Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Президенттік биліктің тиімділігі

1374
2007 жылғы Қазақстан халқына жасаған 11-ші жолдауы да ел үмітін ақтады

Қазақстан халқы елдің дамуының стратегиялық міндеттерін, ағымдағы басымдылықтарын, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары туралы маңызды хабарлар мен, ақпараттарды ең алдымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың аузынан естуге әдеттеніп қалды. Оның дәлелі Президенттің әр жылда жасайтын Қазақстан халқына Жолдауы. 2007 жылғы Қазақстан халқына жасаған 11-ші жолдауы да ел үмітін, ақтады. Жолдауда нақты мақсаттар мен міндеттер күн тәртібіне қойылған. Оның мәнін Жолдаудың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деген атауы ашып тұр.

Транзиттік даму кезеңінен өтіп, қалыпты эволюциялану жолы¬на түскен ел алдында қазір өзінше күрделі міндеттер тұр. Нарықтық экономика жасалынды, жаңа саяси жүйе өмірге келді. Қоғамдық қатынастардың барлық салалары нарықтық экономикалық жүйеге сәйкестендірілуде. Елде үлкен материалдық, қаржылық байлықтарға ие болған капиталистік бизнесмендер табы қалып-тасты. Нарық қиындылығынан елдің әлеуметтік әлсіз топтарының люмпенденуі мен кедейленуі-де күшейе түсті. Әлеуметтік қай-шылықтар тікелей көрініс бере бастады. Елдің аграрлық секторын капиталдандырудың да қиыншылықты үрдісі басталды. Міне осын¬дай қиындықты әлеуметтік шындық жағдайында елдің тұрақты да¬муын жалғастыру, нарықтық модернизацияны тереңдете берудің бірден-бір жолы — Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатын жақсарту екендігін Президент биылғы Жолдауында ерекше көрсетіп отыр. Мемлекет алдағы уақытта қарапайым халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсартпаса елдің дамуы болмайды. Сон-дықтан мемлекет бүгінінен бастап әр қазақстандықтың мұң-мұқтажына бетбұрыс жасау саясатын басшылыққа алуға тиісті. Мемлекет өз азаматтарына қызмет жасаса, оның өмір сүруін жақсартудың кешенді шараларын жүзеге асырса ғана өзінің күш-қуатын еселейтінін сезінетін уақыт жетті. Өркениеттілік белгісі аз ғана төбе топтың ғана байып күшейуі емес, ел халқының басым көпшілігінің жағдайының түзеліп, болашаққа сенімінің артуы.

Аталған жолдаудан Елбасының нарықтық экономика жетіс-тіктерін халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бетбұрыс жасату саясатына ден қойғанын байқаймыз. Қазақстан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі принципіне негізделетін адам келбетіндегі капи¬тализм орнатуға тікелей кірісті деп есептеуге болады. Нарықтық қатынастардан ел халқының басым көпшілігі зардап шегуі жағдайы толастамаса елдің экономикалық дамуы толастамайтыны, ақиқат. Әсіресе, Қазақстан сияқты шикізат ресурстарын сатудан пайда тауып отырған мемлекет үшін жер қойнауы табысына халықты ортақ ету мәселесі маңызды бола түсуде.

Президент ел болашағын, қазақстандықтардың әл-ауқатын шикізатпен емес тауар өндірісі салаларын дамытуын байланысты¬рады. Дайын тауарлар мен азық-түлік өнімдерін шығару арқылы өз рыногімізді қамтамасыз етсе, артығын экспортқа шығарса өркениетті елдің әлеуметтік тірегі болып есептелетін орта тап¬тын қалыптасуы жылдамдайды. Қазір шағын және орта бизне¬сте Қазақстан халқының 7–10 пайызы ғана. Бұл көрсеткіш 20–25 пайызға жеткенде елдің толыққанды әл-ауқатына қол жеткіздік деп есептеуге болады.

