Басты бет Пәнаралық зерттеулер Этнография Т.Ізтілеуұлы шығармаларындағы этнотанымдық сипаттағы деректердің дефинициясы

Т.Ізтілеуұлы шығармаларындағы этнотанымдық сипаттағы деректердің дефинициясы

22 Сәуір 2014
757
0

Уақыт пен кеңістік контексінде қарастырылып, түрлі тарихи-әлеуметтік,  мәдени-рухани жаңғырулар нәтижесінде өзгеріске түскен этнолексикалық жүйенің репрезенттелуі  мен тарихи-семантикалық динамикасын осы тектес мәтіндерде  дәйектелуі арқылы ашуға болатыны  соңғы кездегі кешенді зерттеулерден көрінеді. Соның негізінде көптеген этнотаңбалардың  сөздіктердегі дефинициясын  толықтырып, нақтылап, дәйектеуге болады. Осындай рухани көздердің бірі – Т.Ізтілеуұлы шығармаларындағы этномәдени ақпараттар. Мысалы,

Сеп. Белбеуін беліндегі кебін етті, Әр жерден оны байлап себін етті. Қаздырып қар бойы жер қабір үйіп, Қарайтып айдалаға көміп кетті (Т.І.). Өлікті шығарғанда сеп берген. «Сеп – жиһаз, мәйіттің өзі себеп боп жинаған мүлкі. Бұл жерде өлікті жерлеу рәсімімен байланысты қолданылған.  Сеп – қаралы үйде де, қыз ұзату тойында да  болатын дәстүрдің атауы. 

Сауға. Құтқар, -деп  осылардың  кінәсінен, Мен  келдім  қылып  саған  басым  сауға(Т.І.). Сауға  -1. подарокъ  изъ добычи  охотника, который  получаетъ  встръчающійся  съ  охотникомъ, 2. сборъ  съ  деревенскихъ  жителей  въ пользу  проъзжающих  по  дъламъ  службы [1, 434]. А.Қайдар Сауға  сұрау – 1) просить, молить  пощады; 2) просить  подарок  из  военных  трофеев  или  охотничьей  добычи,  дословно  просит  подарок  возник  первоначально  от  слова  соға  арабского  происхождения  в значении  подарок,  который  по  традициям  охотников,  должен  был  приподнести  охотник  или  военный ,  возвращавщийся  с охоты  с  большой  охотничьей  добычей  или  военными  трофеями  первому  человеку, встретевшему  на  их  пути, или  почетному  аксакалу  аула. Второе  его  значение  подарить  жизнь, молить  о  пощаде, вероятно,  возникло  на  оснавании  того, что  батыры -  воины  бывают  суровыми,  но  в  то  же  время  и добрыми, милосердными, что  они  могут  не  только  подарить  часть  военных  трофеев, но  и  пощадить  жизнь  своего  врага ,  если  он  надлежащим  образом  т.е.  встав  в определенную  позу , сказав  сауға, батыр, сауға  попросит  его  об  этом, т.е.Жан  сауға  сұрау – попросить  в  подарок  его  свою  душу , просить  пощады [2,276]. Сауға  әскерилерге  ақшалай,  заттай  берілетін  көмек , барымта мен шабуылдан түскен олжаның жартысын ханға беру т.б.[3,647]. Сауға - аңнан қайтқан  аңшыдан  аш  адамның  тамақ  сұрауынан  келіп  туған  сияқты. Кейіннен  мағынасы  кеңейіп, адамды  басына  төнген  қатерден  сұрап  алуды  да  сауға  деген.

Олжа. Олжа алып есебі жоқ көңілі тынды, Тудырып тұрандарға қара күнді. Он мыңның барлығы да ойнақтаған, Астына бір-бір бедеу таңдап мінді (Т.І.). Олжа сөзіне Ж.А.Манкеева: «Олжа: соғыста қолға түскен пайда, табыс немесе тұтқын» деп түсінік береді [4,171]. А.Қайдар: Құл, күң купленные или взятые в плен, рссматривались как часть имущества рабовладельца, переходящая по наследству от отца к сыну и следующим потомкам. Они имели право не только распоряжаться ими, как хотели, но и наказывать до отрезания им ухо, носа.Обычай отрезания рабу ухо  как наказания и древние времена выполнялся при совершении побега от хозяина,  причем при первом побеге  - отрезали  одно ухо, при повторном – второе ухо. (Құлақ кесті құл) [2,231]. Тұрмағамбет қолданысындағы олжа да соғыста  қолға түскен пайда,  нақтырақ айтсақ, жаудан жеңіп алған жылқы, жарау ат т.б.

