«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Ерімбетова Құндызай Мырзашқызының «Еуразиялық ынтымақтастық бастаулары: идеядан игілікті іс-қимылға бетбұрыс» мақаласына пікір

Кедендік одақтың құрылуы туралы сын пікірлер шетелдер тарапынан, оның ішінде АҚШ пен ЕО елдерінен де айтылды.

Мақалада Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық Одақ" идеясына қатысты негізделген XX және XXI ғасырлар шегіндегі нақты тарихи жағдайларға икемдендірілген еуразияшылдық көзқарасының қағидалық негіздері сараланады. Мемлекет басшысының айқындаған «Еуразиялық одақ" тұжырымдамасы идеясының мәні мен Достастық елдердің, оған қоса шекаралас мемлекеттердің аймақтық ықпалдасу мүмкіндіктері туралы тұжырымдары айқындалып, Елбасының алғашқы нақты қадамдардың бастамашысы бола білгендігі және белсенді қатысы нақтыланады, мәселен: «Кеден одағы», Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жиынының бастамалық идеясымен «Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімшартқа» (2003 жылдан бастап ҰҚКҰ) қол қойылуы, Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты және Біртұтас экономикалық аймақты қалыптастыру (БЭА) .

Автор ТМД елдері экономикалық ынтымақтастығы — жаңа тәуелсіз мемлекеттердің жан-жақты мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға деген объективті қажеттілігі болғандығын шетелдік мемлекет басшылары мен сарапшылар көзқарастары арқылы зерделейді. Кедендік одақтың құрылуы туралы сын пікірлер шетелдер тарапынан, оның ішінде, АҚШ пен ЕО елдерінен-де айтылды. Бұл жердегі ең қисынсыз мәселе ретінде, сыни көзқарастарда кедендік одақтың құрылуы, оның мүшелерінің одақ мүддесіне жауап берудің орнына, олардың жеке қызығушылықтары арасындағы қайшылықтарды туындатады деген пікірлерге тоғысты. Дегенмен Еуропалық одаққа кіретін елдерден бір айырмашылығы посткеңестік мемлекеттерге өзара шаруашылық байланыстарды қалыптастырудың қажеті болмады, тек оны қайта қалпына келтіру керек болды. Өйткені олардың 1990 жылдардағы экономикалық және саяси дағдарыстар әсерінен Кеңестер Одағының ыдырауымен ұлттық республикалардың қарқынды саяси егемендігі өмірге келді. ТМД елдері арасында ынтымақтастық орнады. Мысалы, өзара экономикалық қызығушылықтың үдерісін 2000–2008 жылдардағы Ресейдің ТМД елдерімен арадағы өзара тауар айналымы құндылық көрсеткіші бойынша 4,2 есе артып, 25 327-нан 106 263 млн долларға жеткен. Мақала авторы Еуразиялық Одақ идеясы арқылы іс-қимыл бастамаларының нақты іске көшу заңдылығына жету жолдарын сараптаған.

Мақала «e-history» электрондық порталына ұсынылады.
Пікір беруші:
Тарих ғылымдарының докторы А. М. Ауанасова

АННОТАЦИЯ

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық Одақ" идеясына қатысты негізделген XX және XXI ғасырлар шегіндегі нақты тарихи жағдайларға икемдендірілген еуразияшылдық көзқарасының қағидалық негіздері сараланады. Мемлекет басшысының айқындаған «Еуразиялық одақ" тұжырымдамасы идеясының мәні мен Достастық елдердің, оған қоса шекаралас мемлекеттердің аймақтық ықпалдасу мүмкіндіктері туралы тұжырымдары айқындалып, Елбасының алғашқы нақты қадамдардың бастамашысы бола білгендігі және белсенді қатысы нақтыланады, мәселен: «Кеден одағы», Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жиынының бастамалық идеясымен «Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімшартқа» (2003 жылдан бастап ҰҚКҰ) қол қойылуы, Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты және Біртұтас экономикалық аймақты қалыптастыру (БЭА) .

