«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Халықаралық институттар мен банктердің ерекшеліктері мен міндеттемелері

Әуелгі кезде банктер әр түрлі ақшалай операцияларды өткізетін, көбінесе айырбастау конторалары ғана болғанын тарих талдауы көрсетеді

Банктер экономика негіздері, экономикалық қоғамның өзіндік қан жүрер жүйесі болып табылады. Оларсыз қазіргі қоғам өмір сүре алмайды, себебі төлемдер жасалатын банктер орталықтар болып, кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуін қалыптастырады, төлемдер мен есептемелерді өткізеді, ақшалай-тауарлық қатынастарды құрастырады. Сонымен бірге банктердің арқасында бос ақшалары бар адамдардың қаражаттары қазіргі уақытта қажет адамдарға беріледі. Әуелгі кезде банктер әр түрлі ақшалай операцияларды өткізетін, көбінесе айырбастау конторалары  ғана болғанын тарих талдауы көрсетеді. Аз-аздап, айырбастау ісі алуан-түрлі несиелерді беру және ақшалай қаржыларды өзіне тарту арқасында кеңейді, несиелер беретін банктер пайда болды, салымдарды қабылдады және есептеу операцияларын өткізді. Қай елде ең алғаш банк қызметі пайда болғанын анықтау қиын. Шартты түрде оның дамудың бес негізгі кезеңдерін атап өтуге болады. Бірінші кезеңде сарапшылардың деректері бойынша (көнеліктен Венециа банкінің пайда болуына дейін) б.з.д. 2000 жылға дейін қытайлықтарда чек айналысы болды. Вавилонда пайыздық ақшалай салымдарды қабылдаған және жазба міндеттерімен немесе әр түрлі құндылықтардың кепілімен несиелерді берген банк иелері өмір сүргені туралы күмән жоқ. Екінші кезеңде (1156 жылдан 1694 ж. ағылшын банктің мекемесіне дейін) банктер бүкіл Италия бойынша бірте-бірте таралды, олардың көбі үлкен сауда орталықтарында, Венеция, Флоренция, содан кейін Франция, Нидерланд және Англияда пайда болды. 1156 жылы Венецияда «Монтеньев» жиробанк – қоғамдық мекемесі пайда болды, сол банкке салықтар енгізілді және кейбір банк операциялары өткізілді. Үшінші кезеңде (1694 жылдан XVIII ғ. соңына дейін) банктердің келешектегі дамуы Англияда өтті, сол жерде көп банктер пайда болды. 1694 жылы шотландиялық Уильям Петерсон үкіметтік қаржылай қиыншылықтарды шешу үшін 1 200 000 фунт стерлингтерінің жарғылық капиталы бар Ағылшын банкін құрды. Бұдан басқа кәсіби банктер ұйымдастырылды: Шотландияда Корольдық банкі (1695 ж.), кенеп саудасы үшін Британ компаниясының Банкі (1706 ж.), Вен банкі (1703 ж.), теңіз саудасы үшін Прусск банкі (1767 ж.), Париж есеп кассасы (1776 ж.), Петербург банкі (1780 ж.). Құрылтайшы қызметі, биржадағы алыпсатарлық, қымбат металлдармен операциялар, сенімгерлік қорларды басқару, өкіметтің жергілікті органдарын несиелеуімен айналысатын банк иелерінің үйлері – жеке банк мекемелері пайда болды. Осындай үйлер шын мәнінде алғашқы банктер болып табылады және өсімқорлықтан өсті. Қазіргі уақытта олардың саны аз, олар тек бөлек елдерде, көбінесе Германия, АҚШ, Франция, Англияда кездеседі. Төртінші кезеңде (ХІХ ғ. басынан Ұлы тоқырауға дейін) Англия, Шотландия, Австрия, Германия, Швейцария, сонымен бірге Солтүстік Америкадағы депозиттік банктер ерекше таралу мен жетілдіруді алды. ХІХ ғасырдың басында банкноттар эмиссиясының қызметін монополиялық түрде атқаратын орталық банктер пайда болды. Мысалы, 1800 ж. – Францияда Орталық банк, 1806 ж. – Австриялық банк, 1860 ж. – Орыс мемлекеттік банкі құрылды. Кәсіби банктер де ашылды: ипотекалық (жылжымайтын мүлікті кепілге), тұрғындарға қызмет көрсететін халық, қолөнершілерге қызмет көрсететін қолөнерші банктер. 1877 жылы лизингілік операция пайда болды – жабдықтың құның соңында төлеуімен жабдықты жалға беру. Бұдан басқа несиелерді беретін несие кассалары құрылды, тұрғындардың салымдарын қабылдайтын жинақ кассалары (оларда несие беру құқықтары болған жоқ). 1848 жылы Пруссияда өте танымал жән басқа елдерге тез таралған ломбардтар пайда болды. Бесінші кезеңде (Ұлы тоқыраудан қазіргі уақытқа дейін) банктердің саны ұлғайды, орталық банкті қосатын толық банк жүйесі, көптеген операцияларды орындайтын әмбебап банктері және белгі операциялар түріне бағдаршы болатын кәсіби банктер құрылды. Сонымен бірге банктер арасындағы бәсекелестік чек және аударма депозиттік операцияларымен түптелетін, депозиттік және несиелік операциялардың түрлері кеңеейтін банктердің әмбебабына ғана әкелмей, жаңа операциялардың пайда болуына әкелді. Жинақ банкі операцияларды жинау бойынша жан-жақты болып табылады, олар салымдарды тарту, несиелерді беру, есептерді өткізу, құнды қағаздарды сатып алу және сату бойынша операцияларды өткізеді, бірақ олардың қызметі тұрғындармен тығыз байланысты болғандықтан мамандандыруы көрінеді. Халықаралық есептер мен ішкі сауда несиелерін беруі, яғни экспорт-импорттық операциялардың несиеленуі ішкі сауда банктердің негізгі операциялары болып табылады. Ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асырумен байланысты еншілес (тәуекелді) операцияларды орындайтын инновациялық банктер пайда болды. Шағын салымшылардың қаржыларын қызықтыру бойынша мемлекеттік мекеме ретінде  пошта-жинақ банкілері құрылды. Пошта бөлімдері арқылы осы банктер тұрғындардың салымдарын жинақтайды, қаржыларды қабылдайды және береді, тұрғындардың несиелеуін өткізеді. Капилаға жеке меншік көзқарасы жағынан қарағанда, орталық банктер мемлекеттік болады, олардың капиталы мемлекетке (Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей), акционерлікке жатады (АҚШ, Италия) және капиталдың жартысы мемлекетке жататын (Жапония, Бельгия) аралас – акционерлік қоғамдар. Кейбір орталық банктер мемлекеттік ретінде (Германия, Ресей) құрылды, басқалары акционерлік сияқты пайда болды, содан кейін (Ұлыбритания, Францияда) ұлттандырылды. Бірақ орталық банктің капиталын мемлекетке жататынына қарамай, банк  және үкімет арасында тығыз қатынас қалыптасты, олар қазіргі кезеңде ерекше күшейді. Елдің несиелік жүйесі және экономикалық саясатын өткізуінде орталық банктің сенімділігінде  үкімет мүдделі. Орталық банк валюталық бақылау органы, мемлекеттік валюта саясатының жетекшісі болып табылады. Ол ұлттық валюта айырбастау курсының режимін анықтайды, оның реттеуін өткізеді, ресми алтын валюталық қорларын басқару бойынша операцияларды өткізеді, халықаралық есептеулер, төлем балансын реттейді, елдің ішінде және шет елде де валюталық құндылықтардың қозғалысын бақылайды, болжамдарды әзірлеуге қатысады және төлем балансының құрастыруын ұйымдастырады. Бұдан басқа орталық банк тиісті мәселелер бойынша халықаралық келісімдерді дайындауға қатысады, басқа елдердің орталық банктерімен, сонымен қатар халықаралық және аймақтық валюта-несиелік ұйымдармен ынтымақтасады, осы ұйымдарда елді өкілдік етеді. Алайда орталық банктің үкіметпен тығыз байланысы оның саясатына шексіз ықпал ететінін білдірмейді. Орталық банк капиталдың тиістілігіне байланыссыз заңды түрде дербес болып табылады: оның мүлігі мемлекет мүлігінен оқшауланған, орталық банк оны меншектенішу ретінде басқарады. Қандай болсын елдерде орталық банктің атқарушы үкіметтен тәуелсіз деңгейі әрт түрлі болып келеді. Заң бойынша парламентке (АҚШ, Германия, Швейцария, Голландия, Ресейге) бағынатын банктер аз деңгейде – қаржы Министрліктеріне бағынатын банктер үлкен дербестікке ие. Сонымен қатар, орталық банктің тәуелсіздігінде салыстырмалы сипаты бар, үкіметтің экономикалық саясаты келісімсіз және оның негізгі элементтері – ақшалай-несиелік және қаржы саясатының тығыз үйлесімдігінсіз сәтті бола алмайды. Сондықтан ұзақ мерзімді жоспарда орталық банктің саясаты үкіметтің макроэкономикалық курстың басымдылықтарымен тура анықталады. Осыған байланысты әрбір орталық банк алдында үш бірлікті міндеттер тұр: 1) сатып алушылардың тұрақтылығын, ұлттық ақшалай бірліктің валюталық курстың қабілеттерін; 2) банк жүйесінің тұрақтылығы мен өтімділігі; 3) төлеу жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді шешу үшін орталық банк бес негізгі қызметтерді атқарады: банкноталардың эмиссиялары, банк және үкімет банкінің ақшалай-несиелік, ішкі экономикалық реттеуі. Орталық банкқа мемлекет өкілі ретінде заңды түрде банкнот, яғни жалпы ұлттық несиелік ақша қатынасы жағынан ғана эмиссиондық монополия бекітілген, ол елдегі қарыз міндеттерін жабудың соңғы құралы болып табылады. Сонымен бірге несие және ақша айналым жағдайына әсер ету жолымен экономиканың реттелуі – бұл үкіметтегі экономикалық саясаттың негізгі элементі, қалыпты экономикалық өсуіне, жұмыссыздық пен құнсызданудың төменгі деңгейіне, төлем балансының теңестіруіне жетуі негізгі мақсаты болып табылады. Ақша-несие саласына әсер ету үшін орталық банк ең алдымен, сауда банктерінің депозиттерді, ал содан кейін ақша мөлшерін үлкейту немесе күшейту қабілеттерін қолданады. Бірақ бұл банктердің депозиттік эмиссия мен несиелік операциялардың көлемін анықтай алатынын