Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан тарихы

1 - нұсқа

Нұсқау: Сізге берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауаптытаңдауға арналған тапсырмалар беріледі.

1867-1868 жылдардағы реформалар негізінде артықшылықтары шектелген әлеуметтік топ

Tүркі тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек

Kеңес үкіметі орнаған соң Қазақстанда білім беру саласында бірінші болып қолға алынған іс-шара

2020 жылы елімізде 175 жылдық мерейтойы аталып өтілген қазақ халқының аса көрнекті ойшылы

Жер иеленудің иқталық жүйесін қалыптастырған мемлекет

XVIII ғасырдың екінші жартысында жойылған көшпелілердің соңғы империясы

XVIII ғасырдың соңғы ширегінде Кіші жүзде хан билігін реформалауды ұсынған

Aбылай ханның Ресейге бағынышты болуға ант бере отырып, Қытай елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатудағы басты мақсаты

XX ғ. 30-жылдары қазақтардың шетелдерге қоныс аударуына себеп болған оқиға

Oрыс князьдіктерімен тұрақты сыртқы саяси қатынастар жасаған алғашқы мемлекет

Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Ұлы Жібек жолы

Жібек сауданың басты тауары саналды. Ғалымдардың пайымдауынша, жібек өндіру технологиясы осыдан 6000 жыл бұрын ашылған. Жібек маталарды адамдар ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Жібек – жұқа, жеңіл, жұмсақ мата. Таза және табиғи болғандықтан, зарарсыздандыру қасиеті де бар. Жібек өндіруші елдер мен оны тұтынушылар жібектен тігілген киімге жәндіктердің жоламайтынын байқаған. Жібек киімдер әдемі және ыңғайлы, сәнді еді. Сондықтан жібек жасаудың құпиясы ғасырлар бойы қатаң сақталды. Қытайдан шығарылған маталар Ұлы Жібек жолы арқылы дүниежүзінің басқа аймақтарына таралып, қазынаға мол табыс әкелген... . Жібек жолы түркі бөлігінің халықаралық саудада маңызы зор еді. Ұлы Жібек жолы сауданың дамуына, көптеген қалалардың пайда болуына, өркендеуіне жол ашты. Бұл жол мемлекеттердің қалыптасуында, әлемдік өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарды. Шығыс пен Батыс мәдениеті арасында байланыстырушы көпір саналды.

Мәнмәтінді пайдаланып, Жібек жолы бойында орналасып, Іле Алатауы етегінде транзиттік сауда орталығы болған қалаларды анықтаңыз

Мәнмәтінді пайдаланып, Ұлы Жібек жолындағы саудада Қытайдың басты тауарын анықтаңыз

Мәнмәтінді және тарихи білімдерді пайдаланып, Жетісудағы аса ірі сауда және әкімшілік орталығы болған қаланы анықтаңыз

Мәнмәтінді және тарихи білімдерді пайдаланып, VI-ХІІІ ғасырлардағы Ұлы Жібек жолының негізгі дұрыс бағыттарын анықтаңыз I. Сирия – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Шу алқабы – Ыстықкөл, Шығыс Түркістан IІ. Византия – Дербент – Маңғыстау – Арал бойы – Оңтүстік Қазақстан IІІ. Рим – Маңғыстау – Солтүстік Қазақстан – Батыс Сібір IV. Үндістан – Каспий маңы – Шығыс Қазақстан – Византия V. Арал бойы – Сырдария бойы – Маңғыстау – Жетісу – Жапония

Kарта бойынша, Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын қақпасын анықтаңыз

Tүркі ақсүйектерi жерленген қорғандарға құлпытастар ғасырлар бойы қойылды. Құлпытас жазуларында түркі халқының өмiрлiк құндылықтары мен адамгершiлiк мұраттары бейнеленген. Орхон және Енисей өзендерi алқаптарындағы ескерткiштер түркi руна жазуының ғажайып үлгiсi саналады. Ескерткiштер осы өңірден табылғандықтан «Орхон-Енисей жазуы» деп аталды. ...Барлық жазулар түркі қоғамының бүкiл жұртшылығына арналған үндеулерден тұрады. Үндеу авторлары халықты қаған маңына бiрiгiп, топтасуға шақырады. Бiлге қаған мен Күлтегiн құрметiне арналған жазулар шешендiк өнер мен саяси прозаның тамаша үлгiлерi саналады. Ағашқа оймыш (ксилография) әдiсiмен басып жазу да түркiлердiң жетiстiгi болып табылады. Ксилографияның шығу тегi мөрден басталады. Түркi тiлiнде бұл әдіс алғаш рет VII ғасырдың бас кезiнде қолданылған. Ғалым С.Е. Малов өзінің «Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегінде: «Шығыс Түркістанда қағаз өндіру, Қытайдағыдай сол кезеңде басталған» деп атап өтеді. Рунатанудың (рунология) ғылым ретiндегі екі ғасырлық тарихында еуропалық руна ескерткiштерiнiң бiрде-бiрi әлi күнге дейін оқылған жоқ. Ал сол кезеңдегi көне түркi мәтiндерi қазiргi қолданыстағы сөздей жақсы оқылады.

«Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегін жазған ғалым

Pунатанудың ғылым ретіндегі екі ғасырлық тарихында оқылмаған ескерткіштер

Mәнмәтін бойынша түркі халқының өмірлік құндылықтары мен адамгершілік мұраттары бейнеленді

Aғашқа ойып жазу әдісі

Mәнмәтін бойынша түркі халқының қаған маңына бірігіп топтасуға шақырған үндеуін анықтаңыз

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?