«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Сарапшы пікірі

Мәжитов Саттар Фазылұлы: Қазіргі Қазақстандағы мемлекет және мәдени процестердің жаңа форматы

Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мәдениеттің тарихи миссиясы қазақ халқының мемлекеттілігін қайта дамытуының негізін жетілдіруге бағытталса, қазір оның міндеттері Қазақстанның орнын қазіргі заманғы әлемдік мәдениет процестерінің жүйесінде айқындау болып табылады.

Байтанаев Бауыржан Әбішұлы: Отандық археология жаңа әдістерге және көзқарасқа мұқтаж

Қазақстанда археологияны дамыту үшін тәртіпаралық зерттеулерді қолдану қажет. Тәртіпаралық зерттеулер арасында антропология саласындағы кемшіліктерді атап өту қажет, сүйектің қалдықтарын, тістің қабықтарын, ген бойынша, көздің айнасы арқылы сол немесе басқа халықтардың ата-тегі зерделенеді.

Бүркітбай Аяған: Отандық тарих ғылымын дамыту проблемаларының бірі – кадр жетіспеушілігі

Мемлекеттік хатшы нақты міндет қойды – еліміздегі, әсіресе ірі және мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы барлық тарих кафедраларын қайта қалпына келтіру қажеттігін баса айтты. Өйткені қайда болса да алдымен тарих оқытылады. Әлемдік тәжірибе елдің тарихы – адамды, жастарды тәрбиелеудің іргетасы екенін көрсетуде.

Лапин Николай Сергеевич: Ұлт тарихындағы басты проблемалар – әлемдік тарихнамаға қол жеткізуден артта қалу

Басты проблема – бұл тарихи таным әдістеріне бұрын қайта бағалау жүргізілген, әлемдік тарихнамаға қол жеткізуден біздің артта қалуымыздың көрінуі. Бізге алда жеңіп шығатын проблемалардың бірі міне осы.

Уалтаева Алтын Слямқайдарқызы: Ұлы дала тыныштығын жоғалтқанда

Халықтың тарихи естеліктерін түп-тамырымен құртуға және осы естелікті ұстанушыларды – ұлттың зиялы өкілдерін жоюға бағытталған сталиндік иделогоялық аппараттың кең көлемді іс-шаралар жүргізуді бастауы XX ғасырдағы 20 жылдардың ортасында Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің қайғылы ерекшеліктері болып табылады. Кеңестік Шығыс және ішінара Поволжья елдері көптеген жүз жылдықтың ішінде араб алфавитін қолданғаны белгілі.

Бүркітбай Аяған: Ойлануды талап ететін тарих

Ашаршылықтың себептері жөнінде бірнеше болжамдар бар, оның ішінде КСРО-дағы аштық сол кезде елді басқарған басшының жіті арандатушылығымен болған. Орасан зор құрылыстар және партияның кеудемсоқтық жобалары маңызды, оның ішінде сауда ресурстарын талап етті, алайда, бұл мәселелерді нарықтық жолмен шешудің орнына, партия сауда салымын жүргізді.

Абылхожин Жұлдызбек Бекмухамедұлы: Мектеп оқушылары тарихи деректерді жаттап алуын тоқтатуы керек

Мектеп оқушылары тарихи деректерді жаттап алуын тоқтатуы керек. Бұл туралы т.ғ.д, ұлттық тарихты зерттеу ведомстоваралық зерттеу тобының мүшесі Жұлдызбек Абылхожин мәлімдеді

Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы: Халықтану ғылымы қалаймақан болмасын

Қазіргі Қазақстан халқы елдің тарихи иесі – қазақ ұлты мен тарихи дәуірлер ке­зіндегі саяси-экономикалық шаралармен тұтастана жүрген көші-қон процесінің негізінде орналасып, қалыптасып, тарихтың «тезінен» өтіп, біртұтастанған диаспора өкілдері мен этностардың тарихи бірлестігі, біртұтастануы. Бұл тарихи нәтиже және тарихи жетістік.

Мәжитов Саттар Фазылұлы: Тарих мылтықсыз майданның құралы ма?

Тәуелсіз ұлттық мем­ле­кеттілік нығайған сайын ұлттық құн­дылықтарға деген көзқарас міндетті түрде өзгеріп тұрады. Тарих ұлттық сананы қалып­тастыратын ең басты сала. Қазіргі жағдайда ұлттық тарихты қайта қарастыруымыз керек деген қағида оны қайта жазуды талап етпейді. Ұлттық тарихты қайта-қайта көшіріп жазғаннан ол ұлттық болудан қалмайды.

Күлпаш Мырзамұратқызы Ілиясова: Ашаршылық ақиқаты

Қазан төңкерiсi нәтижесiнде билiкке келген большевиктер, азамат соғысында жеңiске жеткеннен кейiн, жоспарға негiзделген экономиканың негiзiн құрды, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамытуда сандық көрсеткiшке басымдық бердi. Елдiң шеткергi аймақтарында «шаш ал десе, бас алатын» шолақ белсендiлер көбейдi, «асыра сiлтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұрандар көтерiлдi.