білдірмейді. Орталық банк міндетті қорлардың жүйесі арқылы банк несиелері мен депозиттерінің динамикасына әсер етеді. Ол банктердің сақтық ұстанымын реттей отырып, несиелер мен депозиттердің қысқаруы немесе ұлғаюдың тізбекті реакциясын көрсете алады. Сақтар көлемі арасында белгілі өзіндік байланыс бар екенін атап өту керек, банктер оларды орталық банктің есеп шотында және банктердің несиелік операцияларында сақтауы міндетті. Банк несиелерінің көтерілуі депозиттердің өсуіне әкеледі, сол себептен міндетті сақтарды ұлғайту қажеттігін шақырады, несиелердің төмендеуі қарама-қайшы нәтижеге әкеледі. Егер банкта міндетті қорлар мен депозиттер арасындағы талап етілетін қатынасты қолдау мүмкіндігі болмаса, ол жаңа несиелерді беруден бас тартуға және құнды қағаздарды сатуға мәжбүр болды. Егер банктерде артық («бос») қорлар болса (яғни орталық банктердегі қорлардың соммасы міндетті қорлардан асып түссе), онда банктер жаңа несиелерді бере алады және жаңа дерозиттерді құрастыра алады. Осы тәуелділік несие-депозиттік мультипликациясы эффектісінің атын алды. Ол толығымен банк жүйесінен алынатын қайсыбір жаңа қорлардың бірнеше рет ұлғаю жолы арқылы депозиттердің кеңеюін білдіреді. Әрбір бөлек банк артық қорлары көп болатын депозиттерді кеңейте алмайтынына қарамастан, осы эффект жұмыс істейді. Орталық банк саясатының ақша-несие әдістері алуан-түрлі. Төмендегілер аса кең қолданылады: пайыздық ставкалардың өзгеруі, ол бойынша орталық банк сауда банктеріне несиелерді ұсынады (ресми есептеу ставкасы, қайта қаржыландырудың ставкалары, ломбард ставкалары);  банктердің міндетті қорлар нормаларының өзгеруі; ашық нарықтағы операциялар, яғни мемлекеттік облигациялар, вексельдер және басқа құнды қағаздарды сатып алу-саты бойынша операциялар; валюталық курстың саясаты немесе курстық саясат. Осы ақша-несиелік реттеу әдістері жалпы деп атауға болады, себебі олар барлық сауда банктеріне және несие капиталдарының нарықтарына әсер етеді. Бұдан басқа несиенің бөлек нысандарын реттеуіне (мысалы, тұтынушы) немесе әр түрлі саладағы несиелеуіне бағытталған (тұрғын үй құрылысы, эскпорттық сауда) таңдаулы (таңдамалы) әдістер қолданылады. Бөлек банктер немесе несиелер (несиелік шегі) үшін банк несиелер көлемдерінің тікелей шектеуіне таңдаулы әдістер; несиелердің нақты түрлерін берудің шарттарын регламенттеу, көбінесе айырма көлемдерін, яғни қамтамасыз ету соммасы және берілген несие көлемі арасындағы айырмашылықтарды, депозит бойынша ставкалар және несие бойынша ставкалары арасындағы айырмашылықтарды орнатуы жатады. Орталық банктердің пайыздық ставкаларын өзгерту реттеудің дәстүрлі әдісі болып табылады. Ресми ставкалардың көтерілуі өз қорларын толтыру үшін несиені алуға сауда банктерінің мүмкіндіктерін төмендетеді, ал ол олардың несиелерін қысқартуына, яғни ақша көлемі мен сауда пайыздық ставкаларының көтерілуіне әкеледі. Орталық банк ставкаларын көтере отыра, несиелердің шектеу саясатын өткізеді. Пайыздық ставкалардың көтерілуі төлем балансына және валюталық курстың деңгейіне  әсер етеді, себебі ол елге шетелдік қысқа мерзімді капиталды тартуға әкеледі. Нәтижесінде төлем балансы жандандырылады, шет елдік валютаның ұсынысы ұлғаяды, одан кейін шет елдік валютаның курсы төмендейді, ал ұлттық валютаның курсы көтеріледі. Орталық банк ставкаларының төмендеуі несиелік экспансияның кеңею саясатының әдісі болып табылады. Ресми ставкалардың өзгеруі несие капиталдарының барлық нарықтары үшін ескерту рөлін ойнайды: ставкалардың көтерілуі несиелік шектеу саясатты өткізудің басын, несиелік экспансияның төмендеуін білдіреді. Сауда банктерінің ресурстеріне, сондай-ақ несиелерді көрсету мүмкіндіктеріне елеулі әсер етуі, міндетті қорлар нормаларының өзгеруін көрсетеді. Банк қаражаттарының көп бөлігіне орталық банктегі шоттарына «тыйым салынған» және сауда банкі оны несиелерді беру үшін қолданыла алмайтыны туралы міндетті банк қорлары нормаларының көтерілуін білдіреді. Нәтижесінде айналымда банк несиелері мен ақша көлемі қысқарады, несие бойынша пайыздар көтеріледі. Банк қорлары нормаларының төмендеуі банк несиелері мен ақша көлемдерінің кеңею мүмкіндіктерін көбейтеді, бұл нарық пайызының төмендеуіне әкеледі. Құнды қағаздардың нарығы дамыған елдерде ашық нарықтағы операциялар ақша-несие реттеудің кең таралған әдісі болып табылады (АБР). Біріншіден, егер орталық банк құнды қағаздарды ашық нарықта