Бас үйрету.  Таһмұрыс алып барып бағып, баптап, Бердіріп беде мен жем қанар қаптап, Үстіне бас үйретіп мініп алды, Салдырып тілләдан ер тартып шаптап (Т.І.). Күні ертең кегің кеткен көрсет жауды, Үстіне орнатайын оның тауды. Қорғанды қалаларын қарап қылып, Құл қылып үйретейін басы асауды (Т.І.). Бас үйрету  (бас білдіру ) –  бұрын мінілмеген тайды немесе үйірдегі асау атты мінуге жаттықтыру, үйрету. Мысалдардан көріп отырғанымыздай ақын бас білдіру, асауды үйрету тіркестерін қолданады.

Сауын (айту).  Абахан Кете Аманжол  – Кәделі аста, күнібұрын, Арнап сауын айттырар, Белгілі бай дүр жылқылы (Т.І.). Сауын – үлкен ас, ұлы той сияқты үдкен жиындар туралы ел-елге жариялап хабар беру. Бұрынырақ жорық, аттаныс жайында да елге сауын айтатын болған. Сауын айтылған жақ сол үлкен жиынға өз үлесін, өз қатысын көрсетуге тиіс болған. Сондықтан сауын кез келген адамға емес, байлар мен билерге, батырлар мен белділерге айтылады, олар сол ұлы жиынға  өз “пайларын” енгізеді: саба – саба қымыз бен сойылар малын, бәйгеге шабатын жүйріктерін, күреске түсетін палуандарын  т.т. апарады...

Осы көрсетілген рәсім сақталмайтын жайттарда сауын айту емес, өзгеше түрде хабарлау айтылады. Мысалы, “Айман - Шолпан” жырында Маман байдың шабылып, екі  қызы “жесір” ( тұтқын) боп қолда кеткенін естіген Әлібек :

  Әлібек мұны естіп аттаныпты,

  Жар салып қатар өскен ерлеріне – дейді.Бұл жерде Әлібек сауын айтпайды, жар салады, хабар береді [5, 139].

Шүлен тарқату. Кідірмей күн-түн жүріп келді Бұхар, Айлауға айтып уағыз ілімін паш.Орнынан ойдағы жоқ жетісіп пұл, Тарқатыпжұртқа шүлен, жегізді ас (Т.І.).Шүлен тарқату – мырзалық пен жомарттықтың бір белгісі. Бұрын малды мырзалар, билер алыс-жақын адамдарға мал, ақша, бұйым, тамақ үлестірген. Бірақ бұл садақа емес, зекет те емес, құдайы да емес, “шүлен тарқату” деп аталады. Мұның мағынасы – кедей-кепшіктерге  жәрдем мен қамқорлықтың бір түрі. Мұны бай адамдар, әсіресе, күзгі күндері мал басы көбейіп, өсіп, қоңайып, қысқа түсер кезде үлестіретін болған [ 6]. Тілімізде шүлен тарату немесе шүлен тарқату деп аталатын бұл дәстүрді Т.Ізтілеуұлы аталмыш мағынада қолданады.

Ұран (салт). У-шу боп өрт ішінде қалды тұран, Өршігіп  бара  жатыр  отты боран. Қойдырып керней-сырнай Иран елі, Айқайлап, салып жатыр сыртта ұран (Т.І.). Бұрынғы қазақ салты бойынша әр ру мен тайпаның өз жауынгерлік ұраны, сыйынатын пірі болған. Ұран, негізінде, ел намысына шабатын кезде, жауға қарсы аттанғанда ел-жұртқа, азаматтардың қанын қыздырып, бір ортадан табылуға біріктіретін қуатты күш ретінде қолданылады.Батырлар жауға шапқанда өз елінің аруақты ата-бабаларының,  әулие-әмбиелерінің атын ұран етіп аттанады. Және сол ұран арқылы қай ру, тайпаның батыры екені анықталады. Осыған сәйкес қазақ руларының белгіленген ұрандары бар.