ТМД елдері экономикалық ынтымақтастығы — жаңа тәуелсіз мемлекеттердің жан-жақты мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға деген объективті қажеттілігі, бірінші кезекте 2008–2010 жылдардағы жаһандық дағдарыстың әсері салдарынан арыла алмаған дүниежүзілік экономикадағы тұрақсыздықтың сақталуымен және-де әлемдік дағдарыстың жаңа толқынының, оның ішінде халықаралық қаржы саласын қамту мүмкіндігі нәтижесі жағдайындағы, ішкі өндіріс пен экспорттық кірістердің төмендеуі қатеріне ұжымдық күш-жігерді қарсы қою қажеттілігінен туындады. Ынтымақтастық қажеттілігі — еңбекке жарамды тұрғындардың қоныс аударуы мәселесіне қатысты келісілген саясат ұстанудан, ТМД елдерінің өздерімен көрші елдердегі әлеуметтік шиеленіс шегін төмендетуге көмек көрсету мен оның салдарын жоюға қатысты қажеттіліктен туындады. Мемлекетаралық деңгейдегі ынтымақтастықты нығайту мен қажетті әрекеттерді үйлестіру қажеттілігі, мәселен, су ресурстарына бақылау және оларды пайдалану немесе қоршаған ортаның жағдайының нашарлауымен күрес секілді трансшекаралық мәселелерді шешу барысында өзектілігі артуда. ХХI ғасырдың бірінші онжылдығының соңына қарай бұрынғы кеңестік территориядағы ортаға тартылу әрекеттері ІКӨ көрсеткіші барынша жоғары елдер — Ресей, Қазақстан және Белорусь (Украинаны қосқанда) мемлекетерінің бірігуіне алып келді, бұл өз кезегінде интеграциялық мазмұндағы өзара тиімді көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың нығаюы мен дамуына ықпал етті.

Өз елдерінің экономикалық жағдайына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларға талдау жасаған соң және оны түбегейлі жақсарту мәселесін басшылыққа ала келіп, Ресей, Қазақстан және Белорусь елдерінің басшылары бастапқы кезеңде Кедендік одақ (КО), артынан — Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК), ал ең соңында түпкілікті мақсат — Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) құру туралы шешімге келді. РФ үкіметінің төрағасы В. Путин және Қазақстан мен Белоруссия президенттері Н. Назарбаев пен А. Лукашенко 2011 жылдың қазан айында «Известия» газетіне берген осы үрдістердің барысына берген талдаулық пікір сұқбаттары — бағдарламалық мазмұндағы тарихи мақалаларға айналды.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамасын қолдаған көптеген үнқосулармен қатар, бұл мәселені нақты талдауға саясаткерлер дайын болмай шықты. Мұны мемлекет басшысы заңдылық ретінде қабылдай отырып, «…көптен күткен тәуелсіздікке ие болу шаттығы ТМД елдері көшбасшыларының сол кездегі буынының еуразиялық ықпалдастық идеясының ұзақ мерзімді әлеуетін көруге мүмкіндік бермегенімен» түсіндірді. Жақында өткен VII Астана Форумында 2000–2007 жылдар аралығында әлемдік экономиканың өсу қарқыны орта есеппен 4% құраса, қазіргі кезеңде оның деңгейі 2,5%-ға төмендеуімен халықтың әлеуметтік мәселелеріне төнетін қауіптің алдындағы жаһандық мәселелер қозғалды[10]. Бұл адамзат жұртшылығы үшін өзекті. Жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, қазақ елінің бәсекеге қабілетті елдердің бірлігіне — Еуроазиялық одақ ынтымақтасытығын таңдауының басты қағидасы Президент Н.Ә. Назарбаевтың әлем жұртшылығына жариялаған әлеуметтік теңсіздікті жою және кедейшілікті жою бастамасымен ұштасып отыр. Біртұтас әлемнің бір бөлшегі ретінде Қазақ елінде осылайша, «Еуразиялық одақ" идеясынан болашақтың тарихының даңғыл жолы салынды. Жол мұраты — серіктестерге деген сенім және олармен ынтымақтастық негізінде түзілетіні айқын бағыт.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз