Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1735 жылы Орынбор қаласының негізі қаланды

- = -

13 жыл бұрын «Транспорт Тауэр» ғимараты ашылды

26560
13 жыл бұрын «Транспорт Тауэр» ғимараты ашылды - e-history.kz
2003 жылдың 21 қазан күні «Транспорт Тауэр» әкімшілік-технологиялық кешенінің тұсауы кесілді, ол жерде қазір Көлік және коммуникация, Инвестициялар және даму министрліктері орналасқан. Кешен қаланың сол жағалауындағы ең әсем, биік (155 м) те бірегей ғимараттардың бірі. Сырт келбеті оттыққа ұқсас болып келгендіктен, халық арасында оны дәл солай атап кеткен. 36 қабаттан тұратын ғимараттың әсемдігін түнгі шамдар сәулесімен тамашалау керемет әсер қалдырады, әсіресе жарықтандырылған 25 метрлік сүмбінің көркемдігі таңғалдырады. Ең жоғарғы қабатта елордамыздың орталық бөлігінің ғажайып көрінісі ашылатын шолу алаңы орналасқан.