Президент адам факторына ерекше назар аударады. Себебі, әр қазақстандықтың еңбекке құлшынысы болуы шарт. Әл-ауқатты өмір тек еңбекқор, ізденімпаз, жаңашыл адамға келетіні, ақиқат. Билік табиғат байлықтарын халыққа бөліп беріп отыра берсе, онда қоғамға үлкен зиан, кесапат келмек. Ондай саясат жалқаулықты тудырады. Мұнай қоры, алтын қоры, қаржылық басқа да қорлар ғылымның, білімнің, денсаулықтың, мәдениет пен спорттың дамуына жұмсауы елдің кемел келешегінің кепілі екендігін елдің саяси элитасы терең ұғынуы шарт. Сондықтан аталған Жолдауда аталған салалар ерек¬ше назарда. Қазақстанның абыройы мен әлеуметтік қуатын елба¬сы қарттарға, мүгедектерге және сәбилерге ерекше қамқорлықтың болуымен байланыстырады. Зейнеткерлердің дұрыс өмір сүре алуы, сәбилердің өмірге келуіне және көптеп келуіне мемлекеттік қамқорлық мемлекеттің өзінің абыройын арттырып қана қоймайды, оның азаматтарының отан сүйгіштігін арттырады, жалпыхалықтық әлеуметтік оптимизмді күшейтеді. Билік пен халықтың тұтастығын нығайту арқылы қазақстандық мемлекеттілікті нығайтады. Биылғы Жолдаудың өзекті міндеті мемлекеттің бүкіл ресурстарын әрбір қазақстандықтың жағдайын жақсартуға пайдалану. Әл-ауқаты жақсы халық қана демократиялық, құқықтық мемлекетті құруда белсенді.

Қазақстанда өркениетті елдер қатарына қосылуды байланы¬сты жүргізілетін аса күрделі және сан салалы жұмысты басқаратын елдің саяси билігі. Саяси биліктегі шешуші фигура — Президент. Сондықтан Қазақстан үшін Президент қызметінің тағдырлық маңызы күшті. Елдің экономикалық, әлеуметтік саяси және рухани жаңаруының өзекті мәселелерінің ойдағыдай шешілуі Президенттің сол мәселеге қатысты позициясы мен белсенділігіне келіп тіреледі. Елдің атқарушы билігі толықтай Елбасының стратегиялық мақсаттарын орындауға жұмылған. Биліктің заң шығарушы және сот тармақтары әліде болса Президенттік саяси атқарушы билік тармағымен теңесе алған жоқ. Қазіргі кезеңде елдің билік жүйесінде Президенттік биліктің нақты басымдылығы бар ахуал қалыптасты. Қазақстандағы Президенттік биліктің басымдылығына елдің саяси жүйесінің дамуының объективті үрдістерінің өзі әкелді. Биліктің даму логикасына жауап ретінде елдің басқарушы элитасы Президенттік билікті заңдастыруға қол жекізді. Соның нәтижесінде Президент ресми түрдегі мемлекеттік және церемониалдық (салтанаттық) биліктің орталығына айналды. Қазір Қазақстаның дамуы мәселелерін Президенттік биліксіз елестету қиын.

Алайда толыққанды Президенттік билік елде оңай және тез арада қалыптаса қалған жоқ. Қазақстандағы Президенттік билік өзіне тән ерекшеліктегі даму жолынан өтті. Президенттік биліктің даму диалектикасы социалистік қоғамнан шығып, капиталистік қатынастарға енген Қазақстан қоғамының даму диалектикасы¬на тікелей тәуелді болды. Өтпелі кезеңнің қайшылықтары мен қиыншылықтарын ең алдымен басқарушы билік сезінді және елдің ресурстарын осы қиыншылықтарды жеңуге жұмсауға ты¬рысты. Президент Қазақстан халқын ортақ қиыншылықтар мен қайшылықтарды шешуге жұмылдырушы, ұйымдастырушы фигураға айналды. Ел халқының Президент билігі мен саясатының төңірегінде топтасуының игілікті шаралары басталды. Бүгін Қазақстан президенттік билік басқаруымен қалыпты және тұрақты дамудың эволюциялық жолына түсті деп батыл айта аламыз. Қалыпты дамудың түпкілікті нәтижесі Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 ел қатарынан нақты орын алуына, өркениетті ел са¬паларына жетуі болмақ.

