«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Сарапшы пікірі

Ханкелді Әбжанов: Тарих телеарнасы ашылса…

Тарихты оқыту, зерттеу, насихаттау ісіндегі іркілістерді тек сыртқы фактормен түсіндірсек, қатты қателесеміз. Тарихшылар қауымы әлемдегі, елдегі модернизациялау қарқынына ілесе алмай қалатынын мойындауымыз керек.

Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы: Тарихшыларға зор жауапкершілік жүктелді

Қазақ тарихы ғылымы да еліміздің ертеңгі дамуына, оның тәуелсіздігінің ғұмырлы болуына жауапты. Оған ұлтымыздың бай тарихы мен Елбасының қолдауы толық мүмкіндік береді. Тарих ғылымында ұлттық жаңғыру заңды жалғасын тапты.

Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы: XVIIІ ғасырдың І жартысындағы қазақ-түркімен қарым-қатынасы

Ұлан байтақ қазақ жерінің оңтүстік-батысында XVIIІ ғасырда Каспий теңізімен шектесіп, Хорасан (Иран) мемлекеті, Хорезм хандығы арасында түркімендер көшіп қонды.

Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы: Алыбай Қосакөзұлының өмірі мен қызметі

Қазақ тарих ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі-тұлғаларымыздың қоғамдық-саяси қызметін саралау екендігі белгілі.

Карл Молдахметұлы Байпақов: Қазақстанның әлемдік жаһандану үрдісіне қосқан үлесін көрсетудің маңызы зор

Тарихи ғылымдарындағы маңызды бағыттардың бірі - біздің тарихымыздың ежелгі кезеңі яғни, археология. Көптеген ғалымдар мен зерттеушілер археологиялық жұмыстармен айналысып жатыр. Дегенмен қосымша материалдарды қажет ететін көптеген проблемалар бар.

Ханкелді Әбжанов: Тарих жалпыға ортақ және түсінікті тілде жазылуы тиіс

Қазір ұлттық тарихты зерделеу және ел тарихын біріздендіру бойынша жұмыстар қолға алынып жатыр. Жалпы, мен мына нәрселерді атап өтер едім. Тарихи деректердің әлі де толықтай жаңғырмағанын байқауға болады.

Байтанаев Бауыржан Әбішұлы: Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан археологиясы: негізгі қорытындылары мен келешегі

Қазақстанның қолданбалы археологиясы бірінші кезекте өз күш-қайратын құрылыс және жерді шаруашылық игеру жағдайында толықтай жойылып кету қаупі туып тұрған ескерткіштерді сақтап қалуға бағыттауы керек. Қазақстан археологтары кей жерлерде өз еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалу үшін құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс істеуі тиіс.

Күлпаш Мырзамұратқызы Ілиясова: Зұлмат заман – әлем назарында

Кеңестік ұжымдастыру кезеңіндегі тоталитарлық жүйенің саяси қателіктерінен миллиондаған адамдар құрбан болды. Бұл тақырып еліміздің тәуелсіздік жылдарында ғана обьективті тұрғыдан қарастырылып, лайықты бағаланды.

Күлпаш Мырзамұратқызы Ілиясова: Қазақ қасіретін жаңаша зерделеу

Талай жұттан, талай соғыстан аман қалған қазақ, 1920-1930 жылдардағы кеңестік тоталитаризм жүйесіндегі ашаршылық нәубетін көтере алмай қалды. Өкінішке орай, оның экономикалық және демографиялық зардаптары осы күнге дейін жойылған жоқ.

Светлана Смағұлова: Өзбек пен түркіменнің қателігін қайталамайық

Қазақстандағы жаңа әліпбиді жасау білікті ғалымдарға, тіл мамандарына тапсырылып, жасалған жобалар қызу талқылауға түскен. Біз кешегі Өзбекстан мен Түркіменстанның қателігін қайталамауымыз керек. Мемлекет тарапынан арнайы қаулы қабылданып, оған ғалымдар жұмылдырылуы абзал. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегендей, бұл істе ұқыптылықтың болуы шарт.