сатып отырса, ал сауда банктері оларды сатып алса, бұл операциялар ресурстардың көлемі арқылы сауда банктерінің қызметіне әсер етеді. Орталық банк құнды қағаздарды сауда банктерінен алғанда, олардың қоршотына тиісті сомасын есепке салады, бұл несиелерді беру бойынша банктердің қызметін кеңейтеді. Екіншіден, мемлекеттік құнды қағаздардың пайыздық ставкалары мен курстарын (бағаларын) реттеу үшін АБР қолданыла алады. Валюталық курстың саясаты немесе курстық саясат ақша-несие саясаттың маңызды әдісі болып табылады. Бағалар мен ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұлттық валюта курсының тұрақтылығын қолдауында үлкен маңызы бар. Ұлттық валюта курсының төмендеуі ішкі нарықтағы бағалардың көтерілуіне әкеледі, ең алдымен, импорт, содан кейін отан тауарларына, яғни ұлттық ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Ұлттық валюта курстарының тұрақты төмендеу жағдайында ішкі нарықтағы тауарлардың бағалары өндіріс шығындарына ғана емес, ұлттық валюта курсының құлауына бағытталады. Курстың төмендеуі құнсызданудың факторы болады. Орталық банк валюталық басқыншылық көмегімен валюталық курсты реттегенде, (яғни ұлттық валютаға шетел валютаның сауда-саттық) тура ақша айналымына әсер етеді. Шетел валютаның сатып алуы ұлттық валютадағы ақша көлемінің көбеюіне, ал сатуы – оның төмендеуіне әкеледі. Валюталық курсты реттеу мақсатында ресми ставканың сондай түрде өзгеруі, несие капиталдары мен ақша айналымының нарығына тиісті әсерін көрсетеді. Сонымен бірге 13 жыл бойы, әлемдік қаржы жүйесінде тиянақталған валюталық курстар қолданылғанда (1960-1972 жж.), құбылмалы бағамды енгізген уақытымен салыстырсақ, экономикалық өсудің нақты қарқыны көптеген елдерде екі есе өскенін атап өту керек. Бұдан басқа, тиянақталған курстардың күшін жойғанда, құнсыздану, жұмыссыздық сияқты халық үшін аса елеулі мәселелері күшейді, бреттон-вуд жүйесі жұмыс істеген кезеңінде бұл деңгейлер төмен болды. Орталық банк сауда банктерінің кассалық қорларын сақтау үшін қабылдап, оларға несиелік көмекті көрсетеді. Сауда банктері үшін ол несиенің соңғы сатысы, яғни аса қажет жағдай үшін несие беруші болып табылады. Орталық банк «банктердің банкі» болып, елдің төлем жүйесінің басты реттеуші органының қызметін атқарады. Ол банкаралық есептеулерді ұйымдастырады, есеп жүйелерінің ұйымын бағыттайды және реттейді (соның ішінде клирингілік), банк жүйесінің есеп орталығы ретінде қызмет істейді. Көбінесе орталық банк жүйесінің тұрақтылығы мен дәйектілігін қолдау, салымшы мен несиегерлердің мүдделерін қорғау мақсатында банктерді қадағалап, бақылап жүреді. Кейбір елдерде (Австралия, Италия, Ресей) қадағалау және бақылау қызметін орталық банк ғана жүзеге асырады, ал басқа елдерде (Германия, АҚШ, Швейцария, Франция) орталық банк басқа органдармен (қазынашылық, банк комиссиясы және т.б.) бірігеді, кейбір мемлекеттерде (Австрия, Дания, Канада, Норвегия) орталық банк емес, басқа органдар бұл қызметті атқарады. Соңғы онжылдық ішінде банк қадағалауының жүйесі халықаралық сипатқа ие болды, бұл банк ісінің интернационалдандырумен байланысты болған. Осылай, 1975 ж. 10 дамыған еуропалық елдердің орталық банктердің өкілдері банк қадағалауы және реттеу мәселелері бойынша Базель комитетін немесе халықаралық банк қадағалауын құрудың бастамашысы Англия Банкінің директоры Питер Куктың есімі бойынша «Кук Комитетін» құрды. 1997 жылы сәуірде Базель комитетінің 25 қағидасы бар «Банк қызметі үшін тиімді қадағалаудың бастапқы қағидалары» құжатын ұсынды, ол жарамды банк қадағалауы мен реттеуін ұйымдастыру үшін негізгі болып табылады. 15 елдердің ішінен банк қадағалау органдары өкілдерінің қатысуымен «он» елдері Базель қағидаларын әзірледі. Оларды «он» елдің орталық банк өкілдері мақұлдады, барлық елдерде банк қадағалау органдарына осы қағидаларды жетекшілікке алуға ұсыныс берілді. Негізінен оларда жоғары дамыған елдерде қолданылатын, стандартты талаптар бар. Көбінесе, банк капиталы және оның жасаушыларының минималды шамасы талаптары; саясат қадағалауын, органдардың несиелерін беру және капиталдарды инвестициялауымен байланысты банк қызметінің жеделдігі және олардың қолданылатын процедурасын тексеруі, несиелік және инвестициялық портфельдерді басқару; тәуекелді басқару жалпы саясатының банкінде болудың фактісін тексеру. Дағдарыс кезеңінде әлемдік банк жүйесінде, соның ішінде халықаралық қаржы