Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

33 жыл бұрын Оралда қазақ халқының батыр қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірінен сыр шертетін мемориалдық мұражай-үйі ашылды.

26506
33 жыл бұрын Оралда қазақ халқының батыр қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірінен сыр шертетін мемориалдық мұражай-үйі ашылды. - e-history.kz
33 жыл бұрын (1982) Оралда қазақ халқының батыр қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірінен сыр шертетін мемориалдық мұражай-үйі ашылды. Мәметова Мәншүк (шын есімі Мәнсия) Жиенғалиқызы ( [ http://kk.wikipedia.org/wiki/1922 ] 1922-1943) - қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры (1944). [ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%B0%D0%BB_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B ] Орал облысы Орда ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы [ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%9E%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D1%81%D0%BE%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%8B ] басталған кезде Алматы медицина институтында оқып жүрді. 1942 [ http://kk.wikipedia.org/wiki/1942 ] жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия [ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB_%D0%90%D1%80%D0%BC%D0%B8%D1%8F ] қатарына алынып, 21-ігші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. [ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D0%B2%D0%BB%D0%BE%D0%B4%D0%B0%D1%80_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B ] Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы "Мәншүк туралы жыр" (авторы - Андрей Михалков-Кончаловский, режиссері Мәжит Бегалин) көркем фильм түсірілді.