«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Осыдан 22 жыл Қазақстан Баспасөз клубы құрылды

Осыдан 22 жыл Қазақстан Баспасөз клубы құрылды
Бұл - Қазақстандағы БАҚ-тар, мемлекеттік және бизнес жүйелер, халықаралық ұйымдар үшін коммуникативтік және ақпараттық қызметтердің кешенді түрлерін көрсететін ұйым

Баспасөз клубы — журналистерді қажетті ақпаратпен жедел түрде қамтамасыз етуді ұйымдастыратын бейресми ұйым. Баспасөз клубы қызметінің басты бағыттары — журналистердің мәдениет және өнер қайраткерлерімен, саясаткерлермен кездесулерін, баспасөз мәжілістерін, дөңгелек столдар, пікірталастар, семинарлар өткізу. Кейбір елдерде бірыңғай тақырыптық Баспасөз клубтары да бар. Әлемдегі ең ірі Баспасөз клубы Вашингтонда орналасқан — Ұлттық баспасөз клубы. Ол негізінен, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қаржыландырылады.

Қазақстанда екі Баспасөз клубы — Қазақстан баспасөз клубы және Ұлттық баспасөз клубы жұмыс істейді. Қазақстан баспасөз клубы 1994 жылы АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД) қаржылық қолдауымен ашылды. Ол 1996 жылы қоғамдық бірлестік мәртебесін алды. Негізгі мақсаты — Қазақстанда плюрализмге, еркін ақпараттар алмасуға жағдай жасау негізінде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қолдау көрсету. 1994 — 1999 жылдары 400-ден аса баспасөз мәжілісін, 30 семинар, 16 дөңгелек стол, т.б. ұйымдастырды. Ұлттық баспасөз клубы 1997 жылы ашылды.

Оның Астана, Шымкент, Өскемен, Қарағанды қалаларында филиалдары бар. Клуб тек баспасөз мәжілістерін ғана өткізеді. Баспасөз клубына кез келген журналист мүше бола алады. Клуб өз мүшелеріне барлық баспасөз мәжілістеріне қатысуға, бірінші кезекте ақпараттар алуға, кітапханасын тегін пайдалануына мүмкіндік береді.

Қазақша Русский English