Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Халық өмірінің деңгейі: үрдістер мен қайшылықтар

1578
Халық өмірінің деңгейі: үрдістер мен қайшылықтар - e-history.kz
60-шы жж. ортасында партия-мемлекеттік жетекшілік тұрғындардың ақша табыстарының жоғарылауына курсты өз қолына алды.

60-шы жж. ортасында партия-мемлекеттік жетекшілік тұрғындардың ақша табыстарының жоғарылауына курсты өз қолына алды. Бұл 40-50-шы жж. салыстырғанда тұрғындардың өмір-деңгейін жоғарылатуда маңызды рөлді ойнады. 70-шы жж. бірінші жартысында халық шаруашылығының өнеркәсіптік салаларында жаңа ставкалар мен еңбекақылар орнатылды, төлемақы минимум айына 70 сомға жеткізілді. 1977–1978 жж. өндірістік емес саладағы жұмысшылар үшін жаңа ставкалар мен еңбекақылар енгізілді. Егер 1965 ж. тұрғындардың 4% ғана бір отбасы мүшесіне айына 100 сом немесе одан жоғары еңбекақыны алса, 1977 ж. 40%-ға жетті. 1971–1989 жж. ішінде республикадағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа айлық төлемақысының жалпы мөлшері 89%-ға — 123,7-ден 233,7 сомға дейін көтерілді, өнеркәсіп жұмысшыларында — 93,6%-ға — 133,9-дан 259,3 сомға дейін көтерілді. Совхоз жұмысшыларының төлемақысы өзгерді — 121 сомнан 247 сомға дейін. Колхозшылардың кепілдік төлемақысы көтерілді (100 және 210 сом), тұрғындардың жалақысы төмен қабаттарының еңбекақысы орташа төленетіндердің еңбеақысына дейін көтерілді. Жас бойынша орта айлық зейнетақы айына 51,1 сомнан 93,2 сомға дейін өсті.

Осындай төлемақының өсуі жылдар бойы халықтың әрдайым өсіп жатқан өмір-деңгейі үшін беріліп отырылды, бірақ шын мәнінде бұл, ақиқатқа аз сәйкес болды. Мемлекеттер мен кәсіпорын-монополистердің бағаларды көтеруі, тауар сапаларын төмендетуі, тапшылықтың өсуі, төлемақының жалған төмендетілген мөлшері, төлеудегі теңгермешілік тұрғындардың өмір-деңгейінің тоқырауына әкелді. Ел өнеркәсібіндегі өндірілген жаңа өнім төлемақысының бөлігі әрдайым төмендеп отырды, 1985 ж. 36% болса, 1927 ж. 58% құрды.

Ұзақ уақыт бойы мемлекеттік органдар халықтан жасырған инфляциялық процестер тұрғындардың шын мәніндегі табыстардың төмендеуіне әсер етті. 4% инфляция жылдық қарқының есептеуімен (ғалымдардың септеуінше), 1970–1986 жж. кезеңі үшін орташа төлемақысы 20%-ға төмендеді. 60-шы жж. ортасындағы соммен салыстырғанда, 1985 ж. сом 54 тиынға тең болды. КОКП-ның ХХV съезінде жетекшілік, ақша табыстарының өсуі өмір-деңгейінің шын мәнідегі өсуін білдірмейтінін мойындауға мәжбүр болды.

Қарастырылатын кезеңде тұтынудың қоғамдық қоры арқасында тұрғындарды қамтамасыз етілуі сәл жақсарды. Олардың бір бөлігі жәрдемақы, зейнетақы және шәкіратқы төлеуіне, тегін білім алуға, денсаулық сақтауының дамуына, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуіне барды. 1971 ж. жұмысшылар мен қызметкерлерге сияқты колхозшылар үшін-де зейнетақы есептеу тәртібі орнатылды. 1972–1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектері орта есеппен 33%-ға зейнетақы мөлшерлері көтерілді, 1975 ж. Отан соғысы мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді. Аналық және бабалықты қорғау бойынша шаралар қолданды, Отан соғысына қатысушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайлары жақсарды, балалық шақтан мүгедектерге жәрдемақылар көтерілді. Алайда осы шаралар өмір-деңгейінің көтерілуіне аз әсер етті.

Зейнетақы, жәрдемақылар атаулы мөлшерінің көтерілуі үлкен болған жоқ, ал көтерілуі жүретін-деңгейі төмен болды. Тұрғындардың көп бөлігінде, әсіресе зейнеткерлер мен көп балалы отбасында табыстар аз болды және ең төменгі күнкөріс-деңгейін-де қамтамасыз етпеді. 70-80-шы жж. маңызды көтерілуі ресми және жасырын түрдегі тауарлардың жаппай сұранысы, тұрмыстық және коммуналдық қызметтер, көліктің көптеген түрлері тұрғындардың табыстарын төмендетті.

Тапшылық өсе бастады. Саудадан балалар мен егде жастағы адамдарға арналған арзан тауарлар жоғалды, көптеген азық-түлік тауарлар жетпеді. Азық-түлік сапасы төмендеді, бұл олардың бір уақытта қымбатталуын білдірді. Көп сағаттық кезектер, кеңес сабының міндетті атрибуты әдетке айналды.

70-80-шы жж. адамдардың көбі кеңес қоғамын әділсіз деп ұғынды. Бұл ең алдымен партия-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номенклатурасының артықшылықтарымен байланысты болды. Мұндай артықшылықтар әлеуметтік теңсіздіктің арнай формасын құрды және шын мәнінде сомның әртүрлі сатып алу бағасымен тұтыну тауарлардың құрылуын білдірді. Бюрократия артықшылықтар үлестірімінде иерархиялық қағидаттарды қатал сақтады. Олардың көлемі лауазымдық мәртебемен анықталды.