Мақал-мәтелдер  этнолингвистикалық арнаның ең құнарлы бұлақтарына жатады. Әрбір мақал-мәтелдің бойына этнос болмысына, оның рухани заттық-материалдық мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сеніміне т.б. қатысты бай информация жинақталғанын ескерсек, олардың этнос болмысын танып-білуге қосар үлесі зор.

Қазақ тіліндегі астарлы мағыналы мақал-мәтелдердің молдығы сол тілде сөйлеуші ұлттың танымдық деңгейінің тереңдігін көрсетеді. Яғни, мақал-мәтелдер халық танымындағы ұғымдармен тікелей байланысты болып, ұлттық менталитетті танытатын тілдік көрсеткіші болып табылады [7, 25].

Мақал-мәтелдер бұрын да, қазір де көбінесе ауыз әдебиетінің кіші жанры ретінде әдебиетшілер тарапынан, ұлттық философияның танымдық негізі ретінде философтар тарапынан, ұлттық диалектика бұлағы ретінде педагогтар тарапынан, көркем шығарма аудармасымен шұғылданушылар оның баламасын дұрыс беру тұрғысынан зерттеп келген болса, академик Ә.Қайдар негізін салған жолмен келе жатқан тілші-ғалымдар әбден тұрақтанған, қолдануға сайланып, жұрт жадында дайын тұратын көркем сөз арсеналының аса бір қуатты да құнарлы, бейнелі де әсерлі тіл құралы, тұрақтанған күрделі мағыналық бірлік ретінде қарастыруда. Мақал-мәтелдер ендігі жерде: 1) фразеологизмдерге кейбір ұқсастығына қарай – фразеология объектісі, құрам-құрылымы тұрғысынан – синтаксис объектісі, мағына, тақырып тұрғысынан – жалпы лексикология объектісі, қолданыс, тілдік норма тұрғысынан – стилистика объектісі болып отыр. Сонымен қатар мақал-мәтелдердің мән-мағынасы мен о бастағы жасалу уәжіне тереңірек үңілуге байланысты оның этнолингвистикалық қыр-сыры да ашыла бастағанын соңғы кезде жарық көріп жатқан еңбектерден көреміз. Ғалым Ә.Қайдардың бұл саладағы өзіндік түсінік-тұжырымы бойынша, «фразеологиялық тіркестер де, мақал-мәтелдер де – тіл астында тілі бар құбылыс».

Мақал-мәтелдер фразеологиялық тікестерден өзгеше лексика-грамматикалық параллель қатар түзейді, өздеріне тән айырым белгілерге ие. Мақал-мәтелдер фразеологизмдер сияқты компоненттері тұрақты, орын ауыстыруға болмайды.

Тұрмағамбет шығармаларында төрт түлік мал ішінде атқа байланысты мақал-мәтелдер өте жиі кездеседі.

  Мысалы, Арғымақ ат жабы болмайды, Жалы кетіп арыса да. Жақсы адам жаман болмайды, Жасы жетіп қарыса да, Ағын дария арам болмайды, Неше иттер сарыса да. Назары аштың көзі тоймайды, Бақ пен Қыдыр дарыса да  немесе  Тамырды бата айырады ,  Иә, майын мінген ат айырады.

Төңкеріске дейін қазақ арасында тамыр болып достасу әдеті  кеңінен жайылған. Тамыр болып достасу әр жағдайға байланысты болатын. Кейде әкелері дос-жар болғанда, олар балаларын да достастырады, немесе ел басына күн туған кезде  мүдде мақсаттары тоғысып, бір-біріне  қадірі өткен адамдар  тамыр болып достасады. Ең ақыры бірінен-бірі не мал, не дүние, не қыран бүркіт, жүйрік ат, алғыр тазы сияқтыларды қалап алу үшін де достасып, тамыр болады.

Тамыр болғысы келгендер  бұрын қылыш не қанжар сүйіп,  бізді тек ажал айырсын деп жұрт алдында бір-біріне ант беріскен. Ал ХІХ ғасырдың басында  қылыш, семсер, қанжардың орнына, достасатындар бір-бірімен үш рет төс түйісіп, айқаса құшақтасатын болған. Достасқан тамырлар қазақ ғұрпы бойынша әрқашан бір-бірінің қуанышына да, ренішіне де ортақтас болуы керек. Ақыр аяғында қимас дос-тамырлар өзара құда болулары да ықтимал [8,  26].

Екі ұлттың өкілі немесе ер адамдар бір-бірімен дос, сыйлас болып, алыс-беріс жасаса, құрмет тұтса, мұны тамыр деп атайды. Олардың бір-біріне сенімі мен достығы өте берік болады [9, 206]. Осыдан келіп «Қырық атан ұстама, Қырық тамыр ұста»  деген аталы сөз қалған.

Аттың майы -  или ат майын беру  -  передача лошади для разъездов или работы при условии обработки ее берущим, одна из норм эксплуатации байством казахской бедноты ; Майы а. Маиръ, мн. Миар мэйаръ, перевозящій зернов.хлъбъ състные припасы, товары, съ одного мъста на другое, тур. Майры пошлина съ товаровъ, на заставахъ, установленная съ 1830 г. Въ Конст-нополь (Будагов, 202).

  Құс қарағына, ер жарағына. Бұл жерде қарақ – көз, бүркіттің көзі  өткір болады, көргенін іліп түседі. Ер адам үшін тұрмыста ең қажетті нәрсе – қару-жарағы.

  Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз ат. Ауыздық атты белгілі бір бағытқа бағдарлайды. Ауыздығы болмаса, оны басқару қиын, сол сияқты ақылсыз жігіт те қалай сөйлерін, істің жөнін білмейді.

Сөзімізді түйіндей келгенде, Т.Ізтілеуұлының “Рүстем-дастанында” және басқа шығармаларында салт-дәстүрге байланысты лексикалық бірліктердің мол ұшырасатынына көз жеткіздік. Әсіресе, “Рүстем-дастанда” ұлттық, қазақы салт-дәстүрлердің  жиі көрініс беруін Мұхтар Әуезовтің мына пікірімен орайластыруға болатын сияқты: “Қазақтың кейбір ақындары  “Мың бір түн” ертегілерінен алып жыр-дастан жазатын. Мына тұста да Тұрмағамбет тәжірибесінен біз сондай еңбек мысалын көріп отырмыз. Сонымен Рүстемнің жайы туысқан тәжік әдебиетінің ұлы классигі Фердаусидің “Шахнамасында” болғанымен мынау еңбекті Фердаусидің “Шаһнамасынан” тікелей жасалған аударма демейміз, сол Фердауси үлгісімен халық ақыны Тұрмағамбеттің өзі өлең етіп жазған  Рүстем жөніндегі дастанның қазақша варианты дейміз ”.

Тіл бірліктерінің семантикасын қарайтын кез келген лингвистикалық зерттеу оның мағыналық негізін ескере отырып, объективті фактілерін есепке алуы керек. Белгілі бір затты немесе құбылысты атау әр тілде әртүрлі болғанымен оның мағыналық сипаты, мәндік көрінісі бір болады.

Нақтылы бір социумның мәдени-әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы сөздердің семантикасында көрініс береді. Сол тілде сөйлейтін адамға мұндай ерекшеліктердің мағынасы айқын болғанымен, ол басқа тілде сөйлейтін, өзге мәдениеттің өкіліне түсініксіз болатыны белгілі. Бұл белгілі бір халыққа тән ұлттық реалийлердің мағынасын түсінуде жақсы көрінеді.

Камишева Г.А.- педагогика ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қорқыттану және өлке тарихы» ҒЗИ-ның аға ғылыми қызметкері.

Баймаханова Ш.Ү.-Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қорқыттану және өлке тарихы» ҒЗИ-ның аға ғылыми қызметкері, педагогика магистрі


                                                   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречии. Петербург: Изд.вост.лит.,  том I часть 2.1893.

2. Кайдар А. Тысяча метких и образных выражений. Астана: Білге, 2003.

3. Будагов Л.З.Сравнительный  словарь  турецко-татарских  наречий .СПб., 1869,1871

4. Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. Алматы: «Ғылым», 1997. -272б.

5. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Санат,1994.

  6. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Ана тілі, 1994.

7. Дина Б. Қазақ тіліндегі  мақал-мәтелдердің танымдық-прагматикалық аспектісі. Ф.ғ.к. дайынд. Дисс.. авторефераты. А., 2002

8. Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері.

9. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Сауалнама

«Болашақ» бағдарламасына 25 жыл толды. Бұл бағдарламаға қатысыңыз бар ма?