«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

БІЛІМ САПАСЫ МЕН МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

2708
0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында халықтың тұрмыстық,әлеуметтік жағдайына ерекше мән берді. Оның ішінде білім беру жүйе сіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Елбасы сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартып, баланың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін, жаңа дағдыларын ерте бастан қалыптастыру керектігін де назардан тыс қалдырмады. 

Президент орта білім беру жүйесінің мәні мен маңызына тоқтала келе, еліміздегі барлық мектептер Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту жүйесі мен әдістемесін толығымен қабылдап, білім сапасын жаңа арнаға бағыттау қажеттігін тілге тиек етті. Сондай-ақ оқушылардың мектеп қабырғасында мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімделіп, соған орай кәсіби мамандық таңдау керек екендігі айтылды. 
Бүгінгі қоғамда ең көп көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – Ұстаздар мәртебесі. Қалай дегенмен, құр сөзбен мұғалімнің абыройы мен құрметін арттыра қоймасымыз анық. Сол себепті, Елбасы күрмеуі қиын мәселені шешу үшін «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау қажеттігін айтты. Бұл өзекті мәселелердің нақты іс жүзінде қалай жүзеге асатындығын алдағы уақытта көретін боламыз.

Ербол ІРГЕБАЙ

Астана қаласы Оқушылар сарайының директоры

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English