«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

15 жыл бұрын Қызылорда облысынан тарихи көмбе табылды

15 жыл бұрын Қызылорда облысынан тарихи көмбе табылды
2005 жылы Қызылорда облысындағы ерте замандағы тұрақтарында қазба жұмыстарын жүргізген кезде бірегей заттар табылды

Жаңадария-Сырдария саласы өзендерінің жағалауында орналасқан Ширек Рабат ескі қаласының аумағында жүргізілді, қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы. Бұл жұмыстар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өткізілді. Көлемі 40 гектар жерді алып жатқан екі қатарлы қамал IV-V ғасырларда тіршілік еткен. Бүгінгі таңда ол археологиялық ескерткіштердің тізіміне енген. Қазба жұмыстары кезінде екі метрлік тереңдікте найзаның ұштары, қыш ыдыстары, алтыннан жасалған бұйымдар табылды.


Қазақша Русский English