ұйымдарының қызметінде айтарлықтай зияндар көрінді. Сондықтан Халықаралық валюталық қоры (ХВҚ) түбегейлі реформалауды талап етті, оның базасында ғаламдық қаржы реттеушісін құру лайықты болар еді. ХВҚ негізгі қызметі оғаламдық және елдің қаржылық дағдарыстарын жоюға кешіккен көмек емес, оларды ескерту мен болдырмау болу керек еді. Қазіргі қаржы дағдарысы сабақтарының нәтижесінде банк реттеуі бойынша Базель комитеті әлемнің барлық елдерінде банк институттарының қызметі үшін реттеу және қадағалаудың нормативті-құқықтық базасын мейірімсіздендіру жоспарында қағидаттар мен келісімдерге негіз болатын түзетулерді енгізу керек. Бұдан басқа әлемнің барлық елдерінде қаржы институттарының қызметі үшін жалпы ережелердің ғаламдық стандарттарын әзірлеу қажет. Ғаламдық экономикада капитал қозғалысын, сонымен қатар оффшорлық орталықтардың қызметін, трансшекаралық бірігу және сіңудің қиғадаттарын, т.б. реттейтін жаңа халықаралық ұйымды құрудың қажеттілігі туды. Осындай ұйым Бүкіл әлемдік сауда ұйымының (БСҰ) ұқсастығы бойынша жұмыс істейтін халықаралық-құқықтық келісім базасында құрылуы мүмкін. Осыған байланысты халықаралық қаржы-несиелік мекемелердің даму тарихы мен негізгі қызметтерін талдау қажет: 1) Халықаралық есептеудің банкі (ХЕБ). ХЕБ – алғашқы халықаралық банк. Ол 1930 ж. Англия, Бельгия, Германия, Италия, Франция және Жапония елдерінің арасындағы үкіметаралық келісімнің негізінде құрылған. Осы мемлекеттер Швейцариямен бірлесіп, Конвенцияға қол қойды, сол келісім негізінде ХЕБ Базельде орналасты. Оның алғашқы құрылтайшылары арасында аталған елдердің орталық банктерінен басқа, Морган Банкир үйінің басшылығымен АҚШ бөлек сауда банктері де болды. ХЕБ құру мақсатымен ел-қатысушылары орталық банктерін және олардың арасындағы халықаралық есептеуді қамтамасыз етуіне ынтымақтастығына көмек көрсетуі айтылған. 1932 жылы Еуропаның 19 елі оның қатысушылары болды. ХЕБ құрылтайшысы болып, осы елдердің орталық банктері оның клиенттері болып табылады. Сол себептен ХЕБ-і жиі орталық банктердің халықаралық банкі деп атайды. АҚШ онда федеративтік резервтік жүйе ретінде көрсетілмеген, ал City Bank Corp ретінде көрсетілген, алайда біріншісі ХЕБ-мен тығыз қарым-қатынаста: Базельдегі (Базель клубы) ХЕБ құрылтайшылардың ай сайынғы отырысында және жалпы жиналыстарында әрқашан ФРЖ басқарушылардың кеңес мүшесі қатысады. ХЕБ қызметін басқару басымдылығы Батыс Еуропа елдерінде дәстүрлі түрде сақталады, бірақ АҚШ осы жағдайда өз әсерін ұлғайтуда. 30 елдердің көбі, соның ішінде Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін кірген, Албания, Болгария, Венгрия, Польша және т.б. еуропалық – бұрынғы  социалистік елдер қазіргі уақытта ХЕБ мүшесі болып табылады. Қазіргі ХЕБ операциясының қатысушылар құрамы мен географиясы батыс еуропалық аймағынан халықаралық несие-валюталық ұйымына ауысуы туралы дәлелдейді. ХЕБ қызметін басқаруы директорлардың жалпы жиналасы және кеңесімен жүзеге асады, ал банктің өзі шын мәнінде акционерлік есептеу палатасы болып табылады. Жарғыға сәйкес халықаралық операциялары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және қатысушылардың мемлекетаралық есептеулерін өткізген кезде, сенімді тұлғаның рөлін орындауы оның негізгі қызметі болып табылады. Банк депозит-несиелік, қор және басқа операцияларын, соның ішінде алтынмен жасалатын операцияларды орындайды, сонымен қатар несие-валюталық қатынастардың мемлекетаралық реттеуді іске асырады. Операциялар бойынша есептеу валютасы алтын швейцар франкін қабылдады, ал АҚШ доллары акционерлерге үлесақыны төлеу үшін қолданылады. ХЕБ 1960-шы ж. басынан бастап, бастаушы әлемдік валюталардың курстарын қолдау мақсатында арнайы операцияларды – орталық банктердің бірлескен валюта басқыншылығын («базель несиелерін») өткізе бастады. Шетелдік валютаға деген сұраныстың күтпеген өсуін жабу үшін ол орталық банк қатысушыларымен айырбас операцияларын тәжірибелейді. Бұдан басқа ХЕБ әлемдегі ірі экономикалық ақпараттық-зерттеу орталығында танылған болып табылады. Ол басқа халықаралық несие-қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтастықтың саясатын өткізеді. 