«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Хронология

Ғұн мемлекеті (б.з.б 1-мыңжылдық)

Қаңлы мемлекеті (б. з. б. III ғ.)

Император Цинь Ши-Хуандидің бұйрығымен қалың қытай әскері қолбасшы Мын Тян бастауымен ғұндарды тас-талқан етіп жеңді.

 Ғұн билеушісі  Тұмын шаньюй, жеңіліп, солтүстікке шегінуге мәжбүр болды. Ғұндар Ордостағы жерлерінен айырылды.


Ғұндар Ордосты бағындырды
Мөде әліде қуатты үйсіндерге қарсы жорық ұйымдастырды

Ғұндарға үйсіндер мен оларға шекаралас Шығыс Түркестанның 36 хандығы бағынды. Ғұндар Орталық Азиядағы көшпенділер империясы, әртүрлі ұлттар мен халықтардың басын біртұтас қуатты әскери ұйымға біріктіріп, қарудың күшімен мықты әскери держава құрды. Қытайдың Хань империясына ғұндар шын мәніндегі қатерге айналды. Ғұндар Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдің халықтарын жаулап, өздеріне бағындырды. Шығыс Түркістан арқылы Жібек жолына бақылау орнатты. Қытайдың Хань империясын "бейтітшілік пен туыстық" келісім-шарт жасауға мәжбүр етті. Қытайлар сол арқылы ғұндарға алым-салық төледі.   


Лаушаң Киік шаньюй өзінің 140 мың атты әскерімен Қытайдың солтүстік-батысына басып кірді
Ғұндар өздерінің бар күшін жинап, үйсіндерді жеңді