«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бұл күн тарих бетінде

Құндызай Ерімбетованың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы: алғышарттары мен негізгі бағыттары» мақаласына Эксперттік қөзқарас

Мақала мазмұны Қазақстан тарихы порталының «Қазіргі заман тарихы» рубрикасына сәйкес келеді.

Мақала мазмұны Қазақстан тарихы порталының «Қазіргі заман тарихы» рубрикасына сәйкес келеді.

Ұсынылған мақала өзектілігімен қоса, мемлекеттік шаралардың жүзеге асу тетіктері жөнінде мәлімет береді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бәсекеге қабілеттілік қағидасының шығу алғышарттары мен оның негізгі бағыттарын тарихи шешімдермен байланыстыра алған. Басты өлшем ретінде Қазақстан өркендеуінің экономикалық негіздері халықтың қоғамдық белсенділігін көтеру мен өмір сүру сапасын арттыру екендігін тұжырымдай, елдің бәсекеге қабілетті басымдылықтарын іске асырылған шаралар арқылы саралайды.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың маңызды бастамалары ішіндегі негізгісі — Қазақстанның әлемдегі жетекші дамыған 50 елдің қатарына кіру талпынысы мүмкіншілігі жөніндегі тұжырымы аясында ұлттық басымдылықтар сараланады. Стратегияның негізгі бағыттары аясында елдегі нарықтық-бәсекелестік ортаны қалыптасуымен, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының перспективалық міндеттеріне талдау жасалынған. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеретін басым салаларды дамытуға бағытталған экономикалық саясаттың факторлық-мақсаттық негізде жүргізілуі туралы қазақстандық экономист-сарапшылар ұсыныстары сараланады. Жаһандық азық-түлік дағдарысын ұлттық апатқа айналдырмау шаралары көрсетіледі. Қазақстан үшін әлемдік экономиканың әлеуетінің маңыздылығы да сипатталады. Автор Қазақстан экономикасындағы нарықтық-бәсекелестік ортаны қалыптасуымен, өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделгенін атап өтеді: өнеркәсіп өндірісінің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасты, дамыған отын-энергетикалық, кен-металлургиялық және көлік-коммуникациялық кешендер іске қосылды. Негізгі бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағыттары — үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында, бірлескен халықаралық компаниялар мен тиімді серіктестіктер құру мен дамыту жолдары сараланған.

Автор мақаласында Қазақстан Республикасындағы жаңғырту үрдістері үшін назарға алынатын басты ұстанымдарды ұсынған.
Мақала e-history.kz жариялынымына ұсынылады.


Пікір беруші:

Тарих ғылымының докторы, профессор Қ.Ш.Әлімғазинов

Аннотация

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы: алғышарттары мен негізгі бағыттары

Мақалада Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясына сипаттама беру арқылы, елдегі бәсекеге қабілеттіліктің алғышарттары мен негізгі бағыттары сараланады. Мақсатты жобаларды жүзеге асырудағы кедергілері мен мүмкіндіктері зерделенеді. Ұлт көшбасшысының ел экономикасын арттырудағы индустриялды-инновациялық дамудың стратегиясын негіздеудегі бастамалары мен жауапкершіліктер, қоғамдық белсенділік және өмір сүру сапасына қатысты тұжырымдар жіктеледі. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жаңғыру мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне тағы бір қадам Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы» Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдаулары негізінде Қазақстанның 2003–2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму Cтратегиясы қабылданды. Бұл құжат алдағы міндеттерді бәсекеге қабілетті даму ұғымына топтастырған ірі жаңғыртылған жоба болды. Автор өмір сапасына бағытталған «тұтыну қоғамынан» интеллектуалды қоғамға өтудің өзектілігіне байланысты іске асырылған және оған бағытталған мемлекеттік шараларға тоқаталады. Негізгі жетістік ретінде Қазақстан күйзеліс пен әлеуметтік қақтығыстарға жол бермей, тұрақтылығын сақтауымен айқындалады. Республикада жаңа технологияны игеруге жол ашылды, нарықтық басқару тәжірибесін меңгерді. Қоғамдық дамудың шешуші күші ретінде — адам құндылыққа мән беріледі.