2) Халықаралық валюталық қор. 1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) екінші дүниежүзілік соғыста қиратылған еуропалық мемлекеттердің экономикасын қалпына келтіру және тұрақтандыру мәселелерін шешу мақсатында өкілдік халықаралық валюта-қаржылық конференциясы өтті, сонымен бірге екі ұйымның кәсіпорындары туралы шешімі басты нәтижелерінің бірі болды: Халықаралық валюталық қоры (ХВҚ) және қайта құру және дамудың Халықаралық банкі (ҚДХБ). Қор әлемдік валюталық жүйелердің тұрақтылығын қолдау үшін, ал банк – қатысушы-елдердің ұзақ мерзімді экономикалық дамуын ынталандыруға шақырылды. Әлемдегі ашық нарық экономикасының құрылуына көмегі, оларды жалпы мақсаты болды. Халықаралық валюталық қоры БҰҰ кәсіби органы ретінде өз қызметін 1947 жылдың наурыз айынан бастады. Оның штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. Басқару кеңесі–ХВҚ жетекші органы – қаржы министрлері немесе қатысушы-елдердің орталық банктерін басқарушыларынан тұрады және олар жыл сайын жиналады. Директорат –атқарушы органы географиялық белгі бойынша таңдалып алынатын қордағы капиталының көп бөлігі елдерінен 6 өкілді және басқа елдерден 16 өкілді өзіне қосады. ХВҚ капиталы қатысушылардың салымдарынан жиналады (орнатылған үлеске сәйкес), оның көлемі халықаралық саудадағы экономикалық әлеуеті және елдің белсенділігіне байланысты. Алғашқы кезде салымдар ішінара алтын (үлестің ширектігі) және ішінара ұлттық валютасымен төленді. Содан кейін 1978 ж. сәуірде үлестің ширектік бөлігі SDR (Special Draving Rights) немесе ХВҚ орнатылған қатысушы-елдер валютасы есептеле басталды. Қызметінің бастапқы кезеңінде осы қор 49 елді біріктірді және 8 млрд. доллар шамасында капиталы болды. Қазіргі уақытта оның қатысушылар саны төрт есе өсті, ал капиталы шамасымен 16 есе өсті. Капиталдың үштен екісі дамыған елдердің шектелген контингентіне, қалған бөлігі – көптеген елдерге жатады. Капитал үлесіне сәйкес әрбір елдің жетекші органдар Қорының дауыс берген пайызы анықталады. ХВҚ негізі қызметтері. АҚШ (19%-дан көп) және Еуропа одағының елдерінде (30% шамасында) дауыс саны көп. Соңғы жылдары үлестер саны және мұнайды экспортқа шығарушы –  дамыған елдердің саны өсті. Аса маңызды шешімдерді қабылдау үшін ХВҚ-ға қатысушылар дауысының 85% жеткілікті, ал басқа жағдайларда  70%. Халықаралық сауда және валюталық ынтымақтастықтың дамуына үлесін қосу, валюталық тепе-теңдігін қолдауы, валюталық шектеулерді жоюы, төлем баланстарын түзету үшін қатысушы-елдерге несие ресурстарын ұсынуы ХВҚ-ның негізгі функциялары болып табылады. Қатысушы-елдер өзінің алтын валюталық қорлар, экономиканың жағдайы, төлем балансы және т.б. туралы ХВҚ-ны ақпараттандыруы қажет. ХЖДБ және басқа елдерге, оған туыс болатын валюта-несиелік ұйымдарға кіру үшін қордағы мүшелік міндетті шарты болып табылады. 1944 ж. Кеңес Одағы бреттон-вуд конференциясының қатысушысы болып және ХВҚ мен ХЖДБ-ны ұйымдастыру туралы құжаттарға қол қойып, оларды бекіткен жоқ және капиталдың орнатылған бөлігін енгізген жоқ. Тек 1991 ж. КСРО Президенті осы ұйымдарға елдерді қабылдау туралы ресми өтінішті берді және 1993 ж. ортасында бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикалары олардың толық құқықты қатысушылары болды. 3) Қайта жаңғырту және дамудың Халықаралық банкі. Қайта жаңғырту және дамудың Халықаралық банкі 1946 жылдың маусым айынан бастап органның БҰҰ-нан бөлек, шешімді қабылдағанда кәсіби, тәуелсіз ретінде өз жұмысын бастады. Қызметтің кеңеюіне қарай, банк өзіне жақын төрт бөлімшені құрды: 1956 ж. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК), 1964 ж. Халықралық даму ассоциациясы (ХДА), 1966 ж. Инвестициялық дауларды шешу халықаралық орталығы (ИДШХО) және 1988 ж. инвестициялар кепілдігінің көп жақты Агенттігі. Қазіргі уақытта осы кәсіпорындар жинақталып, Вашингтондағы штаб-пәтерімен бірге Бүкіл әлемдік Банктің Тобын құрайды, ал ХЖДБ – олардың негізін салушы. Бүкіл әлемдік банк 200 млрд. доллар шамасында акционерлік капиталы бар Топтың мықты бөлімшесін құрайды, ал оның құрылтайшылар  санына қазіргі уақытта 180 ел кіреді. Олардың әрбіреуінде ХВҚ-да үлеске байланысты акциялардың өз бөлігі және жетекші органдардың дауыстары бар. Шамамен 17% дауысы бар АҚШ ірі акционер болып табылады. Басқарушылардың кеңесі – банктің жоғары жетекші органы. Ол қаржы министрлігі немесе қатысушы-елдердің басқарушы орталық банктерінен тұрады, оны президент басқарады және жаңа елдер, акционерлік капитал көлемінің өзгеруі, мүшеліктің уақытша тоқтауы және т.