктер — 289, армяндар — 251, мордвалықтар −170, кумыктар −147, кабардиндер — 126, удмурттар −131, осетиндер −114, аварлар −68, буряттар −84, якуттар — 47, даргиндықтар — 35 адам [3].

Біздің зерттеуіміз Ресей құрамындағы қазақтардың этномәдени білімін сақтау және дамыту субъектісін қамтамасыз етуде өзінің фундаменталды этникалық қажеттілігін жүзеге асыра алатынын көрсетті. Бұл жұмыста біздің еліміз қазақ ұлтының қазақ тілі мен мәдениетін негізгі «жасаушысы» ретінде көмек көрсету қажет. Бұл Конституцияға сәйкес мемлекеттің тікелей және халықаралық міндеті: «Қазақстан Республикасы елден тыс өмір сүріп жатқан қазақтарға ұлттық-мәдени, рухани, тілдік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қомқорлық жасайды». Оны жүзеге асырған жағдайда ғана ресейлік қазақтар біздің еліміздің Ресейдегі жақсы жолбасшыларына айналады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. -Алматы: Ғылым, 1997.-262-271 б.;
2. Балтабаева К.Н. Казахи и татары Западной Сибири (1919-1932). — Алматы: Ғылым, 1992. — 117 б;
3. 2002 ж. жалпыресейлік санақтың ұлттық құрамы URL: http://demoscope.ru/weekly/ssp/rus_nac_02.php
4. Казахи в России: Библиографический сборник в 2-х т. 2-е изд., испр. и доп. — М.: ВеГа, 2008. — Т.1. — б. 7 — 8б.;
5. Наумова О.Б. Казахская диаспора в России: этническое самосознание и миграционное поведение // Этнографическое обозрение. — 2000.- № 3. 61-63 б.;
6. Астраханские казахи: История и современность. К 10-летию областного общества казахской культуры и языыка «Жолдастык» (автор и отв.ред. Урастаева Г.Д.). — Астрахань: Изд-во ГУП ИПК «Волга», 2000. 113 б.;
7. Ташпеков Г.А. Казахи Саратовской области: историко-этнографические очерки. — Саратов: Регион. Приволж.изд-во «Детская книга», 2002. 38-39 бб ,-43 б.;
8. Подсчитано по: Урастаева Г.Д. Национальное образование казахов в России. История и тенденция (на материалах Астраханской области) — Алматы: Гылым, 1998.- 209-215 б.

Шерімбетов З.С., студент, ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Амрина М.С.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?