Тұрғын үй мәселесі әлеуметтік аяның басты мәселелерінің бірі болды. Қарастырылып отырған кезеңде оны шешуде кейбір өзгерістер пайда болды. 2208,7 мың пәтер салынды, 13 млн.-дай адамдар жаңа пәтерлерді алып, өз пәтерлерін салып немесе өз үйінің ауданын кеңейтіп, өздерінің тұрғын-үй жағдайларын жақсартты.

Бірақ тұрғындар санының өсуіне байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету толық болған жоқ. Тұрғын үй құрылысына күрделі қаржы салу қысқарды, сонымен қатар салынған пәтерлердің саны қысқарды, тұрғын үй құрылысының жоспары орындалған жоқ. Тек он бірінші бестікте ғана республикада тұрғын үйдің 1,2 млн. ш.м. енгізілмеді, мектептер, ауруханалар, балабақшалар құрылысы бойынша жоспарлар орындалған жоқ. Сол уақытта 70-шы ж. — 80-шы ж. басында республика астанасында және облыстық орталықтарда қымбат әкімшілік объектілер құрыла бастады.
Республика экономикасы орталық ведомстволарға бағынды, әлеуметтік-мәдени аясы мәселелерінің бағаламаушылығы, қалған қағидаттың әрекеті, оның дамуына ресурстардың бөлінуі, халық өмір-деңгейін анықтайтын көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстан жалпы одақтық көрсеткіштерінен қалып отырды. 70-80-шы жж. одақтық республикалардың даму-деңгейлерін теңестіру туралы салтанатты түрде жариялану жағдайы өрбіген жоқ. Қазақстанның көптеген аудандары, ең алдымен Семей ядролық полигон аймағында, Орал маңында орналасқан аудандар апатты жағдайда болды. Жергілікті тұрғындар орналасқан алыстағы ондаған ауыл аудандары қалыпты медициналық көмек, су, көкөністер, жемістермен қамтамасыз етілген жоқ, оларда бабалық мекемелер, кітапханалар және т.б. жетіспеді. Республика және орталық арасындағы қайшылықтардың асқынуы үшін осындай жағдай объектвиті негізді құрды.

70-80-шы жж. республика тұрғындар өмір-деңгейісінің динамикасын қарастыра отырып, соғыстан кейінгі кезеңмен салыстырғанда, тұрғындардың негізгі бөлігінің жағдайы жақсарды. Көптеген отбасыларда теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина, жиһаз жиынтықтары, ұзақ қолданыстағы басқа тауарлар пайда болды. Барақтар — соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі өмірдің сипатты атрибуты жойыла бастады, коммуналдық пәтерлерде тұратындардың сағы қысқарды. Адамдардың көбі шетелдерге және ел бойынша туристік сапарларға бара бастады, шипажайда емделді, жеңілдік жолдамалар бойынша демалыс үйлерде демалды.

Алайда қаржыландырудың қалған қағидаттарының шешілу мәселелеріне қарағанда, әлеуметтік саладағы мәселелер тез шешілді, ол медициналық қызмет көрсету, мектеп алды тәрбиесі, білім ретінде артта қалушылыққа әкелді. Әсіресе ауыл аймақтарындағы жағдай сәтсіз болды. Тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық объектілердің құрылысы, қызмет көрсету аясының дамуы, наразылықтың дәйектісін шақыра отырып, тұрғындар қажеттіліктерінен артта қалып отырды. Азық-түлік және сапалы өнеркәсіптік тауарлардың тапшылығы күшейді, өмірдің орташа ұзақтығы қысқарды. Еңбекке деген бейжайлық, өндірісте ұрлық жасау, еңбек тәртіптің құоауы, маскүнемдік, қылмыс жаппай құбылыс болып табылды, «көлеңкелі экономика» дамыды. Осының барлығы әлеуметтік саладағы дағдарыстың бары туралы куәландырды және тоталитарлық режимнің түсіруіне әкелді.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің құлауы, тауарлық қатынастардың құрылуы әлеуметтік әділдікке әкелген жоқ, ал кересінше болды. Ол өспей ғана қоймай, сонымен қатар түп-тұқылын қалдырмай қиратылды. Әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі пайда болды. Экономика бұзылды. Өндіріс өспей, төмендеді, сол себептен еңбек өнімі және тұтыну-деңгейі құлайды. Әлеуметтік әділдік балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар сияқты топтарды әлеуметтік қорғау мәселелеріне айналды. Еңбекті төлеудегі теңгермешілік жойылды, бірақ төлеудің өзі, ақиқаттан алыс. Шаруашылықтың жаңа формалары — мердігерлік, жалға алу, кооперация, БК, жеке кәсіпорын, сауда банктері, акционерлік қоғамдар және тағы басқалары осы формадағы адамдар үшін жоғары, ақталмаған табыстарын құрастырады. Үлкен еңбексіз жағдайларынан сауда-сатып алу кооперативтердің мүшелері пайда табады. Алыпсатарлық және қара нарық болып көрмеген ауқымда дамыды. Әлеуметтік саралау одан да күшейді. Көптеген адамдардың табыстары тұтынушылық минимумынан төмен болды. Инфляцияның дамуы, пайда болған жұмыссыздық адамдарды болашаққа деген үмітінен айырады, тұрғындардың материалдық жағдайына әсер етеді.

© ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. тарих және этнология институты, 2013

Авторлық ұжымның келісімсіз басқа веб-ресурстарда материалдарды қолдануға болмайды

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?