Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1735 жылы Орынбор қаласының негізі қаланды

- = -

101 жыл бұрын «Казахстанская правда» деген атаумен жаңа газет жарық көре бастады

26546
«Казахстанская правда» газеті 1920 жылдың 1 қаңтарынан бастап орыс тілінде шыққан «Известия Киргизского края» газетінің негізінде жарық көрді.
Ол бейсенбі сайын жарық көретін апталық газет болған. Жарты жылға жазылу бағасы 50, ал жеке саны 2 рубль тұрған. Қазақ АССР құрылуымен газет мәртебесі де көтеріліп. 1921 жылдан бастап, «Известия Киргизского края» газеті «Степной правда» деп аталды. Ол, РКП менОАК ресми басылымы болып танылды. 1923 жылдан бастап, газет «Советская степь» атауымен күнделікті түрде жарық көре бастады. 1932 жылы 20 қаңтарда Қазақ өлкелік комитетінің ІІІ Пленумының Жарғысына сай «Советская степь» атауы,«Казахстанская правда» деп өзгертілді. 1932 жылы 20 қаңтарынан бастап, аталған газет осы атаумен шығып келеді.