«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бұл күн тарих бетінде

Мемлекет тарихы институты Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Қалиев Жабай Нұрмақұлының «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында (№ 2(4) 04.2014) жарық көрген «Тарихты тұлғалар жасайды» атты мақаласына Эксперттік қөзқарас

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тарапынан бекітіліп, «Ғылыми қазына» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақтың біртуар азаматы, белгілі қайраткер Жұмабек Ташенев туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тарапынан бекітіліп, «Ғылыми қазына» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақтың біртуар азаматы, белгілі қайраткер Жұмабек Ташенев туралы Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяғанның редакциясымен «Ұлы Дала тұлғалары» сериясы бойынша жарық көрген ғалымдар Сейітқали Дүйсен мен Қанат Еңсеновтың «Жұмабек Тәшенев» атты ғылыми зерттеу еңбектеріне Ж.Н. Қалиев әріптес ғалым ретінде сараптамалық-талдау мақаласын жазған. Оқырманға жол тартқан бұл еңбек кезінде тоталитарлық жүйеге қарсы тұрып, елінің бірлігі, жерінің тұтастығы үшін күресіп, содыр саясаттың соққысына ұшырап, түрлі қиянаттарды бастан кешірген ұлтшыл тұлғаның қайраткерлік келбетін ашып, жас ұрпаққа оның кісілік парасатын, перзенттік адалдығын, азаматтық ірілігін, ұлтжандылығын үлгі етуді мұрат тұтқан. Мақала авторы қайраткердің кеңестік дәуірде қызмет жасаған уақыты өте қиын кезең болғанын, басты кейіпкердің соғыс алдындағы ашаршылық пен қуғын-сүргінді көргенін, оның бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпай жатып, тылдағы халықтың ауыр еңбегін бірге бөліскенін, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанынан басталған жер мәселесіндегі құйтырқы саясатқа қарсы тұрып, қаймықпай күрескенін. Елі мен жері үшін күресіп, үкімет басшылығынан алынып, облысқа қуылғанын, бұдан кейін де кеңестік жүйе тарапынан әділетсіз жасалған тепіріштер аз болмағанын, бірақ мұның бір де бірі Қазақ халқының қайтпас қайсар ұлын мұқата алмағанын, оның алған бағытынан қайтпай, билікке иілмей, мансапқа сатылмай, перзенттік адалдығы мен азаматтық ірілігін сақтап қалғаны жайлы айтқан. Ж.Н. Қалиев авторлардың Жұмабек Тәшенев тұлғасын кеңес заманындағыдай біржақты мақтап дәріптемегенін, елі мен жерінің тұтастығын қорғаған, еш кемшілігі жоқ ертегідегідей батыр етіп те суреттемей, Отан тарихын зерделеудегі жаңа концептуалды көзқарасты негізге алғандарын жазады. Авторлардың кітапты жазуда таза ғылыми стильге бой ұрмай қалың оқырман да қызығып оқитындай етіп жазуға ұмтылғандарын айтады. 

 Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ш. Әлімғазинов

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз