Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сыр өңірі қола дәуірі ескерткіштерін зерттеу мәселелері (Тапа ескерткіші бойынша)

2256
Еуразияның байырғы және кейінгі дәуірлеріндегі аса маңызды рөл атқарған орталықтардың бірі – Қазақстан аумағы.

29.01.15

Қазақ қоғамына тән этникалық, мәдени және шаруашылығы қазақ халқының антропологиялық негізі қола дәуірінен бастау алады.
Қола дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстары кезінде археологиялық қазба барысында табылған заттай деректер, сол дәуір тайпаларының мәдениеті мен тұрмысының қалыптасуы және дамуын көрсетеді
Аралдың шығыс жағында орналасқан Түгіскен кесенелері қола дәуірінің аса көрнекті ескерткіштерінің бірі болып саналады. 1959 жылы Хорезм археологиялық экспедециясының (жетекшілері С. П. Толостов, М. А. Итина) барлау жұмыстары нәтижесінде ашылып, негізгі зерттеулер 1959–1963 жылдары жүргізілген[1, Толостов., Итина, 1966, с. 151]. Солтүстік Түгіскен жерлеу орындарынан табылған барлық заттар бұл ескерткішті қола дәуірінің соңғы кезеңіне, соның ішінде б.з.б. Х-VІІІ ғасырларға жатқызуға мүмкіндік береді [2, Итина, Яблонский, 2001, с. 94].
Солтүстік Түгіскен ескерткішінде жүргізілген зерттеу жұмыстарынан кейін, аймақта қола дәуірі ескерткіштеріне қазба жұмыстары жүргізілмеген.
2013 жылыҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері мен Астана қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Астана филиалымен бірлескен барлау экспедициясы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің солтүстігіне 80 шақырым жерде Тапа ауылының төңірегіндеорналасқан қола дәуірінің қонысы мен қорымдарына барлау жұмыстары жүргізілді (1-сурет).
Тапа ауылының жергілікті тұрғыны Жұмабеков Аманжол 1960 жылдан бастап осы төңіректе көптеген археологиялық жәдігерлерді тауып ала бастаған. Дерек берушінің айтуы бойынша жауын-шашынның және маусымдық желдердің әсерінен құмдар көшіп, қола дәуірінің заттары жердің бетіне шығып қалған. Бұл аумақ мал шаруашылығының жайылымдық жерлері болғандықтан, ақсақалқорғандардытемір сымдармен қоршап, айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады. Ашылып қалған қола дәуірінің заттарын қорғау мақсатында үйінде сақтап келген.
Тапа қонысы мен қорымдарына байланыстыТажекеев Әзілхан, Онгар, Ақан және автордың «Тапа — памятник эпохи бронзы Северо-восточного Приаралья» атты мақаласы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының еңбектерінде жарық көрді [3, 167–170 бб.].
Бұл аймақ ландшафы құмнан үйілген төбешіктерден тұрады, төбесінде сирек шөптері бар. Құм төбенің биіктіктері 5–10 м, төмен — 3-5 м. Территориясының көп бөлігі сазды, сор басып кеткен. Шұқырларға жаңбыр мен қардың еріген сулары жиналып қалған. Шөлді аймақтарда өсетін шөптер (бетеге, жусан, бүрген) және (жыңғыл, жүзген, сексеуіл) өседі.
