«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

«Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарындағы Қазақстан студенттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

1590
0

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым Комитеті, Мемлекет тарихы институтының болашағынан үміт күттіретін жас ғалымдары шетелдік университеттерде магистратура және PhD докторантура бойынша білім алуда.

Бұл Институт басшылығының жас ғалымдардың өсуіне, болашаққа нық қадам жасауына үлкен мүмкіндік бере отырып, Егеменді еліміздің абыройлы ізбасар ғалымдарын тәрбиелеудегі елеулі істерінің бірі болып табылатыындығының анық бір көрінісі болса керек.

2014 жылдың 22 қыркүйегінде Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекет тарихы институтының мәжіліс залында «Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарындағы Қазақстан студенттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілген болатын. Басты баяндаманы педагогика ғылымдарының магистрі Табыс Ерзат жасаған болатын. Ол Қытай Халық Республикасының Цинхау университетінде үш жыл магистратура бағдарламасында оқып бітірген еді. Дөңгелек үстел барысында Ерзат Табыс Цинхау университеті және Қытай білім беру жүйесі мен қазақ студенттердің жаңа ортаға бейімделуі жайлы жалпы мағлұматтарды берді, сонымен қоса магистрлік диссертацияның тақырыбымен де таныстыруды ұмытқан жоқ. 

Дөңгелек үстел барысына ҚР Білім және Ғылым министрліг, Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері де қатысып, белсен ат салысты.

Ерзаттың мәліметі бойынша Қытай еліне 2007 жылы үш мың студент оқуға түссе, 2009 жылы алты мың төрт жүз, ал 2014 жылы он бір мың сегіз жүз студент білім алып жүргені көрінеді. Си Цзиньпин және Ху Цзиньтао сынды мемлекеттік қайраткерлер оқыған Қытай Халық Республикасының Цинхау университеті халықаралық рейтингі бойынша қырық тоғызыншы орында тұр екен. Оқытушылар мен студенттерді қосқанда Университет қабырғасында жүрген адамдардың саны жүз мың адамды құрайды, оның ішінде қырық академик, үш мың профессор ерінбей еңбек етуде. Студенттер ізденісі үшін қолайлы төрт миллион кітаппен, алпыс мың электронды кітаппен жабдықталған алты кітапхана жұмыс істеп тұр. Қытай Халық Республикасының жүз миллиардерінің сексен төрті тәмамдаған бұл университетті «Миллиардерлер бесігі» деп атап кеткен екен.

Институт ғалымдары Ерзаттың зерттеу жүргізу үрдісіне баса назар аударып, үлкен ғалымдар тарапынан ақыл кеңестерін берді. Дөңгелек үстел жұмысы кіші дискуссия алаңына айналып, әр қырлы сұрақтарды талқылаумен аяқталды.

ҚР БжҒМ, Ғылым Комитеті, Мемлекет тарихы институтының ғылыми ақпарат бөлімі


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English