Президенттік биліктің Қазақстанда жылдам бедел алып елдің саяси жүйесінің кіндігіне айналуының объективті себептері болды:

Біріншіден, Кенес Одағының ыдырау жағдайында оның құ-рамындағы ұлттық аймақтарды, оның ішінде Қазақстанды да биліксіздену құбылысы жайлай бастады. 80-ші жылдардың аяқ шенінде басталған биліксіздену, 90-шы жылдардың бас кезінде тіптен қауіпті шекке жетті. Басқарушы биліктің ел шаруашылығына, байлықтарына ие бола алмауынан олардың бей-берекетталан-таражға түсуі басталды. Экономиканы бөліске салу үшін жүргізілген күрес, билікке таласу, ұлттық тәуелсіздікке ұмтылу құбылыстары жұмысшылар мен интеллегенцияның үздіксіз ереуілдеріне ұласып Кеңес Одағында хаостық жағдай қауіпті күшейді. Қылмыскерлік пен тонаушылық қарапайым халықты әбден шаршатты. Кеңес Одағындағы осыншама ауыр теріс құбылыстардың барлығы Қа-зақстанға да тән болды. Кеңес Одағының ыдырау жағдайында 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алған Қазақстанға аталған негативті үрдістерді тоқтата алатын биліктің жаңа түрі қажет болды.

Екіншіден, Қазақстанда биліктің жаңа түрі Президент институ¬ты елдің терең экономикалық және әлеуметтік, саяси дағдарысы жағдайында қалыптасты. Әсіресе экономикалық дағдарыс сал-дарының ел халқының 50 пайыздан астамы кедейшілік және қа-йыршылық деңгейіне түсті. Бұрынғы социалистік жоспарлы эко¬номика мен әкімшілдік-әміршілдік жүйе дағдарысты еңсеруге мүлдем қауқарсыз болып шықты. Елде этникалық қозғалыстар ба¬сталып солтүстік және шығыс облыстарда сепаратизм қаупі анық байқалды. Мұндай қауіпті үрдістер Қазақстанның бөлшектенуі, ыды¬ рауы қайшылығына жеткізетіндей ахуал қалыптасты. Коммунистік партияның аренадан түсуі рухани, идеологиялық вакуумге әкелді. Елде тәртіптің, тәрбиенің және саяси тұрақтылықтың әлсіреуі ба-сталды. Қоғамдық қатынастардың негізгі сфераларын түгелдей қамтыған жүйелік дағдарыстан шығу үшін бірінші кезекте саяси басқарушы билікті күшейту міндеті тұрды.

Үшіншіден, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдар¬да Қазақстандағы сайланған өкілді органдар мен жергілікті атқарушы билік органдары дағдарысқа төтеп беретіндей қызмет ете алмайтындықтарын көрсетті. Жоғарғы Кеңестің жұмысында митингілік, дау-дамайлық сипат басым болды. Биліктің әлсіздігінен Қазақстанның дағдарыстық үрдістер құшағынан шығуы мәселесі қиындап кетті. Сондықтан нақты саяси ахуалды шешетін, халықтың демократияны таңдауына жауап беретін, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, жалпыхалықтық сайлауда билікке келген Президент қажет болды.

Төртіншіден, Қазақстандағы саяси және экономикалық жүйе-нің алмасуы жағдайында өркениетті, демократиялық елдердің тәжірибиесіне сәйкес келетін жаңа тұрпатты саяси жүйені қалып-тастыру қажеттілікке айналды. Осындай кезек күттірмейтін міндет-терді шешу үшін-де Қазақстанға Президенттік билік қажет болды. Себебі, Қазақстан дамыған Батыс мемлекеттеріндегідей өмір стан¬дарттарын қаласа солардікіндегідей қызмет ете алатын, қазіргі жылдам өзгеретін заманның қауіптері мен қайшылықтарына жауап беретін басқару жүйесін құру керек еді. Қазақстан өркениетті елдердің басым көпшілігіне тән Президенттік билік жүйесін таңдады.

Бесіншіден, елдің полиэтникалық құрамының, этнодемогра-фиялық ахуалының күрделілігі Қазақстан халықтарын жалпы-мемлекеттік ортақ мақсаттар мен міндеттер аясында топтастыра алатын, ұйытушылық қасиеті бар саяси биліктің болуын талап етті. Билік ұлан байтақ ел территориясын, шикізат көздері мен материалдық ресурстарын басқара алмаса Қазақстанда келешек болмайтындығын ел халқы да, саяси элита да түсінді. Тарихи саяси ахуал және экономикалық даму талаптары Қазақстанда президенттік билік жүйесіне алып келді. Сондықтан Қазақстандағы Президент қызметін өмірдің объективті даму талаптарынан туған құбылыс деп айта аламыз.
Қазақстан қоғамындағы осындай нақты талапты сезінген сол кездегі Қазақ ССР Жоғарғы Советі өз қаулысымен 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлансын деген шешім қабылдады. Н.Ә. Назарбаевты бұл жоғарғы лауазымдық қызметке Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 21-пленумы бір ау¬ыздан ұсынған болатын. Қазақстан коммунистері өз жетекшісін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысын Президент лауазымды қызметіне лайық деп шешті.

Биліктің бір саяси жүйеден екіншісіне эволюциялық және бейбіт жолымен ауысуы жағдайында саяси басқарушы элитаның толықтай алмасуы болмайтындығы әлемдік саяси тәжірбиеден белгілі. Қазақстандағы жаңа мазмұндағы саяси жүйе бұрынғы социалистік саяси жүйе қойнауынан біртіндеп бөлініп шықты. Жаңа нарықтық қатынастарға тән, жаңа қоғамға тән саяси жүйенің бірінші кірпіші, іргетасы Қазақстанда Президент қызметінің енгізілуімен қаланды деп есептеуге болады.

Қазақстан либералдық сипаттағы саяси жүйеге Кеңес Одағы толық күйремей жатып-ақ бетбұрыс жасай бастады. Ескі саяси жүйені демонтаждау, демократиялық саяси жүйеге қарай түбегейлі бетбұрыс жасау шаралары 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациядан бастауын алды. Декларацияда Қазақстанда алғаш рет билік тармақтарын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қарастырылды. Президентке Республика басшысы ретінде ең жоғарғы әкімшілік-атқару билігі жүктелді. Осы құжаттан бастап Қазақстанда шешуші мемлекеттік тұлға Президент болды деп есептеуге болды. Сонымен қатар биліктің негізгі тірегі Қазақстан халқы екендігі және биліктің негізгі органдары халық атынан қызмет ететіндігі атап көрсетілді. Биліктің халық алдында толық жауаптылығы белгіленді [1].

Декларацияда саяси жүйенің барлық сегменттерінің заңдарға бағынып қызмет жасау қажеттілігі міндеттелді. Ел тарихында алғаш рет Қазақстан заңдарының өз территориясында Кеңес Одағы заңдарынан басымдығы жарияланды. Қазақстан шын мәніндегі халықаралық саясат субъектісіне айналды. Әлемдік саясаттағы Қазақстанның жаңа орнын анықтау шараларын басқарушы ең жоғарғы әкімшілік-атқарушы билігі бар Президент басқара баста¬ды. Экономикалық нарықтық қатынастарға бетбұрыс жасауын, меншік түрлерінің әр-алуандыққа ие болуын, саяси плюрализмнің қалыптасуын, елдің демократиялық модернизацияға түсуі сияқты өзекті міндеттерді шешу саясатын да Президент тікелей жүргізе бастады. Сонымен, ғасырлар алмасар тұста жаңа Қазақстанның жаңа әлемдегі орнын анықтауда, елді әлемдік өркениет үрдістеріне қосу істеріне Президент басшылық жасады. Президенттің қоғам, мемлекет, халық және адам тағдырына жауапкершілігінің ар¬туы құбылысы саяси өмірге келді. Постсоциалистік және пост-тоталитарлық кезеңдегі дағдарыстық үрдістерді ауыздықтау міндетін шешу барысында ел халқының алдында президенттік биліктің зәрулігі дәлелденіп оның абыройының артуы көрінді. Транзитті, өтпелі қоғам дамуының 1990–1995 жылдарды қамтитын бірінші кезеңін Қазақстанда Президент билігінің пайда болуы мен қалыптасуы кезеңі ретінде бағалауға болады. Президенттік билік арқылы Қазақстан халқы өз тағдырын өзі шешетін саяси-әлеуметтік қауымдастыққа айнала бастады. 1990-шы жылы ел халқының 41 пайызын құрап, 6,8 миллион адамға жеткен қазақ ұлты өзінің төл мемлекеттілігін жасау мүмкіндігіне ие болды [2].

Қазақ этносының ұлтсыздануының, ана тілінен айрылуының, ұлттық ділінен алшақтауының зиянды және қауіпті үрдістеріне шек қоюдың саяси алғы шарты да жасалды. Тәуелсіздік қазақ ұлтына этнодемографиялық және мәдени жаңару мүмкіндігін алып келді. Бұл мүмкіндіктердің де кепілі Президент билігі деп білді қазақ халқы. Сонымен бірге қазақ халқы Қазақстан Президенті ең алдымен бүкіл Қазақстан халқының мүдделерін, мақсат-мұраттарын іске асырушы болуға тиісті екендігін түсінді, өзінің этникалық мүдделерінің Қазақстан халқы мүдделері шеңберінде біртіндеп шешілу саясатының келешегіне және қажеттілігіне енді. Бұл күрделі құбылыс қазіргі уақытта дейін эволюциялық дамуда жалғасып келеді.

Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Президент басқарған саяси элита үш ғасырға жуық созылған Ресей империясының бодандығында болу қазақ ұлтын біртіндеп құру табалдырығына әкелгендігін жақсы түсінді. Бодандық жалғаса берген жағдайда қазақ этносы ұлттық белгілерінен айрылып, ассимилияцияланған тобырға айналатындығы сөзсіз болатын. Оның кең байтақ, табиғи ресурстарға толы жері басқаның иелігіне өтеді. Қазақ ұлтына тәуелсіздік осындай қасіреттерден құтылу мүмкіндігін сыйла¬ды. Халқымыз ұзақ тарихи кеңістікте өзінің билігі өзінде бола¬тын, әлемдік тәртіптерге икемделген халықаралық қатынастар субъектісіне айналды. Бұл жаңа құбылыс та қазір өз жалғасын табуда. Қазақ ұлтының жаңару, өрлеу процесі қайта басталды. Ұлт тағдырына, оның өркениет жолына нақты түсуіне Президент билігінің ықпалы зор екендігін халық та, билік те түсініп отыр.

Бірақ та, полиэтникалық елде қазақ этносының ұлттық, тілдік мүдделерін асығыс түрде, басқа мәселелерді ысырып та¬стап бірінші кезекке қоюға болмайды. Әсіресе 90-жылдарда орыстар ел халқының 37% құрап, 6,2 миллион адам болатын. Украиналықтарды, беларустарды, немістерді және басқа да сла-вян-христиан тектес халықтарды қосқанда Қазақстан халқының тең жарымының астамын құрайтын [4]. Әсіресе солтүстік және шығыс аймақтарда қазақтар азшылық еді. Республика басшылығына сол кезде ерекше сабырлық пен салқынқандылық керек болды. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауды аса сақтықпен, елдегі көп халықтардың саяси көңіл- күйін есепке ала отыра іске асыру өзін, ақтады. Елді этникалық, әлеуметтік текетірестер мен қауіпті қайшылықтардан қақтығыссыз, бейбіт жолмен шығарып, егеменді мемлекет болудың сара жолына түсіруде жаңадан енгізілген президенттік билік шешуші рөл атқарды.