Тапа ауылының солтүстік-батысына қарай 1 км жердегі құм төбеден қола дәуірінің қорымынан қыш-ыдыс табылған. Археологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде қола дәуіріне жататын қыш ыдыстар, жебе ұштары, ошақтар табылса, қорымнан нашар сақталған. Археологиялық қазба жұмысы барысындабасы солтүстік-батысқа қаратылып, аяқ -қолын бүгіп, оң қырынан жатқызылған бала сүйегі екені анықталды (2-сурет). Бас сүйегі сақталмаған. Мәйттің жанынан ит сүйегі табылды. Жерлеу ғұрпы қола дәуірінің Алакөл тектес ескерткіштеріне тән. Басты белгісі — жануарларды құрбандыққа шалуы: қабір ішіне немесе жабылым үстіне, кейбір жағдайда үйінді ортасына ұсақ малдың және жылқының бас сүйектерімен сирақтары қойылатын. Сонымен қатар итті қосып жерлеуде тіркелген. Үйінді үстінде еске алу асының қалдықтары — қыш ыдыстардың сынықтары көптеп кездеседі [4, 97 б.].
Қыш-ыдыстар геометриялық, зигзаг, шырша тәріздес өректермен өрнектелген (3-сурет). Қорымнан табылған қыш-ыдыстарға қысқаша сипаттама:
Қыш-ыдыс № 1- банка пішінді, биіктігі — 9,5 см, ернеуі тік және кең, ернеуінің диаметрі — 10 см. Түбі тегіс, түбінің диаметрі — 6 см. Қыш-ыдыс өрнектелген. Ернеуіне қисық сызықты үшбұрыш өрнектері салынған. Бүйірін айналдыра көлденең тырнақ ізі батырылған. Қыш-ыдыстың тұла бойы зигзаг өрнегімен өрнектелген.
Қыш-ыдыс№ 2 — банка пішінді, биіктігі — 12 см, ернеуі тік және кең, ернеуінің диаметрі — 11,5 см. Түбі тегіс, диаметрі — 7,5 см. Қыш-ыдыс өрнектелген. Ернеуі көлденең зигзаг өрнегімен, тұла бойы тігінен шырша тәріздес өрнекпен өрнектелген.
Қыш-ыдыс№ 3 — цилиндр пішінді, биіктігі — 12 см, ернеуі тік және кең. Ернеуінің диаметрі — 13 см. Түбі тегіс, түбінің диаметрі — 9 см. Қыш-ыдыс өрнектелген. Ернеуі солдан оңға қарай қисық сызықтармен өрнектелсе, мойыны оңнан солға қарай қисық сызықтармен, тұла бойы тігінен шырша тәріздес өрнекпен өрнектелген.
Қыш-ыдыс№ 4 — цилиндр пішінді, биіктігі — 13 см, ернеуі тік және кең. Ернеуінің диаметрі — 13 см. Түбі тегіс, түбінің диаметрі — 7 см. Қыш-ыдыс өрнектелген. Ернеуі солдан оңға қарай қисық сызықтармен өрнектелсе, бүйіріне қисық сызықты үшбұрышты өрнектер салынған. Қыш-ыдыстың тұла бойы тігінен шырша тәріздес өрнекпен өрнектелген.
Қыш-ыдыс № 5 — цилиндрлі конус пішінді, биіктігі — 12,5 см, ернеуі тік және кең. Ернеуінің диаметрі — 14 см. Түбі тегіс, түбінің диаметрі — 9,5 см. Қыш-ыдыс өрнектелген. Ернеуіне үшқатар көлденең сызықтар жүргізілген. Қыш-ыдыстың тұла бойы қисық сызықты үшбұрыштармен өрнектелген.
Қыш-ыдыс№ 6 — цилиндр пішінді, биіктігі — 15 см, ернеуі тік және кең. Ернеуінің диаметрі — 15 см. Түбі тегіс, түбінің диаметрі — 9,5 см. Қыш-ыдыс өрнектелген. Ернеуі солдан оңға қарай қисық сызықтармен өрнектелсе, мойыны оңнан солға қарай қисық сызықтармен, тұла бойы тігінен шырша тәріздес өрнекпен өрнектелген.
Қыш-ыдыс № 7 — банка пішінді, биіктігі — 16 см, ернеуі тік және кең, ернеуінің диаметрі — 14,5 см. Түбі тегіс, диаметрі — 11 см. Қыш-ыдыс өрнектелмеген. Ернеуінде 0,5 см екі тесік (саңылау) бар.
Қыш-ыдыс№ 8 — банка пішінді, биіктігі — 15 см, ернеуі тік және кең, ернеуінің диаметрі — 17 см. Түбі тегіс, түбінің диаметрі — 13 см. Қыш-ыдыс өрнектелген. Қыш-ыдыстың мойынын айналдыра зигзаг тәрізді қатарластыра өрнек салынған. Бүйіріне үшқатар көлденең сызықтар сызылған. Қыш-ыдыстың тұла бойы тігінен шырша тәріздес өрнекпен өрнектелген.