б. мәселелерін шешеді. Банктің басқарушы кеңестерін және ХВҚ жыл сайын бірлескен отырыстарын өткізеді. Атқарушы директорлардың кеңесі күнделікті қызметін басқарады, әрқашан штаб-пәтерде жұмыс істейді және апта сайын отырыстарды өткізеді. Банк президенті оның төрағасы болып табылады. Кеңес 24 адамнан – ірі акционерлердің бір өкілінен және 19 аймақтан тұрады. Аймақ өкілдері бір немесе бірнеше елдерден іріктеп алынады. Төраға қарыздарды беру, қаржы сметасын бекіту, қызметкерлерді тағайындау және саны 7000 адамнан асатындарды босату туралы және т.б. қарастыруды ұсынады. Қызметтің басты функционалдық бағыттары басшылығын үш басқарушы-директор атқарады. ББ негізгі қызметі: бағыттардың кең спектрі бойынша дамыған елдердегі инвестициялық қызметі – денсаулық сақтау, білім және қоршаған ортадан, экономикалық саясаттың инфрақұрылымы мен реформаларына дейін; экономикалық сұрақтар бойынша аналитикалық және консультациялық қызметі; көрсетілетін қызметтер негізі мен құрамының, сонымен қатар жүзеге асырылатын бағдарламалар бөлшегінің тұрақты түзетілуі; бай және кедей елдері арасында ресурстарды жаңадан бөлістірудегі делдалдығы. Банктің маңызды мақсаты барынша көбеюі болмаса да, пайданы орнықты түрде алып отырады (жыл сайын 1 млрд. доллардан көп). Пайдалар өзіндік даму үшін пайдалынады, ал акционерлерге дивидендтер төленбейді. ББ өз қызметінде белгілі қағидаларды ұстанады, ал нақты айтқанда: дамыған елдердің экономикалық өсуіне үлесін қосатын, тек тиімді капитал жұмсалымы үшін ресурстардың бөлінуі; ресурстарды қайтарудың мүмкіндік деңгейлерін есепке алып, экономикалық түсінікке ғана сүйеніп, инвестициялық шешімдерді қабылдау; қарызгер-елдер үкіметінің кепілдігімен ғана несиелерді ұсыну, акционерлік капиталдарға қаражаттар инвестицияланбайды; президент және қызметкерлер қызметінің бағыты басқа объектілерде емес, тек банк мүддесінде ғана, сонымен бірге елдер үкіметінде жатыр. Зейнетақы қоры, сақтандыру компаниялары, корпорациялар, басқа банктерге, сонымен бірге әр түрлі елдердің жеке тұлғаларына облигациялар мен құнды қағаздарды сатқан уақытта, ББ сәтті шарттар негізінде ресурстарды өзіне тартады, себебі оның қарыздық міндеттері жоғары өтімді және әлемдегі ең сенімділердің бірі. Акционерлік капитал және бөлінбейтін табыс ресурстардың дереккөздері қызметін атқарады, сонымен қатар жеке және тартылған қаражаттардың арақатынасы үлкен сақтандыру қорлармен төзімді болады. Сауда банктерімен салыстырғанда, банк аса төмен пайыздық ставкалар бойынша дамыған елдерге 15-17 жыл мерзімге қарыздарды береді. Әр жарты жыл бойы ставкалар қайта қаралады. Соңғы жылдары олардың мөлшері 7–7,5% шамасында өзгеріді. Шамамен бес жылға қарыздың негізгі сомасын жабудың бастапқы кезеңінің мерзімін ұзартуы тәжірибеленеді. Өзінің 50 жыл қызметі ішінде Банк әлемнің 140 елінде 6000-ға жуық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 300 млрд. доллардан асатын сомасына қарызды берді, бұл ХВҚ ауқымынан 2 есеге асып түседі. Әр түрлі қызметтерді орындап, ББ және ХВҚ серіктестер болып табылады да, өзара бірін бірі толықтырып отырады. ББ Тобының басқа бөлімшелері өзінің міндеттерін шешеді және қызмет етудің айқын сипатына ие. 4) Қайта жаңғырту мен дамудың Еуропалық банкі (ҚДЕБ). ҚДЕБ 1991 ж. нарық экономикасының құрылуында Орталық шығыс еуропа елдеріне көмек беру үшін құрылды. Еуропалық елдер, РФ, әлемнің басқа аймақтары елдерінің қатары (АҚШ, Жапония) және ЕО сияқты ұйымдарды қоса, 60 мемлекет қазіргі уақытта банк құрылтайшылары болып табылады. ҚДЕБ штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Басқарушы кеңестері төраға басшылығы және екі орынбасарларымен Банктерді басқарады, қаржы министрлері мен қатысушы-елдердің жетекші орталық банктері, ЕО және ЕИБ өкілдерінен тұрады. Өзінің көптеген өкілеттілігін ол күнделікті қызметінің жетекшілігн жүзеге асыратын және президент, 4 орынбасары, 23 директордан тұратын директорлар кеңесіне құқығын береді. Директорлардың әрбіреуі үш кеңес комитеттердің біреуіне кіреді: бюджеттік және әкімшілік сұрақтар бойынша, қаржы және операциялық саясат бойынша ревизиялық комитетке кіреді. Бұдан басқа банктің ұйымдық құрылымы аумақтық және салалық бөлімдерді, сонымен қатар басқа функционалдық бөлімшелерді (департаменттер мен бөлімдерді) өзіне қосады. Банк қызметкерлерінің жалпы саны 1100 адамнан асады (елдерде-операцияларының өкілдігін есептегенде). ҚДЕБ ең алдымен ББ Тобымен және көптеген халықаралық институттарымен өзара әрекеттеседі. Әр түрлі жобаларды жүзеге асыру