«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Еуразиялық интеграция шежіресі

3966
Еуразиялық интеграция шежіресі

5f4e0c0a817a7626b543cd5afd39bc28.jpg


1994 жыл29 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге ресми іс-сапармен барғанда, алғаш рет М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру идеясы жайында сөз сөйледі.Жаңа интеграциялық бірігу – Еуразиялық Одақ деп аталды. 

1995 жылқаңтарда Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы «үштігі» Кедендік одағы туралы Келісімге қол қойды, бұл субъектілер тараптарына еркін тауар айырбасын, адал бәсекелестікті қамтамасыз етті.

1996 жылБеларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясының президенттері экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету жайлы Келісімге қол қойды.

1999 жылБеларусь, Қазақстан, Қырғыз Ресубликасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының президенттері Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңестік жайында Келісімге қол қойды.

2000 жылМемлекетаралық интеграциялық бірігуді құру туралы Келісімнің жобасын дайындау шешімі қабылданды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.

2003 жылБірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге қол қойылды.

2006 жылмемлекет басшылары, ЕврАзЭҚ мүшелері «үштік» форматында Кедендік одақты құру бойынша жұмысты жандандыру туралы шешімі қабылданды.

2007 жылДушанбе қаласында бірыңғай кедендік аумақты құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы Келісімге қол қойылды, экономикалық интеграцияны белсенді дамыту – міндеті қойылды.

2008 жылДағдарысқа қарсы қорды және жоғары технологиялар Орталығын құру шешімі қабылданды.

2009 жылҚауымдастықтың мемлекет басшылары ЕврАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қағидаттары мен мақсаттарын қабылдады, оның мөлшерін 10 миллиард доллар баламасында анықтады.

2010 жылКедендік одақ жұмыс істей бастады,бұл «үштік» аумағындағы тауарлар мен қызметтердің бөгетсіз қозғалысын қамтамасыз етті.

2011 жыл«интеграциялық үштік» мемлекеттерінің президенттері Еуразиялық экономикалық интеграция және Бірыңғай экономикалық кеңістікке ауысу туралы Декларацияға, Еуразиялық экономикалық комиссияны құру туралы Келісімге қол қойды.

2012 жылБірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық негізін құрайтын халықаралық келісімдер күшіне енді. Еуразиялық экономикалық комиссия өз жұмысын бастады.

2013 жылЕуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жобасына дайындық.