«Қазақстан-2030» Стратегиясын дәйектілікпен іске асыру елдің алға ілгерлеуіне берік негіз қалады. 2007 жылы бірден-бір дұрыс бағыт ретінде, Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі — жан-жақты жаңғыртуды жеделдетуге бағыт түзелді. Қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылдығы мен іскерлігіне негізделген ашық нарықтық экономика — халық тұрмысының жоғарғы сапасы және алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз етуге қабілетті, халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде, Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілік көрсету мүмкіндіктерінің негізі қалыптасты. Қойылған міндеттерге сәйкес, Президент бастамасымен экономиканы тиімді басқаратын жаңа институционалды негіздер құрылды. Олар ұлттық компаниялар мен мемлекеттік меншік үлесі бар акционерлік қоғамдар қызметін үйлестіру бағытында мемлекеттік активтерді басқару бойынша «Самұрық" Қазақстан холдингі және дамудың ұлттық институттарын тиімді басқаруға жауапты «Қазына» тұрақты даму Қоры. Бәсекеге қабілеттілік мәселелері, барлық жиындарда және үкімет отырыстарының экономикалық шешімдері мен мазмұнын құрады. 2006 жылдың өзінде мемлекеттің экономикалық әлеуетін көтеруге бағытталған стратегиялық құжаттар қабылданды. Әлемдегі танымал «International Herald Tribune» газеті мен Қазақстан Үкіметі ұйымдастыруымен өткізілген III Қазақстан инвестициялық саммиті жұмысында Президент Н.Ә. Назарбаев шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық үшін Қазақстанның әлеуетінің зор екендігін атап өтті. Әлемдік дағдарыс жағдайында да өндірістің кейбір салаларында алға шығу мүмкіндігі бар екенігі халыққа жария етілді. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта өмірге қабілетті және икемді экономика жасау үшін күрделі құрылымдық реформалар жүргізілді, экспорттық әлеует ұлғайды және әртараптандыру басталды.

Реформа нәтижесінде болашақта өнеркәсіп құрылымында және экспортта өзгерістер жасауға қабілетті ірі жоғарғы технологиялық макрожобалар енгізіле бастады, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті 30 корпоративтік лидерлер-компаниясы құрыла бастады.

1991–2011 жылдары аралығында бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын ең маңызды көрсеткіштер бойынша Қазақстан әлем елдерінің орташа табысы бар елдерінің қатарына қосылды немесе кейбір көрсеткіштерден олардан да ілгері сатыға көтерілді. Ішкі жалпы өнім 12 есе өсіп, 180-нен астам әлем елдерінің бел ортасынан орын алды.

Ұзақмерзімді стратегиялық даму тиімділігінің негізі — тұрғындардың жан басына шақққандағы ЖІӨ өсуінде болды, ал жүргізіліп жатқан экономиканы жаңғырту — халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатына құрылды. Келешекте шешімі күтілетін салалар — өндірістің жоғарғы технологиялық және стратегиялық келешегі — биотехнология, нанотехнология, космостық өнеркәсіп, роботтехника. Өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделді. Өнеркәсіп өндірісінің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасты. Дамыған отын-энергетикалық, кен-металлургиялық және көлік-коммуникациялық кешендер іске қосылды. Өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резервтері жеткілікті болды.

2050 жылға қарай Қазақстанда отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы мақсатында 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құру кезеңі басталды. Басты мақсат жаңа технологиямен жабдықталған өндірісті дамыту арқылы тұрғындарды жоғары әлеуетті жұмыстармен қамтамасыз ету.

Қазақстан экономикасында бәсекеге қабілеттілік ең алдымен, жұртшылықты оған тәрбиелеуден басталу қажеттігінің маңыздылығымен, өткен онжылдықтар тарихынан сабақ алып отырмыз. Бұл үрдіс тікелей жеке адамның құндылықтарына тікелей байланысты болып табылады. Жеке адамның әлеуетінің көтерілу-деңгейінен мемлекет-деңгейі айқындалады.

«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы: алғышарттары мен негізгі бағыттары» Құндызай Ерімбетова


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Қайрат Әлімғазинов
Қайрат Әлімғазинов
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институ­ты­ның Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі
тарих ғылымдарының докторы, доцент