Президенттік биліктің ұйымдастырушылық және идеология-лық қызметтері нәтижесінде елдегі этникалық топтар мен диа¬споралар Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлекетке айналуы саяси және экономикалық ахуалдың дамуының, объективті себептерінен туған тарихи қажеттілік екендігін дұрыс түсінді. Президенттік билік басшылығымен Қазақстан халқы елдегі саяси тұрақтылықты қоғамдық және этникалық келісімді сақтай отырып, егемендікке келді. Әлеуметтік және этникалық катаклизмалардың болмауы ел экономикасының нарықтық модернизация жолына тез түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Экономиканың тез жанда-нуы Қазақстанды Кеңес Одағы күйреуінен туған дағдарыстық ахуалдан жылдам алып шыққаны белгілі. Әрине елдегі саяси-экономикалық құрылыстар алмасуы кезеңінде болған барлық күрделі құбылыстарды Президент билігімен тікелей байла¬ныстырып қоюға болмайды. Сонымен бірге өзекті, тағдырлық мәселелердің барлығы дұрыс шешілуіне Президент өз құзырлы билігімен тікелей ықпал етіп отырды. Сол себепті Қазақстанның тәуілсіздік жолына түсуі барысындағы жетістіктер мен кемшіліктер де Президент қызметіне белгілі дәрежеде байланысты. Себебі, Конституция бойынша елдің ішкі және сыртқы саясатын анықтауда президент шешуші рөл атқарады. Қазақстанның саяси өмірінде нақты орын алған президенттік билік азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, олардың саяси қауіпсіздігін, материалдық әл-ауқатын қорғайтын Конституциялық дамудың кепіліне айнала бастады. Елде билік дағдарысы құбылысы күн тәртібінен түсті.

Соның арқасында елдің саяси жүйесінде, халықтың саяси сана¬сы мен мәдениетінде президенттік билік өз орнын бірден тапты. Президенттік биліктің Қазақстанда абыройды тез жинауында елдің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке басының харизмалық сапалары, оның іскерлігі, елжандылығы, табандылығы және Қазақстан мемлекеті алдында тұрған, ағымдағы және стратегиялық міндеттерді терең түсінуге және шешуге қабілеттілігі ықпал етті деп батыл айтуға болады.

Қазақстанда демократиялық қоғам принциптеріне сәйкес сайлаулар өткізіле бастауы да президенттік билікпен байланы¬сты. «Қазақ ССР-нің президенттік сайлау туралы 1991 жылғы 16-қазандағы Заңына» [4] сәйкес елде алғаш рет өркениетті елдер-дегідей жалпыхалықтық және демократиялық сайлау өткізілді. Мемлекеттегі ең жоғарғы лауазым иесін Қазақстан халқы өз құзырымен сайлады. «Биліктің қайнар көзі — халық" делінетін демократияның басты принципі Қазақстанның саяси шындығына айналды.
Президенттік билік елді дағдарыстан шығару, нарықтық қаты-настарды орнықтыру саяси жүйені реформалау міндеттерін өз мойнына алды және ойдағыдай орындап шықты. Осы шаралар-ды іске асыруға бағытталған төрт жүзден астам заң күші бар Президент жарлықтарының тәуелсіз ел экономикасы мен сая¬си жүйесін жаңару жолына түсуіне пәрменді ықпал жасады. Қазақстанның стратегиялық даму басымдалықтарын Президенттің тікелей басшылығымен қабылданған 1993 жылғы «Қазақстан Республикасының Конституциясы», 1995 жылғы «Қазақстан Рес-публикасының Конституциясы», 1997 жылғы «Қазақстан -2030 — барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы» Қазақстан халқына Жолдауы сияқты маңызды мемлекеттік құжаттар анықтап берді. Президенттік билік басшылығымен ел халқы өзінің дамуының негізгі бағыттарын дұрыс айқындай алды, өркениеттің даму жолына түсе алды.

