«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Алаш қайраткерлерінің Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы ғылыми мұрасы

2677
Алаш қайраткерлерінің Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы ғылыми мұрасы
2013 жылы 30 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы мұражай-үйінде «Алаш қайраткерлерінің Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы ғылыми мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

2013 жылы 30 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы мұражай-үйінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Ар ілімі» республикалық жасөспірімдер журналы және Мұстафа Шоқай атындағы Қазақстан-француз достастық қоғамының ұйымдастыруымен Алаш қайраткерлерінің ғылыми мұрасын зерттеп жүрген оқушыларға ғылыми кеңес және қолдау мақсатында «Алаш қайраткерлерінің Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы ғылыми мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты:

–Отанға қызмет ету жауапкершілігін тәрбиелейтін «Алаш оқулары» жобасының қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігіне қажет Алаш ғылыми-педагогикалық мұрасына негізделген мектебін қалыптастыру болып табылады.

–жасөспірімдерді Алаш мұрасын терең игеріп, оның танымдық мәнін меңгеруге талпындыру;

–оқушыларға Алаш арыстарының Отанға адал қызмет ету идеясын насихаттау;

–жас ғалым оқушылардың ғылыми деңгейін анықтау және оларға қолдау көрсету;

Конференцияның 2-кезеңіне 300-ге жуық оқушылардың ғылыми жұмысы түсіп, оның 50-ден астамы шақырылды