Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Конституциялар, конституциялық реформалар және мемлекеттілік құрылысының аяқталуы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы.

3282
Конституциялар, конституциялық реформалар және мемлекеттілік құрылысының аяқталуы  Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы. - e-history.kz
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңес билігінін өкілетті органы Жоғарғы Кеңеспен қатар, жаңа қалыптасқан президенттік институт өз жұмысын жандандырып келе жатты.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңес билігінін өкілетті органы Жоғарғы Кеңеспен қатар, жаңа қалыптасқан президенттік институт өз жұмысын жандандырып келе жатты. Саяси ахуал күрделі болатын. 1992 жылдың басында Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Респуб-ликасының Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін конституциялық комиссия құру туралы қаулы қабылдады. Жобаны әзірлейтін жұмыс тобы жасақталып, оны Ғайрат Сапарғалиев басқарды. Құрамында Б.Ә. Мүхамеджанов, Т.С. Донақов, Ю.А. Ким және тағы бірнеше белгілі заңгерлер бар жұмыс тобы жобаны әзірлеу жұмысына кірісті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өзі басшылық ететін Жоғарғы Кеңес депутаттарынан жасақталған Конституциялық комиссия кемінде екі аптада бір рет үзбей бас қосып отырды. Жұмыс тобының жетекшісі Конституциялық комиссияның барлық отырыстарында Конституция жобасын әзірлеу барысы туралы баяндады. 1993 жылғы Конституция жобасының ең маңызды мәселелері Конституция комиссиясының мәжілісінде қызу пікірталас жағдайында өтті. Жоғары Кеңестің консервативтік бағыттағы топ мүшелері Кеңесті сақтап қалуға тырысты. Олар екі палаталы Парламент құруды жоққа шығарды. Бір жылдан кем уақытта Конституцияның жобасы жасалып бітіп, Жоғарғы Кеңестің сессиясы қарауына жіберілді. Сессия қарап болысымен, 1993 жылдың 28 қаңтарында мақұлданып, заңдық күшіне ие болды. Конституция қоғамда болып жатқан өзгерістерге жауап беруге тиіс болғандықтан, оған да кезең-кезеңімен көптеген өзгерістер еңгізіп отыруға тура келді. Мемлекеттік құрылыс, жүйе өзгеріске ұшырап жатқанда, мұның да қисыны бар еді.

Конституция мазмұны «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңның ережелері мен ұстанымдарына сәйкес айқындалды. Конституцияның кіріспе бөлімінде Қазақстанның тәуелсіз, құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім және 21 тараудан тұрды. Демократиялық және құқықтық мемлекет құруда республика халықаралық нормалар мен курстарды ұстана отырып, Қазақстан алғаш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі ретінде жарияланды. Конституция елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға негізделіп жасалды. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына теңдей құқық беру қамтамасыз етіліп, адамдардың міндеттері мен құқықтары және бостандықтары бекітілді. Конституция бойынша қазақ тілі — мемлекеттік тіл болып бекітіліп, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды. Мемлекеттік немесе ұлтаралық қатынас тілін білмеу белгілеріне байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелуіне тыйым салынды. Сөйтіп, Қазақстанның толыққанды мемлекеттік тәуелсіздігін конституциялық-кұқықтық түрғыдан рәсімдеу 1993 жылғы 28 каңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституцияның қабылдануымен жүзеге асты.

Казақстан қоғамын дамыту барысында Конституциядағы кемшіліктер мен оның шындықтан алыс жатқандығы байқала бастады. Онда Қазақстан демократиялық мемлекет деп жарияланды. Ал шын мәнінде 1993 жылдары демократиялык қайта құрулар енді-енді ғана өзіне жол ашып жатқан болатын.

1993 жылғы Конституцияда мемлекеттің құқықтық және әлеуметтік бағдары анықталғанмен, басқару түрі туралы нақты айтыл-мады. Бұл уақытта президенттік және парламенттік республиканың екеуінің де белгілері бар еді. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің бірыңғай жүйесі мәртебесіне ие болды. Мұның ерекшелігі, Қазақстанда Президент мәртебесіне қарай атқарушы биліктің қызметін атқармайды. Бірақ шын мәнісінде президенттік билік атқарушы билікке жататын еді.