Көптеген ресейлік және әлемдік сарапшылар Қазақстанның егеменді ел болу мүмкіндіктеріне күдікпен қараған еді. Мысалы, АҚШ-тың белгілі саясаткері З. Бзежинскийдің «Орта Азия талқан болады» деген сәуегейлігінің Қазақстанға қатысы болған жоқ. Керісінше саяси және экономикалық ақуалдың жақсара түсуі Қазақстанды Орта Азия аймағындағы тұрақтандырушы факторға, бейбітшілік кіндігіне айналдырды. Әлемдік қауымдастық Елба-сының Қазақстанды ядролық қарулардан азат мемлекетке ай¬налдыру саясатын, полиэтникалық қоғамдағы диаспоралар мен ұлыстардың теңдігі саясатын, ел өмірінің барлық салаларын мо¬дернизациялау саясатын дұрыс саясат ретінде қолдады.

Қоғамдық қатыныстардың жаңаруына, ел алдындағы мін-деттердің өзгеруіне сәйкес президенттік билік өзін-өзі үнемі жаңартып отыруға тырысты. Дағдарыс жылдарында биліксіздікті ауыздықтау мақсатында вертикальды президенттік билік кү-шейтілді. Ал қоғамдық өмірдің демократияландыруының терең-дету қажеттілігі туғанда 2007 жылы мамыр айында Конституция енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес президенттік билік президенттік — парламенттік билікке ауыса бастады. Ел-басы ұсынысымен заң шығарушы билік тармағы — парламенттің, заңдарды орындауды қамтамасыз ететін — сот билігі тармағы-ның күшеюі байқалады. Елдегі билік бөлінісінің құқықтық, демократия-лық қоғамға бастайтындығын саяси тәжірибе дәлелдейді. Мұның өзін Елбасының инновациялық ойлауының, реформаторлық қасиеттері мен білікті саясаткерлігінің нәтижесі деп бағалауға бо¬лады. Елбасы ұсынған «алдымен экономика, одан соң саясат» принципі өзін, ақтады. Ел экономикасының жандануы халықтың әл- ауқатының жақсаруы Қазақстанды артта қалған үшінші дүние елдерінен орташа дамыған елдер қатарына көтерді. Егер елде 1994 жылы жан басына шаққанда 400, АҚШ доллары көлемінде жиынтық ішкі өнім өндірілсе, бұл көрсеткіш 2007 жылы 5100 долларға дейін өсті. 16 жылда қазақ ұлты 6,8 миллион адам¬нан 9,1 миллион адамға дейін көбейді. Аз ғана мерзімде қазақ ұлтының 2,5 миллион адамға өсуі тәуелсіз мемлекет болу жағадайында және пәрменді демографиялық саясатты іске асы¬ру арқасында ғана мүмкін болды. Өркениетке жылжудағы табы¬стары қуантады. Дамуда кедергілер, қайшылықтар, шешілмеген мәселелер-де жеткілікті. Оларды саралап шығуға бір мақаланың шамасы жетпейді. Қазақстан қоғамы демократияның принциптері мен қағидаларын баянды ете отыра Президент басшылығымен дамыған мемлекеттер қатарында көрінетініне сенім күшті.

Әдебиеттер:

1. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақ ССР Жоғарғы Советі 1990 жылғы қазанның 25-де қабылданған Қазақ әдебиеті. 1990 ж. 2 қараша 1 б.
2. Ғали Ә. «Қолтығы кең қазақ жұрты»// Ана тілі 1994, 12 мамыр 4 б.
3. Бұл да сонда
4. 4. Қазақстан Республикасының жаңа Заңдары (Құрастырған Ф. Т. Бисенбина) Алматы, 1992. 264 б.(32–43)

С.М. Борбасов

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?