«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Т.ғ.к., доцент Амангелді Қашқымбаевтың «Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл» атты мақаласына Эксперттік қөзқарас

Келесі, 2015 жылы жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толмақ.

Келесі, 2015 жылы жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толмақ. Ұрпақтарына 17 роман, ондаған поэмалар мен көптеген өлеңдер қалдырған жазушының есімі бүгінгі күні әлемге белгілі. Оның шығармалары 30-ға жуық тілдерде басылып шыққан.

Қазіргі уақытта мақаланың авторы Амангелді Қашқымбаев Ілияс Есенберлин туралы жаңа деректер жинақтау үстінде. Соның бірі — Державин қаласында тұратын Шәкіш Әбдірахманқызы Есмағамбетовамен кездесіп, Есенберлиндер туралы аудио-, бейне жазбалардың негізінде жазылған мақала.

Шәкіш Әбдірахманқызының айтуынша Ілиястың әкесі Есенберлі оның әкесі Есмағамбет Байдолы деген кісінің ұрпақтарының бірі болып келеді. Кезінде олар Атбасарда тұрған. Әкелері Есенберлі дүниеден өткеннен кейін Ілияс пен оның інісі Раунақтың туыстарымен қатынастары біртіндеп алыстап кеткен. Бара-бара тіпті араласпаған да сияқты болып көрінгенмен, ол шынында олай болмаған сияқты…

Мақала авторының қорытындысына сәйкес, жазушы Ілияс Есенберлин туралы Шәкіш апа нақты бір деректер айтпағаныменен, апайдың әңгімелері Есенберлиндер тарихнамасындағы кейбір мәліметтерді тарихи тұрғыдан ашып беруге көмектесуі әбден мүмкін. Соның ішінде, мысалы жер-су атауларын нақтылап, олардың қай жерде орналасқандығын көрсету аймақтық тарихты тануға деген қызығушылықты арттыруы даусыз.

Мақалада Шежіре мәселесі-де қозғалған.

Соныменен қатар Атбасар қаласындағы Есенберлин атындағы мұражай қызметкерлерімен бірлесіп жасалған бұл кездесу — музей қорын аудио-, бюейне жазбалармен толықтыра түсетіні сөзсіз.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты

А. М. Ауанасова

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз