«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

З. Алдамжар Отан тарихының теориялық мәселелері туралы

858
0

Қазақстанның 260 жыл бойы Ресей империясы, кейін кеңестік тоталитарлық жүйеге бағынышты болуы мәселенің зерттелуіндегі концептуалдық тұжырымдардың ұсынған,қазақ көшпелі қоғамының формациялық табиғаты,өндірістегі капиталистік қатынастар қалыптасуындағы, дамуындағы және аграрлы елді индустриялды елге айналдырудағы орыс пролетариятының шешуші ролі, яғни ұлттық жұмысшы табы қалыптасуындағы, Кеңес үкіметі қалыптасуындағы берік әлеуметтік алғышарттардың болғандығы туралы идея үстем болды. Маркстік-Лениндік методология толық үстемдік құрған кеңестік дәуірде кадр мәселесі, оның өндірісті дамытудағы қызметі жұмысшы табы үстемдігі негізінде және тапсыз қоғамға өтудегі оның қоғамдағы жетекшілік ролі негізінде баяндалды.
1990 жылдардан бастап Қазақстандағы идеологиялық және саяси жағдайдың түбірімен өзгеріске ұшырауы, тәуелсіздік негіздерінің қоғамда толық орнығып, бұл жағдай қоғамтанушы ғалымдардың Маркстік-Лениндік методологиядан біртіндеп плюралистік көзқарасқа негізделген өркениеттік теорияға көшуіне жағдай жасады.

Отан тарихын зерттеуде тарихшылар табиғат және адам деген қоғам дамуының философиялық ұстанымын терең басшылыққа алып,әрбір тарихи оқиғаны,құбылысты диалектикалық тұрғыда бағалап;табиғат, адам,қоғам өзгерісте болады, табиғатты,қоғамды өзгерткен жасампаз-ол адам,қоғаммен бірге адамның өз табиғаты, бітім-болмысы да өзгеріске түседі.Ой өрісі кеңейіп, дүниені тануы дамиды, жетіледі.Дамып, жетілген адам тарихты да өзгертуі заңды құбылыс. Тарих адамның іс-әрекетінің нәтижесі. Сондықтан, кадр мәселесін зерттеудегі теориялық-методологиялық ұстанымдар әр кезеңдегі қоғам дамуына,қоғамдағы үстем идеологияға, саясатқа байланысты өзгеріп отырғаны тақырыпты сыни тұрғыда сараптауға мүмкіндік туғызды.

Бұл теориялық ойлар кейін З.Алдамжардың «Тарих: пайым мен тағылым» атты 2003 жылы жарық көрген методологиялық бағыттағы мақалалар жинағында көрініс тапты.
Қазақстан тарих ғылымында әлі-де болса тиісті көңіл бөлініп, ұқыпты түрде қолға алынбай келе жатқан мәселелердің бірі — осы методолгиялық жүйені қайтадан жаңа ғылыми негізде зерттеу.
Әрине, бұл іске кіріскенде осы уақытқа дейін қалыптасып, ғылыми айналысқа енген методологиялық тұжырымдар мен қағидаларды түгелдей теріс деп тауып, ысырып тастасақ, онда асығыстық, бірыңғай пайымсыздық көрсетер едік.Өйткені өткен дәуірде орын алған қате-кемшіліктерді, и кесаппаттық тылсым салдарын сынап, бой арылту барысында біз іске асар мұраның бір мысқалы болса да бекер шашпай жинақтағанымыз жөн. Ізденіс пен жинақтылық — ағайынды тіршілік. Сондықтан методологиялық жүйе туралы мәселе қозғағанда, біз марксистік-лениндік таптық методологияның принциптерінен, оның идеологиялық шырмауынан бас тартып, сынағанда, сонымен бірге, жалпы ғылыми методологиялық жүйе, таптық шеңберден тыс жатқан ғылыми ортақ негіздегі, ақиқаттық принциптер мен объективтік ой-пікір барлығын ескергеніміз абзал.

Отан тарихындағы теориялық-методологиялық ұстанымдар туралы, соңғы зерттеулер ішінде Х.Әбжановтың «Ұлт тарихы: оны зерттеудің ұстанымдары қандай болуы керек?» атты мақаласын көрсетуге болады. Мақалада З.Алдамжар теориялық ойлары ғылыми дамытылып, Қазақстан тарихын зерттеудің қалыптасқан негізгі тұжырымдары ретінде: тарихты жасайтын адам, тарихты жазуда адамзат тәжірибесі мен тағылымын ескеру, тарихтағы сабақтастық әсіресе ұрпақтар сабақтастығы, ұлт тарихының гуманизмі, ұлт тарихының оптимизмі туралы методологиялық тұжырымдармен байытты

Сәкенов Ж.Ж., Х. Досмұхамедов атындағы АМУ, оқытушы, тарих магистрі

                                                          Пайдаланылған әдебиеттер


1.Есмағамбетов Көшім Лекерұлы. Биобиблиография. Алматы,2014.-144б.
2.Алдамжар З. А. Тарих пайым мен тағылым. А. 2002.-288 б.
3.Есмағамбетов К. Л. Отан тарихының өзекті мәселелері хақында// ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. 2003. N2(29). 165–168 б.
4.Жұмаханұлы Қ. Пайым мен тағылым // Қазақ әдебиеті. 2003. 14–20 қараша.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English