үшін ол жеке ұлттық банктерді, инвестициялық қорларды және басқа да несие-қаржылық кәсіпорындарды қатысуға шақырады. Олардың жүзеге асырудағы ел үшін қаржыландыру жобалардың қасиетіне және экономикалық тиімділігінің айқындығы мен шындығына банк дәстүрлі түрде көңілін бөледі. ҚДЕБ тиімді шарттар негізінде, халықаралық нарықта қаражаттарды тарта отырып, сауда бағалары бойынша өз қызметтерін көрсетеді. Экспорттық несие және бөлшек сауда банк қызметтеріне ол кепілдік бермейді. Көптеген ұлттық және шетелдік инвесторлардың қолынан келмейтін қауіптерді банк өзіне жүктеп, экономиканың мемлекеттік және жеке секторларында жұмыс істейді. ҚДНБ негізгі қызметтері: тікелей қаржыландыру, яғни нақты жобаларды жүзеге асыруына несиелерді ұсыну; акционерлік капиталдарға қаражаттарды инвестициялау, сонымен бірге мемлекеттік және жеке мекемелердің акцияларын орналастыруына кепілдік беру; капитал дереккөздеріне рұқсатты алуында қарызгерлерге көмек көрсету үшін кепілдіктерді беру. Банктің операциялық басымдылық санына жеке сектордың дамуы, қаржы делдалдарымен жұмысы, акционерлік капиталдарға салымы жатады. Сонымен қатар ол экологиялық жағынан таза және экономиканың берік дамуын, соның ішінде тиімді энергопайдалануды көтеру жолы арқылы қамтамасыз етуіне ұмтылады. Банк өз қызметінде келесі негізгі қағидаларды ұстанады:  әр жоба бойынша жалпы ұсталымдардың 35% шектерімен қаржыландырудың көлемін шектеу; мекемелерді басқару үшін акциялардың бақылау пакеттерін және жеткілікті құқықтарын алу; пайдаланатын қаражаттардың үштен екі бағасынан көп емес және акционерлік капиталдың үштен бірден аз емес бағасын жеке секторының жобасына ұсыну; шығарылған немесе қайтадан шығарылатын акцияларды алу үшін инвесторларға қаражаттарды ұсынбау. Тікелей қаржыландыруды ең алдымен шетелдік капиталдың қатысуымен жеке мекеме ұсынады. Банк оларды несиелегенде үкіметтік кепілдіктерді талап етпейді. Несиелер әрбір валютада беріледі, бірақ негізінен АҚШ доллар мен ЕВБ-да беріледі, сонымен қатар қай валютада берілсе, сол валютада жабылады. Соңғы уақытта банк жергілікі валюталар қатарында несиелерді қорландыра (олар үшін қаражаттарды тарта) бастады. ҚДЕБ несиелерінң минималды сомасы 5 млн. ЕВБ құрайды, бірақ ол шағын және орта кәсіпорындарының жұмысы үшін мүмкіндіктерді табады. Соңғы жылдары мемлекеттік сектордағы несиелерінің орташа мөлшері 25, ал көбінесе 16 млн. ЕВБ құрайды. Несиелердің жеделдігі негізінен 5-10 жылды, ал ерекше жағдайларда (инфрақұрылымдық жобалар) – 15 жылға дейін құрайды. ЛИБОР ставкасынан асатын маржасымен бірге несие төлемі орнатылады. Несиелер «құбылмалы» немесе тіркелген пайызда ұсынылады, ал кейбір жағдайларда басқа нұсқаларда беріледі. Несиелердің негізгі сомасы әр жарты жылда тең бөліктермен жабылады. Саяси қауіптер және жергілікті валюталар айырбасталынбайтын қауіптерге жатпайтын банктің қауіптер сақтандыруын қаржыландыратын клиенттер қамтамасыз етуге міндетті. Қаржыландыратын жобалардың активтердің кепілдерімен несиелер қамтамасыз етіледі – жылжитын және жылжымайтын мүлік, акциялар, құқықтардың қайта табыстау және т.б. ҚДЕБ несиелері қайта құрылымдағанда мемлекеттік қарыздың сомасы алынады, яғни банк басымдық кредитор мәртебесіне ие болады. Акцилонерлік капиталға инвестицияланатын қаражаттар қарапайым және басымдық акцияларға жазылу жолымен немесе басқа нысан жолымен жүзеге асады. Сонымен қатар банк акциялардың бақылау пакеттерін алады және кәсіпорындарды басқару үшін тікелей жауапкершілікті қабылдамайды. Ол мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындар шығарған акциялардың орналасуына кепілдік бере алады. 5) АҚШ-тың федеративтік резервтік жүйесі (ФРЖ). ФРЖ – бұл Америка Құрама Штаттарының орталық банктің рөлін атқаратын жеке банктердің жүйесі. 1913 ж. құрылған Федеративтік резерв туралы Заңы  (Federal Reserve Act), ФРЖ жеке ұйым болып табылады жеке капитал құрылымы бойынша, бірақ оның басқармасында маңызды рөлді мемлекет ойнайды. ФРЖ құрылымы: ФРЖ басқарушы кеңесі (АҚШ Президенті тағайындайтын барлығы; 7) Ашық нарық бойынша Федератвитік комитеті; 12 аймақтық федератвитік резерв банктері – АҚШ қазынашылық фискальдық агенттігі; көптеген жеке банктер.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Еспаев Сәкен Сыбанбайұлы
Еспаев Сәкен Сыбанбайұлы
ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры
Экономика ғылымдарының докторы, академик