1993 жылғы Конституция бойынша Үкімет басшысын, соңдай-ақ оның орынбасарларын, министрлер және ведомствалардың басшыларын Жоғарғы Кеңестің келісімімен Президент бекітетін. Конституцияның құрылымында Жоғарғы Кеңес туралы тарау Президент туралы тараудың алдында тұрды. Бұл жоғарғы өкілеттік органның мемлекеттік сатыдан жоғары тұрғанын көрсетеді, мұның өзі мемлекеттік иерархияда жоғарғы өкілетті органның белгілі дәрежеде үстемдігін көрсетті. «Мемлекет және онын органдары мен институттары» атты ережеде Қазақстанның халқының атынан сөйлеу құқығы тек қана Жоғарғы Кеңес пен Президснтке тән деп көрсетілген. Экономикалық салада жерді жеке меншікке беруге тыйым салынған.

Кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйелерінің ара-сында сабақтастық болды. Ол заңды еді. Себебі тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Қазақстанға кеңестік құқықтық жүйе мұра болып қалды. Алайда елдегі жағдай тез өзгеріп, қазіргі заманның құкықтық институттары мен нормаларына енгізуге жол ашылды. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы мемлекеттің тәуелсіздігін заңды түрде рәсімдеді, халықаралық қауымдастыққа Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танытты, біздің қоғамға жаңадан енген кейбір институттарды қоғамдық, саяси және құқықтық салаларда бекітті, сөйтіп сол кезеңдегі үш негізгі міндетті шешті.

Бірақ іс жүзінде 1993 жылғы қабылданған Конституцияның Қазақ-стандағы шынайы әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерден алшақтығы мемлекет тұрғындарының тіл мәселесі, меншік нысандары, жерге, азаматтыққа, мемлекеттік сипатына қатысты сәйкессіздіктерін туындатты. Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін тетіктер болмады. Әсіресе, мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қайшылық күшейе түсті. Үкіметтің биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті баскарудың мүдделеріне қауіп төндірді. Осы себептерге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта қарау және жаңа Конституцияның қажеттілігі туралы пікір туындады. 1993 жылғы Конституцияда жазылған құқықтық мемлекетті құруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында 1994 жылы елімізде құқықтық реформалардың бағдарламасы қабылдаңды.

1990 жылдардың екінші жартысындағы конституциялық реформалар. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық мемлекет құру жолындағы жаңа реформаларға жол ашты. Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп тұжырымдалды. Құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту жолында Конституциялық заңдар да қабылдаңды.

1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасын президенттік баскару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде орнықтырды. Еліміздегі саяси реформалау 1997 жылдан тұрақты даму мен барлық мемлекеттік институттар жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталды. Осы жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қабыл-данды. Елбасының 1998 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елді демократияландыру және саяси реформалау бағдарламасы ұсынылды.

1998 жылы 7 казанда №284 «Қазақстан Республикасы Конституци-ясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб-ликасы заңы қабылданды. 1998 жылғы Конституцияға енгізілген то-лықтырулар мен өзгерістер мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілетті орган-ның орны мен рөлін. маңызын нығайтты. Конституция ережелеріне енгізілген түзетулер еліміздің заң шығарушы органы қызметінің тиімділігі мен депутаттардың кәсібилігін арттыруға бағытталды. Осыған сәйкес, Парламенттің Конституцияға өзгерістер енгізу өкілеттілігі кеңейтілді. Сот жүйесін демократияландыру мақсатында алқа билер соты енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес, ауыл, село және поселкелік өкімдерді сайлау қарастырылды.

Конституциялық ережедегі өзгерістер мемлекеттік қызметшінің жасы алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауға тиіс деген сөздер алынып тасталды. Президенттік лауазымға сайлау мерзімін 7 жылға дейін үзартты. 1999 жылдың 6 мамырыңдағы Конституцияға енгізілген толықтыруларға сәйкес саяси партияларға Парламент Мәжілісінен 10 депутаттық мандат берілді. Конституцияға өзгерістер енгізілуімен қатар кезектен тыс Президент сайлауы жарияланды.

Дерек көзі «Қазіргі Қазақстан тарихы» Алматы «Раритет», 2010ж. 130-138 беттер. Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Д.А. Махат

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?