Қыш-ыдыс№ 9 — цилиндр пішінді, биіктігі — 17 см, ернеуі тік және кең. Ернеуінің диаметрі — 17 см. Түбі сақталмаған. Қыш-ыдыс өрнектелген. Ернеуі солдан оңға қарай қисық сызықтармен өрнектелсе, мойыны оңнан солға қарай қисық сызықтармен өрнектеліп, тұла бойы тігінен шырша тәріздес өрнекпен безендірілген.
Цилиндрлі № 10 — конус формалы қыш-ыдыс, биіктігі — 6,5 см. Ернеуі тік және кең, ернеуінің диаметрі — 10 см. Түбі тегіс, түбінің диаметрі — 6,5 см. Қыш-ыдыс өрнектелмеген.
Бұл қыш-ыдыстардың ұқсастығын тазабагьяб мәдени кешенінен кездестіруімізге болады. Тұрақтардағы қыш-ыдыстар Ангка 5, Кават 3, Кокча 15, Кокча 15А, Кокча 16 жәнеКокча 3 қорымы [5, Итина, 1959, с. 52–69; сонда, 6, 1960, с. 82–103; сонда,7, 1961, с. 3–96; сонда, 1977, с. 44–104]. Сондай-ақ, пішіні мен ою-өрнектеріандронов мәдениетіндегі феодров типіне ұқсас.[8, Кузьмина, 2008, с. 160–249]. Тасты-Бұтақ қорымындағы бірнеше ыдыстарды атап көрсетуге болады (Ақтөбе облысы) [8, Кузьмина, 2008, с. 267, сурет. 115, 4–8; сурет. 116] б.з.д. ХIY-XII ғғ.
Қорыта келгенде Шығыс Арал маңындағы Тапа қонысы мен қорымынан табылған жерлеу орындары мен қыш-ыдыстардан, тайпалардың өмірсүргендігін, аңғаруымызға болады.
Сыр өңіріндегі қола дәуірі ескерткіштеріне назар аударылмай келеді.Тапа — қонысы мен қорымының жерлеу ғұрпы, қыш ыдыстардың түрлері және пішіндері, өрнек салу мәнерлері және қалған заттай мәдениетін толық және терең зерттеуді қажет етеді.Алдағы мақсат басқа аймақтардағы қола дәуірі ескерткіштерімен салыстырып, айырмашылықтарын анықтап, бағытталудағы және көп жағдайда туыстас тайпалардың әсерлерін анықтау қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Толостов С.П.; ИтинаМ. А. Саки низовьев Сырдарьи (по материалам Тагискена) // СА, 1966, № 2, с. 151
2.Итина М.А., Яблонский Л. Т. Мавзолеи Северного Тагискена. Поздний бронзовый век Нижный Сырдарьи. — М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 2001. — 295 с.
3.Тажекеев А.А., Онгар А., Шораев Б. К. Тапа — памятник эпохи бронзы Северо-восточного Приаралья // Труды филиала Института археологии им. А. Х. Маргулана в г. Астана. Том II. Астана: Издательская группа ФИА им. А. Х. Маргулана в Астана, 2013. — 302 с.
4.Сальников К.В. К вопросу о стадиях в памятниках андроновской культуры Зауралья// 1 Уральское археологическое совещание. Молотов, 1948
5.Итина М. А. Новые стоянки Тазабагъябской культуры // МХЭ. — Вып. 1. — М., 1959. — С. 82–103
6.Итина М. А. Раскопки стоянок Тазабагъябской культуры в 1957 // МХЭ. — Вып. 4. — М., 1960. — С. 3–62.
7.Итина М. А. Раскопки могильника Тазабагъябской культуры Кокча 3 // Могильник бронзового века Кокча 3. МХЭ. — Вып. 5. — М., 1961. — С. 3–96
8.Кузьмина Е. Е. Классификация и периодизация памятников андроновской культурной общности. — Актобе, 2008. — с.

Б. К. Шораев

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?